Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Бланктер / Материалдық залалды және моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап арызға сотқа пікір

Материалдық залалды және моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап арызға сотқа пікір

Материалдық залалды және моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап арызға сотқа пікір

 

 

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотына

талап қоюшы: Аа Га Тна

ЖСН ....,

тұрғылықты мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы,

..., ауыл..., уч. кв. ..., ұялы телефон +7 775 ...

жауапкер: «СА» ЖШС директоры За А.М. тұлғасында

БСН ...

Алматы қ., С. даңғылы, ... үй, ....

сенімхат бойынша жауапкердің өкілдері:

адвокат Саржанов Г.Т., тел. 87085785758,

адвокат Нигметов С.Д., тел. 87009785755

Талап арызға пікір

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотының өндірісінде Аой Г.Т.-ның «СА» ЖШС-не материалдық залалды және моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша №7520-25-00-2/18521 азаматтық іс қаралуда.

Талап қоюшының талаптарын мойындамаймын.

260 000 теңге мөлшерінде көрсетілген қызмет үшін төленген соманы өндіріп алу туралы талап бойынша. Тіс имплантациясы бойынша қызмет тіс имплантациясы саласындағы халықаралық ұсынымдарға сәйкес жүргізілді. Талап қоюшы сотқа ұсынған суретте тіс қатарының қандай да бір ақаулары мен кемшіліктері анықталмаған. Талап қоюшының санитариялық нормалардың бұзылғаны, ассистенттердің құралдарды түсіріп алғаны, дәрігердің қажетті материалдарды іздеу үшін кабинеттің өзінен шығып кеткені туралы уәждері шындыққа сәйкес келмейді. Қатты ісіну, жазылмайтын жара, сау көрші тістің ауыруы түріндегі салдардың болғаны ешқандай дәлелдермен расталмаған. Көрші тіс түбірінің зақымданғаны да расталмаған. Бас ауруы, қан қысымының жоғарылауы, бас айналу, жүрек айнуы, беттің көгеруі, тамақтанудың бұзылуы және толыққанды жұмыс істеу мүмкіндігінің болмауы жүргізілген тіс имплантациясымен себептік байланыста емес және мұны растайтын дәлелдер жоқ. Талап қоюшыға дәрігер импланттың 100% жағдайда бітісіп кетуіне кепілдік берілмейтіні туралы ескерткен. Осылайша, тіс имплантациясы бойынша көрсетілген қызмет үшін төленген сома қайтарылуға жатпайды.

Кейінгі емделуге 3 000 000 теңге мөлшерінде шығындарды өндіріп алу туралы талапқа қатысты. Аталған талап негізсіз болып табылады және қанағаттандырылуға жатпайды.

3 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянның өтемақысын өндіріп алу туралы талапқа қатысты. Аталған талап негізсіз болып табылады және қанағаттандырылуға жатпайды.

ҚР АПК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әрбір дәлелдеме оның іске қатыстылығы, жол берілуі, анықтығы ескеріле отырып бағаланады, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығында азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағаланады.

ҚР АПК-нің 72-бабына сәйкес, әрбір тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс.

ҚР АПК-нің 113-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өз пайдасына шешім шығарылған тараптың өтініші бойынша сот екінші тараптан осы тараппен еңбек қатынастарында тұрмайтын, процеске қатысқан өкілдің (бірнеше өкілдің) көмегіне ақы төлеу жөніндегі өзі шеккен шығыстарын нақты шеккен шығындары мөлшерінде өндіріп алады. Мүліктік талаптар бойынша бұл шығыстардың жалпы сомасы талаптың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс. Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша шығыстар сомасы ақылға қонымды шектерде өндіріп алынады, бірақ үш жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

«СА» ЖШС өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша 700 000 теңге мөлшерінде шығындар шеккен, бұл заң көмегін көрсету туралы шартпен және төлем тапсырмасымен расталады.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде,

соттан:

  • Аой Г.Т.-ның «СА» ЖШС-не қойған талап қоюын толық көлемде қанағаттандырудан бас тартуды;
  • Аой Г.Т.-дан «СА» ЖШС-нің пайдасына өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша 700 000 теңге мөлшеріндегі шығындарды өндіріп алуды сұраймын.

Қосымша: заң көмегін көрсету туралы шарт, төлем тапсырмасы.

«СА» ЖШС директоры З А.М.

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы