Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Берешекті қайта құрылымдау туралы істер бойынша сот практикасы

Берешекті қайта құрылымдау туралы істер бойынша сот практикасы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Берешекті қайта құрылымдау туралы істер бойынша сот практикасы

 

1) Павлодар облысы МАЭС-нің 2020 жылғы 24 қарашадағы шешімімен «KBI Energy» ЖШС-ның берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы өтініші  қанағаттандырылды (2021 жылғы 11 қаңтарда заңды күшіне енді).

2021 жылғы 3 ақпанда сотқа «KBI Energy» ЖШС-ның борышкер мен кредиторлар арасында жасалған берешекті қайта құрылымдау туралы келісімдерді бекіту туралы өтініші  келіп түсті.

2021 жылғы 15 ақпандағы МАЭС ұйғарымымен 6 кредитор алдындағы салық берешегі мен берешекті қайта құрылымдау туралы келісім бекітілді.

2021 жылғы 29 наурыздағы апелляциялық ұйғарыммен соттың ұйғарымының күші жойылып, бірінші сатыдағы соттың жаңа қарауына берілді.

Негіз:

Соттың қорытындылары істің зерттелген мән-жайларына сәйкес келмейді, соттың ұйғарымы мерзімінен бұрын шығарылған.

Борышкер 2020 жылғы 5 қарашадағы хабарламалармен берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінгені туралы 42 кредиторды хабардар еткені анықталды, ал қайта құрылымдау туралы келісім олардың  6-на қатысты ғана жасалды.

Қалған кредиторлар бойынша берешектің жоқтығы не өтелгені туралы мәліметтер толық емес көлемде ұсынылған. Бұл ретте, «Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС кредиторының «KBI Energy» ЖШС-ның орындалған жұмыстар актілерімен және салыстыру актілерімен расталған 313 258 792 теңге сомасында берешегі бар екендігі туралы өтініші  бар. Сотқа басқа борышкердің дәлелдемелері ұсынылмады. 

2) «Альянс LTD» ЖШС берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінді, өтінішінде оны орындау мерзімі басталған күннен бастап үш ай ішінде төленбейтін салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша 74 311 193 теңге мөлшерінде берешектің болуына уәж келтірген.

Маңғыстау облысы МАЭС-нің борышкердің жалпы сомасы 1 525 111 123 теңгеге жасалған шарттардың; жалпы бағалау құны 298 113 000 теңгені құрайтын жер учаскесі бар ғимараттар мен құрылыстар кешені түріндегі жылжымайтын мүліктің; кейін ұзарта отырып, үй-жайларды жалға алу шарттарының болуына байланысты салықтар бойынша берешегін өтеу мүмкіндігі бар екені анықталды.

Істі қарау нәтижелері бойынша кредитор (салық органы) өкілінің пікірін ескере отырып, соттың 2021 жылғы 24 қарашадағы шешімімен «Альянс LTD» ЖШС-ға қатысты берешекті қайта құрылымдау рәсімі қолданылды.

 

3) «ТОБИ» ЖШС 55 571 132 теңге сомасында салық берешегінің, «Запказмонтажстрой АиК компаниясы» ЖШС алдындағы 49 870 000 теңге мөлшерінде берешектің болуына,  оларды уақытша төлемге қабілетсіздігіне байланысты біржолғы төлеммен өтеу мүмкін еместігіне уәж келтіріп, берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгінді.

Батыс Қазақстан облысы МАЭС-нің 2021 жылғы 30 шілдедегі шешімімен өтініш   қанағаттандырылды. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның кредиторы істі қаралатыны туралы хабарланбауына байланысты сот шешіміне шағымданды.

2021 жылғы 27 қазандағы апелляциялық қаулымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Негіз:

Борышкердің уақытша төлемге қабілетсіздігі расталды, бірақ кәсіпорын жұмыс істейді, жұмыс тәжірибесі, еңбек ұжымы бар, оңалту және банкроттық туралы істер қозғалмаған.

Банкке хабарламау шешімнің күшін жою үшін негіз болып табылмайды, бұл ретте борышкердің қарыз  шарттары бойынша міндеттемелері уақтылы орындалады, мерзімі өткен жоқ. Сонымен қатар кредиторлар туралы хабарлама борышкерге жүктелген. Заңның 28-1-бабында соттың кредиторларға осындай өтініштің келіп түскені туралы хабарлау міндеті көзделмеген.

Алдағы уақытта - 2022 жылғы 31 қаңтарда борышкер банкпен келісім жасаспауына байланысты қайта құрылымдау рәсімін тоқтату туралы өтінішпен сотқа жүгінді.

Соттың 2022 жылғы 14 ақпандағы ұйғарымымен берешекті қайта құрылымдау рәсімі аяқталды.

Осылайша, соттың қайта құрылымдау рәсімін қолдануы бұл жағдайда оң нәтижеге әкелмеді және алты айдан кейін рәсім тоқтатылды.

 

4) Апелляциялық алқа өзгеріссіз қалдырған Шығыс Қазақстан облысы МАЭС-нің 2020 жылғы 27 қазандағы шешімімен «Сайқан» ЖШС-ның берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылды.

Өтініш беруші  135 632 601 теңге мөлшерінде, оның ішінде салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша 66 275 041 теңге мөлшерінде, сондай-ақ серіктестікке қатысушы – «ЗДП Кварц» ЖШС-ның алдында 69 377 560 теңге мөлшерінде кредиторлық берешегі бар екендігіне уәж келтірген.

Соттың бас тартуы серіктестіктің уақытша төлемге қабілетсіздігінің дәлелденбеуіне негізделеді.

2019 жылғы 26 желтоқсанда есептелген салық берешегінің сомасы 17 484 657 теңгені құрайтыны анықталды. 2019 жылғы бухгалтерлік теңгерімде 20 454 177 теңге сомасында ақшалай қаражаттың; дебиторлық берешектің - 94 561 496 теңге; 105 521 186 теңге сомасында материалдық қорлардың; 47 021 105 теңге сомасында негізгі қаражаттың болуы туралы мәліметтер көрсетілген.

Ағымдағы салықтарды төлеуді жүзеге асыруға кедергі келтірген мән-жайлардың болуын растайтын дәлелдемелер сотқа ұсынылмаған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020-2021 жылдар кезеңінде және 2022 жылғы 1-жартыжылдықта соттар қараған істер бойынша оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолданудың сот практикасына қорыту

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.