Лауазымды нұсқаулық
Кадрларды даярлау (кәсіптік бейімдеу) жөніндегі инженерге
Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірленді Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес.
Лауазымдық міндеттері:
жұмысшыларды кәсіптік оқытуды және басшылық ететін қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін жоғарылатуды (өндірісте, орта кәсіптік оқу орындарында жұмыс кадрларын даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін жоғарылатуды, экономикалық оқуды, сынақ ісін өту кезінде оқушылар мен жас мамандарды, сонымен қатар, өндірістік тәжірибеден өтетін студенттер мен оқушыларды практикалық оқытуды) ұйымдастырады;
ұйымның білікті кадрларға сұранысына сүйене, нарық талаптарын ескере отырып, кадрлар даярлау, жұмыскерлердің біліктілігі мен шеберлігін жоғарылату бойынша қажетті негіздемелер мен есептермен перспективалық және ағымдағы жоспарлардың жобаларын әзірлейді;
оқу орындарымен байланыс орнатады, ұйым жұмыскерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату шарттарын ресімдейді;
жасалған шарттарға сәйкес басшылық ететін жұмыскерлер және мамандардың біліктілігін жоғарылату үшін оқу орындарына жіберу кестесін жасайды, олардың орындалуын бақылайды;
жастарды кәсіптік бағдарлау бойынша жұмысқа, сонымен қатар, оқу-әдістемелік құжаттаманы дайындауға қатысады;
өндірісте кадрларды дайындау және біліктілігін жоғарылатудың барлық түрлері мен нысандары бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарды басқарады;
мамандар мен жоғары білікті жұмыскерлер арасынан оқытушы мен инструкторларды таңдайды;
оқу процесін қажетті әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету бойынша, оқу мен әдістемелік бөлмелерді жабдықпен, техникалық оқу құралдарымен, инвентарьмен, көрнекті құралдармен жабдықтау бойынша, оқу процесіне оқудың автоматтандырылған құралдары мен осы заманғы белсенді әдістерін енгізу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
кәсіптік оқыту мен өндірісте кадрлардың біліктілігін жоғарылату нысандары мен әдістерін үнемі жетілдіріп отырады, бұл салада озық тәжірибені қорытындылайды және таратады;
оқыту нәтижелерінің сапалық көрсеткіштерін және оның тиімділігін (жұмысшылар мен қызметшілердің кәсіби-білікті пен қызметтік құрамын өзгерту, еңбек өнімділігінің, төлемақының және өзгелерінің өсуі) талдайды, белгіленген есептілікті жүргізеді.
Білуге тиіс:
өндірісте кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және әдістемелік материалдар;
ұйымның құрылымы мен штаты, бейіні, мамандандырылуы және оның даму перспективалары;
ұйымның кадрлық саясаты мен стратегиясы;
ұйымның өндіріс өнімінің негізгі технологиялық процестері;
кәсіптік оқытудың нысандары, түрлері мен әдістері;
оқу орындарымен шарттарды ресімдеу тәртібі;
оқытушылар мен инструкторлармен жеке еңбек шарттарын ресімдеу тәртібі;
оқытудың прогрессивті нысандары, әдістері мен құралдары;
оқу шығындарын қаржыландыру тәртібі;
кәсіптік бағдарлау мен кәсіптік іріктеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
кадрларды даярлау мен біліктілігін жоғарылату бойынша есепті жүргізу мен есептілік жасау тәртібі;
педагогика, социология және психология негіздері;
экономика, өндірісті, еңбек және басқаруды ұйымдастыру негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
I санатты кадрлар даярлау жөніндегі инженер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және II санатты кадрлар даярлау жөніндегі инженер лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс өтілі;
II санатты кадрлар даярлау жөніндегі инженер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және санатсыз кадрлар даярлау жөніндегі инженер лауазымында кемiнде 3 жыл жұмыс өтілі;
санатсыз кадрлар даярлау жөніндегі инженер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және I санатты техник лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Нұсқаулықпен таныстым:
___________/__________________________
(подпись, Ф.И.О., дата)
«___»__________ 20___ж.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
007 Приложение №1 ДОЛЖНОСТНАЯ ИНСТРУКЦИЯ
78 рет жүктеп алынды -
001 Титулка
92 рет жүктеп алынды -
004 БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
74 рет жүктеп алынды -
006 Еңбек шарты Трудовой договор
75 рет жүктеп алынды -
008 Приложение № 2 о неразглашении конфиденциальной информации
104 рет жүктеп алынды -
009 Приложение № 3 о полной материальной ответственности
52 рет жүктеп алынды -
003 Перечень документов, необходимых при приеме на работу
81 рет жүктеп алынды -
002 Внутренняя опись
52 рет жүктеп алынды -
005 Кадр есебі жөніндегі ІС ПАРАҒЫ
94 рет жүктеп алынды