Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Меморандум / Еуразиялық экономикалық комиссияның Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясымен (ЮНКТАД) ынтымақтастығын ұйымдастыру туралы

Еуразиялық экономикалық комиссияның Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясымен (ЮНКТАД) ынтымақтастығын ұйымдастыру туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Еуразиялық экономикалық комиссияның Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясымен (ЮНКТАД) ынтымақтастығын ұйымдастыру туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 17 шешімі

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының сауда жөніндегі мүшесі (Министр) А.А. Слепневтің Еуразиялық экономикалық комиссияның Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясымен (ЮНКТАД) ынтымақтастығы туралы келіссөздердің басталғаны жөніндегі ақпаратын назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

  1. Алқа мүшесі (Сауда министрі) А.А. Слепнев Еуразиялық экономикалық комиссия мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жөнінде ЮНКТАД-пен келіссөздер жүргізсін.

Келіссөздер жүргізу барысында ЮНКТАД-қа Еуразиялық экономикалық комиссияның ЮНКТАД жанындағы бақылаушы ретінде қатысуға ниетті екені туралы хабарлансын.

  1. Еуразиялық экономикалық комиссия мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) арасындағы ынтымақтастық туралы қоса беріліп отырған меморандум жобасы келіссөздер жүргізу үшін негіз ретінде мақұлдансын.

Еуразиялық экономикалық комиссияАлқасы Төрағасының міндетін атқарушы Т.Д. Валовая

Жоба

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ МЕН БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ САУДА ЖӘНЕ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ (ЮНКТАД) АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

Еуразиялық экономикалық комиссия мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД), бұдан әрі Тараптар деп аталатын,

өңірлік өзара іс-қимыл мен экономикалық дамуды жақсарту мақсатында Тараптардың ынтымақтасуға ұмтылысын тани отырып,

БҰҰ-ның Мыңжылдық декларациясында тұжырымдалған Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізудің маңыздылығын атап көрсете отырып,

ЮНКТАД-тың сауда және даму мәселелері, сондай-ақ қаржы, технологиялар, инвестициялар, қызметтер және орнықты экономикалық даму саласындағы өзара байланысты мәселелер бойынша БҰҰ-ның орталық үйлестіруші органы ретіндегі рөлін тани отырып,

ЮНКТАД-тың сауда саясатын, сауда және кедендік рәсімдерді жетілдіру, технологиялар мен кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелеріндегі тәжірибесін ескере отырып,

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды нығайтудағы және орнықты экономикалық даму мүддесінде олардың халықаралық сауда жүйесіне интеграциялануындағы рөлін тани отырып,

Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының қағидаттарына, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына бейілділігін растай отырып,

2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық интеграция туралы декларацияда айқындалған қағидаттар мен мақсаттарды және 2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарттың ережелерін басшылыққа ала отырып,

Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының ЮНКТАД-қа мүшелігін ескере отырып,

өзара құрмет, ашықтық және адал ниеттілік қағидаттарына негізделе отырып,

осы Меморандумға төмендегілер туралы қол қойды:

1. Осы Меморандумның мақсаты Тараптар арасындағы ынтымақтастықты мынадай салаларда нығайту болып табылады:

өңірлік экономикалық интеграция және оны дамыту стратегиясы;

макроэкономикалық саясат;

бәсекелестік саясаты;

сауда;

кедендік реттеу;

инвестициялық саясат және кәсіпкерлік қызметті қолдау;

көлік және логистика;

ауыл шаруашылығы;

статистика;

өзара мүдделілік білдіретін өзге де салалар.

2. Тараптар өз құзыреті шегінде мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниетті:

орнықты экономикалық өсу мен дамуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл;

экономикалық даму саласындағы бірлескен зерттеулер;

макроэкономикалық жағдайды талдау;

өңірлік интеграция жағдайында қызметтер мен капитал нарығын дамыту;

Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттерге тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға және олардың инвестициялық ахуалын жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу;

шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін жетілдіру, оның ішінде осы саладағы мемлекеттік реттеудің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін әзірлеу, соның ішінде Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттерде кәсіпкерлерді оқыту орталықтарын құру мақсатында «Эмпретек» бағдарламасын іске асыру шеңберінде;

бәсекелестік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында өзара іс-қимыл жасау;

сауда және кедендік рәсімдерді оңайлатуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жәрдемдесу;

ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндірісін дамыту саласында өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ аграрлық саясат пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасу;

ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту саласында өзара іс-қимыл жасау;

халықаралық стандарттарға сәйкес статистиканы жүргізудің әдіснамалық қағидаттарын үйлестіруге жәрдемдесу.

3. Тараптардың осы Меморандум шеңберіндегі ынтымақтастығы мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

ақпарат және тәжірибе алмасу;

екінші Тарап ұйымдастыратын түрлі іс-шараларға қатысу;

конференциялар, форумдар, консультациялар, семинарлар, симпозиумдар, дөңгелек үстелдер және басқа да іс-шаралар өткізу;

бірлескен зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу, талдамалық шолулар дайындау.

4. Тараптар ынтымақтастық бағдарламалары мен бірлескен іс-шараларды өткізу жоспарларын әзірлей алады. Бірлескен іс-шараларды өткізу шарттары, тәртібі және қаржыландырылуы әрбір нақты жағдайда Тараптар арасында жеке келісіледі.

5. Тараптар осы Меморандумның ережелерін қолдануға байланысты барлық мәселелерді ымыраға келу негізінде реттейтін болады.

6. Осы Меморандумдағы ешбір ереже (осы Меморандумнан туындайтын ешбір ереже) Тараптардың құрылтай құжаттарында немесе халықаралық құқықта айқындалған кез келген артықшылықтарынан немесе иммунитеттерінен тікелей білдірілген немесе болжамды түрде бас тарту ретінде түсіндірілмеуге тиіс.

7. Осы Меморандум халықаралық шарт болып табылмайды және халықаралық құқықпен реттелетін құқықтар мен міндеттемелерді туындатпайды. Осы Меморандум сондай-ақ Тараптарға ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.

Осы Меморандум оған қол қойылған күннен бастап қолданылады.

Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа тиісті жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Меморандумнан шығуға құқылы. Меморандумның қолданылуы екінші Тарап осындай хабарламаны алған күннен бастап 3 ай өткен соң тоқтатылады.

Осы Меморандумға Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Меморандумның ажырамас бөлігі болып табылатын тиісті хаттамаға қол қою арқылы өзгерістер енгізілуі мүмкін.

2013 жылғы «___» __________ __________ қаласында әрқайсысы орыс және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей. Осы Меморандумды түсіндіруде қандай да бір айырмашылықтар туындаған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін қолданылады.

Еуразиялық экономикалық комиссия үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Саудажәне даму жөніндегі конференциясы үшін

 

Конституция Заң Кодекс Нормативтік Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заң қызметі Заң консультациясы Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар