Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жүретін, кедендік декларациялар ретінде пайдаланылуы мүмкін құжаттар тізбесі туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 28 шілдедегі № 97 шешімі.
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 6-тармағына, 260-бабының 3-тармағына, 286-бабының 8-тармағына және 287-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жүретін және кедендік декларациялар ретінде пайдаланылуы мүмкін Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 310 «Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды кедендік декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы | Б. Сагинтаев |
|---|
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 28 шілдедегі № 97 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
|---|
ТІЗБЕ
Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген және халықаралық пошта жөнелтілімдерімен бірге жүретін, кедендік декларациялар ретінде пайдаланылуы мүмкін құжаттар
1. Транзиттік декларация ретінде мынадай мәліметтерді қамтитын CN 37, CN 38, CN 41 және CN 46 тапсыру жүкқұжаттары пайдаланылуы мүмкін:
а) халықаралық пошта жөнелтілімдерін жөнелтуші және алушы болып табылатын халықаралық пошта алмасу орындарының (мекемелерінің) атаулары туралы;
б) халықаралық пошта жөнелтілімдерін жөнелтуші және алушы болып табылатын халықаралық пошта алмасу орындарының (мекемелерінің) жөнелту елі мен тағайындалған елінің атаулары туралы;
в) тасымалдаушы туралы;
г) халықаралық тасымалдау көлік құралы туралы;
д) халықаралық пошта жөнелтілімдерін қайта тиеу немесе жол бойында жүк операцияларын жүргізу жоспарлары туралы;
е) килограммен көрсетілген мөлшері (брутто салмағы) туралы;
ж) жүк орындарының саны туралы;
з) халықаралық пошта жөнелтілімдері бар депешалардың нөмірлері туралы;
и) құжаттың жасалған күні және пошта байланысының тағайындалған операторы қызметкерінің қолы (CN 37, CN 38, CN 41 тапсыру жүкқұжаттарына қатысты);
к) құжаттың жасалған күні және әуе тасымалдаушысы өкілінің қолы (CN 46 тапсыру жүкқұжатына қатысты).
2. Тауарларға арналған декларация ретінде мынадай мәліметтерді қамтитын CN 22 кедендік декларациялары (халықаралық пошта жөнелтілімінде көрсетілген мәліметтермен жиынтықта), CN 23, CN 23EMS кедендік декларациялары және CP72 бума-парағы пайдаланылуы мүмкін:
а) жөнелтуші мен алушы, сондай-ақ олардың мекенжайлары туралы;
б) жөнелту елінің және тағайындалған елдің атаулары туралы;
в) тауарлардың атаулары мен сипаттамасы туралы*;
г) Үйлестірілген тауарларды сипаттау және кодтау жүйесіне немесе Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың коды туралы кемінде алғашқы 6 белгі деңгейінде;
д) құны және валюта атауы туралы;
е) килограммен көрсетілген мөлшері (брутто салмағы) және (немесе) қосымша өлшем бірліктері (литр, дана) туралы;
ж) тауарлардың шығарылған елінің атауы туралы;
з) құжаттың жасалған күні және жөнелтушінің қолы.
3. Жолаушыларға арналған кедендік декларация ретінде мынадай мәліметтерді қамтитын CN 22 кедендік декларациялары (халықаралық пошта жөнелтілімінде көрсетілген мәліметтермен жиынтықта), CN 23, CN 23EMS кедендік декларациялары және CP72 бума-парағы пайдаланылуы мүмкін:
а) жөнелтуші мен алушы, сондай-ақ олардың мекенжайлары туралы;
б) жөнелту елінің және тағайындалған елдің атаулары туралы;
в) тауарлардың атаулары мен сипаттамасы туралы*;
г) құны және валюта атауы туралы;
д) килограммен көрсетілген мөлшері (брутто салмағы) және (немесе) қосымша өлшем бірліктері (литр, дана) туралы;
е) құжаттың жасалған күні және жөнелтушінің қолы.
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар