Әкімшілік актілері мен әрекеттеріне дау айту туралы
7.11.2023ж. №6001-23-00-6ап/1207 (2)
Талап қоюшы: «ДА-К» ЖШС (бұдан әрі - ЖШС, Серіктестік)
Жауапкерлер: «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің экология департаменті» РММ (бұдан әрі - Экология департаменті, Департамент),
«Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ (бұдан әрі - Кірістер басқармасы)
Даудың мәні: әкімшілік актілері мен әрекеттеріне дау айту туралы
Жауапкерлер келтірген кассациялық шағымы бойынша қайта қарау
ІСТІҢ МӘНІ:
Қ. облысының прокуроры 2021 жылғы 26 сәуірде Экология департаментіне талап жолдап, Серіктестіктің қызметінде 2018-2021 жылдар аралығында экологиялық заңнамалардың сақталуына тексеру жүргізуді тапсырған.
Экология Департаменті прокуратура талабын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) жолдап, «ДА-К» ЖШС-на тексеру тағайындау туралы шешім қабылдауды сұраған.
2021 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі «ДА-К» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру тағайындау туралы №155-Ө бұйрықты шығарған.
2021 жылғы 24 мамырда Экология Департаментінің тексеру тағайындау туралы №20 актісі қабылданған. Актіде тексеру жүргізудің құқықтық негізі ретінде Қызылорда облысы прокуратурасының 2021 жылғы 26 сәуірдегі талабы және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144- бабының 3- тармағының 5) тармақшасы көрсетілген.
2021 жылғы 4 маусымда тексеру нәтижесі бойынша №20/28 акті жасалған және осы акті негізінде бұзушылықты жою туралы №20/28 ұйғарым қабылданып, талап қоюшыға орындауға табыс етілген.
2021 жылғы 4 маусымда тексеру нәтижелерімен «ДА-К» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар түзілген.
2021 жылғы 17 маусымда Экология департаменті жоспардан тыс тексеру нәтижесімен Серіктестіктің полигон аумағында орналастырылған қалдықтардың нақты көлемі туралы ақпаратты «Қазақстан Республикасы Каржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-не (бұдан әрі - Кірістер департаменті) жолдаған.
Осы мәліметтердің негізінде Кірістер басқармасы 2021 жылғы 9 шілдеде қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемнің есептелген сомасы туралы хабарламаларды қалыптастырып, талап қоюшыға орындауға жолдаған.
2021 жылғы 15 шілдеде Экология департаменті Кірістер департаментінен ӛзінің жолдаған мәліметтерін толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты қайтарып алған.
Өз кезегінде Кірістер басқармасы Серіктестіктен 2021 жылғы 9 шілдеде жолдаған барлық хабарламаларын қайтарған.
2021 жылғы 4 тамызда Экология департаменті қалдықтардың нақты көлемі туралы ақпаратты Кірістер департаментіне екінші рет жолдаған.
Кірістер басқармасы бұл мәліметтердің негізінде қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемнің есептелген сомасы туралы және салық берешегін төлеу туралы хабарламалар қалыптастырған.
Талап қоюшы сотқа қойған талабында Экология Департаментінің 2021 жылғы 24 мамырдағы №20 тексеру тағайындау туралы актісін, 2021 жылғы 4 маусымдағы №20/28 бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымын заңсыз деп танып, күшін жоюды, осы тексеру нәтижесі бойынша 2021 жылғы 4 тамыздағы мәліметтерді ұсыну әрекеттерін заңсыз деп тануды және Кірістер Басқармасымен қабылданған 2021 жылғы 12 тамыздағы №26000000017, №26000000018, №26000000019, №26000000020, №26000000021, №26000000022,
№26000000023, №26000000024, №26000000025, №26000000026, №26000000027,
№26000000028, №26000000029, 2021 жылғы 17 тамыздағы №26000000030
хабарламаларды, 2022 жылғы 3 ақпандағы салық берешегін төлеу туралы
№14000007014 хабарламаларды даулаған.
Сот актілері:
1-і саты: талап қоюшының 2021 жылғы 4 маусымдағы тексеру нәтижесі бойынша актіні заңсыз деп танып, күшін жою туралы талабы, тексеру актісі құқықтық салдар туындатпайтынына орай қайтарылған.
Апелляция: талап қоюдың өзге талаптары қанағаттандырылған. Сот шешімі күшінде қалдырылған.
Кассация: сот актілері күшінде қалдырылған.
Қорытынды:
Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының (2022 жылғы 17 қарашаға дейін күшінде болған) (бұдан әрі - Заң) 7-бабымен тексерістер жүргізу тәртібі қарастырылған.
Өз кезегінде Қызылорда облысы прокурорының 2021 жылғы 26 сәуірдегі талабында, ол Заңның 7-бабы 1-тармағына сәйкес берілгені көрсетілген.
Прокурорлық қадағалау жүргізудің нысаны мен шектері, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексеріс тағайындауға негіз болатын айрықша мән-жайлар аталған Заңның 6-бабында көрсетілген.
Заңның 6-бабының 3-тармағында прокурор заңдылықтың сақталуын тексеруді Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмалары негізінде тағайындайтыны және жүргізетіні кӛрсетілген.
Яғни, прокуратура органдары жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты заңдылықтың сақталуын тексеруді Қазақстан Республикасы Президентінің, Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша немесе олардың келісімі негізінде жасайды.
Серіктестікке қатысты тексеріс жүргізу жӛнінде Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы болмаған.
Сондықтан, Қызылорда облысы прокурорында Экология департаментіне тексеру жүргізуді талап етуге заңды негіз болмаған, яғни осы бөліктегі жергілікті соттардың тұжырымдары дұрыс.
ӘРПК-нің 129-бабының 3-бөлігінде жауапкер әкімшілік актіде аталған негіздемелерге ғана сілтеме жасай алатаңдығы бекітілген.
Тексеру тағайындау туралы актісінде тексеріс жүргізудің негізі ретінде Қызылорда облысы прокуратурасының 2021 жылғы 26 сәуірдегі талабы және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - КК) 144- бабының 5-тармағының 4) тармақшасы көрсетілген.
КК 144-бабының 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруге негіз болып адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға және жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокуратура органдарының тапсырмалары табылады.
Алайда, соттармен даулы тексеріс жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен емес, облыс прокурорының талабы бойынша тағайындалғаны анықталуына орай Экология департаментінің Серіктестікке жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін КК 144-бабының 5-тармағының 4) тармақшасымен кӛзделген негіз болмағаны туралы қорытындылары негізді.
Жергілікті соттармен даулы тексеріс жүргізілген 2018-2019 жылғы кезеңдер бойынша Серіктестікке осыған дейін тексерулер жүргізілген, оның ішінде жоспардан тыс, кешенді тексерістер болғаны анықталған.
КК-нің 151-бабының 6) тармақшасына сәйкес (2021 жылы қолданыста болған редакциясы) КК-тің 144-бабы 3-тармағының 3), 3-1), 4), 8), 9), 10) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол бiр кезең iшiнде сол бiр мәселе бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргiзуге шектеу қойылған.
КК-тің 155-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бақылау және қадағалау субъектілері бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарын бақылау және қадағалау органы сол бір кезең ішінде сол бір мәселе бойынша профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру жүргізілген субъектісіне (объектісіне) тексеруді жүргізу және тағайындау жиілігі сақталмаған жағдайларда объектіге жібермеуге құқылы.
Заңның белгіленген нормалары қайта тексеруге тыйым салады.
Бұдан басқа соттармен қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемі Серіктестіктің өзі ұсынған мәліметтері негізінде қалыптастырылғаны анықталған. Ол өз кезегінде Департамент тексеріс барысында бұл мәліметтерді анықтауға жұмыстар жүргізбегенің, ал салық органына ұсынған ақпаратында кӛрсетілген мәліметтердің тексеру нәтижелерімен анықталғанын көрсеткен.
Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мән-жайларына сәйкес келетін сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды.
Сондықтан, жергілікті соттардың талап қоюды қанағаттандыру туралы қорытындылары дұрыс.
Сот алқасы дауланып отырған сот актілерінің күштерін жоюға не өзгертуге дәлелді негіздер жоқ деп санайды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы