Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Шешім / Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер, бір тараптан, және Моңғолия, екінші тараптан, арасындағы 2025 жылғы 27 маусымдағы Уақытша сауда келісімінің күшіне енуі туралы

Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер, бір тараптан, және Моңғолия, екінші тараптан, арасындағы 2025 жылғы 27 маусымдағы Уақытша сауда келісімінің күшіне енуі туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер, бір тараптан, және Моңғолия, екінші тараптан, арасындағы 2025 жылғы 27 маусымдағы Уақытша сауда келісімінің күшіне енуі туралы

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 5 шешімі.

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 7-бабы 2-тармағының екінші абзацына және 2018 жылғы 14 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы Келісімнің 11-бабына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер, бір тараптан, және Моңғолия, екінші тараптан, арасындағы 2025 жылғы 27 маусымдағы Уақытша сауда келісімі (бұдан әрі – Уақытша келісім) күшіне енген күннен бастап Еуразиялық экономикалық одақ үшін міндетті деп танылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей Моңғолияға Уақытша келісімнің 31-бабында көзделген хабарламаны жіберсін.

      3. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссияға дипломатиялық арналар арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Уақытша келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап, бірақ осы Шешім ресми жарияланған күннен ерте емес уақытта күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:

 

Армения РеспубликасынанБеларусь РеспубликасынанҚазақстан РеспубликасынанҚырғыз РеспубликасынанРесей Федерациясынан

 

 

 

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес беру Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Указ Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар