Лауазымды нұсқаулық
Күзетші
Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірленді Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес.
Лауазымдық міндеттері:
ұйымды күзетуді және ұйымбасшысы бекіткен тәртіпке сәйкес құжаттардың дұрыстығына және талапқа сай болуына назар аудара отырып, белгіленген тәртіптегі рұқсатнама немесе жеке куәлік бойынша нысанға өткізу тәртібін қамтамасыз ету;
бөгде адамдарды аумаққа тек басшының немесе ұйым қызметкерімен бірге аумаққа кіруге рұқсат етуге құқық берілген лауазымды тұлғаның рұқсатымен өткізеді;
ерекше маңызды нысандарға келушілерді ұйым басшысы бекіткен тізімге сәйкес өткізеді;
жұмыстан тыс уақытта, демалыс және мереке күндері арнайы тізімді басшылыққа ала отырып, қызметкерлердің қызмет орнына кіруін шектейді;
тәртіпті бұзу жағдайы жөнінде ұйым басшысын хабардар етеді;
басшының рұқсатынсыз мүліктер мен материалдық құндылықтарды шығаруға жол бермейді;
тәртіп бұзушыларды ұстайды, тауарлы және өзге де материалдық құндылықтарды әкету (әкелу) құқығы құжаттарына жүктің сәйкестігіне және құжаттарды ресімдеу дұрыстығына назар аудара отырып, күзет аумағына кіріп, шығып жатқан көліктерге тексеріс жүргізеді, ұйым басшылығы белгілеген жұмыс тәртібін сақтайды және оның орындалуын қызметкерлерден талап етеді;
шабуыл жасалған жағдайларда қажетті қорғаныс және шабуылшыларды ұстау жөнінде шаралар қабылдайды;
қылмыскерлердің (тауарларға және өзге материалдық құндылықтарға қол сұғу қылмысымен байланысты әрекет жасаған адамдарды немесе өзге құқық бұзушыларды) ұсталуына шаралар қабылдайды және оларды құқық қорғау органдарына жібереді және уақиға жөнінде қауіпсіздік қызметі басшысы мен құқық қорғау органдарына хабарлайды;
құқық қорғау органдары қызметкерлері келгенше уақиға орнын күзетуді қамтамасыз етеді, медициналық көмек шақырады және медицина қызметкерлері келгенше қылмыскерден немесе қайғылы оқиға нәтижесінде зардап шеккендерге қолдан келгенше медициналық көмек көрсетеді;
өрт туындаған жағдайда өрт сөндірушілерді шақырады және өртті сөндіру бойынша шаралар қабылдайды.
Білуге тиіс:
ұйымның өткізу тәртібін регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, тәртібі, нұсқаулықтары және өзге де басшылық етуші материалдар мен құжаттар;
ұйымның құрылымы және оның бөлімшелерінің жұмыс режимі;
рұқсатнамалар мен өзге де рұқсатнама құжаттарын беру тәртібі мен тәртібі;
еңбекті ұйымдастыру негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және құқық қорғау органдарында практикалық жұмыс өтілі немесе жалпы орта білім, әскердегі қызметі болуға және міндетті арнайы курс оқуға тиіс, сондай-ақ практикалық 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі.
Нұсқаулықпен таныстым:
___________/__________________________
(подпись, Ф.И.О., дата)
«___»__________ 20___ж.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
007 Приложение №1 ДОЛЖНОСТНАЯ ИНСТРУКЦИЯ
23 рет жүктеп алынды -
001 Титулка
15 рет жүктеп алынды -
004 БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
16 рет жүктеп алынды -
006 Еңбек шарты Трудовой договор
14 рет жүктеп алынды -
008 Приложение № 2 о неразглашении конфиденциальной информации
13 рет жүктеп алынды -
009 Приложение № 3 о полной материальной ответственности
19 рет жүктеп алынды -
003 Перечень документов, необходимых при приеме на работу
16 рет жүктеп алынды -
002 Внутренняя опись
17 рет жүктеп алынды -
005 Кадр есебі жөніндегі ІС ПАРАҒЫ
17 рет жүктеп алынды