Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 92-1-бап. Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету Нотариат туралы Заңы

92-1-бап. Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету Нотариат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

92-1-бап. Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету Нотариат туралы Заңы 

      1. Борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін нотариус тиісті белгі қойылатын, берешекті белгілейтін төлнұсқа құжат көрсетілген кезде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде атқарушылық жазба жасайды. 

      2. Атқарушылық жазба негізінде мынадай даусыз талаптар бойынша берешекті өндіріп алу жүргізіледі: 

      1) нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы, оның ішінде осы Заңда белгіленген немесе шартта көзделген жағдайларда нотариус сотқа дейін реттеу тәртібімен куәландырған дауды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы; 

      2) орындау мерзімі басталған және міндеттеменің орындалмауын борышкер мойындаған, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген наразылыққа жауапта мойындаған, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттемені орындау туралы; 

      3) нотариус жасаған, төлем жасалмауына, акцептінің болмауына және акцепт күнінің белгіленбеуіне вексель наразылығына негізделген міндеттемені орындау туралы; 

      4) лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг нысанасын талап ету туралы; 

      5) ломбард кепіл беруші-борышкерге қойған, кредитті қайтару мерзімі өткен соң кепіл нысанасына өндіріп алуды қолдану туралы; 

   6) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы 5-тармағының 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында айқындалған жарналардан жалтаратын меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы;

      7) төлеу мерзімі басталған, жария шарттар негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалары) үшін, сондай-ақ өзге де шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес көрсетілетін қызметтер үшін берешекті өндіріп алу туралы; 

      8) жалдау төлемдерін жалдау шартында белгіленген мерзімдерде төленбеуіне байланысты өндіріп алу туралы; 

      9) қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақыны және өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы, оның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдарын өндіріп алу туралы; 

      10) партисипативтік рәсім тәртібімен жасалған, дауларды реттеу туралы келісімдерді орындау туралы. 

      3. Егер тұрақсыздық айыбы (өсімпұл), пайыздар тиесілі болса оларды өндіріп алу, банк заемдарын қоспағанда, борышкер орындалмаған міндеттемені жазбаша мойындаған кезде атқарушылық жазба негізінде жүргізіледі. 

      Атқарушылық жазбаны жасау, егер шартта тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды), пайыздарды өндіріп алудың өзге тетігі көзделмесе, борышкер орындалмаған міндеттемедегі кінәсін мойындаған кезде, орындалмаған міндеттемедегі кінәсін мойындау фактісін нотариус растаған кезде жүзеге асырылады. 

      Ескерту. 92-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.02.2021 № 5-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2021 № 84-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шiлдедегі N 155-I Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы