Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы N 535 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) бір ай мерзімде Жалпыұлттық жоспарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін; 2) Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауының қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін; 3) жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары: 1) Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы N 535 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы"Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттіксаясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауыніске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттықжоспары
Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2009.05.19. N 805 Жарлығымен.
Жүктеу
| I. Дәйекті жаңғырту және экономикалық өсудіңорнықты қарқынын қамтамасыз ету | ||||
|---|---|---|---|---|
| Қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттер | ||||
| Өндіруші секторды дамыту | ||||
| Озық инфрақұрылымдық қамтамасыз ету | ||||
| "30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасын іске асыру | ||||
| Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту | ||||
| Азық-түлік қауіпсіздігі | ||||
| Өнімді экспорттау | ||||
| Мал шаруашылығы саласы | ||||
| Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу | ||||
| Макроэкономикалық саясаттың басымдықтары | ||||
| II. Қазақстандық мемлекеттілікті одан әрі нығайту,мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру | ||||
| Қазақстан халқы Ассамблеясын нығайту | ||||
| Қазақстандағы қазіргі заманғы саяси жүйені дамыту | ||||
| Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес | ||||
| Әкімшілік реформа және кадр саясаты | ||||
| Бюджеттік жоспарлау | ||||
| Мемлекеттік қаражат аудиті | ||||
| Шағын және орта бизнестің бәсекегеқабілеттілігін ынталандыру | ||||
| III. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру | ||||
| Білім инфрақұрылымы | ||||
| Кәсіптік білім беру | ||||
| Тілдердің үштұғырлығы | ||||
| Денсаулық сақтауды дамыту | ||||
| Тұрғын үйге қолжетімділікті және оның сапасынқамтамасыз ету | ||||
| IV. Қазақстанның халықаралық беделін, өңірліктұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту | ||||
| Теңгерімді сыртқы саясатты дамыту жәнехалықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысу | ||||
| Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінжаңғырту және оның жауынгерлік дайындығы | ||||
| Халықаралық іс-шаралар | ||||
Р/сN | Іс-шаралардың атауы | Аяқтаунысаны | Жауаптыорындаушылар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Халықаралық мұнай және энергетика нарықтарына ықпалды және жауапты қатысушы ретіндегі мемлекеттің ұстанымын күшейту | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | ЭМРМ,"Самұрық" АҚ | жылсайын20қаңтарғадейін |
| 2. | Тау-кен-металлургия саласын тиімді дамыту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдау (жұмыс істеп тұрған тау-кен-металлургия компаниялары акцияларының мемлекеттік пакетін, сирек кездесетін металдарды қоса алғанда, қара, түсті металдардың барланған кен орындарының жер қойнауын пайдалану құқықтарын басқару) | Мемлекетбасшысынабаяндама | Үкімет,"Самұрық" АҚ | жылсайын,2008-2010жж.желтоқсан |
| 3. | Жаңа кен орындарын барлау жөнінде жұмыстар жүргізу | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | ЭМРМ,"Самұрық"АҚ,ӘКК | 2008жылғы20 шілде,2009жылғы20 қаңтар |
| 4. | Балқаш ЖЭС-ін, Екібастұз ГРЭС-2-нің үшінші энергоблогын, Мойнақ ГЭС салу жөнінде шаралар қабылдау | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | ЭМРМ,"Самұрық" АҚ,Павлодар,Алматыоблыста-рыныңәкімдері | жылсайын,есептіжылданкейінгіжылғы20қаңтар,2009-2013жж. |
| 5. | "Қазақстанның Солтүстігі - Оңтүстігі" электр берудің екінші желісін және "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" электр беру желісін салуды аяқтау | пайдалануғаберуактілері | ЭМРМ,"Самұрық"АҚ | 2009жылғыжелтоқсан |
| 6. | "Бейнеу - Шымкент" магистральды газ құбырын салу мәселесін пысықтау және салуды бастау | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | ЭМРМ,ЭБЖМ,ТМРА, ЖРА,"Самұрық"АҚ,ОңтүстікҚазақстан,Маңғыстау,Қызылордаоблыс-тарыныңәкімдері | 2008-2009жж.қараша |
| 7. | Ақтау қаласында атом электр станциясын салу жөнінде нақты ұсыныстар енгізу | ПрезидентӘкімшілігінеұсыныстар | ЭМРМ,Қоршаған-ортамині,Әділетмині,СІМ,"Қазатом-өнеркәсіп"ҰАК" АҚ,Маңғыстауоблысыныңәкімі | 2008 жылғы қазан |
| 8. | Энергия үнемдейтін технологиялар енгізу жөнінде шаралар кешенін қабылдау | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | ЭМРМ,Қоршаған-ортамині,ТМРА, ИСМ,АШМ, ККМ,"Самұрық" АҚ,"ҚазАгро" АҚ,Астана жәнеАлматы қа-лаларының,облыстардыңәкімдері | 2008-2013жж.желтоқсан |
| 9. | Экологиялық таза технологиялар (қайта жаңартылатын энергия көздерін) енгізу жөнінде шаралар қабылдау | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | Қоршаған-ортамині,ЭМРМ, ИСМ,Астана жәнеАлматы қа-лаларының,облыстардыңәкімдері | 2008-2013жж.желтоқсан |
| 10. | "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автокөлік дәлізін іс жүзіне асыру | ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | ККМ,Қаржымині,ЭБЖМ,Алматы,Жамбыл,ОңтүстікҚазақстан,Қызылорда,Ақтөбе об-лыстарыныңәкімдері | 2008-2012жж.желтоқсан |
| 11. | "Шар - Өскемен" темір жолын салуды аяқтау | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | ККМ | 2008жылғыжелтоқсан |
| 12. | "Маңғышлақ - Баутино", "Ералиев - Құрық" темір жол желілері мен "Қорғас - Жетіген" учаскесін салу | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | ККМ, ЭБЖМ,Қаржымині | 2008-2011жж.қараша |
| 13. | "Мақат - Қандыағаш" темір жол учаскесін электрлендіру | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | ККМ, ЭБЖМ,Қаржымині | 2008-2011жж.қараша |
| 14. | Астана - Бурабай, Астана - Қарағанды, Алматы - Қапшағай, Алматы - Қорғас автомобиль жолдарын, сондай-ақ Үлкен Алматы айналма жолын салу және қайта жаңарту | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | ККМ, ЭБЖМ,Қаржымині,Алматықаласының,Алматы,Ақмола,Қарағандыоблыста-рыныңәкімдері | 2009-2012жж.қараша |
| 15. | Концессиялық жобаларды тартымды ету мен жандандыру үшін заңнамалық базаны жетілдіру | Заң жобасы | ЭБЖМ,Қаржымині,ККМ,мүдделімемлекеттікоргандар | 2008жылғықыркүйек |
| 16. | Өңірлерді дамытудың 2015 жылға дейінгі стратегиясын іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдарды инфрақұрылымды, әсіресе жергілікті маңызы бар жолдарды белсенді дамытуды қамтамасыз етуі | ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | ЭБЖМ, ККМ,ИСМ, АШМ,ЭМРМ,Астана жәнеАлматы қа-лаларының,облыстардыңәкімдері,ӘКК | 2009-2011жж.ақпан |
| 17. | ЖЭО-3 салуды қоса алғанда, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде Астана қаласының энергетикалық кешенін дамыту бағдарламасын іске асыру | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | Астанақаласыныңәкімі,ЭМРМ | жылсайын,есептіжылданкейінгіжылғы20 қаңтар |
| 18. | "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" бағдарламасы шеңберінде "серпінді" жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | ЭБЖМ, ИСМ,АШМ, ЭМРМ,ККМ,Астана жәнеАлматы қа-лаларының,облыстардыңәкімдері | жылсайын,2009-2010жж.20қаңтарғадейін |
"Самұрық" АҚ,"Қазына" АҚ,"ҚазАгро" АҚ | әр айдың15-інеқарай | |||
| 19. | Отандық машина жасауды дамыту жөнінде шаралар кешенін дайындау және іске асыруды бастау | Үкіметқаулысы | ИСМ, АШМ,ККМ, ЭМРМ,"Самұрық" АҚ,"Қазына" АҚ,"ҚазАгро" АҚ | 2008жылғықараша |
| 20. | Қазақстан Республикасының заңнамасына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Заң жобасын әзірлеу | Заң жобасы | АШМ,Әділетмині,ЭБЖМ, ТЖМ,Еңбекмині,ИСМ | 2008жылғыжелтоқсан |
| 21. | Ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестицияларды ұлғайту жөніндегі шаралар кешенін қабылдау | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | АШМ, ИСМ,ЭБЖМ | 2008-2011жж.қазан |
| 22. | Елдің ішкі қажеттілігі қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнімдері өндірісін ынталандыру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу және қабылдау | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | АШМ, ИСМ | 2008-2011жж.қазан |
| 23. | Ауыл шаруашылығында экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту және қолдау жөнінде шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | АШМ, ИСМ,ЭБЖМ,"ҚазАгро" АҚ | 2008-2011жж.қазан |
| 24. | Каспий және Қара теңіз порттары арқылы және Қытай бағытындағы астықтың экспорттық жеткізілімін кеңейту жөнінде шаралар қабылдау | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | АШМ, ККМ,СІМ,"ҚазАгро" АҚ | 2008-2011жж.шілде |
| 25. | Ветеринарияны халықаралық стандарттарға көшіру жөнінде шаралар қабылдау | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | АШМ, ИСМ | 2009-2012жж.қаңтар |
| 26. | Ауыл шаруашылығын барлық деңгейлерде жүйелі қолдау үшін бұдан әрі шараларды қабылдау | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | АШМ, ЭБЖМ,Астана жәнеАлматы қа-лаларының,облыстардыңәкімдері | 2009-2012жж.қаңтар |
| 27. | Ауыл шаруашылық өңдеуші өндірістерді дамыту және қолдау жөнінде шаралар қабылдау | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | АШМ,Астана жәнеАлматы қа-лаларының,облыстардыңәкімдері,"ҚазАгро" АҚ | 2008-2011жж.шілде |
| 28. | Астана қаласының азық-түлік белдеуін жасау жөніндегі жұмысты жандандыру | ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | АШМ,"ҚазАгро" АҚ,Астанақаласының,Ақмолаоблысыныңәкімдері | 2009-2012жж.қаңтар |
| 29. | Ықтимал кері үрдістерді анықтау және тәуекелдерді басқару мақсатында елде және әлемде болып жатқан экономикалық процестерге жедел мониторинг жүйесін енгізуді қамтамасыз ету | нормативтікқұқықтық акт | ЭБЖМ,Қаржымині,СІМ,АҚӨҚОҚРА,ҚНРА, ҰБ,"Үкіметжәне ҰлттықБанкжанындағыұлттықталдамалықорталық"АҚ,"Эконо-микалықзерттеулеринституты"АҚ | 2008 жылғы мамыр |
| 30. | Қаржылық тұрақсыздық қауіп-қатерлеріне және ықтимал болжанбаған жағдайларға мемлекеттің жедел ден қоюы шараларының жүйесін әзірлеу | нормативтікқұқықтық акт | ҚНРА, ҰБ,ЭБЖМ,Қаржымині,АҚӨҚОҚРА,"Үкіметпен ҰлттықБанкжанындағыұлттықталдауорталығы"АҚ,"Эконо-микалықзерттеулеринституты"АҚ | 2008 жылғы мамыр |
| 31. | "Бәсеке туралы" жаңа Заң әзірлеу | Заң жобасы | БҚА, ТМРА,ҚНРА, АБА | 2008жылғықараша |
| 32. | Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің жұмысын жүйелі түрде нығайту | ПрезидентЖарлығыныңжобасы | ҚНРА | 2008жылғынаурыз |
| 33. | Жаңа Бюджет кодексінің жобасын әзірлеу | Кодексжобасы | ЭБЖМ,Қаржымині,Әділетмині,мүдделімемлекеттікоргандар | 2008жылғы1 қыр-күйеккедейін |
| 34. | Әлеуметтік шығыстарды қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстарын оңтайландыру | ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | ЭБЖМ,орталықжәнежергіліктіатқарушыоргандар | 2009жылғықаңтар |
| 35. | Инфляцияның болжанып отырған деңгейін ұстап тұруға бағытталған инфляциялық процестерді тежеу жөнінде шаралар кешенін әзірлеу | Премьер-Министрөкімі | ЭБЖМ, ҰБ,Қаржымині,ИСМ,ТМРА, БҚА,Астанажәне Алматықалаларының,облыстардыңәкімдері | 2008жылғынаурыз |
| 36. | Әлемдік экономика бәсеңдеуі мен бірқатар экспорттық тауарларға бағаның төмендеу ықтималы жағдайында тұрақтандыру іс-қимылдарының жедел жоспарын әзірлеу | Мемлекетбасшысынабаяндама | Үкімет,ҰБ, ҚНРА | 2008жылғышілде |
| 37. | "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы" Заң жобасын Парламентке енгізу | Заң жобасы | ПрезидентӘкімшілігі,Әділетмині,МАМ | 2008жылғықыркүйек |
| 38. | Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Үкімет қаулысы | МАМ | 2008 жылғы қазан |
| 39. | Партиялық-саяси жүйені одан әрі дамыту жөніндегі шараларды іске асыру, "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын Парламентке енгізу | Заң жобасы | МАМ,Әділетмині | 2008 жылғы қазан |
| 40. | Заңдылықты нығайту және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын әділ және тиімді қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдардың қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимыл жасау деңгейін арттыру жөніндегі жұмыстың жаңа нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізу | ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | БП,ЖС, ҰҚК,ЭСЖКА, ІІМ,Әділетмині,Қаржымині,СК | жылсайын,20 шілде,20 қаңтар |
| 41. | Сот жүйесін одан әрі оңтайландыру, ашықтығын қамтамасыз ету және сот ісін жүргізуді оңайлату, сот әділдігінің қол жетімділігін кеңейту мақсатында оның терең реформасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу | ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | ЖС, БП,Әділетмині | 2008жылғыII тоқсан |
| 42. | "Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы" Заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу | Заң жобасы | ІІМ, БП,ЖС, БҒМ,Әділетмині,Қаржымині,ҰҚК | 2008жылғықараша |
| 43. | Құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін органдарда әкімшілік реформа жүргізу | ҚауіпсіздікКеңесіотырысыныңхаттамасы | ПрезидентӘкімшілігі,ЖС, БП,ҰҚК, ІІМ,ЭСЖКА,Әділетмині,Қаржымині | 2008жылғыI тоқсан |
Мемлекетбасшысынабаяндама | ПрезидентӘкімшілігі | жылсайын,2009-2010жж.қаңтар | ||
| 44. | Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін, оның ішінде пилоттық мемлекеттік органдарда енгізу жөніндегі тұжырымдаманың іске асырылуын қамтамасыз ету | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | ЭБЖМ,Әділетмині,Қаржымині,ОңтүстікҚазақстаноблысыныңәкімі,мемлекеттікоргандар | жылсайын,ақпан |
| 45. | Дамудың қазіргі заманғы кезеңінде адам факторын күшейтуді есепке ала отырып, жаңа кадр саясатын қалыптастыру. Мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа формациядағы басқарушылардың кәсіби жетекші тобын қалыптастыруға бағытталған қазіргі заманғы қағидаттар әзірлеу | нормативтікқұқықтық акт | ПрезидентӘкімшілігі,МҚА, ЭБЖМ,Әділетмині | 2008жылғықыркүйек |
| 46. | Мемлекеттік қызметтің кадр резерві жүйесі жұмыс істеуінің жаңа моделін енгізу | Мемлекетбасшысыныңатынаақпарат | ПрезидентӘкімшілігі,МҚА, БҒМ | 2008жылғымамыр |
| 47. | Экономиканың және әлеуметтік ортаның басымды салаларына "Болашақ" бағдарламасының түлектерін тарту тетіктерін жасау, "Болашақ" стипендиаттарының мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда, ғылыми-зерттеу институттарында тағылымдамадан өтулерін ұйымдастыру | ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | БҒМ,мүдделіорталықжәнежергіліктімемлекеттікоргандар,мемлекеттікхолдингтер,ӘКК,"Халықара-лық бағ-дарламаларорталығы"АҚ | 2009жылғы25 қаңтар |
| 48. | Халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы мен нәтижелілігін арттыру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу және жаңа әлеуметтік объектілердің (медициналық ұйымдардың, мектептердің, мектепке дейінгі ұйымдардың, спорттық ғимараттардың) халыққа сапалы, қазіргі заманғы және бұқаралық қызмет көрсету орталықтарына айналуы | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | Астана жәнеАлматы қа-лаларының,облыстардыңәкімдері,БҒМ, ДСМ,ТСМ,Әділетмині,МҚА | жылсайын,қаңтар |
| 49. | Жаңа Бюджет кодексінің жобасын әзірлеу | Кодекстіңжобасы | ЭБЖМ,орталықжәнежергіліктіатқарушыоргандар | 2008жылғы1 қыр-күйеккедейін |
| 50. | Негізгі мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың тиімділігіне бағалауды жүргізу | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | ЭБЖМ,Қаржымині,тиістімемлекеттікоргандар | 2009жылғыақпан |
| 51. | Шағын несиелендірудің қол жетімділігін арттыру және жаңа жұмыс орындарын жасау жөнінде шаралар әзірлеу | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | ИСМ, ЭБЖМ,АШМ,Еңбекмині,"Қазына"АҚ,"ҚазАгро"АҚ | 2008жылғықазан |
| 52. | Бизнеске әкімшілік ауыртпалықты төмендетуді көздейтін рұқсат беру жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын әзірлеу және бәрінен бұрын лицензиялау, сертификаттау, аккредиттеу сияқты рұқсат беру жүйесін оңайлату | Үкіметқаулысы | ЭБЖМ, ИСМ,мүдделімемлекеттікоргандар,Астана жәнеАлматы қа-лаларының,облыстардыңәкімдері | 2008жылғықараша |
| 53. | Тексерістерді қысқарту мен реттеу мақсатында бақылаушы органдардың қызметін оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | Мемлекетбасшысынабаяндама | Үкімет, БП,ЭСЖКА, СК,Астана жәнеАлматы қа-лаларының,облыстардыңәкімдері | 2008жылғықыркүйек |
| 54. | Зейнетақылардың орташа мөлшерін 2007 жылмен салыстырғанда 2012 жылға 2,5 есе өсіру, оның ішінде: 2009 жылы - 25 %-ке, 2010 жылы - 25 %-ке, 2011 жылы - 30 %-ке.Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін 2011 жылға ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 50 %-ке жоғарылату.2009 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар және арнайы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерін - орта шамамен жыл сайын 9 %-ке жоғарылату | Заң,Үкіметқаулысы | ЭБЖМ,Еңбекмині,Әділетмині | 2008-2010жж.желтоқсан |
| 55. | Бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақыны 2011 жылы 2007 жылғы жәрдемақылар мөлшерінен асып түсетін деңгейге дейін орташа 2,5 есе ұлғайту.2010 жылдан бастап 4-ші және одан да көп баланың туылуына арналған бір реттік жәрдемақының мөлшерін 2007 жылмен салыстырғанда 4 еседен аса жоғарылату | Заң | Еңбекмині,ЭБЖМ,Әділетмині | 2009жылғытамыз |
| 56. | Бюджет саласының қызметкерлеріне еңбек ақысын 2012 жылға 2 еселік деңгейге кезең-кезеңімен жақындатып жоғарылату, оның ішінде 2009 жылы - 25 %-ке, 2010 жылы - 25 %-ке және 2011 жылы - 30 %-ке | Үкіметқаулылары | Еңбекмині,ЭБЖМ,Әділетмині,мүдделімемлекеттікоргандар | 2008-2010жж.желтоқсан |
| 57. | 2009 жылдан бастап оралмандардың қоныс аударуына арналған жыл сайынғы квотасын жылына 20 мың отбасына дейін жоғарылату | ПрезидентЖарлығы | Еңбекмині | 2008жылғыжелтоқсан |
| 58. | Балабақшалар мен мектептердегі орындардың тапшылығын жою мақсатында мектепке дейінгі және орта білім беру объектілерін салу | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | Астана жәнеАлматы қа-лаларының,облыстардыңәкімдері,БҒМ | 2008-2010 жж. тамыз |
| 59. | "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасындағы білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы", Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, оның ішінде 12-жылдық орта білімді енгізу мерзімдерін ауыстыру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Заң жобасы,ПрезидентЖарлығыныңжобасы | БҒМ | 2008жылғымаусым |
| 60. | Балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамыту үшін мектепке дейінгі білім беруді тиімді бағдарламалармен, оқулықтармен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету | ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | БҒМ | жыл сайын25маусым,25желтоқсан |
| 61. | Ел экономикасы аса мүдделілік білдіретін білім салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын тартуды және бизнес-қауымдастықтардың белсенді қатысуын көздейтін Кәсіптік-техникалық білімді дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдау | Президент Жарлығы | БҒМ, ЭБЖМ,мемлекеттікхолдингтер,Астана жәнеАлматы қа-лаларының,облыстардыңәкімдері | 2008жылғымаусым |
| 62. | Тілдерді дамыту мен қолданудың 2009-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын "Тілдердің үштұғырлығы" мәдени жобасын іске асыруды ескере отырып әзірлеу | Үкіметқаулысы | МАМ, БҒМ,ЭБЖМ,Әділетмині | 2008жылғыIV тоқсан |
| 63. | Денсаулық сақтау жүйесінде қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігі мен медициналық қызметтердің нақты құнына бағалау жүргізу | ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | ДСМ, ЭБЖМ,Астана жәнеАлматы қа-лаларының,облыстардыңәкімдері | 2009-2010жж.ақпан |
| 64. | Үздіксіз кәсіптік дамудың халықаралық стандарттарына негізделген медициналық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу мен енгізу, халықаралық тәжірибе негізінде үздіксіз медициналық білім беру мен сертификаттау тетіктерін енгізу | ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | ДСМ, БҒМ | жылсайын,2009-2010жж.желтоқсан |
| 65. | Медициналық жоғары оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс бойынша медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша қабылдауды кезең-кезеңмен ұлғайту | Үкіметқаулысы | БҒМ, ДСМ | жылсайын,2008-2010жж.II тоқсан |
| 66. | Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа моделін және фармацияға мемлекеттік стандарттарды енгізу | ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | ДСМ, ИСМ,Астана жәнеАлматы қа-лаларының,облыстардыңәкімдері | жылсайын,2009-2010жж.қаңтар |
| 67. | 2008-2016 жылдарға арналған "Салауатты өмір салты" бағдарламасы аясында салауатты қазақстандық ұлтты қалыптастыру үшін салауатты өмір салтының танымалдығы жөнінде, оның ішінде өңірлік деңгейде шаралар кешенін іске асыру | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | ДСМ,Астана жәнеАлматы қа-лаларының,облыстардыңәкімдері,БҒМ,МАМ, ТСМ | жылсайын,2009-2010жж.есептіжылданкейінгіжылдың20қаңтары |
| 68. | Қазақстандық фармацевтикалық фабрикаларды құруға инвестициялар тарту жөнінде шаралар қабылдау | ПрезидентӘкімшілігінеесеп | ИСМ, ДСМ,"Қазына" АҚ,мүдделімемлекеттікоргандар | 2008-2010жж.қараша |
| 69. | Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | ПрезидентЖарлығыныңжобасы | ИСМ,мүдделімемлекеттікоргандар | 2008жылғынаурыз |
| 70. | "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Заңға тұрғын үйді құрылысына үлестік қатысушылардың құқығын күшейту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Заң жобасы | ИСМ, ЭБЖМ,Қаржымині,Астана жәнеАлматы қа-лаларының,облыстардыңәкімдері | 2008жылғықараша |
| 71. | Астананың және облыс орталықтарының маңында жерлерді сатып алу заңдылығын тексеру, заңсыз сатып алынған жерлерді мемлекетке қайтару жөнінде шаралар қабылдау | ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | БП, ЭЖКА,Әділетмині,ЖРА,Астана,облысәкімдері | 2008жылғышілде |
| 72. | Жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында жер учаскелерін беру және ресімдеу ережелерін оңайлату жөнінде шаралар қабылдау | Үкіметқаулысы | ЖРА, ИСМ | 2008жылғышілде |
| 73. | АӨСШК, ШЫО, ҰҚШҰ - өңірлік қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құрудың негізін қалайтын халықаралық бірлестіктерде Қазақстанның бастамаларын одан әрі жылжыту және оған тікелей қатысуы | ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | СІМ, ҰҚК, "Сырбар" СБҚ, ІІМ, Қор-ғанысмині,ИСМ, ЭМРМ,АШМ,ТЖМ | жел-тоқсан,жыл сайын |
| 74. | Қазақстанның Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық және саяси салалардағы ынтымақтастығын нығайту | ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | СІМ, ИСМ,ЭМРМ, ККМ,АШМ, БҒМ,МАМ,Қоршаған-ортамині,Еңбекмині,ТЖМ,ІІМ, ҰҚК, "Сырбар" СБҚ,"Қазына" АҚ,"Самұрық" АҚ | жел-тоқсан,жыл сайын |
| 75. | АҚШ-пен, ЕО-мен және НАТО-мен, оның ішінде Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті нығайту мақсатында сындарлы өзара іс-қимыл | ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | СІМ, ИСМ,Қорғаныс-мині,ІІМ, ҰҚК, "Сырбар" СБҚ, ККМ, ЭМРМ, БҒМ, МАМ, ТЖМ | жел-тоқсан,жыл сайын |
| 76. | Қазақстанның қабылдаған халықаралық міндеттемелеріне сәйкес, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің күн тәртібін және стратегиялық бағдарын әзірлеуіне, экономикалық ынтымақтастықтың дамытуға, басқару технологиялары мен тәжірибесін тартуға, қазақстандық сайлау, партия және медиа заңнамасын жетілдіруге ықпал ететін "Еуропаға жол" атты арнайы бағдарлама әзірлеу | ПрезидентЖарлығыныңжобасы | СІМ, ЭБЖМ,Қаржымині,МАМ,Әділетмині,ИСМ, АШМ,Қоршаған-ортамині,ККМ, Қор-ғанысмині,ІІМ, ЖС,БП, ОСК,МҚА, ҰҚК, "Сырбар" СБҚ | 2008жылғышілде |
| 77. | Қазақстанның халықаралық терроризмге және діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі халықаралық коалицияның белсенді қатысушысы ретіндегі ұстанымын нығайту | ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | СІМ, Қор-ғанысмині,ҰҚК, "Сырбар" СБҚ, ІІМ | жел-тоқсан,жыл сайын |
| 78. | Қазақстан Республикасы қауіпсіздігінің қазіргі әрекеттерге барабар ден қою үшін шаралар қабылдауға қабілетті Қарулы Күштердің кәсіби, әскери және басқару корпусын құру | Мемлекетбасшысынабаяндама | Қорғаныс-мині | 2008жылғысәуір |
| 79. | Жаңа Әскери доктринаға сәйкес Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру | Мемлекетбасшысынабаяндама | Қорғаныс-мині | 2008жылғысәуір |
| 80. | Ғаламдық маңызы бар мынадай ірі халықаралық іс-шаралар: | |||
| 1) 2009 жылы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үшінші съезін өткізу | ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | СІМ, МАМ,Әділетмині, "Сырбар" СБҚ | қараша,жыл сайын | |
| 2) 2010 жылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті өткізу | ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | СІМ,ЭБЖМ, ҰҚК,ІІМ, ЭСЖКА, "Сырбар" СБҚ | қараша,жыл сайын | |
| 3) 2009-2011 жылдар кезеңінде ЕҚЫҰ-ның басшылық үштігіндегі жұмыс және 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету | Үкіметқаулысы | СІМ, МАМ,Әділетмині,ИСМ, АШМ,ЭБЖМ,Қоршаған-ортамині,ККМ, Қор-ғанысмині,ІІМ, ЖС,БП, ОСК,МҚА, ҰҚК, "Сырбар" СБҚ | 2008жылғысәуір | |
ПрезидентӘкімшілігінеақпарат | СІМ, МАМ,Әділетмині,ИСМ, АШМ,ЭБЖМ,Қоршаған-ортамині,ККМ, Қор-ғанысмині,ІІМ, ЖС,БП, ОСК,МҚА, ҰҚК | қараша,жыл сайын |
Ескертпелер: 1. "Жауапты орындаушылар" деген бағанда бірінші көрсетілген мемлекеттік органдардың басшылары тұтас алғанда Жалпыұлттық жоспардың тиісті негізгі бағыттары (іс-шаралары) бойынша жауап береді. 2. Заң жобалары мен кодекстер жобалары бойынша: Жалпыұлттық жоспарда белгіленген "Заң" аяқталу нысанының мерзімдері Парламенттің заңды қабылдауын білдіреді; "Заң жобасы" мен "Кодекс жобасы" аяқталу нысаны - заң жобасы мен Кодекс жобасын Парламенттің қарауына енгізу дегенді білдіреді. 3. Президент жарлықтарының жобасы бойынша: Жалпыұлттық жоспарда белгіленген "Жарлық жобасы" аяқталу нысанының мерзімдері Президент Жарлығын қабылдау; "Президент Жарлығының жобасы" аяқталу нысаны - Президент Жарлығының жобасын Президент Әкімшілігінің қарауына енгізу дегенді білдіреді. 4. Аббревиатуралардың толық жазылуы: Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі ҚНРА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі АҚӨҚОҚРА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты ЭСЖКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ОСК - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ЕК - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ӘКК - әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар "Самұрық" АҚ - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы "Қазына" АҚ - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы "ҚазАгро" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ - "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы "Үкімет пен Ұлттық Банк жанындағы ұлттық талдамалық орталық" АҚ - "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" акционерлік қоғамы "Экономикалық зерттеулер орталығы" АҚ - "Экономикалық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы "Сырбар" СБҚ - Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы