«Әділет» партиясы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша сайлауалды науқанын ресми түрде бастады
«Әділет» партиясы Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша сайлауалды үгіт-насихат науқанын ресми түрде бастады. Мен үшін кандидаттың сенім білдірілген өкілі ретінде партияның Алматы қалалық сайлауалды штабының құрамында болу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік.
Бұл – жоғары жауапкершілікпен қатар, азаматтармен ашық диалог орнатуға, заң үстемдігін нығайтуға және әділеттілік қағидаттарын ілгерілету арқылы еліміздің дамуына өз үлесімді қосуға берілген мүмкіндік.
Алдағы бір айда қала тұрғындарымен белсенді кездесулер өткізіп, өзекті мәселелерді талқылап, заң үстемдігіне, азаматтардың құқықтарын қорғауға, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға және Қазақстанның орнықты дамуына негізделген партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын кеңінен түсіндіретін боламыз.
Менің сенімімше, қуатты мемлекет қоғамның сеніміне, заңға құрметке және әрбір азаматтың ел болашағы алдындағы жауапкершілігіне сүйеніп құрылады. Сондықтан жаңа бастамаларды ұсынумен қатар, халықтың үнін естіп, олардың ұсыныстары мен қажеттіліктерін назарға алып, ортақ әрі тиімді шешімдер қабылдау аса маңызды.
Көрсетілген сенім үшін партия төрағасы Айбек Дәдебайға шынайы алғысымды білдіремін. Өз тарапымнан жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, ашық, әділ және заң талаптарына сай сайлауалды науқанын өткізуге нақты үлес қосу үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын.
Біз бірге – Заң, Әділет және Қазақстанның жарқын болашағы үшін!
#Әділет #ЗаңӘділетБолашақ #Сайлау2026 #Құрылтай #Қазақстан
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы