Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Үкімет қаулылары / "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы

"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 538 қаулысы

"Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы "Almaty Innovation & Financial Zone" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "Almaty Innovation & Financial Zone"АЭА) болып қайта аталсын.

     2. "Almaty Innovation & Financial Zone" АЭА жұмыс істеу мерзімін осы қаулымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізу шартымен 2049 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту.

     3. Қоса беріліп отырған бекітілсін:

     1) "Almaty Innovation & Financial Zone"АЭА туралы ереже;

     2) "Almaty Innovation & Financial Zone" АЭА нысаналы индикаторлары.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

О. Бектенов

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 538 қаулысымен бекітілген

 

"Almaty Innovation & Financial Zone"арнайы экономикалық аймағының ережесі

1 тарау. Жалпы ережелер

     1. "Almaty Innovation & Financial Zone" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Алматы қаласының аумағында осы Ережеге қосымшаға сәйкес шекараларда орналасқан.

     АЭА аумағы 256,05 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

     2. АЭА мақсатта құрылады:

     1) қазіргі заманғы жоғары өнімді, бәсекеге қабілетті өндірістерді жедел дамыту, қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін қалыптастыру, инвестициялар тарту, экономика және өңір саласында жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуды арттыру;

     2) өңдеу өнеркәсібі салаларын және қосылған құны жоғары өнім өндірісін дамыту;

     3) көлік пен логистиканы дамыту үшін қолайлы географиялық жағдайды пайдалану;

     4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, телекоммуникация мен байланысты, электроника мен аспап жасауды, жаңартылатын энергия көздерін, ресурс үнемдеуді және табиғатты тиімді пайдалануды қоса алғанда, салаларды технологиялық дамыту, сондай-ақ мұнай мен газды өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу, түрлі мақсаттағы материалдарды жасау және қолдану саласындағы технологиялар.

     3. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.

     Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамада қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

     4. АЭА аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.

2 тарау. "Almaty Innovation & Financial Zone" арнайы экономикалық аймағын басқару

     5. АЭА басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. "Almaty Innovation & Financial Zone" арнайы экономикалық аймағының аумағында салық салу

     6. АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.

4-тарау. Кедендік реттеу

     7. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылады.

     8. Еркін кеден аймағының кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жабдықталуы тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін бейнебақылау жүйесімен қоршау және жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден сфере саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

5-тарау. Шетел азаматтарының "Almaty Innovation & Financial Zone"арнайы экономикалық аймағының аумағында болу тәртібі

     9. АЭА аумағында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген келу, кету, транзит және болу тәртібі қолданылады.

6-тарау. Қорытынды ережелер

     10. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгертілуі мүмкін.

     11. АЭА Заңда көзделген негіздер бойынша таратылады.

     12. АЭА құрылған мерзімнің аяқталуына байланысты таратылған кезде Алматы қаласының әкімдігі:

     1) көрсетілген мерзім өткенге дейін үш айдан кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында АЭА-ның алдағы таратылуы, оны таратуға байланысты өтініштер мен наразылықтарды қабылдау тәртібі мен мерзімдері туралы хабарландыру жариялайды;

     2) АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға оның аумағында орналасқан тауарларды өзге кедендік рәсіммен қайта ресімдеу тәртібін түсіндіруді қамтамасыз етеді;

     3) АЭА таратылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне АЭА қызметінің нәтижелері туралы есепті ұсынады.

     13. АЭА Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мерзімінен бұрын таратылған кезде рәсім осы Ереженің 12-тармағында көзделген рәсімдерді сақтай отырып, алты ай мерзімнен кешіктірілмей аяқталуға тиіс.

     14. Осы Ережемен реттелмеген АЭА қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 Приложениек Положению о специальнойэкономической зоне"Almaty Innovation &Financial Zone"

 

План границ специальной экономической зоны "Almaty Innovation & Financial Zone"

     

 

Скачать

№ п/пНаименование зон:Площадь, гектар
1.Промышленная зона182,52
2.Субзона "Almaty Financial & Business District"73,53
 Итого:256,05

 

      ____________________

 

 Утвержденыпостановлением ПравительстваРеспублики Казахстанот 22 июня 2026 года № 538

 

Целевые индикаторы специальной экономической зоны "Almaty Innovation & Financial Zone"

 

Скачать

№п/пЦели, задачи и показателиЕдиница измерения*Базовый период(2025 год)Достижение целевого индикатора к 2030 годуДостижение целевого индикатора к 2035 годуДостижение целевого индикатора к 2040 годуДостижение целевого индикатора к 2049 году
12345679
1Общий объем инвестиций, в том числе:млрд тенге302,61120185020002120
1.1.объем иностранных инвестициймлрдтенге12120300450636
1.2.объем отечественных инвестициймлрдтенге290,68001 0001 2001484
2Объем производства товаров и услуг (работ) на территории СЭЗмлрдтенге1227,51250128013001370
3Количество участников (компаний)ед.193190210230280
4Количество лиц, осуществляющих вспомогательный вид деятельностичел.5 200067001050017000
5Количество рабочих мест, создаваемых на территории СЭЗчел.725813100206002800043000
6Доля казахстанского содержания в общем объеме производства на территории СЭЗ%5055606570

 

      * - показатели индикаторов приведены с нарастающим итогом. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау