Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011) талаптарының сақталуын ерікті негізде қамтамасыз ететін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 8 қыркүйектегі № 116 шешімі.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың 4-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа № 9 қосымша) және Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының Регламентін бекіту туралы Еуразиялық жоғары экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 Шешімімен бекітілген № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 236 Шешімімен бекітілген Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (КО ТР 021/2011) талаптарының сақталуын ерікті негізде қамтамасыз ететін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың тізбесінде:
а) 140, 150 және 153-позициялар мынадай редакцияда жазылсын:
140
ГОСТ 24557-2025 «Наубайханалық бидай ұнынан жасалған тоқаш өнімдері. Техникалық шарттар»
150
ГОСТ 26984-2025 ««Столичный» наны. Техникалық шарттар»
153
ГОСТ 26987-2025 «Наубайханалық бидай ұнынан жасалған ақ нан. Техникалық шарттар»;
б) мынадай мазмұндағы 32220 – 32222-позициялармен толықтырылсын:
32220
ГОСТ 35258-2025 «Жаңа піскен банандар. Техникалық шарттар»
32221
ГОСТ 35279-2025 «Кондитерлік өнімдер. Десерттік кремдер. Жалпы техникалық шарттар»
32222
ГОСТ 35283-2025 «Диеталық профилактикалық тамақтануға арналған мамандандырылған тамақ өнімі. Диеталық бидай және қара бидай кебектері. Техникалық шарттар»;
в) 526, 558 және 572-позициялар алып тасталсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 180 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
| Еуразиялық экономикалық комиссия | |
|---|---|
| Алқасының Төрағасы | Б. Сағынтаев |
Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулары Қорғау Төрелік Қазақстан заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Әдіснама Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсіндірме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар