Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 95-бап. Банк акцияларын жаңа инвесторға мәжбүрлеп сату Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

95-бап. Банк акцияларын жаңа инвесторға мәжбүрлеп сату Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

95-бап. Банк акцияларын жаңа инвесторға мәжбүрлеп сату Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Егер банкке реттеу режимін қолдану туралы шешімде банктің акцияларын жаңа инвесторға мәжбүрлеп сату көзделсе, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік жаңа инвесторды іздестіру, сондай-ақ келіссөздер жүргізу және жаңа инвестормен реттеу режиміндегі банктің акцияларын сатып алу-сату шартын жасасу жөніндегі іс-шараларды жүргізеді. 

      Жаңа инвесторды таңдау мынадай талаптардың негізінде жүзеге асырылады: 

      1) акцияларды сатып алудың ең жақсы бағасын ұсыну; 

      2) жаңа инвестордың банкті оның қаржылық орнықтылығын және уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтер мен лимиттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген макропруденциалдық нормативтерді және (немесе) лимиттерді сақтауын қамтамасыз ететін деңгейге дейін қосымша капиталдандыру бойынша міндеттеме қабылдауы; 

      3) жаңа инвестордың тиімді басқаруды, орнықты бизнес-модельді және банктің одан әрі дамуын қамтамасыз ету қабілетін растауы. 

      2. Реттеу режиміндегі банктің акцияларын жаңа инвесторға мәжбүрлеп сату осы банк акционерлерінің келісуін талап етпейді. 

      Жаңа инвесторды таңдауды, сондай-ақ реттеу режиміндегі банктің акцияларын жаңа инвесторға мәжбүрлеп сату бағасын банктің қызмет қабілетін бағалауды ескере отырып, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік айқындайды және оларды уәкілетті орган келісуге тиіс.  

      Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік реттеу режиміндегі банктің акцияларын мәжбүрлеп сатудан түскен ақшаны акциялары жаңа инвесторға сатылған акционерлер (бұрынғы акционерлер) пайдасына аударуға тиіс.  

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы