Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Үкімет қаулылары / Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) орналастырылатын аумақтарды, сондай-ақ шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, ойын мекемесінің жұмыскерлерінің және еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты ойын мекемесінде болатын өзге де адамдардың ғана кіруіне жол берілетін казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыру үшін жекелеген аумақтардың тізбесін айқындау туралы

Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) орналастырылатын аумақтарды, сондай-ақ шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, ойын мекемесінің жұмыскерлерінің және еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты ойын мекемесінде болатын өзге де адамдардың ғана кіруіне жол берілетін казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыру үшін жекелеген аумақтардың тізбесін айқындау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) орналастырылатын аумақтарды, сондай-ақ шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, ойын мекемесінің жұмыскерлерінің және еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты ойын мекемесінде болатын өзге де адамдардың ғана кіруіне жол берілетін казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыру үшін жекелеген аумақтардың тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 тамыздағы № 767 қаулысы

 

   "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағына және 15-бабының 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) орналастырылатын аумақтар;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, ойын мекемесінің жұмыскерлерінің және еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты ойын мекемесінде болатын өзге де адамдардың ғана кіруіне жол берілетін казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыру үшін жекелеген аумақтардың тізбесі айқындалсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-МинистріО. Бектенов

 

 

 Қазақстан РеспубликасыҮкiметiнiң
 2026 жылғы 26 тамыздағы№ 767 қаулысына1-қосымша

 

Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) орналастырылатын аумақтар

      1. Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауы.

      2. Ақмола облысының Бурабай ауданы.

 

 Қазақстан РеспубликасыҮкiметiнiң
 2026 жылғы 26 тамыздағы№ 767 қаулысына2-қосымша

 

Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, ойын мекемесінің жұмыскерлерінің және еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты ойын мекемесінде болатын өзге де адамдардың ғана кіруіне жол берілетін казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыру үшін жекелеген аумақтардың тізбесі

      1. Алматы облысының Талғар және Ұйғыр аудандары.

      2. Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауы.

      3. Жетісу облысының Панфилов ауданы және Алакөл көлінің жағалауы.

      4. Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл және Зайсан аудандары.

      5. Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданы.

      6. Абай облысында Алакөл көлінің жағалауы.

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау