Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Лауазымды нұсқаулық Диспетчерлік қозғалыс және тиеу-түсіру жұмыстарының операторы

Лауазымды нұсқаулық Диспетчерлік қозғалыс және тиеу-түсіру жұмыстарының операторы

Лауазымды нұсқаулық

Диспетчерлік қозғалыс және тиеу-түсіру жұмыстарының операторына

      Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірленді Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес.  

        Лауазымдық міндеттері:

      тасымалдау жоспарын, автомобиль, тиегіштер, электр және автотележегіштердің жүргізушілерінің ауысым тапсырмасын орындау бойынша шаралар қабылдайды;

       көлік диспетчерінің өкімін орындайды;

       жол жүру парақтарын және тауар-көлік құжаттамасын толтырады, береді және қабылдайды;

       тауар-көлік құжаттамасында олардың дұрыс ресімделуін, деректемелері мен мөртабандарының, жүкті толық көлемде өткізу туралы белгілерінің болуын тексереді;

       бағыттағы көлік құралдарының жолға шығуы мен қозғалысы кестелерінің сақталуын, таксомоторларға арналған тапсырыстардың орындалуын бақылайды;

       тіркеу журналдарына жол құжаттамасын тіркеуді жүзеге асырады немесе деректер банкін құрайды;

       спидометр көрсеткіштерінің, жанар-жағар май материалдарын алуды және қалдықтарының дұрыс жазылуын бақылайды;

       жол жүру парақтарында жүргізушілер жіберген жол қозғалысы тәртібіін бұзу туралы жазбаларды анықтайды және олар туралы басшылыққа баяндайды;

       көлік құралдарының жұмысы туралы алынған деректерді және ауысымдық-тәуліктік тапсырмалармен салыстырып тексереді, ауытқушылықтарды және олардың туындау себептерін анықтайды;

       көлік құралдары жүргізушілерінің (машинистерінің) жол-көлік тәртібін сақтауын бақылайды, көлік құралдарының жұмысының есебін жүргізеді;

       клиентурамен, тиеу-түсіру және желілік диспетчерлік пункттермен, автовокзалдармен, автобекеттермен және кассалармен жедел байланысты жүзеге асырады;

       жүктердің мекен-жайға бару уақыты туралы жүк алушыларға хабарлайды;

       ақпаратты, оның ішінде компьютерлік техниканы пайдалана отырып, жүкті құрайтын және жүк алушы объектілерде, тиеу және түсіру пункттерінде жүктің бар екендігі туралы ақпарат жинайды және өңдейді;

       тасымалдау процесі барысының, тиеу-түсіру жұмысының орындалуының оперативтік есебін жүргізеді;

       жүк көлік құралдарының жұмысын үйлестіреді;

       жолдағы автобустар қозғалысын, тасымалдау және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады;

      автобустардың толық екендігі, нақты аралық пункттерді жүріп өту уақыты, бағыттың соңғы пунктіне келуі, техникалық жарамсыздығының себебі бойынша жолда тұрып қалулар туралы, паркке ерте қайтуы туралы, бағыттағы кешігулер туралы, автобустардың уақытылы келмеуі туралы ақпарат береді;

       бағыттардағы тасымалдардың жағдайлары және ерекшеліктері, жолдың жай-күйі, жекелеген учаскелердегі қозғалыстың ерекшеліктері, сондай-ақ метеорологиялық қызметтің деректері және ауа-райы болжамдары туралы хабарламаны алады және жүргізушілерге хабарлайды;

      жедел өкімдер журналын жүргізеді.

Білуге тиіс:

      диспетчерлік қозғалыс қызметіне және тиеу-түсіру жұмыстарына қатысты ережелер, нұсқаулықтар, өзге де басқару материалдары және нормативтік құжаттар;

      жол жүру парақтары және тауарлы-көлік құжаттамасын ресімдеу және өңдеу тәртібі;

      тасымалдауды ұйымдастыру және тасымал процесін жедел басқару тәртібі туралы ережелер және нұсқаулық;

      тиеу-түсіру жұмыстарын орындау тәртібі;

      автомобильдерді пайдалану тәртібі, жол қозғалысы тәртібі;

      қолданылатын техникалық өңдеу құралдары және ақпарат беру тәртібі;

      еңбекті ұйымдастыру негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе жалпы орта білім және мамандығы бойынша 6 айдан кем емес жұмыс өтілі.

 

Нұсқаулықпен таныстым:

 

___________/__________________________

                      (подпись, Ф.И.О., дата)

                                    «___»__________ 20___ж.

Назар аударыңыз! 

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын. 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

   

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу