96-бап. Реттеу режиміндегі банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Реттеу режиміндегі банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау уәкілетті орган банктің міндеттемелерін, оның ішінде залалдарды қамтудың (жабудың) жалпы қабілеттігін қамтамасыз ететін құралдар бойынша банктің міндеттемелерін толық немесе ішінара тоқтатуды және (немесе) өзгертуді жүзеге асыру және (немесе) мұндай міндеттемелерді банктің жай акцияларына конвертациялау арқылы банктің залалдарын қамту (жабу) бойынша шаралар кешенін білдіреді.
Реттеу режиміндегі банктің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету (қалпына келтіру) және (немесе) сауықтыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты аталған қаражатты беру туралы шешім қабылданған күннен бастап банк оларды қайтару бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейінгі кезеңде пайдаланылатын банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау туралы шешімді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің келісуі бойынша қабылдайды.
2. Реттеу режиміндегі банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау банктің меншікті капиталының шамасы "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес банктің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігіндегі іс жүзіндегі және күтілетін залалдардың мөлшеріне азайтылғаннан кейін ғана қолданылады.
3. Реттеу режиміндегі банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау мынадай:
жүйелік тәуекелдердің ұлғаюына және (немесе) банк жүйесіне едәуір теріс әсер етуге алып келетін;
банктің аса маңызды банк операцияларын және өзге де операцияларды үздіксіз жүзеге асыруына кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 123-бабында белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың кері кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
4. Мыналар:
1) осы Заңның 116-бабына сәйкес талаптары банктің тарату массасының құрамына енгізілмейтін тұлғалар алдындағы банктің міндеттемелері;
2) осы Заңның 123-бабына сәйкес банкті мәжбүрлеп тарату жағдайында бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және жетінші кезектерде қанағаттандырылуға жататын банктің міндеттемелері, сондай-ақ банкті мәжбүрлеп тарату жағдайында депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның төлеуіне жататын кепілдік берілген өтем мөлшеріндегі депозиттері бойынша банктің жеке тұлғалар алдындағы міндеттемелері мәжбүрлеп қайта құрылымдауға жатпайды.
5. Уәкілетті орган реттеу режиміндегі банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау мақсаттары үшін:
1) банктің міндеттемелерін жай акцияларға конвертациялау үшін банктің жарияланған, бірақ орналастырылмаған жай акцияларының саны жеткіліксіз болған жағдайда банктің жарияланған жай акцияларының санын ұлғайту;
2) банк акцияларына және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарға қатысты сауда-саттықты тоқтату және (немесе) олардың делистингі туралы шешім қабылдауға құқылы.
6. Реттеу режиміндегі банктің борыштық бағалы қағаздары мен өзге де ақшалай міндеттемелерін оның жай акцияларына конвертациялау кезінде:
1) банктің жарияланған акцияларының санын көбейту туралы банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі талап етілмейді;
2) банк акционерлеріне банктің акцияларын басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді;
3) осы Заңның 9-бабының 2 және 3-тармақтарының талаптары қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы