Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Лауазымды нұсқаулық   Көтергіш құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы

Лауазымды нұсқаулық   Көтергіш құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы

Лауазымды нұсқаулық

  Көтергіш құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшыға

       Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірленді Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес.

  Лауазымдық міндеттері:

       көтергіш құрылыстардың (лифтілердің, эскалаторлардың, мүгедек адамдарға арналған көтергіш платформалардың және өзге де техникалық құрылғылардың) өнеркәсіптік қауіпсіздігіне, олардың жұмысқа қабілетті жай-күйін бақылау жүйелеріне сараптаманы, сондай-ақ қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге, көтергіш құрылыстарға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыруға қатысты құжаттаманы тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;

       көтергіш құрылыстарға техникалық диагностика жүргізуді қамтамасыз етеді, оның қорытындыларын жинақтайды және талдайды;

       өзге де сарапшылармен бірлесіп қызметінің нормативтік мерзімін өтеген көтергіш құрылыстардың өндірістік қауіпсіздігіне жүргізілген сараптамалар қорытындылары бойынша қажетті техникалық шешімдерді қабылдайды;

       авариялар мен жазатайым оқиғалардың себептерін зерттеу жөніндегі комиссия жұмысына, авариялар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;

       көтергіш құрылыстарды зерттеудің деректерін және жүргізілген сараптамалардың қорытындыларын зерттеу негізінде сараптамалар қорытындыларының жобаларын дайындауды, сонымен қатар көтергіш құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі сараптамаларымен байланысты жұмысты орындау жөніндегі әдістемелік және нормативтік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастырады, сараптаманы жүргізу кезінде жұмыстардың орындалу сапасын бақылайды;

      көтергіш құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшылар кандидаттарын олардың кәсіби мамандануы мен көтергіш құрылыстардың техникалық ерекшеліктерінің білуін ескере отырып, оларды дайындау, тағылымдамадан өткізу және біліктіліктерін көтеру мен аттестаттауды жүргізуді басқарады.

      Ескерту. 486-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 12.08.2022 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Білуге тиіс:

      өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік және нормативтік-техникалық құжаттама;

      көтергіш құрылыстардың пайдаланылуын, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді регламенттейтін нормативтік құжаттар;

      нормативтік қызмет мерзімі өткен көтергіш құрылыстарды, жабдықтарды және өзге де техникалық құрылғыларды диагностикалауды жүргізу тәртібі;

      ғимараттарға тексеру жүргізудің әдістері мен технологиясы;

      көтергіш құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізген кезде қолданылатын техникалық құралдарды пайдалану тәртібі;

      көтергіш құрылыстардың құрылысы, конструктивтік ерекшеліктері, жұмыс істеу принциптері және қауіпсіз пайдалану тәртібі, оларға техникалық диагностика ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі;

      көтергіш құрылыстардың жұмысқа қабілетті техникалық жай-күйін және қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар;

      өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу нәтижелерін өңдеу және талдау әдістері;

      техникалық құжаттама мен сараптамалар қорытындыларын ресімдеу тәртібі;

      экономика, өндірісті, еңбек және басқаруды ұйымдастыру негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      І санатты көтергіш құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және ІІ санатты көтергіш құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;

      ІІ санатты көтергіш құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз көтергіш құрылыстардың өнеркәсіптік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

      санатсыз көтергіш құрылыстардың өндірістік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

 

Нұсқаулықпен таныстым:

 

___________/__________________________

                      (подпись, Ф.И.О., дата)

                                    «___»__________ 20___ж.

Назар аударыңыз! 

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын. 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

   

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу