Еуразиялық технологиялар трансфері желісін құру және оның жұмыс істеуі туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 23 шешімі
2014 жылғы 25 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабы 4-тармағының 6) тармақшасын және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі актілер мен іс-шараларды әзірлеу жоспарының 32-тармағын іске асыру мақсатында, 2016 жылғы 17 наурыздағы № 17 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
- Қоса беріліп отырған Еуразиялық технологиялар трансфері желісін құру және оның жұмыс істеуі тұжырымдамасы бекітілсін.
- Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
| Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
|---|---|---|---|---|
| В. Габриелян | В. Матюшевский | А. Мамин | С. Муканбетов | И. Шувалов |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 23 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТРАНСФЕРІ ЖЕЛІСІН құру және оның жұмыс істеуі ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
I. Жалпы ережелер
- Осы Тұжырымдама Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының 4.4.5-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді. Аталған бағыттар Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 9 шешімімен бекітілген.
- Осы Тұжырымдама Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) инновациялық ынтымақтастығының неғұрлым тиімді нысандарын ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған, бұл өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейін арттыруға, өнеркәсіп өнімінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге және тиімді инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
- Осы Тұжырымдаманың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
«брокерлік іс-шара» – технологиялық ынтымақтастықты дамыту және әріптестік жобаларды бастамашылық ету мәселелері бойынша өнеркәсіптік компаниялар мен ғылыми ұйымдардың тікелей келіссөздер жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ұйымдастырушылық тұрғыдан ресімделген іс-шара;
«еуразиялық желі» – өзінің барлық пайдаланушыларын, уәкілетті органдарды және Еуразиялық экономикалық комиссияны біріктіретін желілік құрылым болып табылатын еуразиялық технологиялар трансфері желісі;
«бірыңғай тізілім» – пайдаланушылар туралы, оның ішінде технологиялық сұраныстар мен ұсыныстар туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық ресурс (деректер базасы);
«бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктері» – пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын мүше мемлекеттердің деректер базалары;
«пайдаланушы» – мүдделі заңды тұлғалар (өнеркәсіптік кәсіпорындар, ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары, инновациялық-технологиялық орталықтар, технологиялар трансфері орталықтары, технопарктер, бизнес-инкубаторлар және т.б.), сондай-ақ жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар;
«технологиялар трансфері» – уәкілетті органдардың қатысуымен пайдаланушылар арасында жүзеге асырылатын қолда бар білімді, ғылыми зерттеулер нәтижелерін, жаңа технологиялар мен әзірлемелерді беру, енгізу (қолдану), бейімдеу процесі;
«уәкілетті орган» – мүше мемлекет еуразиялық желі орталықтарын құруға және олардың қызметін ұлттық деңгейде үйлестіруге уәкілеттік берген мемлекеттік билік органы немесе ұйым;
«еуразиялық желі орталығы» – еуразиялық желіге енгізілген, технологиялар трансфері процесіне консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсететін мүше мемлекеттің инфрақұрылымдық ұйымы.
II. Еуразиялық желінің мақсаттары мен міндеттері
- Еуразиялық желіні құрудың мақсаты – өнеркәсіптік кәсіпорындар, ғылыми ұйымдар және жоғары оқу орындары арасында технологиялар трансферін жүзеге асыру арқылы мүше мемлекеттердегі инновациялық процестерді ынталандыру үшін мүше мемлекеттердің, бизнес-қоғамдастықтардың және ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтардың күш-жігерін біріктіру.
- Еуразиялық желінің негізгі міндеттері:
а) мүше мемлекеттерде инновацияларды ілгерілету, мүдделі пайдаланушыларға зияткерлік қызмет нәтижелерін, сондай-ақ оларды кейіннен енгізу және коммерцияландыру мақсатында пайдалану құқықтарын беруге жәрдемдесу;
б) пайдаланушылардың технологиялық ынтымақтастыққа мүдделілігін анықтау және қалыптастыру, сондай-ақ Одақ шеңберінде технологиялар трансфері жобаларын іске асыруға байланысты кедергілерді еңсеруге оларға жәрдем көрсету;
в) мемлекетаралық кооперациялық байланыстарды дамыту және мүше мемлекеттердің шағын және орта өнеркәсіптік кәсіпорындарын әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялау үшін қолайлы жағдайлар жасау.
- Осы Тұжырымдаманың 5-тармағында көрсетілген міндеттерді шешу үшін технологиялар трансфері процесі іске асырылады, оның негізгі кезеңдері:
а) пайдаланушының мемлекетаралық технологиялар трансферін жүзеге асыру әлеуетін бағалау;
б) технологиялық сұраныстар мен ұсыныстарды сәйкестендіру, оларды сипаттау және бірыңғай тізілімге енгізу;
в) келіссөздер жүргізу және технологиялар трансфері туралы келісімдер жасасу;
г) Одақ шеңберінде технологиялар трансфері жобаларын іске асыру болып табылады.
III. Еуразиялық желіні құру және оның жұмыс істеу тәртібі
- Еуразиялық желі бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктерінде қамтылған мәліметтерді пайдалану және (немесе) технологиялық сұраныстар мен ұсыныстарды жіберу арқылы құрылады және деректермен, оның ішінде пайдаланушылар арасында электрондық түрде алмасу арқылы жұмыс істейді:
а) бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігіне енгізілген пайдаланушылар туралы;
б) пайдаланушылардың технологиялық сұраныстары мен ұсыныстары туралы;
в) уәкілетті органдар бірыңғай тізілімге енгізу үшін ұсынған мәліметтер туралы.
- Еуразиялық желіні құру мынадай кезеңдерді қамтиды:
а) еуразиялық желінің ұлттық сегменттерін қалыптастыру;
б) әлеуетті әріптестерді іздеу үшін еуразиялық желінің ұлттық сегменттерін бірыңғай желілік жүйеге біріктіру.
- Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) еуразиялық желіні құру және оның жұмыс істеуі процесінде:
а) мыналарды қамтамасыз етеді:
уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы мен қызметін үйлестіруді;
еуразиялық желіні қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібін белгілейтін Комиссия Алқасының ұсынымдар қабылдауын;
Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, бірыңғай тізілімді қалыптастыруды;
пайдаланушылардың бірыңғай тізілімде қамтылған мәліметтерге қол жеткізуін;
б) мүше мемлекеттермен келісу бойынша бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктерін жүргізу тәртібін және оларға, оның ішінде электрондық сервистерге қойылатын үлгілік талаптарды айқындайды;
в) уәкілетті органдардың еуразиялық желіні жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын қарайды және оларды мүше мемлекеттермен келіседі;
г) мүше мемлекеттерге еуразиялық желі қызметін қаржылық қолдау тетіктерін әзірлеуде (қажет болған жағдайда) консультациялық көмек көрсетеді.
- Мүше мемлекеттер еуразиялық желіні құру және оның жұмыс істеуі процесінде:
а) уәкілетті органдарды айқындайды;
б) бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктерін жүргізу тәртібін және оларға қойылатын үлгілік талаптарды, оның ішінде электрондық сервистерге қойылатын талаптарды әзірлеуге және келісуге қатысады (қажет болған жағдайда);
в) технологиялар трансферін дамытуды ынталандыру жөніндегі шаралар кешенін ұлттық деңгейде әзірлейді (қажет болған жағдайда).
- Уәкілетті органдар еуразиялық желіні құру және оның жұмыс істеуі процесінде мыналарды қамтамасыз етеді:
а) бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктерін қалыптастыруды және жүргізуді (қажет болған жағдайда);
б) бірыңғай тізілімге енгізу үшін ұсынылатын сәйкестендіру мәліметтерінің дұрыстығын;
в) Комиссиямен және басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылды;
г) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес еуразиялық желі орталықтарын құруды (қажет болған жағдайда);
д) Одақ шеңберінде технологиялар трансфері жобаларын қолдау жөніндегі іс-шараларды ұлттық деңгейде жоспарлауды және үйлестіруді;
е) технологиялар трансфері процесіне әсер ететін мүше мемлекеттер заңнамасының ерекшеліктері туралы мәліметтерді де қамтитын ұсыныстарды еуразиялық желіні құру мен оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік материалдарды әзірлеу кезінде оларды ескеру үшін Комиссияға жіберуді;
ж) пайдаланушыларды бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктеріне енгізуді (қажет болған жағдайда);
з) пайдаланушыларға ұлттық деңгейде ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау көрсетуді (қажет болған жағдайда);
и) бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктерінде қамтылған мәліметтерді сақтауды және оларға рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауды (қажет болған жағдайда);
к) ұлттық бөліктерден бірыңғай тізілімге мәліметтерді беруді (қажет болған жағдайда);
л) еуразиялық желі орталықтарының еуразиялық желінің жұмыс істеуін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын қарауды, сондай-ақ оларды талдау қорытындылары бойынша қорытынды дайындауды және қорытындыны Комиссияға жіберуді.
- Еуразиялық желі орталықтары уәкілетті органмен келісу бойынша пайдаланушыларға мынадай қызметтерді көрсете алады:
а) технологиялық ынтымақтастық үшін әріптестерді іздеу;
б) консультациялар өткізу, пайдаланушыларға технологиялық ынтымақтастық, техникалық реттеу мәселелері бойынша заңнаманы қолдану, мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну мәселелері бойынша мәліметтер беру (еуразиялық желіде орналастырылған ақпарат көздерін пайдалана отырып, сондай-ақ сарапшылардың қатысуымен және т.б.);
в) технологиялық аудит жүргізу;
г) инновациялық жобаларды басқару (стратегия, жоспарлау, әріптестер мен ресурстарды тарту) мәселелері бойынша консультациялар өткізу;
д) зияткерлік меншікті басқару және қорғау мәселелері бойынша консультациялар өткізу;
е) технологиялық сұраныстар мен ұсыныстардың бейіндерін жасау;
ж) технологиялық сұраныстар мен ұсыныстарды орналастыру;
з) брокерлік іс-шаралар мен іскерлік миссияларды ұйымдастыру;
и) әлеуетті әріптестерді тексеру (іскерлік беделін бағалау, ұсынымдар жинау);
к) технологиялар трансфері мәселелері бойынша пайдаланушыларға консультациялық қолдау көрсету;
л) пайдаланушыларға ақпараттық қолдау көрсету.
- Еуразиялық желі орталықтары еуразиялық желінің жұмыс істеуін жетілдіру жөніндегі пайдаланушылардың ұсыныстарын қарайды және оларды уәкілетті органға жібереді.
- Еуразиялық желінің неғұрлым тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің шешімі бойынша осы Тұжырымдаманың II бөлімінде көрсетілген міндеттерді іске асыру тетіктері осы Тұжырымдамаға өзгерістер енгізу арқылы түзетілуі мүмкін.
- Пайдаланушы еуразиялық желіні құру және оның жұмыс істеуі процесінде:
а) бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктерін қалыптастыруға қатысады (қажет болған жағдайда);
б) брокерлік іс-шаралар мен іскерлік миссияларға қатысады (қажет болған жағдайда);
в) еуразиялық желі шеңберінде ақпарат алмасу кезінде дұрыс мәліметтер ұсынады;
г) еуразиялық желінің жұмыс істеуін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындайды және еуразиялық желі орталығына жібереді (қажет болған жағдайда).
IV. Пайдаланушылар, уәкілетті органдар және Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл
- Пайдаланушылар арасындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ қызметтердің жекелеген түрлерін электрондық түрде көрсету технологиялар трансфері бойынша қызметтер көрсетуге байланысты процестерді автоматтандыратын анықтамалық-ақпараттық ресурсты пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
Анықтамалық-ақпараттық ресурсты қалыптастыру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету еуразиялық желі орталықтары арасында уағдаластық бойынша жүзеге асырылады.
- Уәкілетті органдар мен Комиссияның ақпараттық өзара іс-қимылы, бірыңғай тізілімнің интеграциялық сегментін қалыптастыру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
- Бірыңғай тізілімде пайдаланушылар туралы мынадай мәліметтер болуы мүмкін:
а) құзыретіне заңды тұлғаларды және жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғаларды тіркеу кіретін мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының деректер базаларында қамтылған сәйкестендіру мәліметтері;
б) байланыс ақпараты;
в) ұйымның мөлшері мен экономикалық көрсеткіштері туралы мәліметтер;
г) экономикалық қызмет түрлері және өнеркәсіп салаларына тиесілігі;
д) шығарылатын өнімнің және еуразиялық желі шеңберінде көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы.
- Пайдаланушы ұлттық тізілімде қамтылған мәліметтерді мынадай деректермен толықтыра алады:
а) технологияның жалпы сипаттамасына және жаңа технологияларды әзірлеуге қатысты сұраныстар мен ұсыныстар;
б) технологияның инновациялық аспектілері мен артықшылықтары;
в) шығарылатын өнімнің техникалық ерекшелігі;
г) технологияны әзірлеу кезеңдері;
д) технологияның құқықтық қорғалу жай-күйі;
е) әлеуетті әріптеске қойылатын талаптар;
ж) мүше мемлекеттердің нарықтарында технологияны қолдануды талдау;
з) өзге де қосымша мәліметтер.
- Еуразиялық желі шеңберінде деректер алмасу арқылы ұсынылатын мәліметтерде мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) және заңмен қорғалатын өзге де құпияны (құпияларды) құрайтын мәліметтер болмауға тиіс.
V. Қаржылық қолдаудың болжамды тетіктері
- Еуразиялық желіні құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ осы Тұжырымдаманың 16-тармағында көзделген анықтамалық-ақпараттық ресурсты қалыптастыру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруды бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асыру ұсынылады, оған мыналар кіреді:
а) экономиканың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлары ұйымдарын қоса алғанда, пайдаланушылардың жарналары;
б) мемлекеттік-жекешелік әріптестік қаражаты;
в) ұйымдардың өз қаражаты;
г) банктердің кредиттері;
д) инвесторлардың қаражаты;
е) пайдаланушылар қалыптастыратын арнайы қордың (шоттың) қаражаты (қажет болған жағдайда).
- Бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктерін құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру мүше мемлекеттер бюджеттерінің уәкілетті органдардың қызметін қамтамасыз етуге көзделген қаражаты есебінен, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
- Еуразиялық желі орталықтарын қаржыландыру олардың өз қызметінен алатын қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
- Мүше мемлекеттер еуразиялық желі орталықтарын мемлекеттік қолдау тетіктерін мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тәртіппен қолдана алады.
VI. Еуразиялық желінің жұмыс істеу тиімділігін мониторингтеу және реттеу
- Еуразиялық желінің жұмыс істеу тиімділігіне мониторинг қажет болған жағдайда мынадай ұсынылатын көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
а) технологиялар трансферіне байланысты ұйым айналымының өсуі, құрылған немесе сақталған жұмыс орындарының саны, еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің өзгеруі негізінде айқындалатын әлеуметтік-экономикалық әсер;
б) жасалатын технологиялар трансфері туралы келісімдер санының өсуін, технологиялық сұраныстарға немесе ұсыныстарға қызығушылықтың артуын және дайындалған табысты тәжірибелер тарихын бағалау негізінде айқындалатын қызметтер көрсетудің нәтижелілігі;
в) технологиялық аудитті қоса алғанда, көрсетілген мамандандырылған қызметтердің саны, өткізілген брокерлік іс-шаралар мен іскерлік миссиялар саны, дайындалған технологиялық сұраныстар мен ұсыныстар бейіндерінің саны негізінде айқындалатын қызметтер мен брокерлік іс-шаралар саны;
г) пайдаланушылар санына талдау жасау және еуразиялық желі брендінің танымалдылығын бағалау негізінде айқындалатын желінің ауқымы мен оның даму серпіні.
- Мониторинг негізінде еуразиялық желінің жұмыс істеу тиімділігіне бағалау жүргізіледі.
- Еуразиялық желінің жұмыс істеу тиімділігін бағалау туралы қорытынды негізінде Комиссия:
а) еуразиялық желінің ұлттық сегменттерінің жұмыс істеуінің үздік тәжірибелерін анықтайды және олардың таралуын қамтамасыз етеді;
б) технологиялар трансфері мәселелері бойынша дөңгелек үстелдерді, кеңестер мен бейнеконференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
в) уәкілетті органдармен бірлесіп, еуразиялық желіні халықаралық технологиялар трансфері желілеріне интеграциялау тетіктерін әзірлейді және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Конституция Заңы Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Арбитраждық Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар