Дәрілік заттар айналымын реттеуде Тиісті реттеушілік практикаларды қолдану туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 87 шешімі.
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 30-бабына, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналымының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің 3-бабының 1-тармағына, 7-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қабылдаған медициналық өнімдерді реттеудегі Тиісті реттеушілік практикалар (Good regulatory practices in the regulation of medical products) Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары дәрілік заттар айналымы саласындағы актілерді әзірлеуге және қабылдауға, дәрілік заттар айналымын реттеуге байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде, оның ішінде дәрілік заттардың клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерін (сынақтарын) жүргізуге, дәрілік заттарды тіркеу мен сараптама жасауға, дәрілік заттарды өткізуге, дәрілік заттарды өндіруге, фармацевтикалық инспекциялар жүргізуге, көтерме саудада өткізуге, дәрілік заттарды тасымалдауға және сақтауға, фармакологиялық қадағалауға, дәрілік заттар айналымына мемлекеттік бақылау (қадағалау) жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде қолданылатыны белгіленсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері**:**
| Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
|---|---|---|---|---|
| М. Григорян | Н. Петкевич | С. Жұманғарин | Д. Амангелдиев | А. Оверчук |
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес беру Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар