Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Шешім / Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміндегі жазба мәртебесінің түрлері туралы анықтамалық туралы

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміндегі жазба мәртебесінің түрлері туралы анықтамалық туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміндегі жазба мәртебесінің түрлері туралы анықтамалық туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 90 шешімі

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың 4-тармағын және 7-тармағын іске асыру мақсатында және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпараттың бірыңғай жүйесі туралы Ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

  1. Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміндегі жазба мәртебесінің түрлері туралы қоса беріліп отырған анықтамалық (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.
  2. Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпараттың бірыңғай жүйесінің ресурстары құрамына енгізілсін.
  3. Мыналар белгіленсін:

анықтамалық осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;

анықтамалықтың кодтық белгілерін пайдалану Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде зияткерлік меншік саласындағы жалпы процестерді технологиялық жобалау және іске асыру кезінде міндетті болып табылады.

  1. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

 

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін атқарушыБ. Сұлтанов

 

 

 БЕКІТІЛГЕН Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 90 шешімімен

 

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ ТАУАР БЕЛГІЛЕРІНІҢ БІРЫҢҒАЙ ТІЗІЛІМІНДЕГІ ЖАЗБА МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ

I. Анықтамалықтың егжей-тегжейлі мәліметтері

 

Жүктеп алу

 

Анықтамалық бөлімінің коды мен атауы / Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміндегі жазба мәртебесі түрінің коды

 

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміндегі жазба мәртебесі түрінің сипаттамасы

 

I. Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуге арналған өтінім туралы мәліметтерді қамтитын Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміндегі жазба мәртебесінің түрлері

 

01

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуге арналған жаңа өтінім
 

02

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуге арналған өтінім өзгертілді
 

10

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуге арналған өтінім қанағаттандырылды
 

20

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуден бас тарту
 

21

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуге арналған өтінім бойынша іс жүргізу тоқтатылды
 

30

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуге арналған өтінімді өтініш беруші кері қайтарып алды
 

31

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуге арналған өтінім кері қайтарылды (өтініш берушінің келісім туралы құжатты ұсынбауы)
 

32

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуге арналған өтінім кері қайтарылды (өтініш берушінің өтінімге сараптама жүргізу үшін бажды төлемеуі)
 

33

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеуге арналған өтінім кері қайтарылды (өтініш берушінің Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін тіркеу үшін бажды төлемеуі)
 

II. Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі туралы мәліметтерді қамтитын Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміндегі жазба мәртебесінің түрлері

 

01

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі тіркелді
 

03

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі туралы мәліметтер өзгертілді
 

04

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін тіркеу жойылды
 

05

Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне, қызмет көрсету белгісіне айрықша құқық тоқтатылды
 

06

Күші жойылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісі ұлттық тауар белгісіне арналған өтінімге түрлендірілді

 

II. Анықтамалықтың паспорты

 

Жүктеп алу

 

Р/с №

 

Элементтің белгіленуі

 

Сипаттамасы

 

1

 

2

 

3

 

1

Код079
  

2

Түрі1 – анықтамалық
  

3

АтауыЕуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміндегі жазба мәртебесі түрлерінің анықтамалығы
  

4

АббревиатурасыСВСЗТЗ
  

5

БелгіленуіЕО 079-2026 (ред.1)
  

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелеріЕуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 90 шешімі
  

7

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданысқа енгізілген (қолданыла бастаған) күні2026 жылғы 16 тамыз
  

8

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері–
  

9

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданудың аяқталу күні–
  

10

Оператор (операторлар)Еуразиялық экономикалық комиссия
  

11

Мақсатыанықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміндегі жазба мәртебесі түрлері туралы ақпаратты жүйелеуді және кодтауды қамтамасыз етуге арналған
  

12

Аннотация (қолданылу саласы)Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін электрондық құжаттарды (мәліметтерді) қалыптастыру кезінде пайдаланылады
  

13

Түйінді сөздертізілім, Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісі, Одақтың тауар белгісі
  

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын салазияткерлік меншік
  

15

Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптаманы пайдалану2 – анықтамалықты әзірлеу кезінде халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауыштар және (немесе) стандарттар қолданылмаған
  

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) болуы2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде баламалары жоқ
  

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі1 – жүйелеудің реттік әдісі
  

18

Жүргізу әдістемесі1 – анықтамалықты жүргізудің орталықтандырылған рәсімі
  

19

Құрылымыанықтамалық құрылымы туралы ақпарат (анықтамалық өрістерінің құрамы, олардың мәндер салалары және оларды қалыптастыру қағидалары) осы анықтамалықтың III бөлімінде көрсетілген
  

20

Деректердің құпиялылық дәрежесіанықтамалықтағы мәліметтер ашық қолжетімді ақпаратқа жатады
  

21

Қайта қараудың белгіленген мерзімділігі–
  

22

Өзгерістер–
  

23

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) егжей-тегжейлі мәліметтеріне сілтемеанықтамалықтың егжей-тегжейлі мәліметтері осы анықтамалықтың I бөлімінде келтірілген
  

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсіліЕуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

 

III. Анықтамалық құрылымының сипаттамасы

  1. Осы бөлім анықтамалықтың деректемелік құрамын және құрылымын, оның ішінде деректемелер мәндерінің салаларын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.
  2. Анықтамалықтың деректемелік құрамы мен құрылымы кестеде келтірілген, онда мынадай өрістер (бағандар) қалыптастырылады:

«деректеменің атауы» – деректеменің қалыптасқан немесе ресми сөздік белгіленуі;

«деректеме мәнінің саласы» – элементтің мәнін (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

«деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары» – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерінің сөздік сипаттамасы;

«мн.» – деректеменің еселігі (міндеттілігі (опционалдығы) және деректеменің ықтимал қайталану саны).

  1. Берілетін деректер деректемелерінің еселігін көрсету үшін мынадай белгілер пайдаланылады:

1 – деректеме міндетті, қайталануына жол берілмейді;

n – деректеме міндетті, n рет қайталануға тиіс (n > 1);

1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;

n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануға тиіс (n > 1);

n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен артық емес қайталануға тиіс (n > 1, m > n);

0..1 – деректеме опционалды, қайталануына жол берілмейді;

0..* – деректеме опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;

0..m – деректеме опционалды, m реттен артық емес қайталануы мүмкін (m > 1).

 

 Кесте

 

Анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамы

 

Жүктеп алу

 

Деректеменің атауы

 

Деректеме мәнінің саласы

 

Деректеме мәнін қалыптастыру қағидалары

 

Мн.

1. Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміндегі жазба мәртебесі туралы мәліметтерендірілген деректемелердің мәндер салаларымен айқындаладыендірілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады 

1..*

 1.1. Бөлімнің кодынормаланған символдар жолы.Үлгісі: I|IIрим цифрларын пайдалана отырып, кодтаудың дәйекті әдісімен қалыптастырылады 

1

 1.2. Бөлімнің атауысимволдар жолы.Ең аз ұзындығы: 1.Ең көп ұзындығы: 1000орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады 

1

 1.3. Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміндегі жазба мәртебесінің түрі туралы мәліметтерендірілген деректемелердің мәндер салаларымен айқындаладыендірілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады 

1..*

  1.3.1. Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміндегі жазба мәртебесі түрінің кодысимволдар жолы.Үлгісі: \d{2}кодтаудың сериялық-реттік әдісімен қалыптастырылады 

1

  1.3.2. Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілерінің бірыңғай тізіліміндегі жазба мәртебесі түрінің сипаттамасысимволдар жолы.Ең аз ұзындығы: 1.Ең көп ұзындығы: 4000орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптастырылады 

1

  1.3.3. Анықтамалық жазбасы туралы мәліметтерендірілген деректемелердің мәндер салаларымен айқындаладыендірілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады 

1

   1.3.3.1. Қолданысқа енгізілу күніИСО 8601 стандарттар сериясына сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күнЕуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданысқа енгізілу күніне сәйкес келеді 

1

   1.3.3.2. Анықтамалық жазбасының қолданысқа енгізілуін реттейтін акт туралы мәліметтерендірілген деректемелердің мәндер салаларымен айқындаладыендірілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады 

1

    *.1. Акт түрінің кодынормаланған символдар жолы.Үлгісі: \d{5}Еуразиялық экономикалық одақ органының акт түрінің Еуразиялық экономикалық одақ органдары актілерінің түрлері туралы анықтамалыққа сәйкес кодтық белгіленуі 

1

    *.2. Актінің нөмірісимволдар жолы.Ең аз ұзындығы: 1.Ең көп ұзындығы: 50Еуразиялық экономикалық одақ органының акт нөміріне сәйкес келеді 

1

    *.3. Актінің күніИСО 8601 стандарттар сериясына сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күнЕуразиялық экономикалық одақ органының актіні қабылдаған күніне сәйкес келеді 

1

   1.3.3.3. Қолданыс мерзімінің аяқталу күніИСО 8601 стандарттар сериясына сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күнЕуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданыс мерзімінің аяқталу күніне сәйкес келеді 

0..1

   1.3.3.4. Анықтамалық жазбасының қолданысын тоқтатуды реттейтін акт туралы мәліметтерендірілген деректемелердің мәндер салаларымен айқындаладыендірілген деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады 

0..1

    *.1. Акт түрінің кодынормаланған символдар жолы.Үлгісі: \d{5}Еуразиялық экономикалық одақ органының акт түрінің Еуразиялық экономикалық одақ органдары актілерінің түрлері туралы анықтамалыққа сәйкес кодтық белгіленуі 

1

    *.2. Актінің нөмірісимволдар жолы.Ең аз ұзындығы: 1.Ең көп ұзындығы: 50Еуразиялық экономикалық одақ органының акт нөміріне сәйкес келеді 

1

    *.3. Актінің күніИСО 8601 стандарттар сериясына сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күнЕуразиялық экономикалық одақ органының актіні қабылдаған күніне сәйкес келеді 

1

 

 

 

 

 

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заң қызметі Заң қызметі Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар