1993 жылғы 22 қаңтардағы Достастыққа қатысушы мемлекеттер, Әзербайжан Республикасы, Грузия Республикасы, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Эстония Республикасы арасында бұрынғы КСРО МПС-ның жүк вагондары мен контейнерлерінің инвентарлық парктерін бөлу және оларды одан әрі бірлесіп пайдалану туралы келісімге және 1993 жылғы 12 наурыздағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің, Әзербайжан Республикасының, Грузия Республикасының, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Эстония Республикасының меншігіндегі жүк вагондары мен контейнерлерді бірлесіп пайдалану туралы келісімге сәйкес 2007 жылғы 19 мамырдағы инвентарлық парктің жалға (уақытша пайдалануға) берілген және халықаралық қатынаста жүретін жүк вагондарын пайдалану, нөмірлік есепке алу және оларды пайдаланғаны үшін есеп айырысу тәртібі туралы келісім мен 1996 жылғы 24 мамырдағы басқа мемлекеттердің меншігіндегі жүк вагондарын пайдалану, нөмірлік есепке алу және оларды пайдаланғаны үшін есеп айырысу қағидаларының түсіндірілуі туралы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 01-1/6-09 консультативтік қорытындысы
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты мынадай құрамда:ТМД Экономикалық Сотының Төрағасы, төрағалық етуші Абдуллоев Ф.,ТМД Экономикалық Сотының судьялары: Жолдыбаев С.Ж., Каменкова Л.Э., Молчанова Т.Н.,ТМД Экономикалық Сотының Бас кеңесшісі Павлова Л.В., Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің өкілдері Вежновец В.Н., Семин П.А. қатысуымен,сот отырысының хатшысы Медведева Т.Е. қатысуымен,Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы комитетінің түсіндіру туралы сұрауы бойынша істі ашық сот отырысында қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотына 2007 жылғы 19 мамырдағы инвентарлық парктің жалға (уақытша пайдалануға) берілген және халықаралық қатынаста жүретін жүк вагондарын пайдалану, нөмірлік есепке алу және оларды пайдаланғаны үшін есеп айырысу тәртібі туралы келісімді және 1996 жылғы 24 мамырдағы басқа мемлекеттердің меншігіндегі жүк вагондарын пайдалану, нөмірлік есепке алу және оларды пайдаланғаны үшін есеп айырысу қағидаларын түсіндіру туралы сұраумен жүгініп, мыналарды түсіндіруді сұрайды:
- 2007 жылғы 19 мамырдағы инвентарлық парктің жалға (уақытша пайдалануға) берілген және халықаралық қатынаста жүретін жүк вагондарын пайдалану, нөмірлік есепке алу және оларды пайдаланғаны үшін есеп айырысу тәртібі туралы келісім және 1996 жылғы 24 мамырдағы басқа мемлекеттердің меншігіндегі жүк вагондарын пайдалану, нөмірлік есепке алу және оларды пайдаланғаны үшін есеп айырысу қағидалары халықаралық-құқықтық шарттар болып табыла ма;
- олардың 1993 жылғы 22 қаңтардағы Достастыққа қатысушы мемлекеттер, Әзербайжан Республикасы, Грузия Республикасы, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Эстония Республикасы арасында бұрынғы КСРО МПС-ның жүк вагондары мен контейнерлерінің инвентарлық парктерін бөлу және оларды одан әрі бірлесіп пайдалану туралы келісімге және 1993 жылғы 12 наурыздағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің, Әзербайжан Республикасының, Грузия Республикасының, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Эстония Республикасының меншігіндегі жүк вагондары мен контейнерлерді бірлесіп пайдалану туралы келісімге қатысушы мемлекеттер үшін міндетті сипаты бар ма.
ТМД Атқарушы комитетінің ТМД Экономикалық Сотына жүгінуіне «Молдова темір жолы» мемлекеттік кәсіпорнының ТМД кеңістігінде халықаралық тасымалдар кезінде теміржол жылжымалы құрамын пайдалану практикасындағы проблемаларды реттеу мақсатында көрсетілген мәселелер бойынша түсініктеме беру туралы өтініші негіз болған.
Судья-баяндамашы Каменкова Л.Э.-ны, ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері Вежновец В.Н. мен Семин П.А.-ны тыңдап, ТМД Экономикалық Сотының Бас кеңесшісі Павлова Л.В.-ның қорытындысын талқылап, 2007 жылғы 19 мамырдағы инвентарлық парктің жалға (уақытша пайдалануға) берілген және халықаралық қатынаста жүретін жүк вагондарын пайдалану, нөмірлік есепке алу және оларды пайдаланғаны үшін есеп айырысу тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі – 2007 жылғы 19 мамырдағы келісім) және 1996 жылғы 24 мамырдағы басқа мемлекеттердің меншігіндегі жүк вагондарын пайдалану, нөмірлік есепке алу және оларды пайдаланғаны үшін есеп айырысу қағидаларының (бұдан әрі – 1996 жылғы 24 мамырдағы қағидалар) нормаларын, осы құжаттарға қол қою және оларды бекіту рәсімінің ерекшеліктерін, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық шарттар туралы заңнамасын және іс бойынша қолда бар өзге де материалдарды зерделеп, талдай келе, ТМД Экономикалық Соты мынаны атап көрсетеді.
2007 жылғы 19 мамырдағы келісім Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің 2007 жылғы 17–19 мамырдағы қырық алтыншы отырысының хаттамасымен қабылданған және оған № 7 қосымша болып табылады.
1996 жылғы 24 мамырдағы қағидалар 1996 жылғы 5 сәуірдегі Теміржол көлігі жөніндегі кеңестің он бесінші отырысының шешіміне сәйкес 1996 жылғы 24 мамырда теміржол әкімшіліктерінің уәкілетті өкілдерінің кеңесінде бекітілген.
2007 жылғы 19 мамырдағы келісім мен 1996 жылғы 24 мамырдағы қағидалардың құқықтық табиғаты мен заңдық күші аталған актілерді қабылдаған органның – Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) мәртебесімен және оның құзыретімен айқындалады.
Кеңес 1992 жылғы 14 ақпандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының теміржол көлігінің үйлестіруші органдары туралы үкіметаралық келісіммен «теміржол көлігінің жұмысын мемлекетаралық деңгейде үйлестіру және оның қызметінің келісілген қағидаттарын әзірлеу үшін» құрылған және теміржол көлігі әкімшіліктері мен басқару органдарының басшыларынан тұрады (1-тармақ).
1992 жылғы 20 наурыздағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесі туралы ережеге (бұдан әрі – 1992 жылғы 20 наурыздағы ереже) сәйкес, ол Ереже Достастыққа қатысушы мемлекеттер Үкіметтері басшылары кеңесінің 1992 жылғы 20 наурыздағы отырысының хаттамасымен бекітілген, Кеңес теміржол көлігінің жұмысын мемлекетаралық деңгейде үйлестіретін мемлекетаралық орган болып табылады. Кеңес Достастық мемлекеттерінің үкіметтері басшыларының шешімімен құрылады және таратылады. Кеңес өз қызметінде ТМД Жарғысын, Достастық шеңберінде қабылданған мемлекетаралық (үкіметаралық) келісімдерді, Достастыққа қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесі мен үкіметтері басшылары кеңесінің шешімдерін, теміржол көлігінің қызметіне қатысты шешімдер қабылдауға уәкілеттік берілген Достастық мемлекеттері құратын өзге де басқару органдарының шешімдерін, Достастыққа қатысушы мемлекеттердің заңнамасын және осы Ережені басшылыққа алады (1–3-тармақтар).
1993 жылғы 22 қаңтардағы Достастыққа қатысушы мемлекеттер, Әзербайжан Республикасы, Грузия Республикасы, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Эстония Республикасы арасында бұрынғы КСРО МПС-ның жүк вагондары мен контейнерлерінің инвентарлық парктерін бөлу және оларды одан әрі бірлесіп пайдалану туралы келісім (бұдан әрі – 1993 жылғы 22 қаңтардағы келісім) Кеңестің өкілеттіктерін кеңейтіп, оған келісімге қатысушы мемлекеттердің, оның ішінде Достастыққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің жүк вагондары мен контейнерлерін бірлесіп пайдалану жөніндегі жұмысты үйлестіру құқығын бекітті (5-бап).
Кеңес өкілеттіктерінің сипаты оның құрамының ерекшелігін айқындады. 1992 жылғы 20 наурыздағы ережеге сәйкес, Кеңес мүшелері болып Достастыққа қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі әкімшіліктері мен басқару органдарының басшылары лауазымы бойынша табылады. Кеңес мүшелері осы органның құзыретіне кіретін барлық мәселелерді талқылауға және шешуші дауыс құқығымен шешімдер қабылдауға қатысады.
Кеңес жұмысына Достастыққа кірмейтін мемлекеттердің теміржол әкімшіліктері қауымдастырылған мүше немесе байқаушы мәртебесінде қатыса алады (1992 жылғы 20 наурыздағы ереженің 4-тармағы).
1993 жылғы 4 маусымда Кеңестің сегізінші отырысында бекітілген Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің қауымдастырылған мүшесі туралы ережеге (бұдан әрі – Кеңестің қауымдастырылған мүшесі туралы ереже) сәйкес, Кеңестің қауымдастырылған мүшелері Кеңес отырысына шығарылатын мәселелерді талқылау кезінде кеңесші дауыс құқығына ие болады. Кеңес шеңберінде әзірленетін және іске асырылатын келісімдер мен шарттарға қатысты мәселелер қаралған кезде, өзіне қабылдаған міндеттемелер көлемінде Кеңестің қауымдастырылған мүшесі осы келісімдер мен шарттардың басқа қатысушыларымен қатар шешуші дауыс құқығын пайдаланады (2-бап). Кеңестің қауымдастырылған мүшесінің құқықтары мен міндеттері осы Ережемен және Кеңестің тапсырмасы бойынша Кеңес Дирекциясымен жасалатын шартпен айқындалады (1-бап).
2004 жылғы 12 ақпанда Кеңестің отыз жетінші отырысында бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесі жанындағы байқаушы мәртебесі туралы ережеге (бұдан әрі – Кеңес жанындағы байқаушы мәртебесі туралы ереже) сәйкес, байқаушы мәртебесін алған теміржол әкімшілігі Кеңес отырыстарында шешімдер қабылдау кезінде дауыс беру құқығына және құжаттарға қол қою құқығына ие болмайды, сондай-ақ Кеңес қабылдаған шешімдер үшін жауапкершілік көтермейді (4-тармақ). Кеңес жанындағы байқаушының құқықтары мен міндеттері осы Ережемен және Кеңестің тапсырмасы бойынша Кеңес Дирекциясы байқаушымен жасасатын шартпен айқындалады (5-тармақ).
1992 жылғы 20 наурыздағы ереженің 8-тармағының мазмұнынан Кеңеске өз қызметі саласында кең ауқымды нормашығармашылық функциялар берілгені туындайды. Атап айтқанда, Кеңес мемлекетаралық қатынаста және үшінші елдермен қатынаста тасымалдау процесін ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құжаттарды; орындалған тасымалдар, локомотив, вагон, контейнер парктерін пайдалану және оларды жөндеу үшін теміржол әкімшіліктері арасындағы өзара есеп айырысу жүйелерін; жүктерді тиеу және бекітудің техникалық шарттарын; жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидалары мен шарттарын, оның ішінде жүктерді қабылдау және беру тәртібін, тасымалдау құжаттарының нысандарын, мемлекетаралық тасымалдар бойынша тараптардың өзара қатынастарын және оларды бұзғаны үшін, соның ішінде тасымалданатын жүктер мен багаждың сақталмауы үшін жауапкершілікті шектеуді реттейтін өзге де құжаттарды бекітеді.
Нормативтік құжаттарды қабылдау мен бекітудің құқықтық нысаны – Кеңестің отырыс хаттамаларымен ресімделетін шешімдері. Кеңес отырысының хаттамаларына Кеңестің қатысып отырған барлық мүшелері, Кеңестің қауымдастырылған мүшелері, сондай-ақ Кеңестің өзге де қатысушылары қол қояды (1997 жылғы 25 қаңтардағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің регламентінің 10.1-тармағы).
1992 жылғы 20 наурыздағы ереже Кеңес қабылдайтын шешімдердің заңдық күшін айқындайды: олар Кеңес мүшелері болып табылатын теміржол әкімшіліктері үшін міндетті, бұған Кеңес шешімдерімен келіспейтінін білдіріп, бұл туралы мәлімдеген әкімшіліктер кірмейді. Кеңес қауымдастырылған мүшесі туралы ережеде де ТМД-ға қатысушы болып табылмайтын мемлекеттерге қатысты Кеңес шешімдерінің міндеттілігі жөнінде осындай ережелер көзделген.
Достастыққа қатысушы болып табылмайтын және Кеңестегі құқықтық мәртебесі Кеңес Дирекциясымен Кеңестің тапсырмасы бойынша жасалатын шартпен айқындалатын мемлекеттердің теміржол әкімшіліктері үшін Кеңес қабылдаған шешімдер теміржол әкімшіліктерінің өкілі осы шешімге қосылатыны туралы мәлімдегеннен және бұл мәлімдеме Кеңес отырысының хаттамасына енгізілгеннен кейін міндетті заңдық күшке ие болады.
Мысалы, Кеңес шешімдерінің міндетті күшке ие болу рәсімі 1993 жылғы 18 ақпандағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің Дирекциясы мен «Литва темір жолы» мемлекеттік кәсіпорны арасындағы шартта (4-бап), сондай-ақ 2009 жылғы 1 қазандағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің Дирекциясы мен «Грузия темір жолы» жауапкершілігі шектеулі қоғамы арасында оның Кеңес жұмысына қауымдастырылған мүше ретінде қатысуы туралы жасалған шартта (3-бап) бекітілген.
Достастыққа қатысушы болып табылмайтын және Кеңесте байқаушы мәртебесіне ие мемлекеттердің теміржол әкімшіліктері үшін Кеңес қабылдаған шешімдер заңдық күшке ие болмайды, өйткені олар шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды, тиісті құжаттарға қол қою құқығына ие емес және мұндай шешімдер үшін жауапкершілік көтермейді. Сонымен бірге Кеңесте байқаушы мәртебесі бар мемлекеттердің теміржол әкімшіліктері Кеңес шешімдеріне қарсы бағытталған әрекеттер мен мәлімдемелер жасаудан тартынуға міндетті, ал мұндай әрекеттер жасалған жағдайда Кеңес теміржол әкімшілігінің байқаушы мәртебесін жою немесе тоқтата тұру мәселесін қарауға құқылы (Кеңес жанындағы байқаушы мәртебесі туралы ереженің 4, 7, 9-тармақтары).
Жоғарыда баяндалғандар ТМД Экономикалық Сотына Достастықтың теміржол көлігінің жұмысын үйлестіретін орган ретінде Кеңеске Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкіметтері басшылары кеңесі оның қызмет саласына жататын мәселелер бойынша нормативтік сипаттағы актілерді қабылдау және бекіту жөнінде ерекше, арнайы құзырет берген деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Кеңестің шешімдерімен қабылданған құжаттар оған қатысушылар үшін, яғни оларды жақтап дауыс берген немесе оларға қосылған қатысушылар үшін міндетті болып табылады.
ТМД Экономикалық Соты 2007 жылғы 19 мамырдағы келісім мен 1996 жылғы 24 мамырдағы қағидалардың Кеңес шеңберінде белгіленген рәсімге сәйкес қабылданғанын және депозитарийге – Кеңес Дирекциясына сақтауға берілгенін атап көрсетеді.
2007 жылғы 19 мамырдағы келісімнің халықаралық шарттың кейбір белгілері бар (осы актінің атауында «келісім» термині пайдаланылған, тараптар көрсетілген, келісімде бекітілген құқықтар мен міндеттерді басшылыққа алу ниеті тіркелген, аумақтық қолданылу аясы айқындалған, күшіне ену тәсілі белгіленген). Сонымен бірге Келісім Кеңес отырысының хаттамасына қосымша болып табылады және оған қатысушы тараптар қол қоймаған, бұл халықаралық шартқа тән емес. Аталған құжатты қабылдау тәртібі 2009 жылғы 9 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің, Үкімет басшылары кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің және Экономикалық кеңесінің рәсім қағидаларында бекітілген ТМД шеңберіндегі халықаралық келісімдерді жасасу рәсіміне сәйкес келмейді. 2-қағиданың 5-тармағына сәйкес, мемлекеттер мен Достастық органдары Мемлекет басшылары кеңесі мен Үкімет басшылары кеңесінің қарауына әзірлеген құжаттардың жобалары сараптамалық-құқықтық пысықтаудан өткеннен кейін Сыртқы істер министрлері кеңесінде және/немесе Экономикалық кеңесте олардың құзыретіне сәйкес қаралады.
Осыған байланысты ТМД Экономикалық Соты 2007 жылғы 19 мамырдағы келісім Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде жасалған халықаралық шартқа жатпайды деген қорытындыға келеді. Келісім Кеңестің өз құзыреті шегінде қабылдаған нормативтік құжаты болып табылады.
1996 жылғы 24 мамырдағы қағидалар да халықаралық шартқа жатпайды, өйткені онда халықаралық шартқа тән белгілер жоқ және олар 2009 жылғы 9 қазандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің, Үкімет басшылары кеңесінің, Сыртқы істер министрлері кеңесінің және Экономикалық кеңесінің рәсім қағидаларында бекітілген ТМД шеңберіндегі халықаралық келісімдерді жасасу рәсіміне жатпайды. Қағидалар нормаларының нақтылығы мен реттелетін мәселелердің егжей-тегжейлі сипатталуына байланысты теміржол әкімшіліктерінің оларды тікелей қолдануына бағытталған Кеңестің нормативтік құжаты болып табылады.
2007 жылғы 19 мамырдағы келісім мен 1996 жылғы 24 мамырдағы қағидалардың 1993 жылғы 22 қаңтардағы Достастыққа қатысушы мемлекеттер, Әзербайжан Республикасы, Грузия Республикасы, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Эстония Республикасы арасында бұрынғы КСРО МПС-ның жүк вагондарының инвентарлық парктерін бөлу және оларды одан әрі бірлесіп пайдалану туралы келісімге және 1993 жылғы 12 наурыздағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің, Әзербайжан Республикасының, Грузия Республикасының, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Эстония Республикасының меншігіндегі жүк вагондары мен контейнерлерді бірлесіп пайдалану туралы келісімге қатысушы мемлекеттер үшін міндетті болып табылатыны туралы мәселе бойынша ТМД Экономикалық Соты мынаны атап көрсетеді.
1993 жылғы 22 қаңтардағы келісім мен 1993 жылғы 12 наурыздағы келісім теміржол көлігінің бірыңғай технологиясының құқықтық реттелуіндегі негізгі актілер болып табылады. 2007 жылғы 19 мамырдағы келісім мен 1996 жылғы 24 мамырдағы қағидалар жоғарыда аталған келісімдерді іске асыру және дамыту мақсатында әзірленген.
1993 жылғы 22 қаңтардағы келісімге сәйкес, Кеңеске жүк вагондары мен контейнерлерді бірлесіп пайдалану жөніндегі жұмысты үйлестіру тапсырылған (5-бап), ал қатысушы мемлекеттердің үкіметтеріне және олардың теміржол әкімшіліктеріне осы Келісімді іске асыру үшін қажетті құжаттар мен нормативтік актілерді әзірлеу және оларға қол қою тапсырылған (6-бап).
1993 жылғы 12 наурыздағы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері «өздерінің теміржол әкімшіліктеріне жүк вагондары мен контейнерлерді бірлесіп пайдалану қағидаттарын, олардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесін, вагондар мен контейнерлерді зақымдағаны және жоғалтқаны үшін пайдаланушының материалдық жауапкершілігін, оларды пайдаланғаны үшін өзара есеп айырысу тәртібін реттейтін тиісті құжаттарды бекітуді» тапсырған (3-бап).
1993 жылғы 22 қаңтардағы келісім мен 1993 жылғы 12 наурыздағы келісімге қатысушы мемлекеттер өздерінің теміржол әкімшіліктері арқылы Кеңестің мүшелері болып табылады немесе ТМД құрамына кіретін мемлекеттер ретінде толыққанды мүше мәртебесінде (Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасы, Украина), немесе қауымдастырылған мүше мәртебесінде (Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Эстония Республикасы, Грузия). Осыған байланысты Кеңес шеңберінде қабылданатын шешімдер Кеңес шешімімен келіспейтінін ашық білдірген жағдайларды қоспағанда, олар үшін міндетті болып табылады.
ТМД Экономикалық Соты алған Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Украина теміржол әкімшіліктерінің мәліметтеріне сәйкес, 1996 жылғы 24 мамырдағы қағидалар олар үшін міндетті сипатқа ие.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, ТМД Экономикалық Соты туралы ереженің 5, 16-тармақтарын және ТМД Экономикалық Соты регламентінің 1271, 143-тармақтарын басшылыққа ала отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты мынадай қорытындыларға келді.
1. 2007 жылғы 19 мамырдағы инвентарлық парктің жалға (уақытша пайдалануға) берілген және халықаралық қатынаста жүретін жүк вагондарын пайдалану, нөмірлік есепке алу және оларды пайдаланғаны үшін есеп айырысу тәртібі туралы келісім және 1996 жылғы 24 мамырдағы басқа мемлекеттердің меншігіндегі жүк вагондарын пайдалану, нөмірлік есепке алу және оларды пайдаланғаны үшін есеп айырысу қағидалары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға жатпайды.
2. 2007 жылғы 19 мамырдағы инвентарлық парктің жалға (уақытша пайдалануға) берілген және халықаралық қатынаста жүретін жүк вагондарын пайдалану, нөмірлік есепке алу және оларды пайдаланғаны үшін есеп айырысу тәртібі туралы келісім және 1996 жылғы 24 мамырдағы басқа мемлекеттердің меншігіндегі жүк вагондарын пайдалану, нөмірлік есепке алу және оларды пайдаланғаны үшін есеп айырысу қағидалары 1993 жылғы 22 қаңтардағы Достастыққа қатысушы мемлекеттер, Әзербайжан Республикасы, Грузия Республикасы, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Эстония Республикасы арасында бұрынғы КСРО МПС-ның жүк вагондары мен контейнерлерінің инвентарлық парктерін бөлу және оларды одан әрі бірлесіп пайдалану туралы келісімге және 1993 жылғы 12 наурыздағы Достастыққа қатысушы мемлекеттердің, Әзербайжан Республикасының, Грузия Республикасының, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Эстония Республикасының меншігіндегі жүк вагондары мен контейнерлерді бірлесіп пайдалану туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің теміржол әкімшіліктері үшін, Кеңес шешімімен келіспейтінін ашық білдірген жағдайларды қоспағанда, міндетті сипатқа ие.
3. Консультативтік қорытындының көшірмесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетіне және мәлімет үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтеріне жіберілсін.
4. Консультативтік қорытынды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотының мәртебесі туралы 1992 жылғы 6 шілдедегі Келісімге қатысушы мемлекеттердің Достастық басылымдарында және бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялануға жатады.
* Төраға Ф. Абдуллоев*
* ТМД Экономикалық Соты Төрағасының Хатшылығының басшысы Г.В. Симонян*
2010 жылғы 29 маусым
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Қаулы Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заң қызметі Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар