Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 18 ақпандағы N 1158 Жарлығы.

Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспар (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;

      2) жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының 
ПрезидентіН. Назарбаев

 

 

 Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2011 жылғы 18 ақпандағы№ 1158 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН

 

Мемлекет басшысының 2011 жылғы 28 қаңтардағы "Болашақтыңіргесін бірге қалаймыз" атты Қазақстан халқына Жолдауын іскеасыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспары

 

Жүктеу

Р/с

Іс-шараның атауыАяқталу нысаныЖауапты орындаушыларОрындау мерзімі
12345
1. Жеделдетілген экономикалық жаңғырту - Үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасының жалғасы
1."Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1052 қаулысына еңбек өнімділігін арттыру, мал шаруашылығы, жемазық өндіру саласын дамыту және еттің экспорттық әлеуетін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуҮкімет қаулысыАШМ, ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржымині, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ2011 жылғы шілде
2."Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту" жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын әзірлеуҮкімет қаулысыАШМ, ЖРА, ЭДСМ, Қаржымині, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ2011 жылғы шілде
3.Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттырудың кешенді жоспарын әзірлеу және бекітуҮкімет қаулысыИЖТМ, ЭДСМ, Қаржымині, Қоршағанортамині, ҚжТКШІА, ТМРА, СА, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері2011 жылғы шілде
4."Өңірлерді дамыту" бағдарламасын әзірлеу және бекітуҮкімет қаулысыЭДСМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері2011 жылғы шілде
2. Әлеуметтік жаңғырту - жаңа әлеуметтік саясат
2.1. Білім беру
5.Жоғары оқу орындарының инновациялық қызметке көшуін қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратБҒМ

2011 - 2013 жылдар

желтоқсан

6.2015 жылға қарай республикалық бюджет қаражаты есебінен 200 мектеп және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен 200 мектеп салуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратБҒМ, Қаржымині, ЭДСМ, ҚжТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 - 2015 жылдар

наурыз

7.Бизнес-қауымдастықтар мен жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен Кәсіптік-техникалық кадрлар даярлау жөнінде ұлттық кеңес құруҮкімет қаулысыБҒМ, ИЖТМ, ККМ, МГМ, АШМ, ТСМ, ұлттық компаниялар, "Атамекен" Одағы" ҰЭӨП, бизнес-қауымдастықтар мен жұмыс берушілер өкілдері, қызметкерлердің кәсіподақ бірлестіктері

2011 жылғы

наурыз

2.2. Денсаулық сақтау
8."Денсаулық" бір қосымша емдеу-диагностикалық поезын қалыптастыруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратККМ, ТЖМ, ДСМ

2011 жылғы

желтоқсан

9.2015 жылға қарай 350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана салуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратДСМ, Қаржымині, ЭДСМ, ҚжТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 - 2015 жылдар

желтоқсан

2.3. Тілдерді дамыту
10."Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының жобасын ҚР Парламентіне енгізуҚазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізу туралы Үкімет қаулысыПремьер-Министрдің Кеңсесі, MM

2011 жылғы

сәуір

2.4. Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы
11.Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасын әзірлеу және бекітуҮкімет қаулысыЕңбекмині, Қаржымині, ЭДСМ, АШМ, ИЖТМ, Әділетмині, ҚжТКШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 жылғы

1 мамыр

12.Дәлелді төлемді енгізуді ескере отырып, әлеуметтік көмек жүйесін жетілдіруді көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізуҚазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізу туралы Үкімет қаулысыЕңбекмині, ӘДСМ, Қаржымині, Әділетмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 жылғы

маусым

13.Микрокредиттеу құралдарына және оны жүзеге асыру тетіктеріне қол жеткізуді кеңейту мәселелері бойынша заңнамалық базаны жетілдіруҚазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізу туралы Үкімет қаулысыҚаржымині, ҚНРА, АШМ, ЭДСМ, Әділетмині, облыстардың, Аcтана және Алматы қалаларының әкімдері, мүдделі мемлекеттік органдар

2011 жылғы

сәуір

14.Микрокредиттеу құралдарына қол жеткізуді кеңейтуге бағытталған шаралар кешенін қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҚаржымині, ҚНРА, АШМ, ИЖТМ, ЭДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, "КазАгро" ҰБХ" АҚ, "ДАМУ" КДҚ" АҚ

2011 жылғы

қараша

2.5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту
15.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын әзірлеу және бекітуҮкімет қаулысыҚжТКШІА, ТМРА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 жылғы

сәуір

16.Жинақтауды ынталандыру және халық пен жеке инвесторлардың тұрғын үйлер мен коммуналдық объектілерді жөндеуді және қайта жаңартуды қоса қаржыландыру тетігін енгізуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратҚжТКШІА, Қаржымині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 жылғы сәуір,

2012 жылғы қаңтар

2.6. Сапалы ауыз су
17.Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу және бекітуҮкімет қаулысыЭДСМ, ҚжТКШІА, АШМ, Қоршағанортамині, Қаржымині, ИЖТМ, ТМРА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 жылғы

мамыр

3. Сыртқы саясат
18.Қырғызстанға көмек көрсетудің мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеу және қабылдауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратСІМ, ИЖТМ, ӘДСМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2011 жылғы

қыркүйек

19.ШЫҰ-ның мерейтойлық саммитін дайындау және өткізуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратСІМ

2011 жылғы

маусым

20.Жаhандық ядролық қауіпсіздік саласындағы көшбасшылықты қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне ақпаратСІМ, ИЖТМ, мүдделі мемлекеттік органдаржыл қорытындылары бойынша
21.Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлері кеңесінде төрағалық етуге дайындық және іске асыруПрезидент Әкімшілігіне, Премьер-Министр Кеңсесіне ақпаратСІМ, БҒМ, ИЖТМ, АШМ, ДСМ

2012 жылғы

шілде

22.Алматыда өтетін Ауғанстан бойынша арнайы донорлық конференцияға бастамашылық жасауПрезидент Әкімшілігіне ақпаратСІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2012 жылғы

мамыр

4. Ақпараттық-насихаттау жұмысын қамтамасыз ету
23.Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарын іске асыруПрезидент Әкімшілігіне ақпаратММ, БАМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011 жылғы шілде,

2012 жылғы қаңтар

 

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

      ИЖТМ — Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

      ММ - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

      Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

      ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

      АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

      ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

      ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі

      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

      ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

      МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі

      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

      БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі

      ҚжТКІША - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

      ТМPA - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

      ҚHPA - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі

      "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

      "Самұрық-Қазына" ҰБХ" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

      "Даму" КДҚ" АҚ - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

      "Атамекен" Одағы" ҚҰЭП - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы

      Мүдделі мемлекеттік органдар - жобаларды әзірлеу барысында тартылатын орталық мемлекеттік органдар 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы