Лауазымды нұсқаулық
Жол шаруашылығы сарапшысына
Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы негізінде әзірленді Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22003 болып тіркелді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес.
Лауазымдық міндеттері:
жолдарының желісін дамыту мен жетілдіруді қамтамасыз етуге байланысты жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады;
жұмыс өндірісінің, жолдардың тасымалдау-пайдаланушылық жағдайының және олардағы жасанды құрылыстардың технологиясына, сапасына, көлемі мен мерзіміне, мердігерлер мен жеткізушілердің шарт міндеттемелерін орындауына, көлік құралдарының қарқынды қозғалысы мен анықталған ақаулар мен жұмыстың тоқтатылуын болдырмау туралы нұсқамаға сәйкес автомобиль жолдарына зерттеу мен диагностика жүргізуге, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
тексеру қорытындысы бойынша орындалған жұмыстардың сапасы туралы қорытындылар, анықталған бұзушылықтарды жою және жұмыстарды тоқтата тұру туралы ұйғарымдар дайындайды;
шарт міндеттемелерінде жіберілген кемшіліктер, жұмыстың төменгі сапасы мен немесе ақауларды жою бойынша нұсқамалардың орындалмағаны үшін ұйымдарға экономикалық және әкімшілік әсер ету шараларын қолдану туралы ұсыныс енгізеді;
автомобиль жолдарының ахуалын бағалауды және дайындалған қорытынды негізінде тасымалдау-пайдалану жағдайы мен автомобиль жолдарының желілерінің дамуын жетілдіру, жол қозғалысы қауіпсіздігі деңгейін арттыру, жол қозғалысы қауіпсіздігінің ғылыми, қаржылық, ұйымдастырушылық-техникалық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
нормативтік құжаттарды жүргізу мен құруға қатысады;
жол шаруашылығының ұзақ мерзімді, орташа шұғыл бағдарламасы мен жол шаруашылығындағы жұмыстардың ағымдағы жоспарларын болжауды әзірлеуге қатысады;
ақпараттық-есептеу жүйесін, өндірістік-технологиялық және апаттық-шақыру байланысын енгізумен байланысты жұмыстарды жүргізеді;
дербес компьютерлерде сақталатын ақпаратты жергілікті желілер мен интернетті қолданышылардың оған заңсыз қол жеткізуінен қорғау жөніндегі шараларды қабылдайды;
ақпараттандыру мен байланыс, оның ішінде оның міндетті талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды дайындау жөніндегі техникалық құжаттама сараптамасын жүргізеді;
ақпараттық-есептеу жүйелерінің аппараттық және бағдарламалық құралдарын пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, сондай-ақ ақпараттандыру және байланыс саласындағы техникалық тапсырмалар мен шарттарды дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді;
жол объектілерінің жобалық құжаттамаларына сараптаманы жүзеге асырады және қорытынды дайындайды;
мердігерлік сауда-саттықты (конкурстарды) өткізуге қатысады, оларды іске асыру мониторингін жүзеге асырады;
жол маңы жолақтар мен автомобиль жолдарының жолақтары басып жатқан жерлерді коммерциялық қолдану мәселелері бойынша мемлекеттік емес ұйымдар мен жеке тұлғалардың ұсыныстарын қарастырады, осы ұсыныстардың экономикалық тиімділігін есептеуді жүргізеді;
жұмыс және мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысы үшін құжаттаманың дайындалуын қамтамасыз етеді;
автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстарға паспорттар жүргізуді, мәжіліс жүргізу үшін ақпараттық және анықтамалық-талдау материалдарын дайындауды жүзеге асырады;
коммерциялық ұйымдарды автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстарды тиісті түрде ұстау жөніндегі жұмыстарды орындауға коммерциялық ұйымдарды тартудың экономикалық тиімділігіне есептеу жүргізуді жүзеге асырады;
жол жұмыстарын жүргізуге шығындарды талдайды, бір км автомобиль жолдарын ұстау шығыны нормативтері мен жөндеу және құрылыс-монтаж жұмыстарына лоттардың старттық бағалары бойынша ұсыныс дайындайды;
орындалған жұмыстар туралы есепті жүргізеді және белгіленген есептілікті құрады;
жол шаруашылығындағы табиғи апаттар мен жол-көлік оқиғаларының салдарларын жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады;
ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті көлік құралдарының өту жолын жүзеге асыруға өтінімдерді қарастырады, қозғалыс бағдарлары мен өту талаптарын келісуді жүзеге асырады, автомобиль жолдары мен жасанды құрылыстарға жалпы салмағы немесе жүктемесі нормативтік мағынадан асатын көлік құралдарының заңсыз кіруі салдарынан келтірілген нұқсанның мөлшерін айқындайды;
мемлекеттік және коммерциялық құпия болып келетін қызметтік ақпаратты қорғауды қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс:
жол шаруашылығын мемлекеттік қолдауға бағытталған, қаржы қаражаты және оларды пайдалану тәртібіне, жұмыс өндірісінің технологиясы мен сапасына, жол қозғалысы қауіпсіздігін инженерлік қамтамасыз ету жолдарының сақталуына, мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелеріне қатысты заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және нормативтік құжаттар;
орындалған жұмыстардың (қызметтердің) белгіленген стандарттарға сәйкестігі туралы қорытындылар дайындау тәртібі, нормативтік құжаттарды әзірлеу әдістері;
жұмысты жоспарлау мен қаржыландыру тәртібі;
жаңа технология мен техниканы енгізу тәртібі;
жерді пайдалану тәртібі, объектілерді пайдалануға енгізу тәртібі;
объектілерді пайдалануға беру тәртібі;
жолдар мен құрылыстардың көлік-пайдаланушылық жағдайын айқындау тәртібі;
мердігерлік сауданы жүргізу мен мемлекеттік келісімшарттарды жасасу тәртібі;
мемлекеттік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету әдістері;
байланыс жүйесі мен ақпараттық-есептеу байланысының аппараттық және бағдарламалық құралдарын пайдалану мен техникалық қызмет көрсету тәртібі;
экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері;
еңбек заңнамасы, өндірістік санитария, еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау мен ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Нұсқаулықпен таныстым:
___________/__________________________
(подпись, Ф.И.О., дата)
«___»__________ 20___ж.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
007 Приложение №1 ДОЛЖНОСТНАЯ ИНСТРУКЦИЯ
85 рет жүктеп алынды -
001 Титулка
84 рет жүктеп алынды -
004 БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
80 рет жүктеп алынды -
006 Еңбек шарты Трудовой договор
54 рет жүктеп алынды -
008 Приложение № 2 о неразглашении конфиденциальной информации
69 рет жүктеп алынды -
009 Приложение № 3 о полной материальной ответственности
72 рет жүктеп алынды -
003 Перечень документов, необходимых при приеме на работу
116 рет жүктеп алынды -
002 Внутренняя опись
48 рет жүктеп алынды -
005 Кадр есебі жөніндегі ІС ПАРАҒЫ
48 рет жүктеп алынды