Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 91-бап. Банктің қызмет қабілетін бағалау Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

91-бап. Банктің қызмет қабілетін бағалау Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

91-бап. Банктің қызмет қабілетін бағалау Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Банктің қызмет қабілетін бағалау: 

      1) банктің қаржылық, бухгалтерлік және экономикалық жағдайын, оның ішінде банктің:  

      уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді сақтау; 

      өзінің депозиторлары, өзге де кредиторлар мен клиенттер алдындағы міндеттемелерін орындау, сондай-ақ орнықты негізде банк қызметін жүзеге асыру қабілетін; 

      2) жүзеге асырылудағы үздіксіздігін қамтамасыз етуді талап ететін банктің аса маңызды банк операцияларының және өзге де операциялардың түрлерінің болуын; 

      3) банкті төлемге қабілетсіз немесе ықтимал төлемге қабілетсіз деп тану үшін негіздердің болуын; 

      4) банк төлемге қабілетсіз немесе ықтимал төлемге қабілетсіз деп танылған жағдайда, банкке мәжбүрлеп таратумен салыстырғанда реттеу құралдарын қолданудың мүмкіндігі мен орындылығын, оның ішінде:  

      банкке реттеу құралдарын қолдану мүмкіндігіне байланысты банк депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің жағдайы, сондай-ақ банкті реттеу режимін қолданбай мәжбүрлеп тарату кезіндегі олардың жағдайын; 

      банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда жүйелік тәуекелдердің және (немесе) банк жүйесіне едәуір теріс әсер ету тәуекелдерінің болуын; 

      жүйелік маңызы бар банкті реттеуге мемлекеттің қатысуының орындылығын айқындау мақсатында уәкілетті орган, оның ішінде бағалаушыларды, аудиторлық және (немесе) өзге де мамандандырылған ұйымдарды тарта отырып жүргізетін кешенді талдау болып табылады. 

      Уәкілетті органның банктің қызмет қабілетін бағалауды жүргізуге байланысты шығыстары банк қаражаты есебінен төленеді (өтеледі).  

      2. Банктің қызмет қабілетін бағалау мынадай негіздердің кез келгені болған кезде жүргізіледі: 

      1) банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенттерінің және (немесе) өтімділік коэффициенттерінің уәкілетті орган белгілеген ең төмен мәндер деңгейінен төмендеуі; 

      2) банктің ақшаның болмауына немесе жеткіліксіздігіне байланысты жеті жұмыс күні ішінде депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерін орындамауы; 

      3) банктің ақшаның болмауына немесе жеткіліксіздігіне байланысты аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) тиісінше орындамауы; 

      4) банктің корпоративтік басқаруында және (немесе) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесіндегі банктің қаржылық орнықтылығына едәуір теріс әсер ететін айтарлықтай кемшіліктер; 

      5) банктің реттеушілік немесе қаржылық есептілігінде едәуір бұрмалаулардың болуы, оның ішінде залалдарды қасақана бұрмалау немесе мойындамау, есеп саясатына айла-шарғы жасау; 

      6) уәкілетті органның қадағалау функциялары шеңберінде банктің қаржылық орнықтылығына және (немесе) оның депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттері мен корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайдың қалыптасуына алып келуі мүмкін белгілерді анықтауы; 

      7) осы Заңның 80-бабында көзделген қаржылық жай-күйді жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі шаралардың және (немесе) осы Заңның 81-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларының орындалмауы;  

      8) банктің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіру жоспарының орындалмауы немесе тиімсіздігі;  

      9) күшейтілген қадағалау режиміндегі немесе қаржылық орнықтылықты қалпына келтіру режиміндегі банктің өзінің қаржылық орнықтылығының нашарлауына алып келетін мәмілелер (операциялар) жасауы, оның ішінде:  

      банктің активтері сапасының едәуір нашарлауы орын алатын мәмілелер (операциялар) жасауы, оның ішінде, егер көрсетілген мәмілелер (операциялар) банктің залалдарына алып келсе, активтерді, кепіл нысаналарын сату, алмастыру; 

      банктің залал шегуіне әкелетін нарықтық емес шарттарда мәмілелер (операциялар) жасауы, сондай-ақ осы Заңның 50-бабында белгіленген талаптарды және (немесе) уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолдану арқылы белгілеген шектеулерді бұза отырып, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен мәмілелер жасасуы; 

      банктің басқа депозиторлар және (немесе) өзге де кредиторлар алдындағы ақшалай міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауын мүмкін етпеуге алып келген міндеттемелерді қабылдауы; 

      мүлікті (оның ішінде уақытша пайдалануға) өтеусіз не салыстырымды экономикалық жағдайлар кезінде ұқсас мүлік бағасына қарағанда банк үшін нашарлау жағына қарай едәуір айырмашылығы болатын бағамен не негіздері болмаса да, банк депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттерінің және корреспонденттерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіре отырып беру;  

      10) банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру үшін осы Заңда белгіленген негіздердің болуы; 

      11) осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген негіздердің кез келгені келесі алты ай ішінде банкке қатысты туындайтынын көрсететін мән-жайлардың (мәліметтердің) болуы. 

      3. Банктің қызмет қабілетін бағалауды жүргізу тәртібі, жүйелі тәуекелдердің және банк жүйесіне едәуір теріс әсер ету тәуекелдерінің болуының өлшемшарттары, жүзеге асырылудағы үздіксіздігін қамтамасыз етуді талап ететін аса маңызды банк операцияларының және өзге де операциялардың болуының өлшемшарттары, сондай-ақ банкті залалға ұшырататын нарықтық емес шарттарда жасалатын мәмілелердің (операциялардың) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.  

       4. Банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелеріне байланысты уәкілетті орган банкті:  

      1) банк қаржылық орнықтылықты қалпына келтірудің жаңартылған жоспарын орындаған жағдайда өзінің қаржылық орнықтылығын қалпына келтіруге қабілетті; 

      2) төлемге қабілетсіз немесе ықтимал төлемге қабілетсіз деп таниды.  

      5. Банкті төлемге қабілетсіз немесе ықтимал төлемге қабілетсіз деп таныған жағдайда мынадай:  

      1) егер банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелері банкті мәжбүрлеп таратумен салыстырғанда реттеу құралдарын қолданудың мүмкіндігін және орындылығын растаса, осы Заңның 92-бабының 3-тармағында айқындалған тәртіппен банкке реттеу режимін қолдану туралы; 

      2) егер банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелері банкке реттеу құралдарын қолдану мүмкіндігінің және (немесе) орындылығының болмауын растаса, уәкілетті органның банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыруы және банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім алу үшін сотқа жүгінуі туралы шешімдердің бірі қабылданады.  

      Банкке реттеу құралдарын қолданудың орындылығы осы Заңның 92-бабының 1-тармағында көзделген реттеу мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндігімен расталады.  

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы