Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша қорғаушының ұстанымы

Әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша қорғаушының ұстанымы

Әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша қорғаушының ұстанымы

 

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық сотына судья Р.Б Жамалбековқа

​Алматы, 050040/A15M1C7, Бостандық ауданы,

Марков көшесі, 34​1.

 8 (727) 333-10-12

727-1888@sud.kz

Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 

іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға:

Ж- У- Ержігітұлы

ЖСН .....

мекенжайы: Түркістан облысы, Келес ауданы, 

Ақжар елді мекені, Игилик көшесі, ... үй.

+7 778 ...

Қорғаушы: Саржанов Галымжан Турлыбекович

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі

БСН 201240021767

050002, Алматы қаласы, Алмалы  ауданы,

 Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

info@zakonpravo.kz

www.zakonpravo.kz

тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 971 78 58.

 

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабы 

1 бөлігі бойынша, №257517030004022 

Хаттамасымен сотқа ұсынылған әкімшілік,

 

 

Іс бойынша ұстаным

 

Сіздің өндірісіңізде азамат Ж- У- Ержігітұлына қатытсты  ҚР ӘҚБтК 434 бабы 1 бөлігі сәйкес Ұсақ бұзақылық «Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер» жасағаны үшін Алматы қаласы ПД, Медеу АПБ Ж.А  Джумажановтың №257517030004022 Хаттамасымен сотқа ұсынылған әкімшілік сот ісі №7528-25-00-3/11491 қаралуда.

Полиция қызметкерлерінің пайымдау бойынша: Азамат У.Е  Ж-., 22.02.2025 жылы сағат 02:30 шамасында Алматы қаласы Назарбаева 124, қоғамдық ортада қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, айналасындағыларға құрметпен қарамады, қоғамдық ортада былапыт сөйледі сөйтіп, ӘҚБтК 434 бабы 1 бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасады.

Алайда Алматы қ. ПД, Медеу АПБ Ж.А Джумажановтың сотқа ұсынылған №257517030004022 Хаттамасымен келісе алмаймыз төмендегі мән жайлар бойынша,

 

Сонымен ҚР ӘҚБтК 802-бабында  Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негіз болып әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн уәкiлеттi лауазымды адамның тiкелей анықтауы немесе құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар делінген.

Алайда  әкімшілік құқықбұзушылық туралы Хаттамасына тіркелген Учаскелік полиция инспекторы Конусовтың және СОБР қызметкрі Р.Б  Есдаулетовтың Медеу АПБ бастығына жазылған әкімшілік құқықбұзушылық туралы Баянаттары (Хабарламалары) тіркелмеген сонымен қатар ҚР ӘҚБтК 738-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамның келісімімен өндіріс тілі қазақ тілі таңдалғанымен полиция қызметкерлерінің Баянаттары орыс тілінен қазақ тіліне аударылмаған.

ӘҚБтК 767-бабы 3 және 4 тармақтарына сай Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның түсiнiктемелерi, куәлардың айғақтары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны толық толтырғаннан және аталған тұлғаларға осы Кодексте көзделген олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіргеннен кейін ғана енгізіледі. Аталған талаптар сақтамаған кезде өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлға түсiнiктемелерiнің, куә айғақтарының дәлелдемелер ретінде күші жоқ деп есептеледі және дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін емес.

Сөйтіп, уәкілетті тұлға өз ведомстволық нормативтік-құқықтық актісін басшылыққа ламай жасаған іс әрекеттері әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасының жарамсыздығына әкеп соғады.

 

Сонымен қатар Хаттамада У.Е Ж- қоғамдық ортада қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, айналасындағыларға құрметпен қарамады, қоғамдық ортада былапыт сөйледі деген уәждеріменде келісе алмаймыз өйткені У.Е Ж- 22 ақпан 2025 жыл сағат 02 шамаларында өз автокөлігімен Назарбаева көшесі 124 мекен жайында орналасқан мейрамханаға өз ағаларын сау жүргізуші ретенде алып кетуге келген, алайда кафе алдында ағаларын көрген оларды полиция қызметкерлері, өздерінің құқықтарымен міндеттерін асыра пайдаланып құқық бұзушыларға олардың құқықтарымен міндеттерін түсіндірмей қолдарын қайырып қылқындырып жатқан кезңнен түскен. Сол жерде У.Е Ж- не болып жатқанын сұрағанда полиция қызметкерлері балағат, дөрекі сойлеп У.Е Ж-дың ағаларымен алысуда болды. У.Е Ж- сол жерде полиция қызметкерлерімен өзінің ағалары арасына түсіп ағаларын тыныштыққа шақырған.

У.Е Ж- сот медициналық сараптамасына сай спирттік ішімдіктер ішпеген өз іс әрекеттеріне жауап бере алатын жағдайда болған.

Сонымен қатар сол жерде  Учаскелік полиция инспекторы Конусов барлық болған жайтты өз смартфонына түсірген, сол бейнедt У.Е Ж-дың былағат сөйлегені немесе тәртіп бұзғаны көрінбейді. Жәнеде Куә ретінде түсініктеме берген аз. Тағаберген Думан нақты У.Е Ж-ға қатытсы құқық бұзушылық жайлы түсініктеме бермеген.

 

Осыған байланысты, құрметті сот, істің материалдарындағы У.Е Ж-дың, полиция қызметкерлерінің Баянаттары айғақтар болып табылатын дәлелдемелер ретінде күші жоқ және дәлелдемелер ретінде танылуы мүмкін емес деп тануды сұраймын.

ҚР ӘҚБтК 741-б. 2-б. сәйкес «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу, егер қосымша дәлелдер жинаудың барлық мүмкіндігі таусылса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық оқиғасының немесе әкімшілік құқық бұзушылық құрамының жоқтығы дәлелденген кезде де, сонымен бірге бар екендігі дәлелденбеген кезде де, сондай-ақ зиян келтiру құқыққа сыйымды болып табылатын не іс-әрекет осы Кодекстiң 5-тарауына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты болғызбайтын мән-жайларда жасалған жағдайда тоқтатылады».

 

Жоғарыда айтылғанымның негізінде, ҚР ӘҚБтК 741-б. сүйене отырып

Соттан,

·   Ж- У- Ержігітұлына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің ӘҚБтК-ңің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік істі тоқтатылуын сұраймыз.

 

 

                                                          Ж- У- Ержігітұлы

 

Қорғаушы/адвокат,                                 Саржанов Галымжан Турлыбекович

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу