Қазақстан Республикасының соттары шетелдік тұлғаларға қатысты атқару парақтарын бере алмайды
Қазақстан Республикасының сотына шетелдік тұлғаларға қатысты атқару парақтарын беруді сұрайтын ӛтініштермен жүгіну жағдайлары анықталды. Соттар мұндай ӛтініштерді қабылдайды және мәні бойынша қарайды, бұан қоса қанағаттандырады, ал бұл АПК-нің 20-тарауының талаптарын ӛрескел бұзу болып табылады.Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласының тұрақты жұмыс істейтін тӛрелік тӛрешісінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі шешімімен «Реалэкспорт» ЖШҚ-дан «Маркет 2050» ЖШС пайдасына 259 824 Ресей рубль сомасындағы берешек ӛндірілді, бұл 1 473 125 теңгеге тең, ӛкілдің қызметтеріне байланысты шығыстар 25 982 Ресей рубль, бұл 174 312 теңгеге тең, 5 598 Ресей рублінің тӛрелік алымы 31 736 теңгеге тең.
Тӛреліктің шешімі ерікті түрде орындалмады.
Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотының 2020 жылғы 23 қарашадағыұйғарымымен «Маркет 2050» ЖШС-ның пайдасына жоғарыда аталған сомаларды «Реалэкспорт» ЖШҚ-дан (РФ, Челябинск қаласы) ӛндіріп алу туралы атқару парағы жазылды.
Атқару парағының жоғалуына байланысты ӛндіріп алушы кӛрсетілген ұйғарым бойынша атқару парағының телнұсқасын беру туралы ӛтінішпен қайтадан сотқа жүгінді.
Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының 2021 жылғы 6 қазандағы ұйғарымымен ӛндіріп алушы Маркет 2050 ЖШС-ға атқару парағының телнұсқасыберілді. Сот ӛз қорытындысында атқарушы құжаттың жоғалуы ӛндіріп алушының құқықтарын бұзбауы тиіс деп уәж келтірген.
Осы орайда, сот шетелдік заңды тұлғаларға қатысты атқару парақтарын Қазақстан Республикасының соттары бере алмайтынын ескермеген.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Құжатты жүктеп алу
-
_3C22~1
9 рет жүктеп алынды