Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 94-бап. Жүйелік маңызы бар банкті реттеу Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

94-бап. Жүйелік маңызы бар банкті реттеу Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

94-бап. Жүйелік маңызы бар банкті реттеу Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім мынадай тәртіппен қабылданады:  

      1) уәкілетті орган аталған банктің қызмет қабілетін бағалау жүргізілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімнің жобасын дайындайды; 

      2) жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің қарауына шығарылады.  

      Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімнің жобасын қарайды және оны алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мақұлдау немесе мақұлдаудан бас тарту туралы шешім шығарады. 

      Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес реттеу құралдарының тізбесіне, оларды іске асырудың шарттары мен болжамды мерзімдеріне ұсынымдар беруге құқылы. 

      Жүйелік маңызы бар банкті реттеу кезінде мемлекеттің қатысуы туралы мәселені Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелерін ескере отырып қарайды; 

      3) жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес аталған шешім жобасын мақұлдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның бірлескен актісімен қабылданады. 

      2. Жүйелік маңызы бар банкті реттеуге мемлекеттің қатысуы мынадай шарттардың барлығы орындалған кезде:  

      1) реттеу режиміндегі банкті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүйелік маңызы бар банкке жатқызғанда;  

      2) жүйелік маңызы бар банктің қызмет қабілетін бағалау жүйелік тәуекелдерді азайту және банк жүйесіне едәуір теріс әсерді болдырмау үшін реттеу режиміне мемлекеттің қатысуының орындылығын растағанда; 

      3) реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің меншікті капиталының шамасы "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес банктің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігіндегі банктің іс жүзіндегі және күтілетін шығындарының мөлшеріне азайтылғанда; 

      4) реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банктің шығындары бірінші кезекте: 

      банктің залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдар бойынша міндеттемелерін тоқтату және (немесе) осындай міндеттемелерді банктің жай акцияларына конвертациялау; 

      жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімде көзделген реттеу құралдарын қолдану есебінен (мыналар арқылы) қамтылғанда (жабылғанда) жүзеге асырылады. 

      3. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес жүйелік маңызы бар банкті реттеуге мемлекеттің қатысуы туралы мәселені: 

      1) жүйелік маңызы бар банктің қызмет қабілетін бағалау нәтижелерін, оның реттеу жоспарын, сондай-ақ жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімнің жобасында көрсетілген реттеу құралдарының тізбесін, шарттарын және іске асырылуының болжамды мерзімдерін; 

      2) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпаратын; 

      3) жүйелік маңызы бар банкке не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкіне соңғы сатыдағы қарыз беру мүмкіндігі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпаратын; 

      4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның: 

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы:  

      жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің соңғы сатыдағы қарызы бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде жүйелік маңызы бар банкті реттеуге арналған қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру үшін республикалық бюджет қаражатын және (немесе) өзге де мемлекеттік қаражатты пайдалану мүмкіндігі туралы ақпаратын ескере отырып қарайды.  

      4. Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг республикалық бюджет қаражаты және (немесе) өзге де мемлекеттік қаражат есебінен жүйелік маңызы бар банктің акцияларын не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы арқылы көрсетілген банкті реттеу режиміне қатысуға құқылы. 

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мынадай:  

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдауы; 

      соңғы сатыдағы қарыз сомасына міндеттемелердің толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету ретінде жүйелік маңызы бар банкті реттеуге арналған қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін ұсыну шарттарының барлығы орындалған кезде "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүйелік маңызы бар банкке не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкіне өтімділіктің қысқа мерзімді тапшылығын жабу мақсатында соңғы сатыдағы қарыз беру арқылы жүйелік маңызы бар банкті реттеу режиміне қатысуға құқылы. 

      5. Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес жүйелік маңызы бар банкті реттеу режиміне мемлекеттің қатысуы туралы мәселені мақұлдаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы туралы мәселе Қазақстан Республикасы Үкіметінің мақұлдауына шығарылады.  

      6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде:  

      1) сатып алынатын акциялардың саны мен бағасы; 

      2) жарияланған, бірақ орналастырылмаған не сатып алынған акциялар болмаған не олардың саны жеткіліксіз болған жағдайда, жүйелік маңызы бар банктің жарияланған акцияларының жалпы санын ұлғайту үшін қажетті акциялар саны мен бағасы туралы ақпарат болуға тиіс. 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алатын жүйелік маңызы бар банктің акциялар саны: 

      1) осы тармаққа сәйкес акцияларды сатып алу туралы шешім қабылданған күнге жүйелік маңызы бар банктің орналастырылған акцияларының жалпы санына бөлінген, осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес жүйелік маңызы бар банктің нақты және күтілетін шығындарының мөлшеріне азайтылған, жүйелік маңызы бар банктің меншікті капиталының шамасына тең бір акцияны орналастыру бағасы негізге алына отырып айқындалады. Егер жүйелік маңызы бар банктің меншікті капиталының шамасы теріс болса, акцияларды орналастыру бағасын есептеу мақсатында жүйелік маңызы бар банктің меншікті капиталы бір теңгеге тең болып қабылданады; 

      2) жүйелік маңызы бар банктің қаржылық орнықтылығын және жүйелік маңызы бар банктің уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтер мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жүйелік маңызы бар банктің меншікті капиталын ұлғайту қажет болатын сома ескеріле отырып айқындалады. 

      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген шешімді қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүйелік маңызы бар банктің акциялары шығарылымының проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар ұсынады.  

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен: 

      1) жүйелік маңызы бар банктің акциялары шығарылымының проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;  

      2) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген акциялар шығарылымының проспектісін банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілікке электрондық нысанда жібереді.  

      Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген акциялар шығарылымының проспектісін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде орталық депозитарийді жүйелік маңызы бар банктің жарияланған акциялары санының ұлғайғаны туралы хабардар етеді. 

      8. Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банктің акцияларын сатып алуды жүйелік маңызы бар банк органдары шешімдерінің қабылдауынсыз жүзеге асырады. 

      Жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларына меншік құқығы республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органның немесе ұлттық басқарушы холдингтің атына тіркеледі. 

      Жүйелік маңызы бар банк акционерлерінің осы бапқа сәйкес орналастырылатын (өткізілетін) акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы болмайды. 

      9. Жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алғаннан кейін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің жарғысына өзгерістер (немесе) толықтырулар енгізу не оны жаңа редакцияда бекіту, банктің лауазымды адамдары мен өзге де қызметкерлерін сайлау (қайта сайлау), банктің активтерін оңтайландыру туралы мәселелерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен өзге де мәселелерді қарау үшін жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілетін тұрақтандыру банкі акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырады. 

      10. Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банктің акцияларын сатып алған күннен бастап осындай банктің еншілес ұйымдарына қатысты барлық шешімді банктің директорлар кеңесі қабылдайды. 

      11. Егер жүйелік маңызы бар банкті реттеу жөніндегі шараларды жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банктің дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызының ұстаушылары болса, Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылданған күнге жүйелік маңызы бар банктің акционерлері болған тұлғалардан оларға тиесілі акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауға құқылы. 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ұлттық басқарушы холдинг аталған құқықты осы бапқа сәйкес жүйелік маңызы бар банктің бұрын сатып алынған акцияларын Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ұлттық басқарушы холдинг жаңа инвесторға өткізгенге дейінгі кез келген уақытта іске асыра алады. 

      Аталған құқық Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылданған күнге жүйелік маңызы бар банктің акционерлері болған тұлғаларға тиесілі жүйелік маңызы бар банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешімді жүйелік маңызы бар банкке жіберуі арқылы іске асырылады. Жүйелік маңызы бар банктің акцияларын сатып алу туралы шешімде осы талапты мәлімдеген тұлға, осындай тұлғаға тиесілі жүйелік маңызы бар банктің акцияларының саны және осы баптың 6-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес айқындалатын жүйелік маңызы бар банктің акцияларын сату (сатып алу) бағасы туралы деректер болуға тиіс. Егер тұлғадан сатып алынатын жүйелік маңызы бар банктің барлық акцияларының жиынтық бағасы бір теңгеден кем болса, аталған акциялар осындай тұлғадан барлық акциялары үшін бір теңге бағасымен сатып алынады. 

      Жүйелік маңызы бар банк осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген шешімді алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді және алынған шешім туралы орталық депозитарийді, сондай-ақ қор биржасын (банк акциялары қор биржасының ресми тізімінде болған жағдайда) хабардар етеді. 

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы осы жүйелік маңызы бар банк акционерлерінің келісуін талап етпейді. 

      12. Осы Заңның 99-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген негізге сәйкес реттеу режимі тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің өзі сатып алған акцияларын жаңа инвесторға сату жөніндегі шараларды қабылдайды. 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің акцияларын жаңа инвесторға сату кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады: 

      1) сатушы үшін ең жақсы экономикалық нәтижеге және мәміленің барынша тиімді талаптарына қол жеткізу үшін барлық ақылға қонымды шараларды қолдану;  

      2) әлеуетті инвесторлар құқықтарының теңдігін сақтау: 

      3) акцияларды сату талаптарын бағалау үшін әлеуетті инвесторларға жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің қаржылық жағдайы туралы толық және анық ақпараттың ашылуын қамтамасыз ету.  

      Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің акцияларын жаңа инвесторға сатуды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг бағалаушыларды, аудиторлық және (немесе) өзге де мамандандырылған ұйымдарды тартуға құқылы. Жүйелік маңызы бар банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім қабылданған күнге банктің ірі қатысушылары немесе банк холдингтері болып табылатын тұлғалар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген акцияларды сатып алуға құқылы емес. 

      13. Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе ұлттық басқарушы холдингке жүйелік маңызы бар банктің акцияларын сату тәртібін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе ұлттық басқарушы холдингтің жүйелік маңызы бар банктің не жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкінің акцияларын жаңа инвесторға сату тәртібі мен талаптарын, сондай-ақ жүйелік маңызы бар банкті реттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг пайдаланған республикалық бюджет қаражатын және (немесе) өзге де мемлекеттік қаражатты көрсетілген банктің болашақ таза пайдасынан ішінара өтеу (жабу) шартымен немесе осындай өтеусіз (жабусыз) көрсетілген сату жүзеге асырылатын өлшемшарттарды, сондай-ақ көрсетілген өтеудің (жабудың) мөлшерлерін, мерзімдерін және өзге де талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

      14. Реттеу режиміндегі жүйелік маңызы бар банкке: 

      пайданы бөлу, жай және (немесе) артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді есептеу және төлеу туралы; 

      субординацияланған борыш, мерзімсіз қаржы құралдары және (немесе) залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін өзге де құралдар бойынша сыйақы төлеу туралы; 

      банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімде көзделген жағдайларды қоспағанда, банктің ірі қатысушылары және (немесе) банк холдингтері алдындағы кез келген қаржылық міндеттемелерді орындау туралы; 

      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген жағдайларда жалақыны (сыйлықақылар мен басқа да ынталандыру төлемдерін қоспағанда) және өзге де кепілдік берілген төлемдерді төлеуді қоспағанда, банктің басшы қызметкерлеріне сыйақылар төлеу туралы шешімдерді қабылдауға, сондай-ақ бұрын қабылданған шешімдерді орындауға тыйым салынады.  

      Аталған тыйым салу реттеу режимі басталған күннен бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе ұлттық басқарушы холдинг осы бапқа сәйкес бұрын сатып алған акцияларды жаңа инвесторға өткізгенге дейінгі және жүйелік маңызы бар банк немесе жүйелік маңызы бар банктің активтері мен міндеттемелері берілген тұрақтандыру банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне соңғы сатыдағы қарызды қайтару бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындағанға дейінгі кезеңде қолданылады.  

      15. Осы Заңда көзделмеген жағдайларда, банкті реттеу режимінде мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражатын пайдалануға тыйым салынады.  

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы