Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдардың ортақ нарығын дамыту тұжырымдамасы туралы
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 10 өкімі.
Еуразиялық экономикалық жоғары кеңестің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 12 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны 2025 жылға дейін дамытудың Стратегиялық бағыттарының 4.10.1-тармағын іске асыру мақсатында:
- Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдардың ортақ нарығын дамыту тұжырымдамасы мақұлдансын.
Еуразиялық экономикалық комиссия көрсетілген Тұжырымдаманы Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастырсын.
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің медициналық бұйымдар айналысы саласындағы уәкілетті органдары медициналық бұйымдардың ортақ нарығын дамыту мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдардың ортақ нарығын дамыту тұжырымдамасын басшылыққа алсын.
- Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:
| Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
|---|
| Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 10 өкімімен МАҚҰЛДАНҒАН |
|---|
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ ШЕҢБЕРІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ ОРТАҚ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
I. КІРІСПЕ
Осы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдардың ортақ нарығын дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі тиісінше – Тұжырымдама, медициналық бұйымдардың ортақ нарығы, Одақ) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 4 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны 2025 жылға дейін дамытудың Стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 4.10.1-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
Осы Тұжырымдаманың стратегиялық мақсаты мен міндеттері III бөлімде көрсетілген.
II. ОДАҚ ШЕҢБЕРІНДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІ
1. Саланың көлемі мен серпіні¹
¹ Еуразиялық экономикалық комиссия дайындаған «ЕАЭО-ның медициналық бұйымдар және медициналық көмек көрсету кезінде қолданылатын бұйымдар нарығы (2018–2021 жж.)» баяндамасының материалдары бойынша.
Саланы бағалау үшін 2018–2021 жылдар кезеңіндегі Одаққа мүше мемлекеттердің медициналық бұйымдарға қатысты сыртқы сауда қызметіне талдау пайдаланылды. 2022–2023 жылдары Одаққа мүше бірқатар мемлекеттерге қатысты экономикалық қысым шараларын енгізу нәтижесінде болған өзгерістер статистикалық ақпаратқа қолжетімділіктің шектелуіне байланысты Тұжырымдаманың осы бөлімшесінде қарастырылмайды.
Талдау барысында медициналық мақсаттағы өнімдердің ТН СЭҚ 4 таңбалы коды бойынша барлығы 20 тауар тобы қарастырылды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Одаққа мүше мемлекеттердің медициналық мақсаттағы тауарлармен сыртқы сауда айналымы 10,2 млрд АҚШ долларынан асып, 2020 жылғы көрсеткіштерден 4,4%-ға жоғары болды, ал 2018 жылға қатысты базистік өсім 21,8%-ды құрады. Бұл ретте орташа жылдық өсім көрсеткіші 6,8% деңгейінде қалыптасты. 2018 жылдан бастап тауар айналымының құндық мәндегі көлемі жалпы алғанда 1,8 млрд АҚШ долларына ұлғайды.
Осы соманың негізгі бөлігі, яғни 87,6%-ға дейінгі үлесі импорттық операцияларға тиесілі болып, 9,0 млрд АҚШ долларын құрады. 2018 жылдан 2021 жылға дейінгі бүкіл кезеңде Одаққа мүше мемлекеттерге жеткізілетін медициналық мақсаттағы өнім көлемінің өсуі байқалды. 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға өсім тіркелді, ал 2018 жылға қатысты базистік өсім 26,3%-ға жетті, осылайша орташа жылдық өсім көрсеткіші 8,1%-ды құрады. Осылайша, қарастырылып отырған кезеңде импорт құндық мәнде шамамен 1,8 млрд АҚШ долларына өсті, ал оның тауар айналымындағы үлесі 84,5%-дан 87,6%-ға дейін ұлғайды.
Медициналық мақсаттағы тауарлар бойынша экспорттық операцияларға қатысты 2018–2021 жылдар кезеңінде өзгермелі серпін байқалды. Атап айтқанда, 2019 және 2021 жылдары алдыңғы жылмен салыстырғанда көрсеткіштердің тиісінше 5,1% және 12,8% өсуі байқалды. Алайда 2021 жылдың 2018 жылға қатысты базистік көрсеткіші -2,6%-ды құрады. Құндық мәнде қарастырылып отырған кезеңнің қорытындысы бойынша экспорттық операциялар көлемі 0,03 млрд АҚШ долларынан астам төмендеп, 2018 жылғы 1,3 млрд АҚШ долларынан 2020 жылы 1,27 млрд АҚШ долларына дейін азайды. Бұл ауытқулар орташа жылдық көрсеткіштің -0,9% болуына әкелді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Одаққа мүше мемлекеттердің тауар айналымындағы экспорттық операциялардың үлесі 12,4%-ға дейін қысқарды, ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 15,5%-ға тең болған.
Қарастырылып отырған кезеңде Одаққа мүше мемлекеттердің сауда сальдосының төмендеуі айқын байқалды. Егер 2018 жылы Одаққа мүше мемлекеттердің теріс сальдосы -5,8 млрд АҚШ долларын құраса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш -7,8 млрд АҚШ долларына дейін өсті. Бұл үрдіс Одаққа мүше мемлекеттердің медициналық мақсаттағы тауарларды импорттық жеткізілімдерге тәуелділігінің артып келе жатқанын көрсетеді, бұл ретте үшінші елдердің нарықтары Одаққа мүше мемлекеттердің аумағында өндірілетін медициналық мақсаттағы өнімдерді сатып алу көлемін ұлғайтпай отыр.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Одаққа мүше мемлекеттердің импорттық операцияларында жетекші орын алған негізгі тауар топтары мыналар болды:
- ТН СЭҚ коды 9018 – медицинада, хирургияда, стоматологияда немесе ветеринарияда қолданылатын аспаптар мен құрылғылар, оның ішінде сцинтиграфиялық аппаратура, өзге де электрмедициналық аппаратура және көру қабілетін зерттеуге арналған аспаптар. 2018–2021 жылдар кезеңінде осы тауар тобы бойынша импорттық операциялардың өсуі байқалды. Бұл ретте кезең соңында 2018 жылға қатысты базистік өсім көрсеткіші 34,7%-ға жетті, ал орташа жылдық көрсеткіш 10,4% деңгейінде қалыптасты. 2021 жылдың қорытындысы бойынша осы тауарлардың импорт құрылымындағы үлесі 33,6%-ды құрап, құндық мәнде 3,0 млрд АҚШ долларына тең болды.
2021 жылы Одаққа мүше мемлекеттер арасында осы топтағы тауарлардың негізгі импорттаушысы Ресей Федерациясы болды, ол импортталған өнімнің жалпы көлемінің шамамен 86,9%-ын, яғни 2,5 млрд АҚШ долларын сатып алды. Қазақстан Республикасы осы өнімді 284,4 млн АҚШ долларына (9,4%), Беларусь Республикасы – 173,4 млн АҚШ долларына (5,7%), Армения Республикасы – 38,7 млн АҚШ долларына (1,3%), Қырғыз Республикасы – 18,3 млн АҚШ долларына (0,6%) импорттады.
2021 жылы қарастырылып отырған тауар тобының Одаққа мүше мемлекеттерге негізгі жеткізушілері 637,0 млн АҚШ долларына өнім жеткізген Германия Федеративтік Республикасы (жалпы көлемнің 21,0%), одан кейін Қытай Халық Республикасы – 512,7 млн АҚШ доллары (16,9%), АҚШ – 416,6 млн АҚШ доллары (13,7%), Жапония – 350,0 млн АҚШ доллары (11,6%) және Корея – 170,3 млн АҚШ доллары (5,6%) болды.
- ТН СЭҚ коды 9021 – ортопедиялық құрылғылар, оның ішінде балдақтар, хирургиялық белдіктер мен бандаждар; шиналар және сынықтарды емдеуге арналған өзге де құрылғылар; дененің жасанды бөліктері; есту аппараттары және ағза ақауының немесе оның жұмыс істемеуінің орнын толтыру үшін денеге тағылатын, өзімен бірге алып жүретін немесе денеге имплантацияланатын өзге де құрылғылар (9,3% / 0,9 млрд АҚШ доллары).
2021 жылы осы тауар тобы өнімдерінің негізгі импорттаушысы Ресей Федерациясы болды, ол Одақтың кедендік аумағына әкелінген қарастырылып отырған тауарлардың жалпы көлемінің 82,2%-дан астамын, яғни 773,4 млн АҚШ долларынан астамын сатып алды. Одаққа мүше басқа мемлекеттер арасында жеткізілімдердің едәуір көлемі Қазақстан Республикасына тиесілі болды, оның үлесі 10,1%-ды құрап, құндық мәнде 95,2 млн АҚШ долларына тең болды. Беларусь Республикасына 50,9 млн АҚШ долларына (5,4%), Армения Республикасына 17,5 млн АҚШ долларына (1,97%), ал Қырғыз Республикасына 3,9 млн АҚШ долларына тең тауар жеткізілді, бұл 0,4% үлеске сәйкес келеді.
2021 жылы қарастырылып отырған тауар тобының Одаққа мүше мемлекеттерге негізгі жеткізушілері 186,7 млн АҚШ долларына өнім жеткізген АҚШ (жалпы көлемнің 19,8%), одан кейін Германия Федеративтік Республикасы – 113,6 млн АҚШ доллары (12,1%), Ирландия – 107,3 млн АҚШ доллары (11,4%), Корея – 84,9 млн АҚШ доллары (9,0%) және Швейцария – 73,9 млн АҚШ доллары (7,9%) болды.
- ТН СЭҚ коды 9027 – физикалық немесе химиялық талдауға арналған аспаптар мен аппаратура (мысалы, поляриметрлер, рефрактометрлер, спектрометрлер, газ талдағыштар); тұтқырлықты, кеуектілікті, ұлғаюды, беткі керілуді немесе осыған ұқсас көрсеткіштерді өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура; жылу, дыбыс немесе жарық мөлшерін өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура (экспонометрлерді қоса алғанда); микротомдар (9,3% / 0,9 млрд АҚШ доллары).
Қарастырылып отырған тауарлар импортының негізгі бөлігі Ресей Федерациясына тиесілі болды. Оның үлесі 86,0%-ды немесе 793,2 млн АҚШ долларын құрады. Одаққа мүше басқа мемлекеттер арасында жеткізілімдердің едәуір көлемі Қазақстан Республикасына тиесілі болды, оның үлесі 8,1%-ды құрап, құндық мәнде 74,8 млн АҚШ долларына тең болды. Беларусь Республикасына 43,3 млн АҚШ долларына (4,7%), Армения Республикасына 8,5 млн АҚШ долларына (0,9%), ал Қырғыз Республикасына 2,8 млн АҚШ долларына тең тауар жеткізілді, бұл 0,3% үлеске сәйкес келеді.
2021 жылы қарастырылып отырған тауар тобының Одаққа мүше мемлекеттерге негізгі жеткізушілері 195,7 млн АҚШ долларына өнім жеткізген АҚШ (жалпы көлемнің 21,2%), одан кейін Германия Федеративтік Республикасы – 171,8 млн АҚШ доллары (18,6%), Қытай Халық Республикасы – 115,1 млн АҚШ доллары (12,5%), Жапония – 101,6 млн АҚШ доллары (11,0%) және Англия – 43,5 млн АҚШ доллары (4,7%) болды.
- ТН СЭҚ коды 9022 – рентгендік, альфа-, бета- немесе гамма-сәулеленуді пайдалануға негізделген, медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық мақсатта пайдалануға арналған немесе арналмаған аппаратура, оның ішінде рентгенографиялық немесе радиотерапиялық аппаратура, рентген түтіктері және рентген сәулеленуінің өзге де генераторлары, жоғары кернеулі генераторлар, басқару қалқандары мен пульттері, экрандар, зерттеу немесе емдеу үшін пайдаланылатын үстелдер, креслолар және осыған ұқсас бұйымдар (9,3% / 0,8 млрд АҚШ доллары).
2021 жылы осы топтағы тауарлардың ең көп көлемі Ресей Федерациясына 673,5 млн АҚШ долларына әкелінді, бұл осы топтағы импортталған барлық тауарлардың 80,5%-ын құрады. Одаққа мүше басқа мемлекеттер арасында жеткізілімдердің едәуір көлемі Қазақстан Республикасына тиесілі болды, оның үлесі 11,7%-ды құрап, құндық мәнде 98,1 млн АҚШ долларына тең болды. Беларусь Республикасына 53,3 млн АҚШ долларына (5,2%), ал Армения Республикасына және Қырғыз Республикасына тиісінше 9,0 млн АҚШ долларына (1,1%) және 2,9 млн АҚШ долларына (0,3%) тауар жеткізілді.
2021 жылы қарастырылып отырған тауар тобының Одаққа мүше мемлекеттерге негізгі жеткізушілері 155,7 млн АҚШ долларына өнім жеткізген Германия Федеративтік Республикасы (жалпы көлемнің 18,6%), одан кейін АҚШ – 147,4 млн АҚШ доллары (16,3%), Қытай Халық Республикасы – 120,2 млн АҚШ доллары (14,4%), Жапония – 112,7 млн АҚШ доллары (13,5%) және Корея – 71,8 млн АҚШ доллары (8,6%) болды.
- ТН СЭҚ коды 9019 – механотерапияға арналған құрылғылар; массаж аппараттары; қабілеттерді анықтауға арналған психологиялық тестілер аппаратурасы; озонмен, оттегімен және аэрозольмен емдеуге арналған аппаратура, жасанды тыныс алдыру аппаратурасы немесе өзге де терапиялық тыныс алу аппаратурасы (5,1% / 0,5 млрд АҚШ доллары).
2021 жылы осы топтағы тауарлардың негізгі көлемі Ресей Федерациясына 660,6 млн АҚШ долларына әкелінді, бұл осы топтағы импортталған барлық тауарлардың 77,7%-ын құрады. Одаққа мүше басқа мемлекеттер арасында жеткізілімдердің едәуір көлемі Қазақстан Республикасына тиесілі болды, оның үлесі 19,2%-ды құрап, құндық мәнде 163,0 млн АҚШ долларына тең болды. Беларусь Республикасына 13,8 млн АҚШ долларына (1,6%), Қырғыз Республикасына 8,5 млн АҚШ долларына (1,0%), ал Армения Республикасына 4,1 млн АҚШ долларына тең тауар жеткізілді, бұл 0,5% үлеске сәйкес келеді.
2021 жылы қарастырылып отырған тауар тобының Одаққа мүше мемлекеттерге негізгі жеткізушілері 210,9 млн АҚШ долларына өнім жеткізген Қытай Халық Республикасы (жалпы көлемнің 46,2%), одан кейін Германия Федеративтік Республикасы – 77,7 млн АҚШ доллары, – 24,1 млн АҚШ доллары (5,3%) және Италия – 17,2 млн АҚШ доллары (3,8%) болды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша Одақтың кедендік аумағына әкелінетін негізгі бес тауар позициясы импортының жалпы үлесі 68,6%-ды құрады, бұл құндық мәнде 6,2 млрд АҚШ долларына тең болды. Бұл ретте негізгі жеткізушілер Қытай Халық Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, АҚШ және Жапония болды. Медициналық бұйымдар импорты тауарларының құрылымы бұдан әрі I-1-суретте көрсетілген.
I-1-сурет. 2021 жылы Одаққа мүше мемлекеттердің негізгі импорт тауарлары
Одаққа мүше мемлекеттердің аумағында өндірілген медициналық мақсаттағы өнімдердің экспортына қатысты ТН СЭҚ-тың 4 тауарлық таңбасы бөлінісінде сауда құрылымына жүргізілген талдау 2021 жылы жетекші орын алған негізгі тауар топтары мыналар болғанын көрсетті:
- ТН СЭҚ коды 9031 – осы топтың басқа жерінде аталмаған немесе қамтылмаған өлшеу немесе бақылау аспаптары, құрылғылары мен машиналары; профильдік проекторлар. 2018–2021 жылдар кезеңінде осы тауар тобы бойынша экспорттық операциялар өсімінің көрсеткіштері толқынды өзгеріске ұшырады. Бұл ретте кезең соңында 2018 жылға қатысты базистік өсім көрсеткіші 7,7%-ға жетті, ал орташа жылдық көрсеткіш 2,5% деңгейінде қалыптасты. 2021 жылдың қорытындысы бойынша осы тауарлардың импорт құрылымындағы үлесі 26,0%-ды құрап, құндық мәнде 0,3 млрд АҚШ долларына тең болды.
2021 жылы Одаққа мүше мемлекеттер арасында осы топтағы тауарлардың негізгі және іс жүзінде жалғыз экспорттаушысы Ресей Федерациясы болды, ол үшінші елдерге шетелге сатылған өнімнің жалпы көлемінің шамамен 94,4%-ын, яғни 312,5 млн АҚШ долларына тең өнімді жеткізді. Қазақстан Республикасы осы өнімді 5,4 млн АҚШ долларына (1,6%), Беларусь Республикасы – 12,5 млн АҚШ долларына (3,8%), Армения Республикасы – 0,2 млн АҚШ долларына (<0,1%), Қырғыз Республикасы – 0,3 млн АҚШ долларына (0,1%) жеткізді.
2021 жылы Одаққа мүше мемлекеттерден қарастырылып отырған тауар тобының негізгі жеткізу бағыттары 89,2 млн АҚШ долларына өнім сатып алған Алжир (жалпы көлемнің 27,0%), одан кейін Египет – 53,5 млн АҚШ доллары (16,2%), Үндістан – 51,3 млн АҚШ доллары (15,5%) және Қытай Халық Республикасы – 16,3 млн АҚШ доллары (4,9%) болды.
- ТН СЭҚ коды 9013 – басқа тауар позицияларында неғұрлым нақты сипатталған бұйымдарды қоспағанда, сұйық кристалдардағы құрылғылар; лазерлік диодтарды қоспағанда, лазерлер; осы топтың басқа жерінде аталмаған немесе қамтылмаған өзге де оптикалық аспаптар мен құралдар (23,8% / 302,8 млн АҚШ доллары).
2021 жылы осы тауар тобы өнімдерінің негізгі экспорттаушысы Ресей Федерациясы болды, ол үшінші елдерге шетелге сатылған тауарлардың жалпы көлемінің 86,8%-дан астамын, яғни 262,7 млн АҚШ долларынан астам өнімді жеткізді. Беларусь Республикасы жеткізілім көлемі бойынша 302,8 млн АҚШ доллары немесе 38,7 млн АҚШ доллары (12,8%) көрсеткішімен екінші экспорттаушы болды. Одаққа мүше басқа мемлекеттердің аталған тауарлар бойынша экспортының үлесі 2021 жылы 0,03%-дан аспады.
2021 жылы Одаққа мүше мемлекеттерден қарастырылып отырған тауар тобының негізгі тұтынушылары 110,6 млн АҚШ долларына өнім сатып алған Қытай Халық Республикасы (жалпы көлемнің 36,5%), одан кейін Германия Федеративтік Республикасы – 96,3 млн АҚШ доллары (31,8%), АҚШ – 24,4 млн АҚШ доллары (8,1%), Үндістан – 32,1 млн АҚШ доллары (10,6%) және Литва – 11,6 млн АҚШ доллары (3,8%) болды.
- ТН СЭҚ коды 9032 – автоматты реттеуге немесе басқаруға арналған аспаптар мен құрылғылар (9,4% / 120,1 млн АҚШ доллары).
2021 жылы осы тауар тобы өнімдерінің негізгі экспорттаушысы Ресей Федерациясы болды, ол үшінші елдерге шетелге сатылған тауарлардың жалпы көлемінің 94,0%-дан астамын, яғни 112,8 млн АҚШ долларынан астам өнімді жеткізді. Одаққа мүше басқа мемлекеттер арасында қарастырылып отырған тауарлардың экспорттық құрылымына Қазақстан Республикасы елеулі үлес қосты, оның үлесі 2,5%-ды құрап, құндық мәнде 3,0 млн АҚШ долларына тең болды. Беларусь Республикасы 1,9 млн АҚШ долларына (1,6%), ал Армения Республикасы 2,2 млн АҚШ долларына (1,9%) тауар жеткізді.
2021 жылы Одаққа мүше мемлекеттердің қарастырылып отырған тауарларды жеткізудің негізгі бағыттары 24,8 млн АҚШ долларына өнім сатып алған Германия Федеративтік Республикасы (жалпы көлемнің 20,7%), Үндістан – 15,5 млн АҚШ доллары (12,9%) және Алжир – 12,6 млн АҚШ доллары (10,5%) болды. 4 және 5-орындарды иеленген Қытай Халық Республикасы мен Сербияның үлесі тиісінше 6,9% және 6,1%-ды құрады.
- ТН СЭҚ коды 9018 – медицинада, хирургияда, стоматологияда немесе ветеринарияда қолданылатын аспаптар мен құрылғылар, оның ішінде сцинтиграфиялық аппаратура, өзге де электрмедициналық аппаратура және көру қабілетін зерттеуге арналған аспаптар (8,8% / 111,6 млн АҚШ доллары).
2021 жылы қарастырылып отырған тауарлардың негізгі экспорттаушылары Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы болды, олар тиісінше 76,6 млн АҚШ доллары және 29,7 млн АҚШ долларына тең тауар жеткізіп, барлық экспорттық операциялардың 68,6%-ын және 26,6%-ын құрады. Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының үлесіне тиісінше 4,1%, 0,6% және 0,2% тиесілі болды.
Қарастырылып отырған тауарлар бойынша Одаққа мүше мемлекеттердің үшінші елдерге экспортының екі негізгі бағыты Нидерланд пен Украина болды, оларға тиісінше 26,2 млн АҚШ доллары және 20,4 млн АҚШ долларына тең тауар жеткізілді, бұл жалпы экспорттың 23,5%-ын және 18,3%-ын құрады. Сонымен қатар, экспорттың негізгі бес бағытына Өзбекстан, АҚШ және Қытай Халық Республикасы кірді.
- ТН СЭҚ коды 9030 – осциллографтар, спектр анализаторлары, 9028 тауар позициясындағы өлшеу аспаптарын қоспағанда, электр шамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған өзге де аспаптар мен аппаратура; альфа-, бета-, гамма-, рентгендік, ғарыштық немесе өзге де иондаушы сәулеленуді анықтауға немесе өлшеуге арналған аспаптар мен аппаратура (5,8% / 74,5 млн АҚШ доллары).
2021 жылы қарастырылып отырған тауарлар бойынша экспорттық операциялардың басым бөлігі Ресей Федерациясы тарапынан жүзеге асырылды, оның үлесіне жеткізілімдердің жалпы көлемінің шамамен 79,4%-ы немесе 59,2 млн АҚШ доллары тиесілі болды, сондай-ақ Беларусь Республикасының үлесі 18,0%-ды құрап, құндық мәнде 13,4 млн АҚШ долларына тең болды. Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Армения Республикасының үлесіне тиісінше 1,7%, 0,8% және 0,1% жеткізілім тиесілі болды.
Қарастырылып отырған топтағы тауарлар экспортының негізгі бағыттарының қатарында үшінші елдерге жеткізілген барлық тауарлардың 12,3%-дан астамын 9,2 млн АҚШ долларына сатып алған Қытай Халық Республикасы және 7,4 млн АҚШ долларына немесе 10,0%-ға тең тауар сатып алған Алжир болды. Сонымен қатар, елеулі сатып алуларды АҚШ – 9,1%, Үндістан – 8,8% және Литва – 8,4% жүзеге асырды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша үшінші елдердің аумағына шығарылатын негізгі бес тауар позициясы экспортының жалпы үлесі 73,7%-ды құрады, бұл құндық мәнде 0,9 млрд АҚШ долларына тең болды. Одаққа мүше мемлекеттер экспортының негізгі бағыттары Қытай Халық Республикасы, АҚШ, Үндістан және Алжир болды.
Медициналық бұйымдар экспорты тауарларының құрылымы 1-2-суретте көрсетілген.
1-2-сурет. 2021 жылы Одаққа мүше мемлекеттердің негізгі экспорт тауарлары
Жалпы алғанда, Одаққа мүше мемлекеттердің медициналық мақсаттағы тауарлар бойынша үшінші елдермен сыртқы саудасының серпіні импорттық өнім жеткізілімдерінің ұлғаюы және сыртқы нарықтарға экспорттық операциялардың қысқаруы үрдістерімен сипатталды, бұл нәтижесінде теріс сальдоның өсуіне алып келді. Сонымен бірге үшінші елдерге экспорттық операциялардың қысқаруы Одаққа мүше мемлекеттердің өзара сауда көлемінің өсуімен қатар жүрді.
Медициналық мақсаттағы тауарлар импорттық операцияларының көшбасшысы ТН СЭҚ-тың 9018 коды бойынша тауарлар тобы болғанын атап өткен жөн (медицинада, хирургияда, стоматологияда немесе ветеринарияда қолданылатын аспаптар мен құрылғылар, оның ішінде сцинтиграфиялық аппаратура, өзге де электрмедициналық аппаратура және көру қабілетін зерттеуге арналған аспаптар). Бұл топ экспортталатын тауарлардың алғашқы бестігіне де кірді. Бұл ретте экспорт құрылымында осы санаттағы неғұрлым төмен технологиялық бұйымдар басым болса, импортта осы топқа кіретін кешенді аппаратура басым болды.
Одаққа мүше мемлекеттердің нарығының ортопедия саласына қатысты оңалту-түзету емінде қолданылатын импорттық тауарларға тәуелділігі айқын байқалады. Мұндай бағыттағы заманауи бұйымдарды өндіру күрделі жабдықтың болуын және полимер өнімдерінің кең ассортиментіне қол жеткізуді талап ететінін атап өту маңызды.
Сонымен қатар, ТН СЭҚ-тың 9027 коды бойынша топқа кіретін тауарлар нарықтарының импортқа елеулі тәуелділігі байқалады (физикалық немесе химиялық талдауға арналған аспаптар мен аппаратура (мысалы, поляриметрлер, рефрактометрлер, спектрометрлер, газ талдағыштар); тұтқырлықты, кеуектілікті, ұлғаюды, беткі керілуді немесе осыған ұқсас көрсеткіштерді өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура; жылу, дыбыс немесе жарық мөлшерін өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура (экспонометрлерді қоса алғанда); микротомдар). Бұл осы топқа кіретін тауарлардың кейбір түрлерін өндірудің іс жүзінде толық болмауымен және соның салдарынан ішкі нарықта олардың ұсынысының тапшылығымен байланысты.
Соған қарамастан, келтірілген статистика Одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық өндірушілеріне мынадай тауарларды өндіру саласында сыртқы нарықтар үшін бәсекелестік күрес жүргізуге мүмкіндік бар екенін көрсетеді: өлшеу немесе бақылау аспаптары, құрылғылары мен машиналары; медициналық лазерлер мен оптикалық аспаптар; хирургиялық құралдар мен аспаптар; автоматты реттеуге немесе басқаруға арналған аспаптар мен құрылғылар; сондай-ақ осциллографтар, спектр анализаторлары, электр шамаларын өлшеуге немесе бақылауға арналған өзге де аспаптар мен аппаратура.
2. Медициналық бұйымдардың ортақ нарығының өзекті жай-күйі
Одақ шеңберінде медициналық бұйымдардың ортақ нарығының жұмыс істеуі Одақ органдарының медициналық бұйымдар айналысы саласындағы актілер жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Осы жүйенің негізі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт негізінде қабылданған Келісім болып табылады. Келісімді дамыту мақсатында әзірленген актілер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мен Алқасының шешімдері және ұсынымдары болып табылады (бұдан әрі – Комиссия).
Келісімге сәйкес Одақ шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидалары Медициналық бұйымдарды реттеушілердің халықаралық форумы (IMDRF) ұсынымдарына сәйкес белгіленеді. Одақ шеңберінде бірыңғай қағидаларды әзірлеудің жалпы тәсілдері IMDRF-тің «Медициналық бұйымдардың сәйкестігін бағалау қағидаттары» («Principles of Conformity Assessment for Medical Devices») ұсынымын (GHTF/SG1/N78:2012) ескереді.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша медициналық бұйымдар айналысы саласында Комиссияның 21 актісі қолданылады, оның ішінде Комиссия Кеңесінің 10 шешімі, Комиссия Алқасының 4 шешімі және Комиссия Алқасының 7 ұсынымы бар. Олар медициналық бұйымдар айналысына қатысты, ұлтүсті реттеу деңгейіне жатқызылған мәселелерді реттейді. 2021–2024 жылдары оларды қолдану тәжірибесі мен халықаралық практикада болған жекелеген аспектілердегі өзгерістер ескеріле отырып, Комиссияның бірқатар шешімдерінің жаңа редакциялары қабылданды.
| II-1-кесте |
|---|
Комиссия шешімдерінің жаңа редакциялары
Жүктеп алу
| № | Қағидалардың атауы | Қағидалардың жаңа редакциясы |
|---|---|---|
| 1. | Медициналық бұйымдарды қолданудың әлеуетті тәуекеліне қарай жіктеу қағидалары | Комиссия Алқасының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 65 шешімі |
| 2. | Медициналық бұйымдарды техникалық сынақтан өткізу қағидалары | Комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 25 шешімі |
| 3. | Медициналық бұйымдардың биологиялық әсерін бағалау мақсатында зерттеулер (сынақтар) жүргізу қағидалары | Комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 26 шешімі |
| 4. | Медициналық бұйымдарға клиникалық және клиникалық-зертханалық сынақтар (зерттеулер) жүргізу қағидалары | Комиссия Кеңесінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 7 шешімі |
| 5. | Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін тіркеу және сараптау қағидалары | Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 144 шешімі (2023 жылғы 30 наурыздағы редакцияда) |
Медициналық бұйымдардың ортақ нарығының жұмыс істеуі 2017 жылғы 26 сәуірде, Одаққа мүше барлық мемлекеттер Армения Республикасының Келісімге қосылуы туралы хаттаманы ратификациялап, ол күшіне енген кезде басталды.
2021–2023 жылдары Келісімнің өтпелі ережелеріне (11-бап) енгізілген өзгерістерге сәйкес ұлттық қағидалар бойынша тіркелген медициналық бұйымдардың оларды тіркеу фактісін растайтын құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін айналыста болу мүмкіндігі көзделген. Мұндай медициналық бұйымдар тек олар тіркелген мемлекеттің аумағында ғана айналыста бола алады.
Одаққа мүше мемлекеттерде медициналық бұйымдарды ұлттық қағидалар бойынша тіркеуден өту мақсатында өтініштер беру мерзімі 2025 жылдың соңына дейін ұзартылды (2023 жылғы 13 ақпандағы Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама). Өтпелі кезеңді одан әрі ұзарту мәселесі талқылануда.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Одақ құқығына сәйкес тіркеу куәліктерін алған медициналық бұйымдардың саны (Одаққа мүше мемлекеттер бөлінісінде) II-3-суретте көрсетілген.
II-3-сурет. Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Одақ шеңберінде медициналық бұйымдар айналысын реттеудің ортақ тәсілдерін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде ұсынған деректері бойынша Одаққа мүше әрбір мемлекетте берілген медициналық бұйымдарды тіркеу куәліктерінің саны
Одақ құқығында медициналық бұйымдар өндірісінің сапа менеджменті жүйесін инспекциялауды енгізу медициналық бұйымдар сапасы мен қауіпсіздігіне әсер ететін процестердің қадағалануын қамтамасыз ететін медициналық бұйымдар айналысын реттеудің кешенді тәсілін қалыптастыруға бағытталған.
Қазіргі уақытта Комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 106 шешімімен бекітілген медициналық бұйымдарды қолданудың әлеуетті тәуекеліне қарай олардың сапа менеджменті жүйесін енгізуге, қолдауға және бағалауға қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан медициналық бұйымдар өндірісін инспекциялау жүйесі Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында енгізілген.
2020 жылы жаңа коронавирус инфекциясының таралуынан туындаған көлік-логистикалық байланыстың бұзылуы инспекциялау процесінің серпініне теріс әсер етті. Соған қарамастан, Одақ құқығына қашықтан инспекциялау практикасын енгізу 2021 жылы Одақ құқығы бойынша медициналық бұйымдарды тіркеу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруға мүмкіндік берді.
Одақта медициналық бұйымның тіркеу дерекнамасын электрондық құжат түрінде беру форматы пайдаланылады.
Оны Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында беру және қозғалысын қамтамасыз ету үшін 3 ортақ процесс (2 тізілім және 1 ақпараттық база) іске асырылды, тағы 1 ортақ процесс (ақпараттық база) техникалық дайындық жағдайында, оны тестілеу жүргізілуде. Ортақ процестердің тізбесі II-2-кестеде келтірілген.
| II-2-кесте |
|---|
Медициналық бұйымдар айналысы саласындағы ортақ процестер
Жүктеп алу
| № | Атауы | Мәртебесі | Анықтамалықтар мен сыныптауыштар |
|---|---|---|---|
| 32 | Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тіркелген медициналық бұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану | Қолданысқа енгізілген | 10 |
| 33 | Медициналық бұйымдарды тіркеу мақсатында зерттеулер (сынақтар) жүргізуге құқығы бар уәкілетті ұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану | Қолданысқа енгізілген | 5 |
| 34 | Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеудің бірыңғай деректер ақпараттық базасын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану | Қолданысқа енгізілген | 7 |
| 341 | Медициналық бұйымдар өндірушілерінің сапа менеджменті жүйелерін инспекциялау нәтижелері туралы мәліметтермен алмасу | Техникалық дайындық, тестілеу жүргізілуде | 7 |
3. Одақ шеңберінде медициналық бұйымдардың ортақ нарығының жұмыс істеуінің проблемалық аспектілері
Одақ шеңберінде медициналық бұйымдардың ортақ нарығының жай-күйіне және Одаққа мүше мемлекеттердің медициналық бұйымдар айналысы саласындағы уәкілетті органдарының, бейінді қауымдастықтарының (ұйымдарының), білім беру және ғылым мекемелерінің ұсынған ұсыныстарына жүргізілген талдау қазіргі уақытта Одақ шеңберінде медициналық бұйымдардың ортақ нарығының жұмыс істеуінің ең өзекті проблемалық аспектілері мыналар болып қалатынын көрсетеді:
- осы Тұжырымдаманың II-2-кестесінде көрсетілген медициналық бұйымдар айналысы саласындағы ортақ процестерді Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі шеңберінде іске асыру мәселелері;
- медициналық бұйымдарды тіркеу үшін Одақ шеңберіндегі нарықтың тартымдылығын арттырудың өзектілігі;
- Одақ шеңберінде медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін сараптамалық бағалауды қалыптастыру тәсілдерінің салыстырмалылығы;
- Одақ шеңберінде медициналық бұйымдардың ортақ нарығының тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Одақ шеңберінде медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен тиімділігі талаптарын орындау мақсатында қолданылатын мемлекетаралық стандарттарды өзектендіру мәселелерін пысықтаудың орындылығы;
- әртүрлі сараптамалық жұмыстар бағыттары бойынша тіркеу дерекнамасының құжаттарына сараптама жүргізетін сарапшыларды даярлау кезінде тәжірибе алмасу мәселелерін, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық бұйымдарды тіркеу бөлігінде пысықтаудың орындылығы.
Көрсетілген мәселелерді шешу үшін Одаққа мүше мемлекеттер мен Комиссия осы Тұжырымдамадан басқа, Комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 36 өкімімен бекітілген медициналық бұйымдарды тіркеу және сараптау қағидаларына сәйкес тіркеуге көшуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын («жол картасын») іске асыруда.
Көрсетілген жоспарда көзделген іс-шаралар шеңберінде Комиссия алаңында жекелеген Тараптардың Одақ шеңберінде медициналық бұйымдар айналысы саласындағы стандарттау жөніндегі жұмыстарды үйлестірудің орындылығын пысықтау туралы ұсыныстары талқылануда. Бұл жұмыстар Одақта белгіленген медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін стандарттарды өзектендіруге мүмкіндік береді. Одаққа мүше мемлекеттердің медициналық бұйымдар айналысы саласындағы жекелеген уәкілетті органдарынан Комиссияға келіп түсетін ұсыныстар негізінде қажет болған жағдайда мыналарды қарастыру ұсынылады:
мемлекетаралық стандарттар әзірленуге тиіс басым халықаралық стандарттарды айқындау;
мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.
Мұндай жұмыстарды жүргізу кезінде Одаққа мүше мемлекеттердің медициналық өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын қамтамасыз етуге байланысты мемлекетаралық және ұлттық (мемлекеттік) стандарттарды әзірлеу кезінде стандарттау жөніндегі органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру бөлігінде Комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 67 «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде стандарттау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру тәртібі туралы» шешімін ескеру қажет.
III. ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2014–2016 жылдары медициналық бұйымдардың ортақ нарығын құру Одаққа мүше әрбір мемлекеттегі ұлттық құрылымдардың жұмыс істеуінің бірыңғай қағидаттарына (қағидаларына) көшуін көздеді.
Алайда 2021–2023 жылдары қалыптасқан экономикалық жағдай ұлттық қағидалар бойынша тіркелген медициналық бұйымдардың тіркеуді берген мемлекеттердің аумағында айналыста болуын сақтауды және медициналық бұйымдарды тіркеудің ұлттық қағидаларын 2026 жылға дейін сақтауды талап етті. Ерекше жағдайларда медициналық бұйымдарға қатысты ұлттық реттеудің арнайы нормаларын енгізу мүмкіндігі көзделген.
Құқық қолдану практикасының нәтижелері бойынша медициналық бұйым өндірушісіне түсетін әкімшілік жүктемені азайту мүмкіндігін бағалау қажет.
Осы Тұжырымдаманың стратегиялық мақсаты – Одақ шеңберінде медициналық бұйымдарға тең қол жеткізу жағдайларын қамтамасыз ететін медициналық бұйымдардың ортақ нарығын қалыптастыру. Медициналық бұйымдардың ортақ нарығын қалыптастыру Шарттың 31-бабында баяндалған қағидаттар негізінде жүзеге асырылады.
Тұжырымдаманың міндеттері:
- Медициналық бұйымдар айналысы саласындағы Одақ құқығын одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету.
- Комиссия актілерін Медициналық бұйымдарды реттеушілердің халықаралық форумы құжаттарымен, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып жасалған медициналық бұйымдар және дербестендірілген медициналық бұйымдар (аддитивтік технологияларды пайдалана отырып жасалған бұйымдарды қоса алғанда) айналысы саласында үйлестіру, сондай-ақ медициналық бұйымдар айналысы саласында айналымды экономика (тұйық цикл экономикасы) модельдерін енгізу мүмкіндігін қарастыру мақсатында халықаралық тәжірибені талдау.
- Одаққа мүше мемлекеттерде бизнес-процестерді жеңілдету мақсатында медициналық бұйымдарды тіркеу және олардың айналысы кезіндегі цифрлық процестерді одан әрі жетілдіру және оңтайландыру.
IV. МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ ОРТАҚ НАРЫҒЫНЫҢ ӘРТҮРЛІ САЛАЛАРЫНДА ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ МАҚСАТЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІН ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ
1. Медициналық бұйымдар айналысы саласындағы Одақ құқығын жетілдіру
Медициналық бұйымдар айналысы саласындағы Одақ құқығын қабылданған Одақ актілеріне өзгерістер енгізу арқылы да, сондай-ақ медициналық бұйымдар айналысының жекелеген аспектілерін реттейтін жаңа Одақ актілерін қабылдау арқылы да жетілдіру.
Медициналық бұйымдарды тіркеу және сараптау, тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу және медициналық бұйымдарды сынақтан өткізу рәсімдері бөлігінде медициналық бұйым өндірушісіне түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға ықпал ететін шараларды енгізудің орындылығын атап өткен жөн.
Медициналық бұйымдардың жекелеген түрлерінің айналысына және осындай медициналық бұйымдардың сапа менеджменті жүйесін бағалауға қойылатын талаптарды одан әрі жетілдіру:
пациенттердің жеке тапсырыстары бойынша дайындалған және адам денесіне имплантациялауға арналған медициналық бұйымдар;
адамның биологиялық материалы үлгілерін оның ағзасынан тыс зерттеу жүргізу арқылы ауруларды диагностикалауға арналған, медициналық ұйымда дайындалған және оларды дайындаған медициналық ұйымда қолданылатын медициналық бұйымдар, мысалы, in vitro диагностикасына арналған аналиттерді анықтау реагенттері мен жиынтықтары, in vitro диагностикасына арналған жалпы зертханалық реагенттер, қоректік орталар, жалпы зертханалық жабдықтар, сынамаларға арналған ыдыстар (контейнерлер) және жалпы зертханалық шығыс материалдары; in vitro диагностикасына арналған анализаторлар.
Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерде медициналық бұйымдар өндірісінің сапа менеджменті жүйесін бағалау нәтижелерін, ал одан әрі медициналық бұйымдарды тіркеу нәтижелерін тану.
2. Жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып жасалған медициналық бұйымдар мен дербестендірілген медициналық бұйымдардың (аддитивтік технологияларды пайдалана отырып жасалған бұйымдарды қоса алғанда) айналысы мәселелері, сондай-ақ медициналық бұйымдар айналысы саласында айналымды экономика (тұйық цикл экономикасы) модельдерін пайдалану
Жасанды интеллект (бұдан әрі – ЖИ) нарығы әртүрлі сегменттердің едәуір санын қамтиды. Кейбір өнімдер мен өнім желілері неғұрлым тар мамандандырылған болып табылады (мысалы, медициналық диагностикаға арналған интеллектуалды сервистер), ал басқалары міндеттердің кең ауқымына бейімделуі мүмкін.
Өнім желілерінің көпшілігі бағдарламалық, аппараттық және сервистік компоненттерді біріктіреді, бұл әртүрлі қолданбаларға арналған сабақтас өнімдерді дамытуға мүмкіндік береді. Көлденең өнім желілерінің сегменттерінде негізінен цифрлық индустрияның ірі компаниялары басым. Салалық ерекшелігі айқынырақ нарықтарда шоғырлану деңгейі төменірек, олардың дамуына бейінді қатысушылар (компаниялар, университеттер және басқалар) белсенді қатысады.
ЖИ негізіндегі өнімдер мен сервистерді енгізу мынадай көрсеткіштер бойынша қызмет тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді: жылдамдық (процестерді орындау, шешімдер қабылдау мерзімдерін қысқарту және басқалар), сапа (өнімдер мен сервистердің тұтынушылық сипаттамаларын жетілдіру, клиенттік тәжірибені жақсарту және басқалар), объективтілік (адам факторынан туындайтын қателер санын азайту), экономикалық тиімділік (кірістерді ұлғайту және шығыстарды қысқарту), дербестендіру (жеке ұсыныстар қалыптастыру). Денсаулық сақтау саласында бұл патологияларды анықтау үшін медициналық кескіндерді талдау, аурулардың профилактикасы бойынша дербес ұсынымдар беру, медициналық құжаттарды хаттамалау, дәрігер үшін «екінші пікір» беру міндеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ЖИ технологияларын пайдалана отырып жасалған бағдарламалық қамтамасыз етудің айналысын реттеу мыналарды құруға мүмкіндік береді:
оқытуға, тестілеуге және кейіннен бақылауға қажетті деректер жиынтығы бар платформалар;
бағдарламалық өнім нұсқаларына жедел өзгерістер енгізу тетіктері;
осындай медициналық өнімнің ерекшеліктерін ескере отырып, тіркеуден кейінгі мониторинг жүргізу шарттары;
осындай медициналық өнімге қойылатын талаптарды қамтамасыз ететін мемлекетаралық стандарттар (қажет болған жағдайда).
2021 жылы зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) «Денсаулық мүддесі үшін ЖИ этикасы және оны басқару» баяндамасын және ДДҰ-ның денсаулық сақтау саласында ЖИ пайдаланудың этикасы мен басқаруы жөніндегі нұсқаулығын («Ethics and governance of artificial intelligence for health: WHO guidance») ұсынды. Көрсетілген нұсқаулықта медицинада ЖИ пайдаланудың үлкен перспективалары бар екені және әлемдегі адамдардың көбірек санына тиісті медициналық көмек алуға ықпал ететіні атап өтіледі. Сонымен бірге ДДҰ белгілі бір ЖИ этикалық қағидаттарының көмегімен азайтуға болатын ЖИ пайдалануға байланысты тәуекелдерге назар аударады.
Үлкен жетілік G7-нің 2021 жылы денсаулық сақтау саласындағы ЖИ-ді басқару бойынша 2 құжат қабылдағанын атап өтуге болады, олардың түпкі мақсаты пациенттерді тиімді және қауіпсіз емдеу болып табылады:
«Нәтиже 1: қауіпсіздікті, тиімділікті және этикалық талаптарды қамтамасыз ету үшін ЖИ немесе машиналық оқыту қолданылатын медициналық құрылғыларды бағалау қағидаттары» («Deliverable 1: principles for the evaluation of artificial intelligence or machine learning-enabled medical devices to assure safety, effectiveness and ethicality») стратегиялық құжаты ЖИ/машиналық оқыту (AI/ML) қолданылатын медициналық құрылғыларды клиникалық бағалаудың озық практикасын айқындауға бағытталған;
«Нәтиже 2: әртүрлі юрисдикцияларда ЖИ немесе машиналық оқыту қолданылатын медициналық құрылғыларды әзірлеу мен енгізуді қолдау қағидаттары» («Deliverable 2: principles to support the development and deployment of artificial intelligence or machine learning-enabled medical devices across jurisdictions») стратегиялық құжаты G7-ге қатысушы бір елде әзірленген AI/ML қолдайтын медициналық құрылғылардың G7-ге қатысушы басқа елдерде қолдануға жарамдылығын бағалауға бағытталған.
Заманауи материалдар өндірісінің жоғары технологиялық бағытын аддитивтік технологиялар құрайды, олардың дәстүрлі өндіріс тәсілдерімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар. Олар жаңа өнімдерді нарыққа шығару мерзімдерін қысқартуға, механикалық өңдеу шығындарын төмендетуге, материалдарды пайдалану коэффициентін арттыруға және басқаларға мүмкіндік береді. Аддитивтік технологияларға ең жоғары сұранысты өнеркәсіптің жоғары технологиялық салалары, мысалы, жоғары технологиялық медициналық бұйымдар өндірісі білдіреді. Аддитивтік материалдар нарығы қарқынды дамып келеді және 2030 жылға қарай оның он есе өсуі күтілуде².
Жекелеген Тараптардың ұсынысы бойынша медициналық бұйымдарды дайындау (басып шығару) үшін пайдаланылатын материалдардың қауіпсіздігі, көрсетілген медициналық бұйымдарды өндірудің сапа менеджменті жүйесін бағалау мәселелері, сондай-ақ медициналық бұйымдар айналысы саласында аддитивтік технологияларды қолдану және оларды стандарттау тәсілдерін Одақ құқығында белгілеудің орындылығы мәселелері қарастырылуда.
² «Жекелеген жоғары технологиялық бағыттарды дамыту. Ақ кітап» жарияланымының материалдары бойынша – Мәскеу, 2022.
Айналымды экономика деп бастапқы шикізатты тұтынуды және қайта өңделетін ресурстар көлемін барынша азайтуға бағытталған қалпына келтіруші және тұйық сипатымен ерекшеленетін экономиканы түсінеміз, бұл өз кезегінде көмуге жіберілетін қалдықтардың азаюымен қатар жүреді.
Айналымды экономика модельдерін іске асыру Еуразиялық экономикалық интеграцияны 2025 жылға дейін дамытудың Стратегиялық бағыттарында (Іс-шаралар жоспарының 4.9-тармағы) көзделген. Медициналық бұйымдарға қатысты қолдануға болатын айналымды экономика модельдерін атап өтуге болады.
«Қызмет ету мерзімін ұзарту» моделі
Халықаралық тәжірибені ескере отырып (мысалы, ІЕС 63077:2019 «Медициналық бейнелеу жабдықтарын сапалы қалпына келтіру практикасы» халықаралық стандартын қолдану тәжірибесі негізінде) реконструкциядан өткен медициналық техниканың айналысын реттеу ерекшеліктерін белгілеудің орындылығы мен қажеттілігін қарастыру қажет.
«Медициналық бұйымдарды қалпына келтіру» моделі
«Қалпына келтірілген медициналық бұйым» ұғымы тағы бір рет пайдалану үшін қосымша өнеркәсіптік өңдеуден өткен бір рет қолданылатын медициналық бұйымға қатысты қолданылады. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық бұйымдардың осы түрінің айналысын реттеу ерекшеліктерін белгілеудің орындылығы мен қажеттілігін қарастыру қажет.
3. Одаққа мүше мемлекеттерде бизнес-процестерді жеңілдету мақсатында медициналық бұйымдарды тіркеу және олардың айналысы кезіндегі цифрлық процестерді одан әрі жетілдіру және оңтайландыру
Медициналық бұйымдар айналысы саласындағы ақпараттық кеңістікті одан әрі жетілдіру және оңтайландыру мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
медициналық бұйымдарға клиникалық сынақтар (зерттеулер) жүргізу процесінің сабақтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды сапалы жүргізуді қамтамасыз ету және Одақта медициналық бұйымдардың клиникалық зерттеулерінің тізілімін құру мүмкіндігін қарастыру;
медициналық бұйымдарды тіркеу және олардың айналысы кезіндегі цифрлық процестерді оңтайландыру;
медициналық бұйымдарды тіркеу рәсімін тізілімдік модельге көшіру.
V. ОДАҚТЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ ОРТАҚ НАРЫҒЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАРЫҚПЕН ИНТЕГРАЦИЯСЫН КЕҢЕЙТУ
Комиссия Медициналық бұйымдарды реттеушілердің халықаралық форумы (IMDRF) ұсынымдарын ескере отырып, медициналық бұйымдар айналысы саласындағы Одақ құқығын үйлестіру және өзектендіру жөніндегі жұмысты жалғастырады.
Одаққа мүше мемлекеттер мен Одақтың бақылаушы мемлекеттерінің медициналық бұйымдарды бағалауға қойылатын талаптарды үйлестіру жөніндегі өзара іс-қимылын дамыту жалғасады, бұл Одақтың әріптестері мен үшінші елдердің медициналық бұйымдардың сапа менеджменті жүйесін, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау нәтижелерін тануына ықпал етеді.
Медициналық бұйымдар айналысы саласындағы Одақ құқығы бойынша мүдделі үшінші елдермен консультацияларды кеңейту жоспарлануда.
V. ОДАҚТЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ ОРТАҚ НАРЫҒЫ ИНТЕГРАЦИЯСЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НАРЫҚҚА КЕҢЕЙТУ
Комиссия Халықаралық медициналық бұйымдарды реттеушілер форумының (IMDRF) ұсынымдарын ескере отырып, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы Одақ құқығын үйлестіру және өзектендіру жөніндегі жұмысын жалғастырады.
Медициналық бұйымдарды бағалауға қойылатын талаптарды үйлестіру бойынша Одаққа мүше мемлекеттер мен Одақтың байқаушы мемлекеттері арасындағы өзара іс-қимылды дамыту жалғастырылады. Бұл Одақтың әріптестері мен үшінші елдердің медициналық бұйымдардың сапа менеджменті жүйесін бағалау нәтижелерін, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін тануына ықпал ететін болады.
Медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы Одақ құқығы бойынша мүдделі үшінші елдермен консультацияларды кеңейту жоспарлануда.
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау