Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Шешім / Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберінде Ресей Федерациясының міндеттемелерді орындауы туралы

Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберінде Ресей Федерациясының міндеттемелерді орындауы туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберінде Ресей Федерациясының міндеттемелерді орындауы туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 11 тамыздағы № 103 шешімі.

Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберінде Ресей Федерациясының міндеттемелерді орындау нәтижелеріне, атап айтқанда Ресей Федерациясының аумағы арқылы бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтарын немесе бағалы металдармен қапталған металдарды, бағалы металды немесе бағалы металдардың қосылыстарын қамтитын, негізінен бағалы металдарды алу үшін пайдаланылатын өзге де қалдықтар мен сынықтарды (ЕАЭО СЭҚ ТН 7112 коды), сондай-ақ негізінен бағалы металдарды алу үшін пайдаланылатын электротехникалық және электрондық бұйымдардың қалдықтары мен сынықтарын (ЕАЭО СЭҚ ТН 8549 21 000 0 және 8549 29 000 0 кодтары) (бұдан әрі – бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтары) транзиттік тасымалдауды жүзеге асыруға тыйым салуды қолдану бөлігінде жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 1-қосымшасы болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 43-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Ресей Федерациясында бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтарын Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзиттік тасымалдауды жүзеге асыруға тыйым салудың бар екені танылсын.

      2. Ресей Федерациясына бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтарын Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзиттік тасымалдауды жүзеге асыруға тыйым салуды қолдану кезінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 25-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын, 28-бабының 2 және 3-тармақтарын орындау қажеттігі туралы хабарлансын.

      3. Ресей Федерациясының Үкіметінен осы Шешім күшіне енген күннен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде Одақтың ішкі нарығындағы кедергіні жоюды қамтамасыз ету және ол жойылған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар ету сұралсын.

      4. Осы Шешімге Одақ Сотына белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының ТөрағасыБ. Сагинтаев

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Төрелік Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар  \