Ерлі зайыптылар арасындағы неке бұзу туралы талап арыз
Алматы қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотна
Талапкер: КА Абдухалиевна
ИИН: .....
Алматы, 050000, Наурызбай ауданы, ЖК Алма City, .....
+7 747 ...
....
Сенімді өкілі адвокат Саржанов Галымжан Турлыбекович
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі
БСН 201240021767.
Қазахстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы, Алмалы
ауданы, Абылай Хана даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе.
e-mail: info@zakonpravo.kz сайт: www.zakonpravo.kz
тел.: +7 708 578 57 58 / 8 727 978 57 55.
Жауапкер: БНӘ
ИИН ....
+7 747 ....
Алматы, 050000, Наурызбай ауданы, ЖК Алма City, .....
Талап арыз
(неке бұзу туралы)
2010 жылы 13 мамыр айында КА Абдухалиевна (әрі қарай - талапкер) мен БНӘ (әрі қарай - жауапкер) заңды некеге тұрған. Ортақ некеден кәмелет жасына толмаған балалары бар. Олар:
· 11.10.2010 жылы туылған Ә Арсен Н, ЖСН .....;
· 08.07.2014 жылы туылған Ә Алмат Н, ЖСН .....
Неке қатынастың тоқтауына жауапкердің талапкерге және балаларға көңіл бөлмеуі, материалдық көмек көрсетпеуі болып табылады.
Барлық ойланбаған әрекеттер мен жанжалдар балалардың денсаулығына, дүниетанымына және тәрбиесіне әсер ететін салдарға әкеледі. Жауапкермен одан әрі бірге өмір сүру және отбасын сақтау жауапкердің отбасына деген мінез-құлқы мен көзқарасына байланысты мүмкін емес. Кәмелетке толмаған балалар қазіргі уақытта талапкермен бірге тұрады.
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 19-бабына сәйкес, некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу келесі жағдайларда жүзеге асырылады: Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірге өмір сүруі және отбасын сақтау мүмкін еместігін анықтаса, некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу жүргізіледі, Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу осы Кодекстің 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың ортақ кәмелетке толмаған балалары болған жағдайларда жүргізіледі; ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған және т.б. жағдайларда.
Осы Кодекстің 22-бабында некені (ерлі-зайыптылықты) басқа негіздер бойынша сот тәртібімен бұзу туралы көрсетілген: Неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылуы кезінде ерлі-зайыптылар кәмелетке толмаған балалары өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және (немесе) еңбекке қабілетсіз мұқтаж жұбайын күтіп бағуға қаражат төлеу тәртібі, осы қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы келісімді соттың қарауына ұсына алады. Сот шешімінде ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғаннан кейінгі тектері көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 30-бабының 7-тармағына сәйкес некені бұзу туралы талап-арыздар онымен бірге кәмелетке толмаған балалар тұрған кезде тұрғылықты жері бойынша қойылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 15-бабына сәйкес, тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз ұстанымын, оны қорғаудың тәсілдері мен құралдарын соттан және басқа органдар мен тұлғалардан тәуелсіз түрде өз бетінше таңдайды.
Адвокаттың (заңгердің) қызметіне байланысты шығындар Адвокаттың қызметіне төленетін ақы талапкердің шығыны болып табылады.
ҚР АПК 109-бап. Сот шығыстарын тараптардың арасында бөлу бойынша Сот, өзінің пайдасына шешім шығарылған тарапқа іс бойынша жұмсалған барлық сот шығыстарын басқа тараптан алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттандырылса, онда шығыстар талап қоюшыға – талап қою талаптарының сот қанағаттандырған мөлшеріне пропорционалды, ал жауапкерге талап қоюшының талап қою талаптарынан бас тартылған бөлікке пропорционалды түрде алып беріледі.
ҚР АПК 113-бабына сай Сот пайдасына шешім шығарылған тараптың өтінішхаты бойынша процеске қатысқан және осы тараппен еңбек қатынастарында тұрмаған өкілдің (бірнеше өкілдің) көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарын тараптың іс жүзінде жұмсаған шығыстары мөлшерінде басқа тараптан алып береді - делінген.
Мүліктік талаптар бойынша осы шығыстардың жалпы сомасы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс. Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша шығыстар сомасы ақылға қонымды шектерде өндіріліп алынады, бірақ ол үш жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
Аталған бапқа сүйене Жаупкер «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесіне заң көмегін алуға жүгініп №1505/26 келісім шартын жасасып кеңсенің жеке шотына 500 000 тенге төледі. Оған дәлел Келісім шарт және Каспи пэй қосымшасының берген түбіртегі.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 103-бабына сәйкес мемлекеттік бажды төлеу тәртібі мен мөлшері, сондай-ақ оны төлеуден босату негіздері "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"Қазақстан Республикасының кодексінде айқындалады.
ҚР Салық кодексінің 610-бабының 5-тармағына сәйкес некені бұзу туралы талап арыздардан алынатын мемлекеттік баж - 0,3 АЕК.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде "неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-22-баптарын және Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 30, 148-149-баптарын басшылыққа ала отырып,
Соттан сұраймыз,
· Талапкер КА Абдухалиевна жауапкер БНӘна қатысты берілген некені бұзу туралы талап арызын қанағаттандыруды;
· 2010 жылы 13 мамыр айындағы Оңтүстік-Қазақстан облысы, Төлеби ауданының АХАЖ бөлімінде тіркелген №50-273-10-1000415 санды жазуды талапкер К А.А., жауапкер Б Н.Ә. арасындағы некені бұзуды;
· Жауапкерден, талапкердің пайдасына адвокаттың көмегі үшін төленген 500 000 тенгені – өндіруді.
Құрметпен,
Сенімхат бойынша өкіл: Г.Т Саржанов
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Неке бұзу туралы талап арыз
8 рет жүктеп алынды