Арыз тергеушінің әрекетіне берілген шағымдарды қайтарып қараусыз қалдыру жайлы
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокурорына
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент
кенті, Куандықов көшесі, 84 ғимараты
8-702-038-51-98. 7254101@prokuror.kz
Қорғаушыдан: Адвокат Саржанов Галымжан
«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі
ЖСН 201240021767.
Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Алмалы
ауданы, Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz
тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.
Күдікті: АЕ Канатбаевич
ИИН ....
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Н Е...
ауылы, Жастар көшесі, 12 үй.
Арыз
(ҚР ҚПК-нің 105 бабы негізінде Түркістан облысы Полиция департаментінің Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің тергеушінің әрекетіне берілген шағымдарды қайтарып қараусыз қалдыру жайлы)
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыра отырып, оның ең жоғары құндылықтары – адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы).
Сонымен қатар әркім өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға және білікті заң көмегін алуға құқылы (Конституцияның 13-бабының 1 және 3-тармақтары).
Түркістан облысы Полиция департаментінің Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылықтың (Әрі қарай Тергеуші) өндірісінде ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Е.К А-қа (Әрі қарай Күдікті) қатысты №255143031000056 қылмыстық іс материалдары қаралуда.
Тергеу барысында Е.К А- дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер үшін күдікті деп танылып, 2025 жыл 2 наурыз күні ҚР ҚПК 131-бабына сәйкес ұсталып, Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып әрі қарай тергеу сотымен санкцияланып тергеу изоляторына қамауға алынды.
ҚР ҚПК 5 бөлігі, 100-бабына сәйкес Шағым берген тұлға оны кері қайтарып алуға құқылы. Күдікті, айыпталушы қорғаушының шағымын кері қайтарып алуға құқылы; азаматтық талапкер, жәбiрленушi (жекеше айыптаушы), азаматтық жауапкер өзінің заңды өкiлден басқа өкiлiнiң шағымын кері қайтарып алуға құқылы. Күдіктінің, айыпталушының мүддесінде берiлген шағым тек солардың келiсуiмен ғана кері қайтарылып алынуы мүмкiн. Шағымды кері қайтарып алу, осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 102-бабында көрсетiлген мерзiмдер өткенге дейiн оны қайтадан беруге кедергi келтiрмейдi.
Тергеу амаладары жүргізу барысында қорғау тарапынан ҚР ҚПК 105-бабына сәйкес шағымдар түсірілген теді. Аталған шағымдарды ҚР ҚПК 5 бөлігі, 100-бабының талаптарына сай қайтарып қараусыз қалдыруды сұраймыз.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде және ҚР ҚПК 100 -бабын басшылыққа ала отырып,
Сізден сұраймын:
ҚР ҚПК-нің 105 бабы негізінде Түркістан облысы Полиция департаментінің Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің тергеушінің әрекетіне берілген № ЗТ-2025-01725264, ЗТ-2025-01720749 шағымдарды қайтарып қараусыз қалдыру.
Құрметпен,
Адвокат: Галымжан Саржанов
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Шағымдарды қайтару Прокуратура
12 рет жүктеп алынды