Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тепловизиялық көздеуішті жіктеу туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 18 тамыздағы № 107 шешімі.
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 22-бабының 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Инфрақызыл бейнелеу құрылғысы бар, жылу сәулеленуін тіркейтін және оны кескінге түрлендіретін оптикалық электрондық аспап болып табылатын, тәуліктің кез келген уақытында және кез келген метеорологиялық жағдайларда бақылау және нысананы көздеп ату мақсатында атыс қаруына орнатуға арналған, түстер палитрасының режимдерін ауыстыру, цифрлық ұлғайту, көздеу торын түзету, фото және бейнетүсірілім жасау, дыбыспен бірге бейне ағынын ішкі жадқа жазу, нысаналарды анықтау және сәйкестендіру функциялары бар, кіріктірілген жадымен және Wi-Fi модулімен жабдықталған, лазерлік қашықтық өлшегіш блогы бар немесе онсыз тепловизиялық көздеуіш Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасын түсіндірудің 1 және 6 негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 9013 10 000 0 субпозициясында жіктеледі.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы | Б. Сағынтаев |
|---|
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар