Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конвенция / Резолюция / Концепция / Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын бекіту туралы

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын бекіту туралы

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2024 жылғы 1 қазандағы № 14 өкімі.

Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының Еуразиялық жоғары экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген 4-тармағының 2.2.1-тармақшасын орындау мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы бекітілсін.

      2. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:

Армения РеспубликасынанБеларусь РеспубликасынанҚазақстан РеспубликасынанҚырғыз РеспубликасынанРесей Федерациясынан

 

 

 Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2024 жылғы 1 қазандағы № 14 өкімімен БЕКІТІЛГЕН

 

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ШЕҢБЕРІНДЕ ТАУАРЛАРДЫҢ ОРТАҚ БИРЖАЛЫҚ (ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН) НАРЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

I. Жалпы ережелер

      Осы Тұжырымдама Еуразиялық жоғары экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының 2.2.1-тармағын орындау мақсатында әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) Одақ шеңберінде тауарлардың және базистік активі тауар болып табылатын туынды қаржы құралдарының ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыруын қамтамасыз етуге бағытталған.

      Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру кезінде мыналар ескеріледі:

      мүше мемлекеттердің тауарлармен және базистік активі тауар болып табылатын туынды қаржы құралдарымен биржалық сауда мәселелерін қозғайтын өзара қарым-қатынастары мен міндеттемелері;

      мүше мемлекеттердің тауар биржалары нарықтарының жұмыс істеу және даму ерекшеліктері;

      мүше мемлекеттердің заңнамасы.

      Электр энергиясымен, газбен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен биржалық сауда жасау мәселелері энергетикалық ресурстардың ортақ нарықтарын қалыптастыру шеңберінде қаралатын болады.

II. Анықтамалар

      Осы Тұжырымдаманың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      "тауарлармен биржалық (ұйымдастырылған) сауда", "тауарлармен биржалық (ұйымдастырылған) сауда-саттық" – Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығында сауда-саттықты, оның ішінде электрондық нысанда ұйымдастыру жөніндегі, биржа (сауда-саттықты ұйымдастырушы) тұрақты негізде өткізетін, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерін сауда-саттыққа қатысуға жіберу тәртібін көздейтін және олардың тауарларды сатып алу-сату шарттарын және (немесе) базистік активі тауар болып табылатын туынды қаржы құралдары болып табылатын шарттарды жасасуына мүмкіндік беретін белгіленген қағидалар бойынша жүзеге асырылатын қызмет;

      "Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығы" – Одақтың ішкі нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті тауарлармен биржалық сауда саласындағы мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің сауда-экономикалық қатынастарының жиынтығы;

      "Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығындағы сауда-саттықты ұйымдастырушылар" – тауарлармен және (немесе) базистік активі тауар болып табылатын туынды қаржы құралдарымен биржалық (ұйымдастырылған) сауданы жүзеге асыратын мүше мемлекеттердің жұмыс істеп тұрған биржалары және басқа да сауда-саттықты ұйымдастырушылары;

      "тауарға арналған спецификация" – биржалық ұйымдастырылған сауда-саттыққа жіберілген тауардың атауын, оның сипаттамаларын және айналым шарттарын қамтитын құжат;

      "тауар" – Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының тауары, оны Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығында сатуға мүше мемлекеттер келісім берген тауар;

      "Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының қатысушысы" – биржа (сауда-саттықты ұйымдастырушы) мүше мемлекеттің сауда-саттық қатысушысы ретінде тіркеген және мүше мемлекеттердің аумақтарында тауарларды және (немесе) базистік активі тауар болып табылатын туынды қаржы құралдарын сатып алу-сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъект (заңды немесе жеке тұлға);

      "бағалық тауар индикаторы" – биржалық және биржадан тыс баға индикаторлары ескеріле отырып, биржалық (ұйымдастырылған) сауда-саттықта және биржадан тыс нарықта жасалған шарттар туралы ақпаратты өңдеу негізінде қалыптастырылатын және тауар бағасын айқындау үшін бағдар болып табылатын тұрақты негізде есептелетін көрсеткіш.

      Осы Тұжырымдамада пайдаланылатын өзге де ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта (бұдан әрі – Шарт) және Одақ құқығына кіретін актілерде айқындалған мағыналарда түсініледі.

III. Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастырудың мақсаттары мен міндеттері

      Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:

      биржалық тауарларға объективті нарықтық бағаларды қалыптастыру;

      тауарлармен және базистік активі тауар болып табылатын туынды қаржы құралдарымен биржалық (ұйымдастырылған) сауда-саттық көлемдерін ұлғайту;

      мүше мемлекеттер арасындағы есеп айырысуларда ұлттық валюталарды пайдалануды кеңейту.

      Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

      мүше мемлекеттерде тауарлар бойынша биржадан тыс мәмілелерді тіркеу тәртібін әзірлеу;

      Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының инфрақұрылымын жетілдіру;

      тауарлармен және базистік активі тауар болып табылатын туынды қаржы құралдарымен биржалық (ұйымдастырылған) сауданы дамыту;

      нақты тауар нарығының жай-күйі мен серпінін көрсететін, сауда-саттықты ұйымдастырушылар есептейтін бағалық тауар индикаторларын қалыптастыру және қолдану жүйесін дамыту;

      Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығында тауарлармен биржалық (ұйымдастырылған) сауда мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің заңнамасын оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті шамада жетілдіру;

      Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығында биржалық (ұйымдастырылған) сауда-саттыққа жіберілген тауарларға арналған спецификациялардың жалпы нысандарына қатысты тәсілдерді үйлестіру;

      электрондық құжат айналымына қойылатын талаптарды, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаны өзара тануды келісу;

      мүше мемлекеттер заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып және ақпарат алмасудың келісілген тәртібі мен ақпарат құрамының негізінде Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығы субъектілері арасында ақпарат алмасуды жүзеге асыру тәсілдерін келісу;

      Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығында бағалық тауар индикаторларын қалыптастыру мақсатында ұлттық практиканы ескере отырып, биржалық сауда-саттықты өткізу режимдерін біріздендіруге ұмтылу.

IV. Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру қағидаттары

      Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру мынадай негізгі қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:

      тең құқықтылық, ұлттық мүдделерді ескеру, өзара тиімділік және мүше мемлекеттердің кез келгеніне экономикалық залал келтіру тәуекеліне жол бермеу;

      сауда-саттықты ұйымдастырушылар мен Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығына қатысушылардың экономикалық мүдделерінің теңгерімін сақтау;

      нарықтық қатынастар мен бәсекелестікке негізделген тетіктерді пайдалану;

      Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығындағы сұраныс пен ұсынысты сипаттайтын ақпараттың ашықтығы;

      тауарларға қатысты нарықтық баға белгілеуді қамтамасыз ету;

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық нарығында адал бәсекелестікті дамытуды қамтамасыз ету;

      Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығында саудадағы кедергілерді жоюға ұмтылу;

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығында мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін кемсітусіз жағдайларды қамтамасыз ету;

      мүше мемлекеттердің заңнамасын ескере отырып, Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығы инфрақұрылымының жұмыс істеуінің ұлттық нормалары мен қағидаларын үйлестіруге ұмтылу.

V. Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының субъектілері

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығы субъектілерінің құрамына мыналар кіреді:

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығындағы сауда-саттықты ұйымдастырушылар (биржалар және басқа да сауда-саттықты ұйымдастырушылар);

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының қатысушылары;

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының өзге де инфрақұрылымдық ұйымдары.

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының өзге де инфрақұрылымдық ұйымдарының құрамына мыналар кіреді:

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының қатысушыларына есеп айырысу-клирингтік қызметтер көрсететін заңды тұлғалар (клирингтік ұйымдар және басқалар);

      тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсететін заңды тұлғалар (тауар жеткізу операторлары, уәкілетті қоймалар және басқалар);

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де ұйымдар.

VI. Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының жұмыс істеуі

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының жұмыс істеуі осы нарық субъектілерінің экономикалық мүдделерінің теңгерімін сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығы Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын реттейтін Одақ құқығы негізінде, мүше мемлекеттер заңнамасының ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс істейді.

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының жұмыс істеуі шеңберінде мынадай бағыттар бойынша қызмет жүзеге асырылатын болады:

      мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес биржалардың (сауда-саттықты ұйымдастырушылардың) сауда-саттығына мүше мемлекеттерден резидент еместерді өзара кемсітусіз жіберу арқылы Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының қатысушылары арасында ұлттық биржалық (ұйымдастырылған) сауда-саттықта тауарлармен сауда жасау;

      мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығында жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысулар мен тауарларды жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының қатысушыларына көрсетілетін есеп айырысу-клирингтік және логистикалық қызметтерді ұсынудың озық технологиялары мен шарттарын дамыту және енгізу;

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығында биржалық (ұйымдастырылған) сауда-саттыққа жіберілген тауарларға арналған спецификациялардың жалпы нысандарын әзірлеу;

      ақпарат алмасудың келісілген тәртібі мен алмасылатын ақпараттың құрамы негізінде Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының барлық субъектілерінің объективті және уақтылы ақпарат алу мақсатында осы нарықта ақпарат алмасуды қамтамасыз ету.

VII. Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын реттеу және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын реттеу Одақ құқығына және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды:

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың споттық биржалық (ұйымдастырылған) нарығын реттеу;

      базистік активі тауар болып табылатын туынды қаржы құралдарының биржалық (ұйымдастырылған) нарығын реттеу;

      биржалық және биржадан тыс баға индикаторларын, сондай-ақ бағалық тауар индикаторларын қалыптастыру мен пайдалануды реттеу.

      Биржалық сауданы реттеуге уәкілетті мүше мемлекеттердің органдары мен Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығы субъектілерінің өзара іс-қимылын жүзеге асыру, сондай-ақ Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығында мемлекетаралық сауда-саттықтың ашық әрі әділ өткізілуін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдар мен шешімдерді әзірлеу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жанынан консультативтік орган болып табылатын Одақ шеңберіндегі тауарлардың биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру жөніндегі Консультативтік комитет (бұдан әрі – Биржалық комитет) құрылады.

      Биржалық комитет туралы ереже мен оның құрамы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасымен бекітіледі.

VIII. Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығындағы баға белгілеу тетіктері

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығында баға белгілеу нарықтық қағидаттар мен адал бәсекелестік негізінде жүзеге асырылады.

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығында баға белгілеу тетіктері мүше мемлекеттердің нарықтарындағы биржалық (ұйымдастырылған) сауда-саттықта қалыптасқан қолданыстағы баға белгілеу тетіктерін ескере отырып қалыптастырылады.

      Баға белгілеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында биржалық (ұйымдастырылған) нарықтың объективті бағалық тауар индикаторлары, сондай-ақ биржалық (ұйымдастырылған) сауда-саттықта және биржадан тыс нарықта жасалған шарттар туралы ақпаратты жинау мен өңдеу тетіктері қалыптастырылады.

IX. Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру мен оның жұмыс істеуіне мониторинг жүргізу және ақпараттық қамтамасыз ету

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру мен оның жұмыс істеуіне мониторинг жүргізу және ақпараттық қамтамасыз ету ақпарат алмасуды ұйымдастыру арқылы іске асырылатын болады.

      Мүше мемлекеттердің сауда-саттықты ұйымдастырушылары мен инфрақұрылымдық ұйымдары арасында ақпарат алмасу өзара уағдаластық бойынша, Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті келісілген тәртіппен және көлемде жүзеге асырылады.

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығындағы және сыртқы тауар нарықтарындағы баға серпініне мониторинг жүргізу үшін мүше мемлекеттер келіскен ақпарат көздері пайдаланылады.

X. Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын реттейтін халықаралық шарттар мен актілер

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын реттейтін халықаралық шарттар мен актілер жүйесін мыналар құрайды:

      Шарт;

      Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт;

      мүше мемлекеттердің сауда-саттықты ұйымдастырушылары, өзге де инфрақұрылымдық ұйымдары арасындағы Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру туралы келісім;

      осы Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде қабылданатын тауарлармен биржалық (ұйымдастырылған) сауда-саттықты дамыту бағдарламасына сәйкес әзірленетін және Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығы субъектілерінің жұмыс істеуін (қызметін) айқындайтын Одақ органдарының актілері;

      Шарттың XX бөліміне сәйкес қабылданатын, Одақ құқығына кіретін халықаралық шарттар мен актілер.

XI. Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру кезеңдері

      Мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыруды мынадай кезеңдерге сәйкес қамтамасыз етеді:

      I кезең – Биржалық комитетті құру, Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа және мүше мемлекеттердің сауда-саттықты ұйымдастырушылары, өзге де инфрақұрылымдық ұйымдары арасындағы Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру туралы келісімге қол қою және оларды іске асыру, мүше мемлекеттерден резидент еместердің ұлттық биржалық (ұйымдастырылған) тауар нарықтарына өзара қол жеткізуін қамтамасыз ету, Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығында сауда жасалатын тауарлар тізбесін келісу, Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығында ақпарат алмасуды ұйымдастыру;

      II кезең – тауарларға арналған спецификациялардың нысандарына қатысты тәсілдерді үйлестіру, биржалық сауда-саттықты өткізу режимдерін біріздендіру жөнінде ұсыныстар дайындау, мүше мемлекеттерде тауарлар бойынша биржадан тыс мәмілелерді тіркеу тәртібін айқындау, мүше мемлекеттердің биржалық (ұйымдастырылған) сауда-саттығы шеңберінде және биржадан тыс нарықтарда қалыптастырылатын бағалық тауар индикаторларын есептеу әдіснамасын және оларды пайдалануды келісу, Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығындағы және әлемдік тауар нарықтарындағы баға серпініне мониторинг жүргізуді ұйымдастыру;

      III кезең – Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының және базистік активі тауар болып табылатын туынды қаржы құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру жөнінде ұсыныстар дайындау, есеп айырысу-клирингтік және логистикалық қызметтерді ұсынудың озық технологияларын енгізу;

      IV кезең – Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығында тауарлармен және базистік активі тауар болып табылатын туынды қаржы құралдарымен сауда жасау бойынша имитациялық сауда-саттықты, пилоттық жобаларды және нақты сауда-саттықты іске асыру.

      Одақ шеңберіндегі тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастырудың әрбір кезеңі шеңберінде жүзеге асырылатын егжей-тегжейлі іс-шаралар мен оларды іске асыру мерзімдері осы Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде қабылданатын тауарлармен биржалық (ұйымдастырылған) сауда-саттықты дамыту бағдарламасында көрсетілетін болады.

 IX. Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру мен оның жұмыс істеуін мониторингтеу және ақпараттық қамтамасыз ету

      Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру мен оның жұмыс істеуін мониторингтеу және ақпараттық қамтамасыз ету ақпарат алмасуды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.

      Сауда-саттықты ұйымдастырушылар мен мүше мемлекеттердің инфрақұрылымдық ұйымдары арасындағы ақпарат алмасу Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті өзара уағдаластық бойынша келісілген тәртіппен және көлемде жүзеге асырылады.

      Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығындағы және сыртқы тауар нарықтарындағы бағалардың серпінін мониторингтеу үшін мүше мемлекеттер келіскен ақпарат көздері пайдаланылады.

X. Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын реттейтін халықаралық шарттар мен актілер

      Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын реттейтін халықаралық шарттар мен актілер жүйесін мыналар құрайды:

      Шарт;

      Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт;

      сауда-саттықты ұйымдастырушылар, мүше мемлекеттердің өзге де инфрақұрылымдық ұйымдары арасындағы Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру туралы келісім;

      осы Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде қабылданатын биржалық (ұйымдастырылған) тауар сауда-саттығын дамыту бағдарламасына сәйкес әзірленетін және Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығы субъектілерінің жұмыс істеуін (қызметін) айқындайтын Одақ органдарының актілері;

      Шарттың XX бөліміне сәйкес қабылданатын Одақ құқығына кіретін халықаралық шарттар мен актілер.

XI. Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру кезеңдері

      Мүше мемлекеттер Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыруды мынадай кезеңдерге сәйкес қамтамасыз етеді:

      I кезең – Биржалық комитет құру, Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шартқа және сауда-саттықты ұйымдастырушылар, мүше мемлекеттердің өзге де инфрақұрылымдық ұйымдары арасындағы Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастыру туралы келісімге қол қою және оларды іске асыру, мүше мемлекеттердің резидент еместерінің ұлттық биржалық (ұйымдастырылған) тауар нарықтарына өзара қол жеткізуін қамтамасыз ету, Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығында сауда-саттық жүзеге асырылатын тауарлар тізбесін келісу, Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығында ақпарат алмасуды ұйымдастыру;

      II кезең – тауарларға арналған ерекшеліктер нысандарына қатысты тәсілдерді үйлестіру, биржалық сауда-саттықты өткізу режимдерін біріздендіру жөнінде ұсыныстар дайындау, мүше мемлекеттерде тауарлар бойынша биржадан тыс мәмілелерді тіркеу тәртібін айқындау, биржалық (ұйымдастырылған) сауда-саттық шеңберінде және мүше мемлекеттердің биржадан тыс нарықтарында қалыптастырылатын тауарлық баға индикаторларын есептеу әдіснамасын және оларды пайдалануды келісу, Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығындағы және әлемдік тауар нарықтарындағы бағалар серпініне мониторинг ұйымдастыру;

      III кезең – Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығының және базистік активі тауар болып табылатын туынды қаржы құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру жөнінде ұсыныстар дайындау, есеп айырысу-клирингтік және логистикалық қызметтер көрсетудің озық технологияларын енгізу;

      IV кезең – Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығында тауарлармен және базистік активі тауар болып табылатын туынды қаржы құралдарымен сауда жасау бойынша имитациялық сауда-саттықты, пилоттық жобаларды және нақты сауда-саттықты іске асыру.

      Одақ шеңберінде тауарлардың ортақ биржалық (ұйымдастырылған) нарығын қалыптастырудың әрбір кезеңі шеңберіндегі егжей-тегжейлі іс-шаралар мен оларды іске асыру мерзімдері осы Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде қабылданатын биржалық (ұйымдастырылған) тауар сауда-саттығын дамыту бағдарламасында көрсетіледі.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстандағы заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар