98-бап. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесiлiакциялары және мемлекеттiң жауапкершiлiгiшектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына қатысу үлестерi Мемлекеттік мүлік туралы Заңы
1. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесiлi акцияларын және жауапкершілiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысу үлестерiн сату осы Заңда, "Акционерлiк қоғамдар туралы", "Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершілігі бар серiктестiктер туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген талаптар сақтала отырып жүргiзiлуге тиiс.
2. Шығарылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен тiркелмеген акцияларды сатуға жол берiлмейдi.
3. Мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде сатып алушы – акционерлік қоғам, егер ол сатып алушының акцияларын иеленген болса, акционерлік қоғам акцияларының жиырма бес пайыздан астамын сатып ала алмайды. - Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 24 маусымдағы № 196-VIII ҚРЗ
3-1. Мемлекетке тиесілі және қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына жататын акционерлік қоғамдардың акцияларын сату "алтын акцияны" мемлекеттің басқаруы сақтала отырып жүзеге асырылады.
3-2. Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлестерін сату жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалпы дауыс санының төрттен бір бөлігінен астам мөлшеріндегі жарғылық капиталға мемлекеттің қатысу үлесі сақтала отырып жүзеге асырылады.
4. Мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестерін сату осы Заңның 101-бабының 4-1 және 4-2-тармақтарына және 102, 103-баптарына сәйкес аукцион, тендер нысанындағы сауда-саттық, қор биржасындағы сауда-саттық және екі кезеңдік рәсімдер жолымен конкурс арқылы жүзеге асырылады.
5. Жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакеті (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) тендерде сату қызмет бейінін және жұмыскерлердің штат санының кемінде үштен екісін сақтау шарттарымен жүзеге асырылады.
Акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызмет бейінін, жұмыскерлерінің штат санын сақтау мерзімдерін сатушы мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде айқындайды.
6. Әлеуетті сатып алушының (ие болушының) және әлеуетті сатып алушының (ие болушының) үлестес тұлғасының жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакеті (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) сату жөніндегі бір аукционға, тендерге, екі кезеңдік рәсімдер жолымен конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.
7. Мемлекеттік мүліктің өтінімдік тізбесіне енгізілген, акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды жекешелендіру осы Заңның 10-тарауының 1 және 2-параграфтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы