Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Арыз Сот орындаушысынан Екінші деңгейдегі банктерден борышкерге тиесілі барлық шоттар бойынша табыс үзінділерін (Выписка) сұрауды

Арыз Сот орындаушысынан Екінші деңгейдегі банктерден борышкерге тиесілі барлық шоттар бойынша табыс үзінділерін (Выписка) сұрауды

Арыз Сот орындаушысынан Екінші деңгейдегі банктерден борышкерге тиесілі барлық шоттар бойынша табыс үзінділерін (Выписка) сұрауды

 

 

Шымкент қаласы жеке сот орындаушысы

 Біләлов Бауыржан Мелдеханұлына

Шымкент қаласы, Кожанова 1/10

kchsi_bilalov@mail.ru

+7 747 527 1275, +7 702 977 7571.

 

Өндірушіден: ТАА

ИИН ...

+7 701 ...

Республика Казахстан г. Шымкент, 160005, Абайский район,

 мкр. Ынтымак, ул. Б...., д. 23.

Сенімхат бойынша өкіл Адвокат:

 Саржанов Галымжан Турлыбекович

«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі

ЖСН 201240021767.

Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, 

Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz

тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.

 

Борышкер: МЕШалкарбекович

ИИН ...   

место прописки: Республика Казахстан г. Шымкент, 160005, 

Абайский район, мкр. Ынтымак, ул. Б...., д. 23.

+7 705 ....

 

Арыз

Сіздің өндірісіңізде Борышкер МЕШалкарбековичтан, Өндіруші ТААйдаровнана пайдасына балаларды асырауға арналған алименттер табысының және/немесе өзге де табыстың 1/2 бөлігі мөлшерінде өндіріп алу туралы атқару парағы негізінде атқарушылық іс қозғалған.

ҚР Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнын 16 бабына (әрі қарай - Заң) сәйкес, Атқарушылық iс жүргiзу тараптары атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен, оның ішінде электрондық нысанда танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға, көшiрмелерiн алуға, қосымша материалдар беруге, өтiнiш бiлдiруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесiнде ауызша және жазбаша түсiнiктер беруге, атқарушылық iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерi мен пiкiрлерiн айтуға, атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдерi мен өтiнiштерiне қарсылық бiлдiруге, бас тартатынын мәлiмдеуге, атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым жасауға, бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.

Борышкер жұмыс орнының, тұрғылықты және орналасқан жерінің өзгергені, сондай-ақ жаңа табыс көздерінің және мүлкінің пайда болғаны туралы көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндетті.

 Борышкер атқарушылық іс жүргізу аяқталғанға дейін айына бір рет, сондай-ақ шақырған жағдайларда сот орындаушысына келуге міндетті. Келмеуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 Аталған Заңның 18, 19 баптарына сай Жеке тұлғалар атқарушылық iс жүргiзуге дербес немесе өкiлдерi азаматтық заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхат арқылы қатыса алады.

          Осы заңның 32-бабы сәйкес Сот орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдауға мiндеттi.

Сот орындаушысы осы баптың атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен алынатын санкциямен қолданады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шараларды санкциялауды прокурор жүзеге асырады.

Сонымен қатар Заңның 35-бабы бойынша Борышкер сот орындаушысының талабы бойынша оған өзінде бар мүлік туралы ақпарат беруге, сондай-ақ табыс көздері туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті.

Берілетін ақпаратта борышкер өзіне тиесілі барлық мүліктік талаптардың негіздерін көрсетуге де міндетті. Осы бапта көрсетілген мәліметтерді ұсынудан бас тарту не көрінеу жалған мәліметтер ұсыну атқарушылық құжатты орындамау болып табылады.

Осы хатпен борышкердің екінші дәрежедегі банктағы барлық шоттары бойынша үзінді көшірмелер алуды сұраймыз өйткені борышкердің 800 000 теңге мөлшерінде бейресми қосымша табыстары бар екенін білеміз.

Заңнын 100 бабын сай, борышкермен еңбек қатынасында тұрған немесе ол табыс алатын адамдар сот орындаушысы тағайындаған мерзiмде борышкердiң жұмыс орны мен оның табыстары, атқарушылық құжатқа сәйкес ұстап қалу жүргiзiлгендiгi және өндiрiп алынған соманың өндiрiп алушыға жiберiлгендiгi туралы, борышкердiң ақша сомалары мен мүлкiнен өндiрiп алу жөнiнде, сондай-ақ борышкердiң жұмыстан босатылғаны туралы, егер өздерiне белгiлi болса, оның жаңа жұмыс орны немесе тұратын жерi туралы дәйекті мәлiметтер беруге мiндеттi. Сот орындаушысының бұл талаптарын орындамау әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізіндермен ҚР Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы заңнын 16 бабын басшылыққа ала отырып,

Сұраймын:

·        Екінші деңгейдегі банктерден борышкерге тиесілі барлық шоттар бойынша табыс үзінділерін (Выписка) сұрауды;

·        Үзінділермен танысуға мүмкіндік беріуңізді.

 

Ізгі құрменпен,

Сенімхат бойынша өкіл Адвокат:

                                                                Саржанов Г.Т.         24.04.2025 ж

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу