Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Материалды залалды өндіру туралы талап арыз

Материалды залалды өндіру туралы талап арыз

Материалды залалды өндіру туралы талап арыз

Внимание! Юридическая компания Закон и Право, обращает ваше внимание на то, что данный документ является базовым и не всегда отвечает требованиям конкретной ситуации. Наши юристы готовы оказать вам помощь в составлении любого правового документа подходящего именно под вашу ситуацию. Для подробной информации свяжитесь с юристом Кенесбек Ислам, по телефону; +7 (708) 971-78-58; +7 (727) 971-78-58. Материалды залалды өндіру туралы талап арыз

Алматы облысы Қарасай ауданының сотына

Алматы облысы, Қарасай ауданы,

Каскелен қаласы, Момышұлы көшесі, 5№

8 (7277) 17 99 02, 8 (72771) 3002233№

050224@sud.kz

Азаматтық талапкер: аз. …………………

ЖСН …………..

Алматы облысы, …….. ауданы, …….ауылы, …….. көшесі, …………. үй.

+ 7707 ……………….

Азаматтық жауапкер: аз. …………….

ЖСН ………………..

Алматы облысы, ……………. ауданы, ………….

ауылы, ……………. көшесі, ….. үй.

Талап арыз

матриалдық шығынды өндіру туралы

           20... жылдың қараша айының 20-сы күні мен аз. ...........  (әрі қарай Азаматтық талапкер) және азамат ....................... (әрі қарай Азаматтық жауапкер) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406 - бабы (Сатып алу-сату шарты), және 150-152 бабы (Жазбаша мәміленің нысаны және шарттары) тәртібімен азаматтық-құқықтық келісім жасалды. Шарт бойынша Талапкер Наториалды берілген сенімхат бойынша өзінің меншігіндегі Мазда ...., 19.... жылғы, мелекеттік нөмірі А ..... H..., қораб №......., автокөлігін Жауапкерге сатқан, ал Жауапкер өз тарапынан аталған көлік құралын алып оның келісім ақысын Талапкерге төлеп, сенімхат бойынша берілген құқықтары бойынша өз атына аударып алуды уәде берген. Азаматтық кодекстің 272-бабында «Мiндеттеменi тиiсiнше орындау» жайлы анықтама берілген онда  Мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс делінген.

Жауапкер 20... жылдың қараша айының 20-сы күнінен бугінгі кунге дейін жоғарыда аталған көлік құралын өз жекеменшігіне аудармаған, соның салдарынан Талапкерге осы күнге дейн мемлекеттің құзырлы органдарынан аталған көлік бойынша автокөлік салығын төлеу талаптары келуде оған дәлел Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша салық басқармасынан келген хат онда 20... жылдан бастап 20... жыл аралығындағы жоғарыда аталған авто көлікке жалпы сомасы 75 981,07 тенге салық толеуді Талапкерге міндеттеген. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің  917-бабы «Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi» атап айтылған онда Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк және (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс делінген және Заңды iс-әрекеттермен келтiрiлген зиян осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларда өтелуге тиiс деп дөп басып айтылған.

Азаматтық кодекстің 349-бабы «Мiндеттеменiң бұзылғандығы ұғымы» айтылған Мiндеттеменi орындамау, не тиiстi дәрежеде орындамау (мезгiлiнде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орындамау, мiндеттеме мазмұнында белгiленген басқа жағдайларды бұзып орындау) - тиiсiнше орындамау оның бұзылуы деп түсiнiледi. Аталған кодекстің 113-бабы «Өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу» міндетелген онда Сот пайдасына шешім шығарылған тараптың өтінішхаты бойынша процеске қатысқан және осы тараппен еңбек қатынастарында тұрмаған өкілдің (бірнеше өкілдің) көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстарын тараптың іс жүзінде жұмсаған шығыстары мөлшерінде басқа тараптан алып береді делі нген Азаматтық кодекстің 103-бабы «Мемлекеттік баж» және Салық кодексінің 610 бабы, Мемлекеттік бажды төлеудің тәртібі мен мөлшеріне сай бюджетке 760 тенге салық төленді Осы жоғарыда көрсетілген мән жайларды ескере ҚР ҚПК-н, ҚР АК-н  басшылыққа ала отырып,

                                    СОТТАН  СҰРАЙМЫН:

Азаматтық жауапкер ……………….. тарпынан келтірілген материалдық шығынды Азаматтық талапкер ……………. пайдасына 75 981,07 тенгені өндіруді;

Азаматтық жауапкер ……………… Азаматтық талапкер ………………. пайдасына 1 200 тенге төленген Мемлекеттік баж салығын өндіруді;

Басқада Сот шығындарын Азаматтық жауапкер ………………. өндіруді;

Азаматтық жауапкер …………….. Азаматтық талапкер ………………….. пайдасына Өкілдің көмегіне төленген 15 000 тенге өндіруді.

Азаматтық талапкер,

__________________/ ....................

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу