Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Шешім / Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің жекелеген жарықдиодты (LED) шамдар түрлеріне қатысты әкелу кедендік баждарының мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің жекелеген жарықдиодты (LED) шамдар түрлеріне қатысты әкелу кедендік баждарының мөлшерлемелерін белгілеу туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің жекелеген жарықдиодты (LED) шамдар түрлеріне қатысты әкелу кедендік баждарының мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 12 мамырдағы № 53 шешімі

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 42 және 45-баптарына және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 1 қосымша болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 8539 52 000 2, 8539 52 000 3 және 8539 52 000 9 кодтарымен сыныпталатын жекелеген жарықдиодты (LED) шамдар түрлеріне қатысты 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің әкелу кедендік баждарының мөлшерлемелері кедендік құнының 5 пайызы мөлшерінде осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2030 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін белгіленсін.

      2. 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 8539 52 000 1 коды бар позициясында Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне қатысты "28С)" ескертпесіне сілтеме алып тасталсын;

      б) ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 8539 52 000 2 және 8539 52 000 3 кодтары бар позицияларында Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне қатысты "28С)" ескертпесіне сілтеме "119С)" сілтемесімен ауыстырылсын;

      в) ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 8539 52 000 9 коды бар позициясы төртінші бағанда "119С)" ескертпесіне сілтемемен толықтырылсын;

      г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертпелерде:

      28С ескертпесі күшін жойды деп танылсын;

      мынадай мазмұндағы 119С ескертпесімен толықтырылсын:

      "119С) Кедендік құнның 5 % мөлшеріндегі әкелу кедендік бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 12 мамырдағы № 53 шешімі күшіне енген күннен бастап 2030 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң, бірақ Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылдаған міндеттемелеріне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің баж мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен әкелу кедендік баждарының мөлшерлемелерін және осындай баж мөлшерлемелерінің мөлшерлерін Қазақстан Республикасы қолданатын тауарлар тізбесіне жекелеген жарықдиодты (LED) шамдар түрлеріне қатысты өзгерістер енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімі күшіне енген күннен ерте емес мерзімде күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушыБ. Сұлтанов

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заң қызметі Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар