Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодексі / 93-бап. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару субъектiлерi Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

93-бап. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару субъектiлерi Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

   93-бап. Мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару субъектiлерi Мемлекеттік мүлік туралы Заңы 

     1. Сатушы (мүлікті иеліктен шығаруды жүргізуші тұлға) және сатып алушы (ие болушы) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару субъектiлерi болып табылады.

     

      2. Сатушы (мүлікті иеліктен шығаруды жүргізуші тұлға) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіп берілген мемлекеттік мүлікке қатысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.

      3. Сатып алушы (ие болушы) – осы баптың 4-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару процесінде мүлiктi сатып алатын жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға.

      Сатып алушы (ие болушы) жағына бiрнеше тұлға қатысқан кезде олар ынтымақтаса әрекет етеді.

      4. қор биржасындағы мемлекеттік мүлікті және шетелдегі мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару объектісін сатудың (иеліктен шығарудың) шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлғалар сатып алушылар (ие болушылар) бола алмайды.

    4-1. Қор биржасында сауда-саттық жолымен жекешелендіруді қоспағанда, акционерлік қоғамдардағы (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі) акциялардың мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) жекешелендіру кезінде тікелей мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілері және олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар сатып алушылар (ие болушылар) бола алмайды.

      5. Сатушы (мүлікті иеліктен шығаруды жүргізуші тұлға) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару процесін ұйымдастыру үшін делдал тартуға құқылы.

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы. 

      Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы