⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Лауазымды нұсқаулық Қоғаммен байланыс жөніндегі маман

Лауазымды нұсқаулық Қоғаммен байланыс жөніндегі маман

Лауазымды нұсқаулық

Қоғаммен байланыс жөніндегі маман

      Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірленді Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес.  

         Лауазымдық міндеттер:

       қоғаммен байланыс саласындағы ұйымның саясатын және оның жекелеген кезеңдерін іске асыру бойынша жұмыстарды орындайды;

       қоғаммен байланыс саласындағы ұйымның сыртқы және ішкі саясатының нақты жоспарларын әзірлеуге қатысады;

       бұқаралық ақпарат құралдары және қоғам өкілдерімен үнемі өзара іс-қимылды жүзеге асырады және олармен байланысты ұстап тұрады, оларды ұйым басшыларының ресми шешімдерімен және бұйрықтарымен таныстырады, ресми сұрауларға жауап дайындайды, ұйым қызметі туралы ақпараттық материалдардың уақтылы таралуын бақылайды;

       брифинг, баспасөз конференцияларын, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғам өкілдерінің қатысуымен өткізілетін ақпараттық-жарнамалық сипаттағы өзге де іс-шаралар мен акцияларды дайындауға және өткізуге қатысады, оларды кешенді және ұйымдастырушылық сүемелдеуді қамтамасыз етеді;

       бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз релиздерін және өзге де ақпараттық материалдарды дайындайды, электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингін жүргізеді, ішкі пайдалануға арналған ақпараттық-талдау материалдарын дайындауға қатысады;

       ақпараттық-жарнамалық материалдарды әзірлейді, корпоративтік басылым, ұйымның ресми "WEB"ресурсы үшін мәтіндер дайындайды;

       социологиялық зерттеулер үшін тапсырмалар дайындауға және ақпараттық-жарнамалық сипаттағы іс-шараларды өткізу нәтижелері бойынша қорытынды есептер жасауға қатысады;

       ақпараттық материалдарды жинау, сақтау, пайдалану және тарату, архивке тапсыру үшін құжаттарды дайындау бойынша жұмыстарды орындайды;

      басшылықтың шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді, оны ағымдағы жұмыс барысы және нәтижелері туралы уақтылы ақпараттандырады.

Білуге тиіс:

      қоғаммен байланысты ұйымдастыру мәселелеріне қатысты қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, өзге де басқарушы және нормативтік құжаттар;

      бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама туралы заңнама негіздері;

       қоғаммен байланыс саласындағы кәсіптік және этикалық принциптердің халықаралық және ұлттық кодекстері;

       ұйымның мамандануы, қызметінің ерекшеліктері және даму перспективалары;

       политология, социология, психология негіздері;

       сапалық және сандық социологиялық зерттеулерді жүргізудің негізгі әдістері;

       бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу әдістемесі;

       композиция және жарнамалық хаттар, мақалалар, өтініштер, жұрт алдында сөз сөйлеу стилінің заңдары;

       статистикалық ақпаратты талдау әдістері;

       іс жүргізу негіздері;

       ұйымның өз дерекқорын қалыптастыру және пайдалану әдістері мен құралдары;

      қазіргі заманғы техникалық құралдар мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістері;

      экономика, өндірісті, еңбек және басқаруды ұйымдастыру негіздері;

      еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

 

Нұсқаулықпен таныстым:

 

___________/__________________________

                      (подпись, Ф.И.О., дата)

                                    «___»__________ 20___ж.

Назар аударыңыз! 

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын. 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

   

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу