Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық соттың нормативтік қаулылары / Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке тұлғаның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке тұлғаның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке тұлғаның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы

2021 жылғы 24 қарашадағы № 1 Конституциялық Кеңестің шешіміне түсіндірме

Конституциялық Кеңес Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке тұлғаның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 2) тармақшасының конституциялық емес деп тану туралы ұсынуы бойынша шешім қабылдады. Заңмен алқабилердің қатысуымен соттың соттылығына кейбір ерекшеліктерді қоспағанда, барлық аса ауыр қылмыстарды жатқызу есебінен оның соттылығы кеңейтілді.

      Алайда жаңа қағидаларды қолданысқа енгізу 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін кейінге қалдырылды, бұл сот пен қылмыстық іс бойынша сотталушы тарапынан дау туғызды.

      Жалпы алғанда, Конституциялық Кеңес өз шешімінде қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға азаматтардың алқабилер ретінде қатысуының ерекше конституциялық-құқықтық маңыздылығын атап өтті.

      Қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарайтын соттың қарауына беру мүмкіндігі (Негізгі Заңның 75-бабының 2-тармағы) Конституцияда бекітілген, айыпталушының құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғаудың процестік кепілдіктерінің қатарына жатады, оларды іске асыру тетігі заңмен белгіленеді.

      Кеңестің пікірінше, алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізудің нақты моделін заңнамалық реттеу кезінде, атап айтқанда, оның соттылығын айқындау барысында заң шығарушының қалауы абсолютті болып табылмайды және ол қабылдайтын шаралар Негізгі Заң нормаларын (осы жағдайда 75-баптың 2-тармағын) неғұрлым толық іске асыруға, сот ісін жүргізудің осы нысанынан негізсіз бас тартуға және барлығының заң мен сот алдында тең болуы қағидатын бұзуға жол бермеуге бағытталуға тиіс. Конституциялық Кеңес заңның құқықтық қатынастарды реттеуді және белгілі бір заңдық салдарлар туындатуды тек қолданысқа енгізілгеннен кейін ғана бастайтынын атап өтті.

      Осыған байланысты Заңның қаралған нормасы Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейді деп танылды.

      Конституциялық Кеңес нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізудің кейінге қалдырылған мерзімдері ақылға қонымды болуға және жаңа нормативтік ережелердің тиісінше қолданылуын қамтамасыз ету үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық, кадрлық және өзге де жағдайларды жасауға бағытталуға тиіс деп есептейді.

      Сонымен қатар, Конституциялық Кеңестің отырысында уәкілетті мемлекеттік органдардың назары кейбір кемшіліктерге аударылды: жаңа заңдардың қолданысқа енгізілу мерзімдерін айқындау кезінде орныққан тәсілдердің болмауы, өтпелі кезеңде қолданылатын құқық пен тәртіптің жеткіліксіз құқықтық реттелуі, алқабилердің қатысуымен соттың соттылығын айқындау өлшемдерінің жеткілікті дәрежеде пысықталмауы және т.б.

      Конституциялық Кеңес қаулысының толық мәтіні баспасөзде және Кеңестің сайтында жарияланады.

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Қаулы Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Төрелік Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Қаулы Бұйрық Өкім Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсіндірме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар