Еуразиялық экономикалық комиссия мен БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум жобасы туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 29 қазандағы № 240 шешімі
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
- Еуразиялық экономикалық комиссия мен БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы арасындағы өзара түсіністік туралы қоса беріліп отырған Меморандум жобасы мақұлдансын.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Экономика және қаржы саясаты жөніндегі мүшесіне (Министріне) Сүлейменов Т.М.-ға аталған Меморандумға қол қою тапсырылсын, бұл ретте оған қол қою жөніндегі келіссөздер барысында қоса беріліп отырған жобаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер енгізуге рұқсат етілсін.
- Осы Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы
В. Христенко
Жоба
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ МЕН БҰҰ-НЫҢ АЗИЯ ЖӘНЕ ТЫНЫҚ МҰХИТЫ АЙМАҒЫНА АРНАЛҒАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК КОМИССИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ
Еуразиялық экономикалық комиссия мен БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ ЭСКАТО), бұдан әрі Тараптар деп аталатындар,
Тараптардың өңірлік экономикалық өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында ынтымақтасуға ұмтылысын тани отырып,
БҰҰ-ның Мыңжылдық декларациясында тұжырымдалған Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізудің маңыздылығын атап көрсете отырып,
2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық интеграция туралы декларацияда айқындалған қағидаттар мен мақсаттарды ескере отырып және 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарттың ережелеріне сүйене отырып,
БҰҰ ЭСКАТО-ның Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі көлік, халықаралық сауда, инвестициялар, энергетика, статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сондай-ақ қызметтің өзге де салаларында нормалар мен стандарттарды әзірлеу және енгізуді үйлестіруге жәрдемдесетін мемлекетаралық форум ретіндегі рөлін тани отырып,
Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің сауда-экономикалық өзара іс-қимылын нығайтудағы және орнықты экономикалық даму мүддесінде олардың халықаралық сауда жүйесіне интеграциялануындағы рөлін тани отырып,
Тараптардың әртүрлі салалардағы интеграциялық процестерді дамыту жөнінде жинақтаған тәжірибесі мен білімін ескере отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының қағидаттарына, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына бейілділігін растай отырып,
әділдік, ашықтық және өзара тиімділік қағидаттарына сүйене отырып,
төмендегілер туралы өзара түсіністікке келді:
1. Осы Меморандумның мақсаты Тараптар арасындағы мынадай салалардағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады:
макроэкономикалық саясат;
сауда;
инвестициялар және кәсіпкерлік қызметті қолдау;
көлік;
энергетика;
статистика;
өзара мүдделілік білдіретін өзге де салалар.
2. Тараптар өз құзыреті шегінде ынтымақтастық шеңберінде мынадай бағыттар бойынша әрекет етуге ұмтылады:
қаржылық тұрақсыздық, тауар бағалары мен халықаралық валюталар айырбастау бағамдарының құбылмалылығы жағдайында еуразиялық өңір елдерінің жан-жақты және орнықты дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыртқы күйзелістерден туындайтын осалдық тәуекелдерін төмендету мақсатында шағын ашық экономикаларды макроэкономикалық басқару мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
кәсіпкерлік қызметті қолдау мәселелері бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеу;
«бір терезе» тетігін енгізу жөніндегі іс-шараларды өткізу арқылы сауда рәсімдерін оңайлатуға байланысты шараларды көтермелеу;
сауда ақпаратына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында деректермен және электрондық құжаттамамен алмасу қағидаларын үйлестіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
жүктерді тасымалдау кезінде 1975 жылғы ХЖТ кітапшасын қолдана отырып, жүктерді халықаралық тасымалдау туралы Кеден конвенциясын қолдануды жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
транзиттік және логистикалық әлеуетті тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында инфрақұрылымды қоса алғанда, көлікті дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
теміржол және автомобиль жолдары арқылы тасымалдау кезінде кедендік транзитті оңайлатуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу;
энергия тасымалдаушылар саудасы мен транзитінің қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін қағидаларды үйлестіруге жәрдемдесу;
халықаралық деңгейде салыстырмалы, шынайы және уақтылы статистиканы қалыптастыру, статистикалық ақпаратты жинау, өңдеу және тарату әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
өңірлік өзара іс-қимыл деңгейін арттыру мақсатында инновациялық және ақпараттық дамуға, сондай-ақ жаңа технологияларды пайдалануға жәрдемдесу;
Тараптардың өзара мүдделілігін білдіретін басқа да салаларда ынтымақтасу.
3. Осы Меморандум шеңберіндегі Тараптардың ынтымақтастығы мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
ақпарат және озық тәжірибе алмасу;
екінші Тарап ұйымдастыратын түрлі іс-шараларға қатысу;
консультациялар, семинарлар, конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізу;
талдамалық және басқа да шолулар, оқу материалдары мен бағдарламаларын дайындау.
4. Тараптар ынтымақтастық бағдарламалары мен бірлескен іс-шараларды өткізу жоспарларын әзірлей алады. Бірлескен іс-шараларды өткізудің шарттары, тәртібі және қаржыландырылуы әрбір нақты жағдайда Тараптар арасында жеке келісіледі.
5. Осы Меморандумды іске асыру мақсатында Тараптардың өзара іс-қимылын үйлестіру:
Еуразиялық экономикалық комиссия тарапынан – Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті;
БҰҰ ЭСКАТО тарапынан – Солтүстік және Орталық Азияға арналған Субөңірлік бөлімше арқылы жүзеге асырылады.
6. Өзара жемісті ынтымақтастықты дамыту мақсатында Тараптар ынтымақтастық нәтижелерін тұрақты түрде бағалауға және оны одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге келісті.
7. Осы Меморандум халықаралық шарт болып табылмайды, халықаралық құқықпен реттелетін құқықтар мен міндеттемелерді туындатпайды және ешқандай қаржылық міндеттемелерге әкеп соқпайды.
8. Осы Меморандумға Тараптардың өзара келісімі бойынша тиісті хаттамаға қол қою арқылы өзгерістер енгізілуі мүмкін, ол осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылады.
9. Осы Меморандум оған қол қойылған күннен бастап 5 жыл бойы қолданылады, одан кейін Меморандумның қолданылу мерзімі Тараптардың келісімі бойынша айқындалатын мерзімге осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті хаттамаға қол қою арқылы ұзартылуы мүмкін.
10. Тараптардың кез келгені кез келген уақытта екінші Тарапқа тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Меморандумның қолданылуын тоқтатуға құқылы. Меморандумның қолданылуы осындай хабарламаны екінші Тарап алған күннен бастап 3 ай өткен соң тоқтатылады.
2013 жылғы «___» _____________ күні _____________ қаласында екі данада, әрқайсысы орыс және ағылшын тілдерінде жасалды, бұл ретте екі мәтіннің де күші бірдей.
| Еуразиялық экономикалық комиссия атынан | БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы атынан |
|---|
Конституция Заң Кодекс Нормативтік Жарлық Бұйрық Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар