Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конвенция / Резолюция / Концепция / Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде туризмді дамыту тұжырымдамасы туралы

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде туризмді дамыту тұжырымдамасы туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде туризмді дамыту тұжырымдамасы туралы

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2025 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 шешімі.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен бекітілген 10.6.5-тармағын іске асыру мақсатында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде туризмді дамыту тұжырымдамасы бекітілсін.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:

Армения РеспубликасынанБеларусь РеспубликасынанҚазақстан РеспубликасынанҚырғыз РеспубликасынанРесей Федерациясынан

| | БЕКІТІЛГЕН || - | ------------------------------------------------------------------------------- || | Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2025 жылғы 21 желтоқсандағы № 19 шешімімен |

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде туризмді дамыту ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

1. Жалпы ережелер

Осы Тұжырымдама Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының 10.6.5-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.

Туризмді дамыту мемлекеттің экономикалық өсуінің аса маңызды факторы болып табылады, туризм секторы жаңа жұмыс орындарын құру, халықтың нақты табыстары мен өмір сүру сапасын арттыру, инфрақұрылымдық салаларды дамыту арқылы халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде және жалпы алғанда мемлекеттің жалпы ішкі өнімін (ЖІӨ) қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) туристік саладағы ынтымақтастығын дамыту мүше мемлекеттердің экономикалық өзара іс-қимылының аса маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Бұған, оның ішінде туризм саласының 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясына енгізілуі дәлел бола алады (мүше мемлекеттердің басшылары 2023 жылғы 25 желтоқсанда қабылдаған).

Осы Тұжырымдаманы іске асырудың мақсаттары мүше мемлекеттердің туризм саласындағы экономикалық ынтымақтастығын дамыту, өзара туристік ағынды ұлғайту, мүше мемлекеттердің ЖІӨ-дегі туризм үлесін арттыру, мүше мемлекеттердің туристік өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Осы Тұжырымдаманың міндеті туризм саласындағы мүше мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығын дамытудың басым бағыттарын айқындау болып табылады.

2. Әлемдегі туризмді дамытудың қазіргі заманғы үрдістері мен перспективалары

Туризмді дамыту әлемдік экономиканың тұрақты өсуінің маңызды факторы болып табылады, ал туристік сектор ЖІӨ қалыптастыруда, қосымша жұмыс орындарын құруда, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, бизнестің қызметін жандандыруда маңызды рөл атқарады.

Туризм көлік, байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы сияқты экономиканың негізгі салаларына зор ықпал етеді, яғни елдердің экономикалық дамуының өзіндік катализаторы болып табылады.

Мүше мемлекеттердегі туристік секторды дамытудың негізгі көрсеткіштері қосымшада келтірілген.

2024 жылы халықаралық туристік ұйымдардың бағалауы бойынша туризм саласында COVID-19 коронавирус инфекциясынан туындаған пандемиядан кейінгі одан әрі қалпына келу үрдісі жалғасты.

Осылайша, Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің деректері бойынша 2024 жылы саяхат және туризм секторының әлемдік ЖІӨ-ге қосқан үлесі 10,9 трлн АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 10,1 %-ға артық және 2019 жылғы деңгейден 5,8 %-ға жоғары. Осы деректерге сәйкес, 2024 жылы әлемдік ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі туристік сектордың үлесі 10 %-ды құрады.

Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің ақпаратына сәйкес, 2024 жылы туризм саласындағы жұмыс орындарының жалпы саны 357 млн-ды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 8,1 %-ға артық және 2019 жылғы деңгейден 6,9 %-ға жоғары. 2024 жылы әлемдегі барлық жұмыс орындарының 10 %-ы туризм саласына тиесілі болды.

Сол деректер бойынша 2024 жылы ішкі туристердің шығыстары 2023 жылмен салыстырғанда 5,4 %-ға ұлғайып, пандемияға дейінгі деңгейден асып түсті және 5,3 трлн АҚШ долларын құрады, ал шетелдік туристердің шығыстары 11,6 %-ға өсіп, 1,9 трлн АҚШ долларын құрады.

Дүниежүзілік туристік ұйым 2025 жылғы қаңтардағы «Әлемдік туризм барометрі» есебінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша халықаралық туризм саласының COVID-19 пандемиясына дейінгі деңгейдің 99 %-ына дейін қалпына келгенін атап өтеді.

Осы есепке сәйкес, 2024 жылы бүкіл әлемде 1,4 млрд халықаралық турист тіркелді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 11 %-ға немесе 140 млн адамға артық. Мұндай нәтижелерге пандемиядан кейінгі кезеңде саяхатқа деген жоғары сұраныс, негізгі өткізу нарықтарының (сұраныс көздерінің) тұрақты жұмыс істеуі, сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі туристік бағыттар санының өсуі арқасында қол жеткізілді.

2024 жылы туризм саласында ең серпінді дамыған өңірлер Еуропа, Таяу Шығыс және Африка болды, онда туристік секторды дамыту көрсеткіштері 2019 жылғы деңгейден асып түсті.

Дүниежүзілік туристік ұйымның деректері бойынша халықаралық туризмнен түсетін кірістер нақты мәнде (инфляция мен айырбас бағамының ауытқуын ескере отырып) 2024 жылы тұрақты өсімді көрсетті, ал 2023 жылы олар пандемияға дейінгі деңгейге іс жүзінде жеткен болатын.

2025 жылғы мамырдағы «Әлемдік туризм барометрі» есебіне сәйкес, 2024 жылы халықаралық туризм саласындағы экспорттан түсетін кірістер (жолаушылар тасымалын қоса алғанда) 2023 жылмен салыстырғанда 11 %-ға өсіп, 2 трлн АҚШ долларына жетті, бұл пандемияға дейінгі деңгейден 15 %-ға жоғары.

Болжамдық бағалауларға сәйкес, 2025 жылы туризм саласында одан әрі өсу үрдістері байқалуда.

2024 жылы әлемдегі туризмді дамытудың қорытындылары Дүниежүзілік экономикалық форумның туристік саланың жай-күйін, оның ішінде оның дамуына ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды көрсететін «Саяхаттар мен туризмді дамыту индексі» баяндамасында да ұсынылған.

Осы баяндамаға сәйкес, 2024 жылы COVID-19 пандемиясынан туындаған дағдарыстан кейін саланың даму қарқынының одан әрі қалпына келуі байқалды.

Саяхаттар мен туризмді дамыту индексін есептеуге енгізілген 119 мемлекеттің 71-і 2024 жылы 2019 жылмен салыстырғанда рейтингтерін жақсартты. Индекс көрсеткіштері туристік қызметтерге әлемдік сұраныстың қалпына келгенін көрсетеді, бұл әлемдік әуе маршруттарының өткізу қабілеті мен өзара байланыстылығының артуымен, COVID-19 пандемиясына байланысты енгізілген шектеулер алынғаннан кейін елдердің халықаралық ашықтығының жақсаруымен, туризм саласына инвестиция салудың ұлғаюымен тұспа-тұс келді.

Сонымен бірге әуе маршруттарының өткізу қабілетінің, туристік саланы кадрлармен қамтамасыз ету деңгейінің, туризм саласына күрделі салымдардың қазіргі деңгейі әлемде саяхаттар мен туристік қызметтерге деген өскен сұранысқа сәйкес келмейді. Сұраныс пен ұсыныс арасындағы туындаған теңгерімсіздік инфляциялық қысыммен ұштаса отырып, туризм саласының баға бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне және қызмет көрсетуде іркілістерге әкелді.

Саяхаттар мен туризмді дамыту индексіне сәйкес, 2024 жылғы рейтингтің алғашқы 30 мемлекетінің үлесіне 2022 жылы туристік саланың ЖІӨ өсуінің 75 %-дан астамы және 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңдегі саланың ЖІӨ өсуінің 70 %-ы тиесілі болды.

Көрсетілген баяндамаға сәйкес, халықаралық туризмді дамытудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

елдердің көлік және туристік инфрақұрылымын жаңғырту мен дамытуға инвестициялар тартуды да көздейтін туристік секторды кешенді дамыту стратегияларын әзірлеу және іске асыру;

табиғатты сақтау, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға энергетикалық көшу жөніндегі шараларды қабылдау арқылы тұрақты туризмді қамтамасыз ету;

білікті кадрлық ресурстарды дамытуға инвестициялар тарту арқылы туристік сектордың мемлекеттердің экономикалық өсуі үшін әлеуетін пайдалану;

туризм саласын тұрақты әрі икемді басқаруға арналған технологияларды енгізуді көздейтін туристік секторды одан әрі серпінді дамыту үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

3. Мүше мемлекеттердегі туризмді дамытудың қазіргі жай-күйі мен ерекшеліктері

Армения Республикасы

2020 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде Армения Республикасының туристік секторы COVID-19 пандемиясының теріс әсеріне байланысты елеулі ауытқуларды көрсетті.

2021 жылы пандемиялық шектеулердің біртіндеп жеңілдеуі туристік сектордың белгілі бір дәрежеде қалпына келуіне ықпал етті. Осылайша, 2023 жылы елге 2,32 млн турист келді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 40 %-ға және 2019 жылмен салыстырғанда 22 %-ға артық. Аталған өсім елді туристік бағыт ретінде ілгерілету және инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі белсенді шараларға байланысты болды.

2024 жылы туристік ағынның аздап төмендеуі байқалды: Республикаға шамамен 2,21 млн турист келді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7 %-ға аз. Төмендеу негізінен Ресей Федерациясынан келетін туристер санының азаюымен байланысты, алайда Грузия, Қытай, БАӘ, Үндістан, Франция және Иран сияқты елдерден келушілер санының өсуі тіркелді.

COVID-19 пандемиясының теріс әсеріне байланысты 2020 жылы елдің туристік секторының ЖІӨ-ге қосқан үлесі едәуір төмендеп, 3,5 %-ды құрады (салыстыру үшін, 2019 жылы бұл көрсеткіш 13,3 %-ды құраған).

Алайда 2021 жылдан бастап Республикадағы туристік сектордың қалпына келуі байқалды. Атап айтқанда, туризмнің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 2023 жылы 1,32 трлн драмды (3,4 млрд АҚШ доллары) (ЖІӨ-нің 13,9 %-ы) құрады, бұл 2019 жылғы деңгейден 29,4 %-ға және 2022 жылғы деңгейден 11,1 %-ға жоғары.

Армения Республикасы Экономика министрлігінің Туризм комитетінің деректері бойынша, 2024 жылы Республикадағы туризмнің ЖІӨ-ге қосқан үлесі 1,38 трлн драмды (3,6 млрд АҚШ доллары) (ЖІӨ-нің 13,5 %-ы) құрады, бұл 2019 жылғы деңгейден 35,7 %-ға артық. Ұзақ мерзімді перспективада (2034 жылға қарай) туризмнің Республика ЖІӨ-ге қосқан үлесі 1,59 трлн драмға (4,1 млрд АҚШ доллары) жетеді.

Туризм саласындағы еңбекпен қамту бөлігінде 2023 жылы туристік сектордағы жұмыс орындарының саны 176,3 мыңды құрағанын атап өткен жөн, бұл 2019 жылғы деңгейден 11,7 %-ға артық.

Болжамдық бағалаулар бойынша, 2034 жылға қарай жұмыс орындарының саны 198,5 мыңға дейін өседі деп күтілуде, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 18,1 мың жұмыс орнына артық.

2020 жылдан кейін COVID-19 пандемиясынан соң саланың қалпына келуіне байланысты туристік қызметтер экспорты мен импортының оң динамикасы байқалады. 2024 жылы туристік қызметтер экспортының көлемі 2 441,2 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 59,5 %-ға артық, туристік қызметтер импортының көлемі 1 710 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 14,9 %-ға артық.

Армения Республикасының статистикалық көрсеткіштерінің динамикасы осы Тұжырымдамаға қосымшада ұсынылған.

Армения Республикасында туризмнің мынадай түрлері дамыды: мәдени-тарихи, шытырман оқиғалы,

гастрономиялық, медициналық, сауықтыру, діни, іскерлік және экотуризм.

Республикада туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қабылдануда, туристерге әртүрлі қалаулары мен бюджетіне сәйкес орналастыру орындарының кең таңдауы ұсынылады, қонақ үй кешендері, экологиялық қонақ үйлер, бутик-қонақ үйлер мен қонақ үйлер белсенді дамуда, бұл әрбір саяхатшыға тұруға қолайлы нұсқаны табуға мүмкіндік береді.

Күрделі таулы жер бедері мен теңізге шығатын жолдың жоқтығына қарамастан, көлік инфрақұрылымын дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Сенімді автомобиль және теміржол қатынасы ішкі ұтқырлықты қамтамасыз етуде, туризмді және халықаралық сауданы дамытуда шешуші рөл атқарады.

Армения Республикасы қолайлы халықаралық көлік хабына айналуға ұмтылуда, осы мақсатта әуежайларын белсенді жаңғыртып, туристерді жайлы қабылдау үшін инфрақұрылымды жақсартуда.

Алайда Армения Республикасында туризмді дамытуға мынадай проблемалардың болуы кедергі келтіреді:

қонақ үй және туристік бизнесте білікті мамандардың тапшылығы;

Республика өңірлерінде инфрақұрылым мен туристік өнімдердің даму деңгейінің жеткіліксіздігі;

инфрақұрылымдық шектеулер (қолданыстағы көлік және қонақ үй инфрақұрылымын жаңғырту қажеттілігі байқалады);

логистикалық проблемалар (шалғай аудандарда қоғамдық көліктің шектеулі саны);

маусымдылық (туристердің көпшілігі Армения Республикасына жаз мезгілінде келеді, бұл инфрақұрылымның жүктемесінде теңгерімсіздік туғызады және жылдың басқа кезеңдерінде кірістердің жоғалуына әкеледі).

Армения Республикасы бай мәдени мұраға, бірегей табиғатқа және ежелгі тарихқа ие, бұл оны туристер үшін тартымды етеді.

Осыған байланысты туризмді дамытудың перспективалы бағыттары мыналар болып табылады:

экотуризм (Дилижан ұлттық паркі, Дебед каньоны және Севан сияқты табиғи қорықтар бойынша турларды дамыту, эколодждарда орналастыру және агротуризмді дамыту);

мәдени және тарихи туризм (Татев, Ахпат, Санаин, Гарни сияқты ежелгі монастырьлар мен шіркеулерге, ЮНЕСКО-ның мәдени мұра объектілеріне турлар жасау);

гастрономиялық туризм (армян тағамдарын, шараптары мен коньяктарын дегустациялаумен аспаздық турлар ұйымдастыру, долма, лаваш және хашлама дайындау бойынша шеберлік сабақтарын өткізу, өңірлерде шарап маршруттарын дамыту);

белсенді және шытырман оқиғалы туризм (тау шаңғысы курорттарын дамыту, таулы аудандарда жаяу туризм, жартасқа өрмелеу және велоспорт турларын ұйымдастыру, каякинг, сапсерфинг, рафтинг, дайвинг және басқа да су спорт түрлерін дамыту, парапланмен, әуе шарымен, тікұшақпен ұшу, зиплайн);

оқиғалы туризм (жыл сайынғы фестивальдер ұйымдастыру, халықаралық деңгейдегі музыкалық, театр және спорт іс-шараларын өткізу);

сауықтыру туризмі (Джермук, Арзни және басқа да термалды бұлақтарда спа-курорттар мен санаторийлерді дамыту);

медициналық туризм (шетелдік туристерге сапалы медициналық қызметтер көрсету үшін клиникаларды дамыту (стоматология, пластикалық хирургия, офтальмология және кардиология салаларында)).

Беларусь Республикасы

Беларусь Республикасының туристік әлеуеті табиғаттың алуан түрлілігі мен әсемдігіне, тарихи-мәдени мұраның бірегейлігіне негізделген. Соңғы жылдары елде келу және ішкі туризмнің дамуында оң динамика байқалады.

Осылайша, 2024 жылы Беларусь Республикасына келу сапарларының саны 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық ұлғайып, 6,6 млн сапарды құрады.

Сонымен қатар Республикаға келген туристер саны да артты. Осылайша, 2024 жылы бұл көрсеткіш 2020 жылғы деңгеймен салыстырғанда 4 еседен астам өсіп, 367 мың адамды құрады.

Республика ЖІӨ-дегі туристік сектор үлесінің ұлғаюы байқалады. Егер 2020 жылы туризмнің ЖІӨ-дегі үлесі 1,4 %-ды құраса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 1,9 %-ға дейін өсті.

2022 жылы Беларусь Республикасында туристік секторда 231,5 мың жұмыс орны құрылды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 18,5 %-ға артық.

Туристік қызметтер экспортының оң динамикасы байқалады. Осылайша, 2024 жылы бұл көрсеткіштің мәні пандемияға дейінгі деңгейге жетіп, 265,8 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 28,6 %-ға артық.

Беларусь Республикасында агроэкотуризм дамыды. Осылайша, 2024 жылы агроэкотуристер саны 2020 жылғы деңгейге жетіп, 428 мың адамды құрады.

Беларусь Республикасының статистикалық көрсеткіштерінің динамикасы қосымшада ұсынылған.

Сондай-ақ туризмнің басқа да түрлері дамыды: белсенді, гастрономиялық, іскерлік, тарихи-мәдени, емдеу-сауықтыру, медициналық, білім беру, аңшылық, өнеркәсіптік, діни, оқиғалы, экологиялық.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл бойы күнтізбелік айларға туризмнің белгілі бір түрінің тақырыбын беру тәжірибесі қалыптасты.

Туризмнің әртүрлі түрлерін танымал ету мақсатында 2,5 мыңнан астам іс-шара өткізілді, оларға шамамен 1 миллион адам қатысты.

Беларусь Республикасында туристік инфрақұрылымды дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Осылайша, 2024 жылы ұжымдық орналастыру орындарында 3,6 млн адам орналастырылды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 618 мың адамға артық.

2024 жылы сыйымдылығы 39 мың орын болатын 618 қонақ үй жұмыс істеді, оларда 2,5 млн-нан астам адам орналастырылды, олардың ішінде 1,2 млн-ы шетел азаматтары болды, орташа жылдық толтырылу коэффициенті 37,3 %-ды құрады (2016 жылдан бергі қонақ үйлердің толтырылуының ең жоғары көрсеткіші).

Жазғы маусымда туристер көп келетін орындардағы қонақ үйлер барынша толтырылады. Қонақ үй қызметтерінің экспортын ұлғайтуға 1–2 туристік автобусты қабылдауға қабілетті, 100–120 нөмірге арналған «туристік класс» қонақ үйлерін салу ықпал ететін болады.

Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің 2021 жылғы 29 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген 2021–2025 жылдарға арналған «Қонақжай Беларусь» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде туристік инфрақұрылымның 39 объектісі салынды және реконструкцияланды. Бағдарламаны іске асыруға бюджеттен тыс көздерден 244 млн рубльден астам қаражат тартылды, бюджет шығындары 4 %-ды құрады.

Туристік бренд және экспорттық түсімдердің жалпы көлемінің 50 %-ына дейінгі бөлігінің көзі санаторий-курорттық мекемелер болып табылады. 20 мың орынға арналған 75 санаторий жұмыс істейді. 2024 жылы сауықтыру орындарының орташа толтырылуы 84,3 %-ды құрады.

Сондай-ақ 2030 жылға дейінгі жаңа «Қонақжай Беларусь» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу шеңберінде санаторийлердің инфрақұрылымын жетілдіру бойынша

16 іс-шара пысықталуда. Жаңа санаторийлер салуға перспективалы өңірлер Могилев және Витебск облыстары, сондай-ақ елдің табиғатты қорғау және туристік-рекреациялық аудандары (Каменец, Пружаны, Браслав, Логойск, Мядель аудандары) болып табылады.

Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бөлігінде мүше мемлекеттерден туристердің әуе көлігімен келуінің логистикалық мүмкіндіктерін жақсарту және бірлескен еуразиялық туристік маршруттарды іске асыруды ескере отырып, теміржол қатынасын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданатын болады.

Туризмді дамытуға кедергі келтіретін негізгі проблемалар мыналар болып табылады:

туристік және көлік-логистикалық инфрақұрылымның даму деңгейінің жеткіліксіздігі (атап айтқанда, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден туристердің әуе көлігімен келу логистикасын жақсарту және теміржол қатынасын қалпына келтіру қажеттілігі бар). Бұдан басқа, көлік-логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру мәселесі мүше мемлекеттердің ірі экономикалық және сауда жобалары шеңберіндегі ынтымақтастығы бөлігінде де өзекті болып табылады (мысалы, Ұлы Жібек жолы жобасы);

туризм саласындағы инвестициялық белсенділіктің төмендігі;

туризмдегі маркетингтік іс-шараларды қаржыландырудың жеткіліксіздігі.

Туризм саласындағы мемлекеттік реттеудің басым бағыттары туристік индустрияны қолдау, ішкі туризмді және халықаралық келу туризмін дамыту болып табылады.

Туризмді дамытудың перспективалы бағыттарының арасында мыналар атап өтіледі:

туризм саласындағы Беларусь Республикасының 12 мемлекеттік стандартын әзірлеу және енгізу, туристік қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлігінде азаматтардың хабардарлығын арттыру;

туризм саласындағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу;

жаңа ұжымдық орналастыру орындарын салу және қолданыстағыларын жаңғырту, бірінші кезекте ірі санаторий-курорттық ұйымдар мен қонақ үй кешендерін дамыту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту және көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту;

туристік ақпараттық орталықтар желісін олардың функционалын кеңейте отырып дамыту;

белсенді туризмнің су бағыттарына арналған инфрақұрылымды дамыту;

келу туризмінің бағыттарын әртараптандыру, оңтүстік-шығыс елдерінен келетін туристер үлесін ұлғайту;

туристік цифрлық сервистерді («Ақылды қала» платформасы және басқа да цифрлық шешімдер базасында) құру және дамыту;

туристік объектілер мен қызметтерді заманауи цифрлық арналар мен SMM-технологияларды пайдалана отырып ілгерілету: контент-маркетинг (тақырыптық сайттарда, блогтарда және т.б. жарияланымдар), email-маркетинг (контент-маркетингтің бір бөлігі болып табылуы мүмкін электрондық пошта арқылы жіберілетін хаттар), әлеуметтік желілердегі таргеттелген жарнама, контекстік жарнама, медиялық жарнама, SEO (сайттарды іздеу жүйелерінде ілгерілету), серіктестік бағдарламалар, аудио және бейне жарнама (подкасттардағы және т.б. жарнама);

туризм саласы үшін кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру.

Беларусь Республикасында ішкі туризмді ынталандыру бөлігінде 2022 жылдан бастап туристік бағыт бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың белгіленген нысаналы жоспары жыл сайын орындалады.

2022 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде туристік саланы реттейтін 39 нормативтік құқықтық акт бекітіліп, қолданысқа енгізілді.

Осылайша, алғаш рет Беларусь Республикасындағы туризм түрлерінің 13 түрін қамтитын Бірыңғай жіктемесі бекітілді.

Туристік индустрияны қолдау, ішкі туризмді және халықаралық келу туризмін дамыту үшін мемлекет мынадай шараларды қабылдайды:

туристік индустрия субъектілерінің қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау және қамтамасыз ету;

туризм саласында зерттеулер жүргізу;

туристік индустрияны қолдауға, сондай-ақ ішкі туризмді және халықаралық келу туризмін дамытуға бағытталған бағдарламаларды, жобаларды, іс-шараларды іске асыру;

туристік аймақтарды құру және дамыту;

экскурсиялық қызмет көрсетуді дамыту және жаңа экскурсиялық маршруттарды әзірлеу;

туристік индустрия субъектілерінің Беларусь Республикасының туристік әлеуетін тұтастай және оның әкімшілік-аумақтық бірліктерін дамытуға бағытталған көрмелерге, жәрмеңкелерге және өзге де іс-шараларға қатысуы;

туристік ақпараттық орталықтарды құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Әлемдік тәжірибеге сәйкес, туристік ақпараттық орталықтар өңірлік туризмді дамытудың тиімді тетігі болып табылады. Қазіргі уақытта осындай 36 орталық құрылды.

Приоритетті ұзақ мерзімді мақсат туристік ақпараттық орталықтардың қызмет ауқымы мен орналасқан жеріне қарамастан, туризм саласының өңір экономикасына қосатын үлесін арттыру болып табылады. Олардың қызметі ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетумен ғана шектелмейді.

      Аталған ұйымдар туризм саласын басқару жүйесіндегі мүлдем жаңа құрылымдар болып табылады, алайда қазірдің өзінде туристік индустрия субъектілері, мемлекет, бизнес, туристер мен экскурсанттар арасындағы құқықтық қатынастардың кең ауқымына тартылған.

      Болашақта туристік ақпараттық орталықтарды басқарушылық және коммерциялық құзыреттерге, оның ішінде кәдесый өнімдерін сату және экскурсиялық қызметтер көрсетуге байланысты бюджеттен тыс қызмет саласындағы құзыреттерге ие туризмді дамытудың өңірлік орталықтарына айналдыру көзделіп отыр.

      Туристік ақпараттық орталықтар базасында экскурсиялық бюролар құру халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ экскурсиялық қызметтер көрсету және туристік маршруттарды танымал ету есебінен мемлекеттің кіріс алуына мүмкіндік береді.

      Мемлекет туристік индустрияны қолдауға, ішкі туризм мен халықаралық келу туризмін дамытуға бағытталған өзге де шараларды (салықтық, кредиттік-қаржылық, маркетингтік және басқа да шаралар) қабылдауда.

Қазақстан Республикасы

      Туризм секторын дамыту Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының аса маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.

      Туризм саласында, оның ішінде Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде елде келу туризмінің көрсеткіштері де, Қазақстан Республикасының әлемдік рейтингтегі орны да айтарлықтай жақсаруда.

      2024 жылы Саяхаттар мен туризмді дамыту индексіне сәйкес Қазақстан Республикасы 119 туристік бағыттың ішінде 52-орынға ие болды. Айта кету керек, алдыңғы рейтингте Республика 66-орында болған.

      2024 жылы туристердің жалпы саны пандемияға дейінгі деңгеймен (2019 жылмен) салыстырғанда 1,5 есе артып, 9,1 млн адамды құрады.

      2023 жылы туризмнің Республика ЖІӨ-дегі үлесі 2020 жылмен салыстырғанда шамамен 2 есе өсті (2020 жылы – 1,5 % (1380 млрд теңге), 2023 жылы – 2,9 % (3490 млрд теңге)).

      2024 жылы туризм саласында жұмыспен қамтылғандар саны пандемияға дейінгі деңгейден асып, 614 мың адамды құрады (2019 жылы – 464 мың адам).

      2024 жылы туристік қызметтер экспорты пандемияға дейінгі деңгейге жетіп, 2,6 млрд АҚШ долларын құрады (2019 жылы – 2,5 млрд АҚШ доллары).

      Қазақстан Республикасының статистикалық көрсеткіштерінің серпіні осы Тұжырымдамаға қосымшада ұсынылған.

      Қазақстан Республикасында экотуризм саласы айтарлықтай дамыды.

      Ұлттық парктерге бару көрсеткіштерінің оң серпіні байқалады. Мәселен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 14 ұлттық паркке 2,8 млн адам барған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 18 % артық (2023 жылы – 2,1 млн адам).

      Сондай-ақ 2021 жылдан бастап ұлттық парктер аумағында жаңа туристік объектілер – визит-орталықтар салынуда. Олар экологиялық соқпақтар туралы ақпарат береді және туристік инфрақұрылымды жақсартуға, ұлттық парктерге баруды неғұрлым қолайлы әрі қауіпсіз етуге ықпал етеді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 16 визит-орталық жұмыс істейді, оның 7-еуі ұлттық парктерде орналасқан.

      Қазақстан Республикасында барлық 14 ұлттық парк пен 10 қорықтың құрамында қорғалатын далаларды, тау сілемдерін, шөлдерді және су артерияларын қамтитын бірегей табиғи экожүйелер бар. Бұл аумақтар флора мен фаунаның сирек кездесетін түрлерін сақтап қана қоймай, экологиялық жауапты туризмді дамытуға да мүмкіндік береді.

      Қазақстан Республикасы туристік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән береді, бұл бағытты туристік саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі факторларының бірі ретінде қарастырады.

      Бүгінгі таңда инженерлік желілерді жаңғырту, көлік қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз ету және жаңартылатын энергия көздерін қоса алғанда, заманауи технологияларды енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

      Республикада заманауи қонақүйлерден бастап табиғи ландшафттарда орналасқан бірегей киіз үйлер мен эколодждарға дейінгі әртүрлі сыныптағы және бағыттағы 4 мыңнан астам орналастыру орны жұмыс істейді, бұл туристік тартымдылықты арттыруға ықпал етеді.

      Жалпы елде туристік қызметтердің сапасын арттыру үшін де, туристік саладағы инвестициялық әлеуетті іске асыру үшін де қолайлы орта қалыптасуда.

      Туризмді дамытудың басым бағыттары ретінде мыналар айқындалған:

      экологиялық туризм. Экологиялық туризмді дамытуда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер туристердің баруы үшін неғұрлым қолжетімді болып табылады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда экологиялық туризмді дамыту мақсатында елдің маңызды табиғи объектілерінің сақталуын да қамтамасыз ететін инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда;

      агротуризм (ауылдық туризм). Бұл бағытты іске асыру туристерді ауылдарға (ауыл шаруашылығы жерлеріне) тартуға және оларға тиісті қызметтер көрсетуге (мысалы, ауыл халқының өмірімен және қызметімен таныстыру, шеберлік сабақтарын өткізу, өндірілетін өнімді көрсету, оның дәмін тату және сату және т.б.) ықпал ететін болады;

      емдеу-сауықтыру және медициналық туризм. Қазақстан Республикасының медициналық туризмді (ішкі және келу туризмін) дамыту үшін әлеуеті зор. Ең сұранысқа ие бағыттар – кардиохирургия, нейрохирургия, стоматология, репродуктивтік медицина және т.б.

      Туризмнің дамуына кедергі келтіретін негізгі проблемалар мыналар болып табылады:

      әсіресе белсенді дамып келе жатқан бағыттарда аумақтық қолжетімділікті қамтамасыз ету, инфрақұрылыммен қамту және сервистік қызмет көрсету стандарттарының деңгейін арттыру жөніндегі мемлекеттік органдар күш-жігерінің жеткіліксіз үйлестірілуі;

      туристік ұсыныстың тақырыптық және географиялық әртүрлілігінің белгілі бір деңгейде шектеулі болуы, бұл өз кезегінде нысаналы аудитория тарапынан қызығушылықтың өсуін тежей алады;

      туристік сала үшін кадрлар даярлау деңгейінің жеткіліксіздігі, әсіресе туристік әлеуеті перспективалы, бірақ әзірге жеткілікті деңгейде игерілмеген өңірлерде.

      Қазақстан Республикасында туризмді дамытуды ынталандыру бойынша шаралар қабылдануда.

      Әлемнің түкпір-түкпірінен туристердің назарын аударуға ықпал еткен мынадай негізгі іс-шаралар мен жарнамалық науқандар өткізілді.

      ATM Dubai, ITB Berlin және China Outbound Travel & Tourism Market сияқты әлемдік туристік көрмелерге жыл сайын қатысу Қазақстан Республикасының туристік әлеуетін халықаралық аренада таныстыруға мүмкіндік берді.

      Бұл көрмелер Қазақстан Республикасының бірегей туристік ұсыныстарын көрсетуге, жетекші шетелдік туроператорлармен байланыс орнатуға және жаңа туристерді тартуға мүмкіндік береді.

      2024 жылғы наурызда Қытайда Қазақстан Республикасының Туризм жылының ресми ашылуы және Қазақстан Республикасы өңірлерінің туристік әлеуетін таныстыратын көрменің өткізілуі Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды, бұл Қазақстан Республикасын туристік бағыт ретінде танымал етуге ықпал етті.

      Жаңа ішкі және халықаралық тікелей әуе рейстерінің ашылуы Қазақстан Республикасының туристер үшін қолжетімділігін едәуір арттырды. Мәселен, 2024 жылдың бірінші тоқсанында Алматы – Куала-Лумпур, Түркістан – Самарқанд бағыттары бойынша әуе қатынасы ашылды. Бұл туристік ағынның артуына ықпал етіп, саяхаттауды жеңілдетті, осылайша Қазақстан Республикасын халықаралық туристер үшін неғұрлым қолжетімді әрі тартымды бағытқа айналдырды.

      Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен тревел-блогерлер үшін ақпараттық турлар ұйымдастыру Қазақстан Республикасының имиджін ішкі туристер арасында да, шетелдік туристер арасында да ілгерілетуге ықпал етті.

      Шымбұлақта SCIJ шаңғышы-журналистер клубының кездесуін және ENACTUS халықаралық форумын өткізу сияқты халықаралық MICE іс-шаралары іскерлік байланыстарды нығайтуға көмектеседі, Қазақстан Республикасының іскерлік ортадағы танымалдылығын арттырады және жалпы елдің туристік әлеуетін дамытады.

      Республикада туризмді дамытуды ынталандыруға және туристік салаға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған шаралар кешені шеңберінде мынадай бағыттарды іске асыруды да атап өткен жөн.

      Туристік саладағы іскерлік белсенділікті қолдау мақсатында мемлекеттік қолдаудың жекелеген шаралары енгізілуде, оның ішінде ішкі туристік белсенділікті арттыру жөніндегі бастамалар (туристік пакет құрамындағы балалар авиабилетінің құнын өтеу (Kids Go Free)) және келу туризміне бағытталған шаралар (әрбір шетелдік турист үшін туроператорларға субсидия беру) бар.

      Елде инфрақұрылымды жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінде туризм саласында 87-ден астам инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл бастамалар туристік инфрақұрылымды кеңейтуге және қызмет көрсету сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар туристік әлеуеті жоғары аумақтардың дамуын ынталандыруға бағытталған.

      Халықаралық ұтқырлық саласындағы жаһандық үрдістерге сәйкес келетін жаңа құралдарды енгізу жеке бағытқа айналды. Мәселен, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2024 жылы шетелдік туристерге – жұмысы мен демалысын ұштастыратын, яғни саяхаттап жүріп қашықтан жұмыс істейтін «цифрлық көшпенділерге» арналған Neo Nomad визасының жаңа түрі енгізілді. Жаңа визалық режим 50-ден астам елдің халықаралық тәжірибесін ескереді және заманауи визалық саясатты қалыптастыруға, келу туризмін ынталандыруға және Қазақстан Республикасының халықаралық имиджін арттыруға бағытталған.

Қырғыз Республикасы

      Қырғыз Республикасының туристік саласы экономиканың нақты секторында тұрақты өсу қарқынын сақтап отыр.

      2021 – 2024 жылдары туристік саланың өсу қарқынының қалпына келуі байқалады.

      2024 жылы Қырғыз Республикасына келген туристер саны пандемияға дейінгі деңгейге жетіп, 8,9 млн адамды құрады.

      Қырғыз Республикасының Ұлттық статистика комитетінің деректеріне сәйкес, 2021 жылдан бастап туризм секторының Республика ЖІӨ-дегі үлесінің өсуі байқалады. Сонымен бірге 2024 жылы бұл көрсеткіштің мәні әзірге пандемияға дейінгі деңгейге жеткен жоқ және Республика ЖІӨ-сінің 3,6 %-ын (54,8 млрд сом) құрады (2019 жылы – ЖІӨ-нің 4,4 %-ы (28,8 млрд сом)).

      Республикада туристік қызметтер экспорты мен импорты көлемінің өсуінің оң серпіні байқалады. Атап айтқанда, 2024 жылы туризм саласындағы қызметтер экспортының көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 1,6 есе ұлғайып, 1016,5 млн АҚШ долларын құрады.

      Қырғыз Республикасының статистикалық көрсеткіштерінің серпіні осы Тұжырымдамаға қосымшада ұсынылған.

      Қырғыз Республикасында туризмнің мынадай түрлері дамыған: мәдени, іскерлік, оқиғалық, діни, спорттық, рекреациялық және емдеу-сауықтыру, білім беру, шытырман оқиғалы, экологиялық, транзиттік, ауылдық туризм.

      Туризмді дамыту үшін туристік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру шаралары қабылдануда. Республикада болашақта тартымды туристік объектілерге айналатын ірі көлік айрықтары мен биік таулы автомобиль магистральдары бар: Бішкек – Ош, Бішкек – Торугарт трассалары, салынып жатқан Солтүстік – Оңтүстік автомагистралі (жақын арада автомобиль трассасы ашылады).

      Қырғыз Республикасының 4 мемлекетпен – Қазақстан Республикасымен, Қытай Халық Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекарасы бар. Қырғыз Республикасының әрбір елмен шекарасында өткізу пункттері бар.

      Сонымен қатар Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қалаларына тікелей әуе рейстері бар. Алайда Армения Республикасы мен Беларусь Республикасының қалаларына тікелей әуе рейстері жоқ, оларды болашақта ашу мәселесін қарау ұсынылады.

      2023 жылдың соңында «Асман Эйрлайнс» ішкі әуе компаниясы ашылды, ол Республика өңірлері бойынша 100 жолаушыға дейінгі сыйымдылығы бар шағын әуе кемелерімен рейстерді жүзеге асырады. Қырғыз Республикасының астанасы – Бішкек қаласынан Ош, Талас, Нарын, Қаракөл, Баткен, Жалал-Абад қалаларына ұшады. Бұдан басқа, 2023 – 2024 жылдары жергілікті маңызы бар әуежайлар қалпына келтірілді.

      Қырғыз Республикасында жергілікті және халықаралық деңгейдегі теміржол қатынасы да бар.

      Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасында елдің оңтүстігіне қарай жаңа теміржол желілерін салу жобалары іске асырылуда.

      Туристік секторды дамытудың негізгі проблемалары мыналар болып табылады:

      туризм саласындағы статистикалық есепке алудың озық халықаралық тәжірибесі мен әдіснамасын Дүниежүзілік туристік ұйымның ұсынымдарын ескере отырып, статистикалық практикаға енгізуді жеделдету қажеттілігі (бұл туризмді дамыту саласындағы нормативтік құқықтық құжаттар жобаларын әзірлеу, туризм саласында тиісті экономикалық және саяси шешімдер қабылдау үшін маңызды мәнге ие);

      ұлттық туристік өнімді әлемдік нарықтарға ілгерілету деңгейінің жеткіліксіздігі, туристік саланы ақпараттық қамтамасыз ету деңгейінің төмендігі, ұлттық туристік өнімді ілгерілету бойынша материалдар санының жеткіліксіздігі;

      туристік өнімді әртараптандыру деңгейінің төмендігі;

      туристік нарықты дамытуға маусымдық фактордың әсер етуі;

      туристік қызметтердің сапа стандарттарының, туристік объектілер, ресурстар және туристік сала субъектілері туралы дерекқордың болмауы.

      Алдағы 6 жылға туристік саланы дамытудың негізгі басымдықтары айқындалды:

      туризм саласындағы мемлекеттік саясатты оңтайландыру;

      тұтыну нарығын қалыптастыру;

      туристік қызметтер нарығын қалыптастырудағы цифрлық трансформация;

      туризм саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      тарихи-мәдени мұраны, табиғи ортаны және экологиялық тепе-теңдікті сақтау;

      өңірлерді дамыту;

      туристік сала инфрақұрылымын дамыту;

      туризмде «жасыл технологияларды» енгізу;

      медициналық, спорттық және санаторийлік-курорттық туризмді дамыту.

      Қырғыз Республикасында туризмді дамыту бойынша ынталандыру шаралары қабылдануда. Туризм секторын жедел дамыту үшін 2022 жылы Қырғыз Республикасында туризмді дамытуды қолдау қоры» ашық акционерлік қоғамының құрылуы маңызды фактор болды.

      Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасында 80-нен астам елдің азаматтары үшін визасыз режим енгізілген.

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Парсы шығанағы елдерінен және Қытай Халық Республикасынан Қырғыз Республикасына жаңа әуе бағыттарының саны артты.

      Соңғы жылдары іске асырылып келе жатқан туристік брендті ілгерілету жөніндегі маркетингтік саясат нақты нәтижелер бере бастады.

      Өңірлер туризмді дамытуға ұмтылысын көрсетіп, туризмді дамытудың өңірлік салалық бағдарламаларын әзірлеп, іске асыруда.

Ресей Федерациясы

      Ресей Федерациясындағы туризм қарқынды дамып келеді және экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Саяхаттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 230-дан астам әуежайдан, 89 мың километр теміржолдан және 1,5 млн километрден астам автомобиль жолдарынан тұратын дамыған көлік желісі құрылған.

      Туристік инфрақұрылымды дамытуға қолдау көрсетуге үлкен көңіл бөлінеді. Ресей Федерациясында 1,1 млн-нан астам қонақүй нөмірі, Ресей Федерациясының оңтүстігіндегі жағажайлардың ұзындығы шамамен 2 мың километр (Ресей Федерациясының қалған бөлігіндегі өзендер мен көлдерді есепке алмағанда), 400-ден астам тау шаңғысы және жыл бойы жұмыс істейтін тау кешендері, аттестатталған 15 мыңға жуық гид-экскурсовод және күрделі маршруттар бойынша 5,5 мыңнан астам нұсқаушы-жолсерік бар.

      Туризмнің ЖІӨ-дегі үлесі артып келеді. 2024 жылы бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі деңгейге жетіп, 2,91 %-ды құрады (2019 жылы – 2,8 %).

      2024 жылы туризмге салынған инвестициялар 1 трлн ресей рублінен асты, бұл 2019 жылғы деңгейден 3,1 есе жоғары (359 млрд ресей рублі), 14 мыңнан астам жаңа нөмір пайдалануға берілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,2 мыңға көп.

      2030 жылға қарай туристік сектордың алдында тиісті көрсеткіштерді ұлғайту бойынша маңызды міндеттер тұр (туристік сапарлар саны бойынша – 140 млн-ға дейін, туризмнің ЖІӨ-дегі үлесі бойынша – 5 %-ға дейін, туристік қызметтер экспортын 3 есе, яғни 10,8 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту).

      2024 жылы Ресей Федерациясына туристік мақсаттармен 9,1 млн келу сапары жасалды (Ресей Федерациясы Федералдық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметінің деректері бойынша – тікелей демалыс және туризм, іскерлік және жеке сапарлар, сондай-ақ транзит), өсім 10,3 %-ды құрады (2023 жылы – 8,21 млн). 2024 жылы шетел азаматтарының ұжымдық орналастыру орындарында орналаса отырып жасаған туристік сапарларының саны 5,15 млн болды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 29,8 % артық (3,97 млн сапар). 2030 жылға қарай 16 млн турист қабылдау жоспарлануда.

      2024 жылы Ресей Федерациясы бойынша туристік сапарлар саны 90 млн-нан астам болды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 18,4 % артық (76 млн).

      Ресей Федерациясының Орталық банкінің деректері бойынша, 2024 жылы «сапарлар» бағыты бойынша қызметтер экспортының көлемі 7,6 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 11,8 % артық. 2024 жылы «сапарлар» бағыты бойынша қызметтер импортының көлемі 38,86 млрд АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы деңгейден асып түсті (2019 жылы – 36,15 млрд АҚШ доллары).

      Ресей Федерациясының статистикалық көрсеткіштерінің серпіні осы Тұжырымдамаға қосымшада ұсынылған.

      Туристік секторды одан әрі дамыту мақсатында тиісті шаралар қабылдануда.

      Ресей Федерациясы Президентінің тапсырмасы бойынша «Туризм және қонақжайлылық» ұлттық жобасы іске асырылуда.

      Аталған ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде 79 мың нөмірге арналған 367 қонақүй мен 48 инфрақұрылымдық жобаның (аквапарктер, тақырыптық парктер, тау шаңғысы курорттары (жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы бойынша)) құрылысына қолдау көрсетілуде.

      2022 жылдан бастап модульдік қонақүйлер құру бағдарламасы іске асырылуда. Заманауи модульдік технологиялар бойынша қонақүйлер салу Ресей Федерациясының бүкіл аумағында қолжетімді әрі сапалы орналастыру орындарының санын ұлғайтуға және кеңейтуге, жайлы демалысты қамтамасыз ету үшін заманауи үлгідегі нөмірлер жасауға мүмкіндік береді.

      2022 жылдан 2024 жылға дейін осы шара шеңберінде Ресей Федерациясының 60 субъектісінде шамамен 12,8 мың нөмірдің құрылысына қолдау көрсетілді.

      Ресей Федерациясының өңірлерін қолдау мақсатында 2024 жылдан бастап туризмді дамытуға арналған бірыңғай субсидия бөлінеді, оның қаражаты туристік жабдықтар мен керек-жарақтарды сатып алуға, кемпингтік тұрақтар құруға және кемпингтік шатырларды сатып алуға, сондай-ақ қалаларда туристік орталықтарды абаттандыру жобаларын іске асыруға пайдаланылуы мүмкін. Бұдан басқа, күрделі емес айлақ құрылыстарын салуға және Ресей Федерациясы субъектілерінің туристік әлеуетін ілгерілету жөніндегі іс-шараларды өткізуге болады.

      Теңіз курорттарында және Байкал көлінде мариналар мен жаңа туристік кластерлер (9 өңірде 11 кластер) салу жоспарлануда. Олар жылына 10 млн туристке дейін қабылдайды. Бұл – преференциялық режимдер қолданылатын ауқымды перспективалы жобалар.

      Сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл бағыттағы негізгі міндеттер ірі инвесторлар мен шағын бизнес үшін жағдай жасау, кедергілер мен шектеулерді жою болып табылады.

      Реттеушілік ортаны жақсарту мақсатында бірқатар реформалар іске асырылды.

      Нұсқаушы-жолсеріктер мен гид-экскурсоводтардың жұмысы реформаланды, оларды міндетті аттестаттау белгіленді. Орналастыру орындарын сыныптау реформасы жүргізілді. Сыныпталатын орналастыру орындарының тізбесі кеңейтіліп, оған санаторийлер, демалыс базалары және кемпингтер де енгізілді. Мұндай орналастыру орындарына қойылатын талаптар белгіленіп, оларды сыныпталған орналастыру орындарының тізіліміне енгізу тәртібі айқындалды. Сондай-ақ қонақ үйлердің қызметін реттеу бойынша эксперимент жүргізілуде, Ресей Федерациясының бірқатар субъектісінде оларды міндетті сыныптау 2026 жылдан бастап енгізіледі. Туризм саласында өңірлік бақылау енгізілді.

      Туризм саласында бірыңғай цифрлық платформаны қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешені іске асырылуда. Платформаның міндеті туризм саласындағы қолданыстағы эталондық тізілімдерді интеграциялауды қамтамасыз ету, жаңа тізілімдерді құру және оларды жүргізу болып табылады (сыныпталған орналастыру орындарының тізілімі, туристік индустрия объектілерінің тізілімі, экскурсоводтардың (гидтердің), гид-аудармашылардың тізілімі және нұсқаушы-жолсеріктердің тізілімі, туроператорлардың тізілімі (туристік өнімді қалыптастыратын туристік нарыққа қатысушылар), туристік агенттердің тізілімі (туристік өнімді ілгерілететін және өткізетін туристік нарыққа қатысушылар), туристік жолдамалар тізілімі (өткізілетін туристік өнімге қатысты мәліметтер)).

      Сондай-ақ туристік агрегаторлармен, әлеуметтік желілермен, ұялы байланыс операторларымен және қаржы ұйымдарымен ақпарат алмасуды жолға қою жоспарлануда. Бұл өңірлер бөлінісінде ұйымдастырылған туристік сапарлар туралы егжей-тегжейлі ақпарат пен туристік саланың жай-күйі туралы статистикалық ақпарат (ішкі, келу және шығу туризмі бойынша туристік сапарлар көрсеткіштері, нөмірлік қорды пайдалануға беру, сыныптау және жүктеу көрсеткіштері, кадрлар, туристік саланы қолдау шаралары бойынша статистика, бағалар мен жұмыспен қамту серпіні және т.б.) қамтылатын салалық дашбордты және туристің портретін қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

      Ресей Федерациясында «Өмір сүруге арналған инфрақұрылым» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылы ұзындығы 600 километрден асатын туристік маршруттардағы жолдарды жаңарту жұмыстары орындалды.

      Бұдан басқа, Ресей Федерациясында «бірыңғай билет» жүйесі енгізілді, бұл сапардың бүкіл бағыты бойынша әртүрлі көлік түрлерін пайдалана отырып, бірыңғай көлік құжатын ресімдеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта «бірыңғай билет» 10 бағыт бойынша қолданылады.

      Автомобиль туристік маршруттарын қалыптастыру және дамыту, оның ішінде осындай маршруттарға жақын орналасқан жол-көлік, қамтамасыз етуші және туристік инфрақұрылымды күтіп-ұстау, нормативтік жағдайға келтіру және құру жөніндегі іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

      Ресей Федерациясында автомобиль туризмін 2035 жылға дейін дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ресей Федерациясының субъектілерімен бірлесіп автомобиль туристік маршруттарының цифрлық паспорттарын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мүдделі қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды тиімді жолға қоюға, автомобиль туристік маршруттары мен инфрақұрылым объектілерін дамыту процестерін басқаруға, міндеттердің орындалуы мен көрсеткіштерге қол жеткізілуін бақылауға, деректер жинауға және жедел есептілікті қалыптастыруға, іс-шаралар жоспарын әзірлеуге және оны іске асыру процестерін басқаруға мүмкіндік береді.

      Қалыптастырылған және бекітілген автомобиль туристік маршруттары «Путешествуем. РФ» ұлттық туристік порталында орналастырылады (ресурс туристік объектілер, дестинациялар мен маршруттар туралы, оның ішінде отбасылық, автомобиль, инклюзивті, өнеркәсіптік, ауылдық туризм және басқа да бағыттар бойынша ақпаратты қамтиды). Бұл порталда қазірдің өзінде 60-тан астам автомобиль туристік маршруты туралы деректер орналастырылған, олардың ішінде 5-уі өңіраралық маршруттар (соның ішінде «Алтын сақина көрікті жерлері бойынша автосаяхат»).

      Ұлттық туристік маршруттарды қалыптастыру жұмыстары да жүргізілуде. Қазіргі уақытта Ресей Федерациясының 50 субъектісінде 56 ұлттық туристік маршрут бекітілген. Ұлттық туристік маршруттарда туристік топтарға да, жеке саяхатшыларға да арналған дайын бағдарлама бар, оған мәдени-тарихи мұра объектілеріне және гастрономиялық тартылыс нүктелеріне бару, табиғаттың бірегей ескерткіштерімен, ұлттық парктермен, қорықтармен және тағы басқалармен танысу кіреді.

      Маршруттарда орналастыру орындары бойынша дайын ұсынымдар бар, бұл Ресей Федерациясы бойынша қызмет көрсету сапасы мен сапарлардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қолданыстағы және жаңа ұлттық туристік маршруттардың пайда болуының арқасында саяхатшылар туристік маршруттың негізгі нүктелері бойынша жайлы әрі қауіпсіз жүріп өтіп, ұмытылмас әсер ала алады.

      Туризмнің дамуына кедергі келтіретін негізгі факторлар мыналар болып табылады:

      туристік инфрақұрылымды пайдалануға маусымдық фактордың әсері;

      туристерді тасымалдаудың жоғары құны және инфрақұрылымдық шектеулер;

      туризм саласында білікті кадрлардың тапшылығы;

      шетелдік нарықтарда ресейлік туристік брендтердің танымалдылығының төмендігі.

4. Мүше мемлекеттерде туризмді дамытудың басым бағыттары

      Мүше мемлекеттердің туристік секторының ағымдағы жай-күйіне жүргізілген талдау мүше мемлекеттерде туризмді одан әрі дамыту, осы сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оның мүше мемлекеттердің ЖІӨ жалпы көлеміндегі үлесін ұлғайту үшін елеулі әлеуеттің бар екенін көрсетеді.

      Сонымен бірге мүше мемлекеттерде туризмнің дамуына бірқатар факторлар кедергі келтіреді, олардың негізгілері қолданыстағы инфрақұрылымдық және логистикалық проблемалар, инвестициялық белсенділік деңгейінің жеткіліксіздігі, білікті кадрлардың тапшылығы және басқалар болып табылады.

      Осыған байланысты мүше мемлекеттерде туристік секторды одан әрі дамыту, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ұлттық туристік өнімдерді әлемдік нарықтарда ілгерілету үшін қолайлы жағдайлар жасау маңызды мәнге ие.

      Көрсетілген міндеттерді шешу және мүше мемлекеттердің туристік секторының тұрақты өсу қарқынына қол жеткізу мақсатында мынадай стратегиялық құжаттар қабылданды:

      Армения Республикасында туризмді дамыту бағдарламасы;

      Беларусь Республикасында туризмді дамытудың 2035 жылға дейінгі ұлттық стратегиясы;

      Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы;

      Қырғыз Республикасында туризмді орнықты дамытудың 2025 – 2030 жылдарға арналған бағдарламасы;

      Ресей Федерациясында туризмді 2035 жылға дейінгі кезеңде дамыту стратегиясы;

      Ресей Федерациясында автомобиль туризмін 2035 жылға дейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы.

      Көрсетілген құжаттар негізінде мүше мемлекеттерде туризмді дамытудың мынадай басым бағыттары қалыптастырылды:

      туристік қызметтер көрсету саласындағы нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру, оның ішінде:

      туристік қызметтер секторын ішкі реттеуді оңтайландыру;

      ішкі және келу туризмін дамытуды ынталандыру;

      туристік сектордың инвестициялық тартымдылығын арттыру және қолжетімді әрі жайлы туристік орта құру;

      туристік инфрақұрылымды жаңғырту және одан әрі дамыту;

      туристік қызметтер секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

      туристік қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту;

      туристік қызметтер көрсету сапасын арттыру;

      мүше мемлекеттердің туристік өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде:

      мүше мемлекеттердің туристік ресурстарының әлеуетін дамыту;

      мүше мемлекеттердің ұлттық туристік брендтерін әзірлеу мен пайдалануды жандандыру;

      мүше мемлекеттердің ішкі және келу туристерін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете алатын туристік порталдарын жетілдіру;

      жыл сайынғы халықаралық туристік көрмелерге және өзге де осындай іс-шараларға, оның ішінде мүше мемлекеттердің аумақтарында өткізілетін іс-шараларға қатысу;

      туристік қызметтер сапасын жақсарту және олардың ішкі және келу туристері үшін қолжетімділігін арттыру;

      туристік өнімдерді ілгерілету үшін цифрлық платформаларды пайдалану;

      жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, туристік қызметтерді брондау, саяхатты жоспарлау, онлайн-карталар мен туристерге арналған мобильді қосымшаларды әзірлеу саласында цифрлық сервистерді дамыту және т.б.;

      туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін дамыту, оның ішінде:

      көрсетілетін қызметтердің сапасы мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тетіктерді әзірлеу және енгізу;

      туристерге қызмет көрсету сапасын арттыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған инфрақұрылымды дамыту;

      туристерге олардың уақытша болатын елінде (жерінде) қауіпсіздікке төнетін қатер туралы ақпарат беру жүйелерін пайдалану;

      туристік инфрақұрылым ведомстволары мен кәсіпорындары арасындағы байланыс және ақпарат алмасу жүйелерін дамыту;

      туризм саласындағы сақтандыру жүйесін жетілдіру;

      көрсетілетін туристік қызметтердің сапасын арттыру, оның ішінде:

      туристік қызметтер көрсетудің озық халықаралық (өңірлік) стандарттары негізінде ұлттық (мемлекеттік) стандарттарды әзірлеу немесе өзектендіру;

      туристерді орналастыру орындарын сыныптау бөлігінде міндетті талаптарды немесе туристік сала субъектілерін сыныптауға ынталандыру және уәждеу шараларын енгізу;

      туристік қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететін туристік қызметтерді ерікті сертификаттаудың ұлттық жүйелерін одан әрі дамыту (олар болған жағдайда);

      сапардың бүкіл кезеңінде, сондай-ақ дестинация орындарында болу кезінде туристер үшін жайлы орта құру, оның ішінде:

      көлік және туристік инфрақұрылымды дамыту, теміржол және автомобиль жолдарын, әуежайларды, вокзалдарды және жол бойындағы сервистік объектілерді жаңғырту;

      тораптық жолаушылар инфрақұрылымының сапасын арттыру;

      жолаушыларға қызмет көрсетудің хабтық технологиясын дамыту;

      аралас жолаушылар тасымалын дамыту, олардың «үздіксіздігін» қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау (тиісті цифрлық платформалар базасында);

      мүше мемлекеттердің теміржол көлігін пайдалана отырып туристік маршруттарды дамыту, круиздік кеме қатынасын және автомобиль туризмін дамыту бойынша ұсыныстар дайындау;

      туристік объектілердің, оның ішінде санаторийлік-курорттық және сауықтыру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту және нығайту;

      туристік кластерлерді (аймақтарды, арнайы немесе басым аумақтарды) құру;

      мүше мемлекеттердің туристік саласына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау, оның ішінде мүше мемлекеттердің туризм саласындағы заңнамасында, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі стратегиялық құжаттарда көзделген ынталандыру құралдарын қолдану арқылы;

      туризм саласына мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

      туристік сектордың қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін кәсіби кадрларды даярлау, оның ішінде осы сектордың қажеттіліктерін ескеретін және мамандандырылған пәндер тізбесін кеңейтетін қолданыстағы білім беру стандарттарын жаңарту және жаңа стандарттарды қабылдау арқылы.

5. Одақ шеңберінде мүше мемлекеттердің туризм саласындағы экономикалық ынтымақтастығын дамыту жөніндегі бірлескен іс-шаралар

      Мүше мемлекеттердің туристік әлеуетін дамыту, өзара туристік ағынды ұлғайту, туристік сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мүше мемлекеттердің туристік өнімдерін Одақ шеңберінде ілгерілету мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық комиссияның туризм саласындағы мүше мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығын дамыту жөніндегі тиісті іс-шараларды бірлесіп өткізуі арқылы жүзеге асырылады:

      бірлескен еуразиялық туристік маршруттарды әзірлеу және дамыту:

      жаңа трансшекаралық маршруттарды құру және қолданыстағы туристік маршруттарды өзектендіру;

      Одақтың ақпараттық порталындағы туристік маршруттар мен объектілер туралы ақпаратты өзектендіру;

      туризмнің жекелеген түрлерін (экологиялық, мәдени-танымдық, тау шаңғысы және т.б.) дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау және тәжірибе алмасу;

      мүше мемлекеттер арасындағы туристік ағынды ұлғайту және туристік топтарды тарту үшін жағдайлар жасау, оның ішінде:

      мүше мемлекеттерде туристік қызметтер көрсету стандарттарын қолдану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      туристік қауымдастықтар мен операторлардың өзара іс-қимылын тереңдетуге, оның ішінде бірлескен туристік өнімдерді дайындау, туристік қызметтерді тұтынушылардың сұранысын ынталандыру жөніндегі тиісті шараларды қолдану мүмкіндіктері туралы өзара ақпараттандыру (оның ішінде туристік операторлар мүдделі болған жағдайда арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктер), әсіресе төмен маусымда, бөлігінде жәрдемдесу;

      туризм саласындағы цифрлық технологияларды дамыту, оның ішінде:

      Одақтың ақпараттық порталында туристік маршруттар мен туристік объектілер туралы, сондай-ақ туристер және (немесе) кәсіби қоғамдастық үшін қызығушылық тудыратын мүше мемлекеттерде өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратты қамтитын туризм жөніндегі тақырыптық бөлімді әзірлеу және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      туризм саласында цифрлық платформалық шешімдерді енгізу мәселелері бойынша ынтымақтастық және тәжірибе алмасу;

      мүше мемлекеттердің туризм саласындағы уәкілетті органдарының әкімшілік ынтымақтастығын кеңейту, оның ішінде мүше мемлекеттердің құқықтық реттеу саласындағы өзара іс-қимылы

      және мүше мемлекеттердегі туризм саласындағы заңнаманың дамуы туралы ақпарат алмасу.

      Одақ шеңберінде туризм саласындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен іс-шараларды іске асыру және үйлестіру кезінде мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылы, оның ішінде Одақ шеңберінде туризмді дамыту мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі жұмыс тобы шеңберінде жүзеге асырылады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Одақ шеңберінде туризм саласындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіне кемінде 2 жылда 1 рет хабарласын.

Қорытынды ережелер

      Туризмді дамыту мемлекеттердің экономикалық өсуінің аса маңызды факторы болып табылады, ал туристік сектор жаңа жұмыс орындарын құру, халықтың нақты табыстары мен өмір сүру сапасын арттыру, инфрақұрылымдық салаларды дамыту және жалпы елдің ЖІӨ-сін қалыптастыру арқылы халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

      Дүниежүзілік саяхаттар және туризм кеңесінің деректері бойынша, саяхаттар мен туризм секторының әлемдік ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі үлесі шамамен 10 %-ды құрайды. Әлемдегі әрбір 10-шы жұмыс орны туризм саласында құрылған.

      Туристік сектор әлемдік экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, осыған байланысты мүше мемлекеттердің туризм саласындағы экономикалық ынтымақтастығын одан әрі кеңейту басым мәнге ие болады.

      Осы Тұжырымдамада Одақ шеңберінде туризмді дамытудың негізгі бағыттары айқындалған, оларды іске асыру мыналарға ықпал ететін болады:

      мүше мемлекеттердің туризм саласындағы экономикалық ынтымақтастығын дамытуға;

      туризм саласындағы перспективалы бірлескен жобаларды іске асыруға;

      мүше мемлекеттердің ЖІӨ-сіндегі туристік сектордың үлесін ұлғайтуға;

      мүше мемлекеттерде көрсетілетін туристік қызметтердің сапасын арттыруға және мүше мемлекеттер азаматтарының оларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға;

      мүше мемлекеттердің тұрақты экономикалық өсуінің маңызды факторы ретінде олардың туристік әлеуетін дамытуға және тиімді пайдалануға;

      мүше мемлекеттердің туристік секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға.

 

   

 

 ПРИЛОЖЕНИЕк Концепции развития туризмав рамках Евразийскогоэкономического союза

 

Основные показатели развития туристического секторав государствах - членах Евразийского экономического союза

     

      Рисунок 1. Общее количество посетивших Республику Армения туристов (млн человек)

     

      Рисунок 2. Доля туризма в ВВП Республики Армения (%)

     

      Рисунок 3. Количество рабочих мест в туристическом секторе Республики Армения (тыс. рабочих мест)

     

      Рисунок 4. Экспорт, импорт туристических услуг в Республике Армения (млн долларов США)

     

      Рисунок 5. Количество поездок иностранных граждан в Республику Беларусь (тыс. поездок)

     

      Рисунок 6. Общее количество посетивших Республику Беларусь туристов (тыс. человек)

     

      Рисунок 7. Доля туризма в ВВП Республики Беларусь (%)

     

      Рисунок 8. Количество рабочих мест в туристическом секторе Республики Беларусь (тыс. рабочих мест)

     

      Рисунок 9. Экспорт туристических услуг в Республике Беларусь (млн долларов США)

     

      Рисунок 10. Общее количество посетивших Республику Казахстан туристов (млн человек)

     

      Рисунок 11. Доля туризма в ВВП Республики Казахстан (%)

     

      Рисунок 12. Количество занятых в туристической отрасли Республики Казахстан (тыс. человек)

     

      Рисунок 13. Экспорт, импорт туристических услуг в Республике Казахстан (млрд долларов США)

     

      Рисунок 14. Общее количество посетивших Кыргызскую Республику туристов (млн человек)

     

      Рисунок 15. Доля туризма в ВВП Кыргызской Республики (%)

     

      Рисунок 16. Количество занятых в туристической отрасли Кыргызской Республики (тыс. человек)

     

      Рисунок 17. Экспорт, импорт туристических услуг в Кыргызской Республике (млн долларов США)

     

      Рисунок 18. Доля туризма в ВВП Российской Федерации (%)

     

      Рисунок 19. Количество туристических поездок но Российской Федерации (млн поездок)

     

      Рисунок 20. Экспорт, импорт туристических услуг в Российской Федерации по направлению "поездки" (млрд долларов США) 

 

 

 

 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау