Материалдарды іске қоса тіркеу туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына өтінішхат
Алматы қаласыныңМамандандырылған ауданаралық тергеу сотына
Төрағалық етуші судьяИскакбаева Ж.К.-ға
күдікті Бой Ми Турсунгалиевнаныңқорғаушысы
– адвокатСаржанов Ғалымжан Тұрлыбекұлынан
«Закон и Право» адвокаттық кеңсесі050002, Алматы қаласы,
Алмалы ауданы,Абылай хан даңғылы, 79/71 үй, 304 кеңсе
info@zakonpravo.kzwww.zakonpravo.kz
тел.: +770085785758, +7 7009785755
ӨТІНІШХАТ
Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының өндірісінде Бой М.Т.-ға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстауға санкция беру туралы тергеушінің өтінішхаты қаралуда (материал №7595-26-00-2-3м/3319).
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 138-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бұлтартпау шарасын қолдану қажеттілігі және оның қандай түрін қолдану туралы мәселені шешу кезінде, осы Кодекстің 136-бабында көрсетілген негіздермен қатар, сондай-ақ осы Кодекстің 137-бабының екінші бөлігінде көрсетілген қосымша шектеулерді белгілеу кезінде мыналар ескерілуге тиіс:
- жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы;
- күдіктінің, айыпталушының жеке басы, оның жасы;
- денсаулық жағдайы;
- отбасылық жағдайы, отбасында асырауындағылардың болуы;
- күдіктінің, айыпталушының әлеуметтік байланыстарының беріктігі;
- күдіктінің, айыпталушының беделі;
- айналысатын қызметі;
- күдіктінің, айыпталушының тұрақты жұмыс немесе оқу орнының болуы;
- мүліктік жағдайы;
- тұрақты тұрғылықты жерінің болуы және басқа да мән-жайлар.
- Осы Кодекстің 136-бабында көзделген негіздер болмаған кезде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаудың жалғыз негізі бола алмайды.
Тергеуші жауап алу және беттестіру жүргізу барысында Бой М.Т.-ға ақшалай қаражатты жәбірленушілерден пайызбен қарызға алғанын хабарлады. Бой М.Т.-ның сөздерін растау үшін «WhatsApp» мобильді қосымшасындағы хат-хабарлардың скриншоттары және «Kaspi Bank»-тен алынған үзінді көшірмелер ұсынылды, олар тергеушінің қаулысымен қылмыстық іс материалдарына қоса тіркелген.
Көрсетілген барлық мән-жайлар тексерілуге тиіс болатын, және тек тиісті тексеру жүргізілгеннен кейін ғана тергеуші Бой М.Т.-ны күдікті деп тану және оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесін шешуі тиіс еді.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, СҰРАЙМЫН:
– тергеушінің Бой Ми Турсунгалиевнаға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстауға санкция беру туралы өтінішхатының материалдарына тергеушінің «Kaspi Bank»-тен алынған үзінді көшірмені, түбіртектердің көшірмелерін, сондай-ақ Бой М.Т. мен А. С.Т. арасындағы хат-хабарлардың скриншоттарын қоса тіркеу туралы өтінішхатты қанағаттандыру туралы қаулысының көшірмесін қоса тіркеуді;
Қосымша: өтінішхатты қанағаттандыру туралы қаулының көшірмесі.
Қорғаушы Саржанов Ғ.Т.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы