Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Ауданын прокурорына Шағым тергеушінің заңсыз әрекетіне

Ауданын прокурорына Шағым тергеушінің заңсыз әрекетіне

Ауданын прокурорына Шағым тергеушінің заңсыз әрекетіне

 

 

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының прокурорына

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті,

 Куандықов көшесі, 84 ғимараты

8-702-038-51-98. 7254101@prokuror.kz

 

Қорғаушыдан: Адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович

«Заң және Құқық» Адвокаттық кеңсесі

ЖСН 201240021767.

Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Алмалы ауданы,

 Абылай Хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.

www.zakonpravo.kz info@zakonpravo.kz

тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.

Күдікті: АЕ Канатбаевич

ИИН ...

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Н Е. ауылы, Жастар көшесі, 12 үй.

 

Шағым

(ҚР ҚПК-нің 105 бабы негізінде Түркістан облысы Полиция департаментінің Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылықтың әрекетіне)

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыра отырып, оның ең жоғары құндылықтары – адам, адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады (Конституцияның 1-бабының 1-тармағы).

Сонымен қатар әркім өз құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға және білікті заң көмегін алуға құқылы (Конституцияның 13-бабының 1 және 3-тармақтары).

Түркістан облысы Полиция департаментінің Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі ТБ-нің аға тергеушісі Д.Қ Жақсылықтың (Әрі қарай Тергеуші) өндірісінде ҚР ҚК 174-бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Е.К А- қа (Әрі қарай Күдікті) қатысты №255143031000056 қылмыстық іс материалдары қаралуда.  

Тергеу барысында Е.К А-  дiни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер үшін күдікті деп танылып, 2025 жыл 2 наурыз күні ҚР ҚПК 131-бабына сәйкес ұсталып, Мақтаарал ауданы Полиция бөлімі-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып әрі қарай тергеу сотымен санкцияланып тергеу изоляторына қамауға алынды. 

Тергеушінің пайымдауы бойынша “Күдікті Е.А-  01.07.2024 – 01.01.2025 жылдар аралығында өзінің танысы Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Қазақстан көшесі №11Б үй тұрғыны 23.06.1991 ж.т. Баглан Ержанович Мусабековпен бірге алдын ала сөз байласып құрамында 40 адам бар «Ватсап» әлеуметтік желісіндегі «Атакент Бауырлар» тобында өздері ұстанатын теріс бағыттағы дінді насихаттау үшін заңмен тыйым салынған «Дильмурат Абу-Мухаммад» Махаматов Дильмурат және «Назратуллах Абу-Мариям»-дардың уағыздарын бірнеше рет тарату арқылы діни алауыздықты тудыру қылмысын қасақана жасаған». - деген мәліметті басшылыққа алған.

Тергеу өзінің уәждерін жан жақты тергеп тексеріп анықтау мақсатында 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында күдіктіден жауап алу Хаттамасын толтырған.

ҚР ҚПК 216-бабының 4 бөлімі Күдіктiден жауап алу ерекшеліктеріне келер болсақ онда осы Кодекстің 67-бабында көзделген жағдайларда, осы Кодекстің 69-бабы екінші бөлігінің ережелерін ескере отырып, қорғаушының қатысуы міндетті делінген.

Алайда Қорғау трапынан 03.04.2025 жыл тергеу изоляторында Е.К А- пен аталған хаттаманы, онда берілген жауаптарды талқылау барысында, тергеу тарапынан қылмыстық заңнаманың ҚР ҚПК 216-бабының 4 бөлімінің өрескел бұзылуы анықталды.  

Анығын айтқанда 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында күдіктіден жауап алу кезінде қорғаушының қатыспағандығы анықталып, Хаттамадағы қорғаушы ретінде шақырылған С.Акназаровтың қолы кешірек немесе басқа адаммен қойылған деп есептейміз.

Сонымен тергеуші Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 60-64, 80, 81, 110, 115, 197, 199, 208-210, 212, 216 баптарының нормаларын сақтамай Кодекстiң талаптары бұза отырып жауап алынғандығы анықталып отыр. 

ҚР ҚПК 64-бап. Күдікті Қылмыстық қудалау органы ұстап алу кезінде, күдіктінің қатысуымен кез келген тергеу әрекеттерін жүргізуді бастамас бұрын дереу күдіктіге оның осы Кодексте көзделген құқықтарын түсіндіруге міндетті, күдіктіден жауап алу хаттамасында және адамды күдікті деп тану және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыларда белгі жасалады.

Алалйда тергеу тарапынан аталған бап нормалары формальді түрде жасалынып шын мәнәнде Күдіктіге жауап алу алдында құқықтары түсіндірілмеген.

ҚПК 112-бабына сай  Дәлелдемелер ретiнде жол берілмейтін нақты деректер, егер олар осы Кодекстiң талаптары бұзыла отырып алынса, алынған нақты деректердiң анықтығына сотқа дейінгі тергеп-тексеру немесе істі сотта қарау кезiнде процеске қатысушыларды заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе құқықтарына қысым көрсету арқылы немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұзу арқылы ықпал етсе немесе ықпал етуі мүмкiн болса, оның iшiнде: Қылмыстық-процестік заңды бұза отырып алынған нақты деректер дәлелдемелер ретінде жол берілмейтін деректер деп танылады және олар айыптау негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ осы Кодекстiң 113-бабында көрсетілген кез келген мән-жайларды дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды.

ҚР ҚПК 60 быбының, 3 бөліміне сай Тергеуші істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшін барлық шараларды қолдана қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті.

"Прокуратура туралы" ҚР Конституциялық Заңының 1-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Заңның 5 - бабына сәйкес Прокуратура заңдылықты жоғары қадағалауды (бұдан әрі-қадағалау) жүзеге асырады.

Аталған уәждерімізді тексеру барысында Тергеушінің кабинетінде орналасқан Бейне жазба таспасының 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында күдікті Е.А- тан жауап алу кезіндегі уақытта түсірілген ақпаратқа, бейне таспасынан алу жүргізуді және сол уақытта тергеу амладарына қатысқан қорғаушы С.Акназаровтың телефон нөміріне детеализацисына алу жүргізіп қорғаушының тергеу амалдары кезіндегі уақытта полиция бөліміне тиесілі байланыс оператры вышкасының аумағанда болуы немесе болмауын, Полиция бөліміне кіру бөлмесіндегі тіркеу кітабына алу жүргізуді, қорғаушы С.Акназаровтың аталған шағым бойынша жауап алуды, Күдікті А- тан осы шағым бойынша сұрау алып  анықтау арқылы шындыққа қол жеткізуге болады деген үміттеміз.

ҚР ҚПК 105-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын адамдар берген шағымдар тергеу бөлімінің бастығына, анықтау органының бастығына, прокурорға немесе сотқа беріледі.

 Прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органының бастығы шағымды алған кезден бастап жеті тәулік ішінде оны қарауға және шағым берген тұлғаны қабылданған шешім туралы хабардар етуге міндетті. Ұстап алу, күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, лауазымнан шеттету, санкцияланбаған қарап-тексеруді, тінтуді, алуды жүргізу, мүлікке билік етуді уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауды тоқтата тұру кезіндегі заңды бұзушылық туралы шағымдар алынған кезінен бастап үш тәулік ішінде қаралуға жатады. Шағымды тексеру үшін қосымша материалдарды талап етіп алдыру не өзге де шаралар қабылдау қажет болатын айрықша жағдайларда шағым берген тұлғаға бұл жөнінде хабарлай отырып, шағымды он бес тәулікке дейінгі мерзімде қарауға жол беріледі.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде және ҚР ҚПК 105 -бабын басшылыққа ала отырып,

 

Сізден сұраймын:

·        Заңда белгіленген тәртіппен заңдылықтың бұзылуын жою мақсатында прокурорлық қадағалау актілерін немесе прокурорлық ден қою актілерін қабылдай отырып төмендегі іс шараларды:

-         Тергеушінің кабинетінде орналасқан Бейне жазба таспасының 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында күдікті Е.А- тан жауап алу кезіндегі уақытта түсірілген ақпаратқа, бейне таспасынан алу жүргізуді;

-         2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасында тергеу амладарына қатысқан қорғаушы С.Акназаровтың телефон нөмірінің детеализацисына алу жүргізуді;

-         Қорғаушы С.А аталған шағым бойынша жауап алуды;

-         Мақтаарал ауданы Полиция бөліміне кіру бөлмесіндегі азаматтарды тіркеу кітабынан 2025 жыл 1 наурыз күні, 15 сағ. 35 минуттан 16 сағ. 10 минут арасындағы уақыттағы ақпаратқа алу жүргізуді;

-         Күдікті А- тан осы шағым бойынша сұрау алуды.

·        Аталған шағымдағы уәждеріміз орын алған жағдайда қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты полиция қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартуды;

·        Күдікті Е.К А- тан 2025 жыл 1 наурыз күні 15 сағ. 35 минуттан 16 сағат 10 минут арасында күдіктіден жауап алу Хаттамасын - заңсыз және дәлел ретінде жарамсыз деп танып қылмыстық іс материалдарынан алып тастауды;

·        Прокуратура тарпынан Прокурорлық қадағалау кезіндегі алу жүргізілген материалдармен қорғау тарпын танстыруды;

·        Осы өтінішхатқа ҚР ҚПК 105 бабында, 2 бөлігімен белгіленген мерзімде жауап беруіңізді.

 

Құрметпен,

Адвокат:                                                     Галымжан Турлыбекович Саржанов

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу