Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 97-бап. Реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

97-бап. Реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

97-бап. Реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операция Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы 

      1. Егер банкке реттеу режимін қолдану туралы шешім реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) (осы баптың мақсаттарында бұдан әрі – сатып алушы банк) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны көздейтін болса, мұндай операцияны банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік жүзеге асырады. 

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген операцияны жүргізу кезінде сатып алушы банкке реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелері бір мезгілде ішінара немесе толықтай берілуі мүмкін.  

      Реттеу режиміндегі банктің жеке тұлғалардың кепілдік берілетін депозиттері бойынша міндеттемелері сатып алушы банкке толық көлемде берілуге тиіс. 

      Егер сатып алушы банкке берілетін жеке тұлғалардың кепілдік берілетін депозиттері бойынша міндеттемелердің мөлшері реттеу режиміндегі банк активтерінің мөлшерінен асып кетсе, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым пайда болған айырманы Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепілдік беру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен толықтыруға тиіс. 

      Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес беретін қаражаттың мөлшері кепілдік өтем ретінде төленуге жататын, Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын сомадан аспауға тиіс. 

      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген операцияны жүргізу: 

      1) реттеу режиміндегі банк акционерлерінің, депозиторларының, өзге де кредиторларының, клиенттерінің және (немесе) борышкерлерінің, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың (кепіл берушілерді, кепілдік берушілерді, кепілгерлерді қоса алғанда) келісуін талап етпейді. Бұл ретте жаңа кредитордың жеке басы борышкер үшін айтарлықтай маңызы жоқ деп танылады; 

      2) реттеу режиміндегі банк өзінің депозиторларымен, өзге де кредиторларымен, клиенттерімен және (немесе) борышкерлерімен, сондай-ақ өзге де тұлғалармен (кепіл берушілерді, кепілдік берушілерді, кепілгерлерді қоса алғанда) жасасқан шарттардың талаптарына шарттың жаңа тарапын көрсету бөлігінде өзгерістер енгізуді; 

      3) сатып алушы банктің реттеу режиміндегі банктің депозиторларымен жаңа банктік шот шарттарын жасасуын талап етпейді. 

      4. Сатып алушы банк депозиторлардың банктік шоттары бойынша депозиторларды бұл жөнінде хабардар ете отырып, жеке сәйкестендіру кодтарын береді.  

      Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің сатып алушы банкке реттеу режиміндегі банктің депозиторлар алдындағы міндеттемелерін беруі осы Заңның 68-бабы 6, 7 және 8-тармақтарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. 

      5. Құқықтары (талаптары) мен міндеттемелері осы баптың 1-тармағында көзделген операцияны жүргізу кезінде берілетін реттеу режиміндегі банк клиенттерінің дербес деректерін жинауды және өңдеуді сатып алушы банк дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісуінсіз жүзеге асырады. 

      6. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік реттеу режиміндегі банктің депозиторларын, өзге де кредиторларын, клиенттері мен борышкерлерін, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғаларды хабардар ету мақсатында реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы банкке беру туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды, сондай-ақ оны уәкілетті орган, реттеу режиміндегі банк және сатып алушы банк өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады.  

      7. Реттеу режиміндегі банктің акциялар, қатысу үлестері, пайлар не ұйымдарға үлестік қатысудың басқа нысандары түріндегі активтерін, сондай-ақ банктің филиалдарын, өкілдіктері мен қосымша үй-жайларын сатып алушы банкке беру уәкілетті органның осы Заңда және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген рұқсаттарын, келісімдерін және хабарламаларын сатып алушы банктің алуын талап етпейді. 

      8. Реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт жасасу арқылы, шартқа беру актісі қоса беріле отырып жүзеге асырылады.  

      Беру актісінде берілетін активтер мен міндеттемелер туралы, оның ішінде берілетін активтер мен міндеттемелер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдер туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. 

      Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы туралы ережелері қолданылады. 

      9. Сатып алушы банк құқықтық кадастрға, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесіне бір мезгілде кепіл ұстаушы болып табылатын, өзіне берілетін активтер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар өткен жаңа кредитор туралы мәліметтерді енгізу мақсатында активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартты (беру актісін қоса бере отырып) уәкілетті тіркеуші органға (ұйымға) ұсынады. 

      Осы бапта айқындалған негіздер бойынша және тәртіппен құқықтарды (талаптарды) басқаға беру бір мезгілде кепіл ұстаушы болып табылатын жаңа кредиторға үшінші тұлғалар немесе мемлекеттік органдар тарапынан тіркелген ауыртпалықтар, тыйым салулар, мүлікке билік етуде өзге де шектеулер бар мүлікке құқықтардың өтуі үшін де негіз болып табылады. 

      10. Реттеу режиміндегі банктің депозиторлар мен өзге де кредиторлар алдындағы міндеттемелері сатып алушы банкке берілгеннен кейін осындай депозиторлар мен өзге де кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындауды сатып алушы банк жүзеге асырады. 

      11. Реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шарт жасалғаннан кейін реттеу режиміндегі банктің акционерлері, депозиторлары, өзге де кредиторлары мен клиенттері:  

      1) сатып алушы банктен реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы банктің пайдасына беру салдарынан шеккен кез келген залалдарды өтеуді талап етуге;  

      2) реттеу режиміндегі банктің пайдасына кез келген активтер мен міндеттемелерді кері беруді талап етуге құқылы емес. 

      Реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру туралы шартты жасасу және (немесе) орындау: 

      1) сатып алушы банкке берілген міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға немесе мерзімінен бұрын тоқтатуға; 

      2) орындамау (дефолт), реттеу, төлемге қабілетсіздік оқиғасының және (немесе) сатып алушы банкке берілген міндеттемелер соның шеңберінде туындаған шарт бойынша кез келген ұқсас оқиғаның басталуына негіз бола алмайды.  

      12. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны көрсетілген банктің активтері мен міндеттемелерін қосымша беру мақсатында бір реттен артық жүргізуге құқылы. 

      Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы банкке беруді аяқтағаннан кейін уәкілетті органға банкті кейіннен мәжбүрлеп тарату мақсатында реттеу режиміндегі банкті операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айыру туралы ұсыныс береді. 

      13. Реттеу режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу ерекшеліктері осы Заңның 98-бабында белгіленеді.  

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы