Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Дәлелді бас тарту туралы сот шешімдерін заңсыз деп тану туралы

Дәлелді бас тарту туралы сот шешімдерін заңсыз деп тану туралы

Дәлелді бас тарту туралы сот шешімдерін заңсыз деп тану туралы

 Дәлелді бас тарту туралы сот шешімдерін заңсыз деп тану туралы

2025 жылғы 20 маусымдағы №6001-25-00-6ап/3657 

Талап қоюшы: «Н» бӛбекжай-бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Серіктестік) 

Жауапкер: «Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бақылау басқармасы), «Облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Білім басқармасы). 

Даудың нысанасы: 2024 жылғы 11 сәуірдегі, 2024 жылғы 26 сәуірдегі және 2024 жылғы 10 мамырдағы дәлелді бас тарту туралы шешімдерін заңсыз деп тану. 

Облысы прокурорының келтірген кассациялық өтінішхатымен келіп түскен әкімшілік істі қайта қарау 

ІСТІҢ МӘНІ: 

Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда Серіктестік бала-бақша орналастыру үшін Т. қаласы, Ұ. кӛшесі, №55 мекен-жайдағы екі қабатты ғимараты (бұдан әрі – ғимарат) пайдалануға қабылдаған. 

2024 жылғы 2 сәуірде Серіктестік ғимаратқа қатысты қорытынды алу үшін Бақылау басқармасына ӛтінішпен жүгінген. 

Ғимараттың мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізіліп, Серіктестікке 2024 жылғы 11 сәуірде оң қорытынды беруден дәлелді бас тартылған. 

Бұл бас тартуға ғимараттың бірінші және екінші қабаттағы екі топтық үй-жайдың дәретханасы мен ас тарату орындарының ауданы нормаға сай келмейтіні, ғимаратқа кіру-шығу жолдары қатты жабынмен қапталмағаны және ғимарат сыртында жӛндеу жұмыстары толық аяқталмағаны негіз болған. 

Серіктестіктің 2024 жылғы 16 және 29 сәуірдегі 175 баланы орналастыруға (7 топ) қайталап берген ӛтініштеріне де дәл сондай негіздермен тиісінше 2024 жылғы 26 сәуірде және 2024 жылғы 10 мамырда оң қорытынды беруден бас тартылған. 

Серіктестік 2024 жылғы 13 мамырда жауапкерге 125 баланы орналастыруға (5 топ) қорытынды беруді сұраған. 

Бұл ӛтініш бойынша Басқармамен 2024 жылғы 20 мамырда оң қорытынды берілген. 

Сонымен қатар Серіктестіктің 50 балаға (2 топ) қосымша қорытынды беру туралы 2024 жылғы 20 маусымда ӛтінішіне де 2024 жылғы 1 шілдеде оң қорытынды берілген. 

Сот актілері: 

1-ші саты: мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың 2024 жылғы 16 шілдедегі шешімімен талап қоюы қанағаттандырылусыз қалдырылған. 

Апелляция: қаулымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, іс бойынша талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылданған. 

Кассация: 

Әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасының қаулысы ӛзгертілген. 

Қаулының талап қоюшы серіктестігінің жауапкер «Облыстық білім басқармасы» мемлекеттік мекемесін 2024 жылғы 11 сәуірден  бастап 

175 балаға қаржыландыруды міндеттеу туралы талап қоюын қанағаттандыру жайлы бӛлігінің күші жойылған. 

Талаптың бұл бӛлігінде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі күшінде қалдырылған. 

Қорытындылар: 

Апелляциялық сот актісінің жауапкердің 2024 жылғы 11, 26 сәуірдегі және 2024 жылғы 10 мамырда оң қорытындыны беруден бас тартуларын заңсыз деп танылған бӛлігіне кассациялық шағым берілмеген. 

Сондықтан, іс Азаматтық процестік кодекстің 449-бабына сай прокурордың кассациялық ӛтінішхаты, яғни Білім басқармасына 2024 жылғы 11 сәуірден бастап Серіктестікке 175 балаға қаржыландыруды міндеттеу туралы талап қою шегінде қаралды. 

Бірінші сатыдағы сот талап қоюдың бұл бӛлігін қанағаттандырусыз қалдырғанда оның негізсіз екендігі жайлы тұжырымға келген. 

Апелляциялық сатыдағы сот талаптың бұл бӛлігін қанағаттандырудың дербес негіздемелерін келтірмей, заңсыз әкімшілік актінің күші жойылған кезде әкімшілік актіні заңсыз деп танудың заңды салдары туралы шешім қабылданатыны кӛзделген ӘРПК-тің 84-бабы үшінші бӛлігіне ғана сілтеме жасаған. Бұл ретте Бақылау басқармасының оң қорытындыны беруден бас тартуларының күші жойылғандығы ескерілген. 

Аталған соттың Білім басқармасына 2024 жылғы 11 сәуірден бастап Серіктестікті қаржыландыруды міндеттеуі істің мән-жайларына сәйкес келмейді және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмаған. 

Жоғарыда кӛрсетілгендей 2024 жылғы 11, 26 сәуірдегі және 2024 жылғы 10 мамырда оң қорытындыны беруден бас тартуларын Серіктестік дауламай, Бақылау басқармасына тӛртінші рет жүгінгенде 125 баланы орналастыруға (5 топ) алғашқы оң қорытындыны 2024 жылғы 20 мамырда алған. 

Облыс бойынша мемлекеттік тапсырыс орналастырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша комиссия отрысының 2024 жылғы 21 мамырдағы № 18 хаттамасына сай  

Серіктестікке 120 орын берілген. 

Бақылау басқармасымен Серіктестікке қосымша 50 балаға (2 топ) 2024 жылғы 1 шілдеде ғана оң қорытынды берілген. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы №596 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидасының» (бұдан әрі – Қағида) 2-тарауының 4-тармақшасына сай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды жергілікті атқарушы орган мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметіне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жасалған шарттардың шегінде, ай сайынғы негізде, ағымдағы айда сол қызметтерді алған тәрбиеленушілердің нақты контингентіне есептелген кӛлемде жүзеге асырады. 

Яғни, қаржыландыру тәрбиеленушілердің нақты санына байланысты жүзеге асырады. 

Сол себепті, Серіктестіктің Білім басқармасына нақты қызмет кӛрсетілмеген 175 балаға 2024 жылғы 11 сәуірден бастап қаржыландыруды міндеттеу туралы талабы Қағида талаптарына қайшы болып табылады. 

Бұдан басқа, бірінші сатыдағы сот Бақылау басқармасымен объектіге тексеру жүргізу барысында ағымдағы жӛндеу жұмыстары жүргізіліп, жӛндеу жұмыстары аяқталмағандығын жауапкер ұсынған фотосуреттермен анықтаған. 

Сондықтан талап қоюдың бұл бӛлігін қанағаттандырусыз қалдыру жайлы бірінші сатыдағы соттың шешімі заңды және істің мән-жайларына сәйкес келеді. 

Істің бұл тұрғысында дауланып отырған сот қаулысының аталған бӛліктегі күші жойылып, бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалдырылуға жатады деген қорытындыға келген.  

 

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы