Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарлық / Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қыркүйектегі № 353 Жарлығы.

  • Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  •     1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
  •     2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
  •     1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;
  •     2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
  •     3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
  •     4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
  •     5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
  •     Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті      Қ. ТОҚАЕВ
  •  

  •  Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің2023 жылғы 16 қыркүйектегі№ 353 ЖарлығыменБЕКІТІЛГЕН
  •  
  •       Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
  •  

Жүктеу

  • Р/с №Іс-шараның атауыАяқталу нысаныЖауапты орындаушыларОрындалу мерзімі
    12345
    1.Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын әзірлеу шеңберінде 6-7% деңгейінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 450 млрд долларға дейін 2 есе ұлғайту жөніндегі шараларды айқындауПрезидент Жарлығының жобасыСЖРА, Үкімет2023 жылғы желтоқсан
    2.Басым салаларда, оның ішінде: металдарды терең кайта өңдеуде, мұнай, газ және көмір химиясында, ауыр машина жасауда, уран өнеркәсібінде, автобөлшектер мен тыңайтқыштар өндірісінде және басқаларда жоғары деңгейде қайта өңдеу кластерлерін, туризм саласын құруға бағытталған, кемінде 15 ірі жобадан тұратын тізбені бекітуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ, “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ2023 жылғы желтоқсан
    3.Негізгі тәсілдерді, мерзімдерді, жауапты мемлекеттік органдарды, қаржыландыру көздерін, қажетті мемлекеттік қолдау шараларын айқындай отырып, ірі жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларды әзірлеуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет2024 жылғы ақпан
    4.Кәсіпорындарды елдің ішінде табиғи ресурстарды кайта өңдеуге ынталандыруға бағытталған реттеуші және фискалдық шараларды тұжырымдауНҚА топтамасын қабылдауҮкімет, СЖРА2024 жылғы шілде
    5.Өңдеуші өнеркәсіпті жеткілікті көлемде және барабар баға бойынша шикізатпен қамтамасыз етуНҚА топтамасын қабылдауҮкімет2023 жылғы желтоқсан
    6.Мынаған: тауарларды реттелетін сатып алуда отандық өндірушілермен жасалатын офтейк-келісімшарттардың үлесін кем дегенде 10%-ға дейін жеткізуге;3 жыл ішінде реттелетін сатып алуда қазақстандық қамтудың кемінде 60%-ға дейінгі үлесін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдауПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ, “Атамекен” ҰКП2024-2026 жж. шілде, желтоқсан
    7.Қолданыстағы CTKZ нысанындағы сертификаттардың және индустриялық сертификаттың орнына Қазақстаннан шыққан тауарлардың тізілімін жасауды қоса алғанда, сауда саясатында ішкі нарықты және отандық өндірушілерді қорғауға бағытталған реттеуші шараларды тұжырымдауНҚА топтамасын қабылдауҮкімет, БКДА, “Атамекен” ҰКП2024 жылғы шілде
    8.Кәсіпорындарда технологиялық және экологиялық жағдайды, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін шаралар қабылдау, оған қоса ірі өнеркәсіп өндірістерінің және инфрақұрылымдық кәсіпорындардың әрбір 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудиттен өтуі жөніндегі заңнамалық талапты белгілеуНҚА топтамасын қабылдауҮкімет2024 жылғы наурыз
    9.Тау-кен секторын басқару жүйесін икемді реттеуші және фискалды шарттарды енгізу, оның ішінде: геологиялық зерделеуді меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырған инвесторларға жер қойнауын пайдаланудың басым құқығын қамтамасыз ету; кешенді мемлекеттік сараптаманы енгізу және процестерді толығымен цифрландыру арқылы жобаларды келісу мерзімдері мен рәсімдерін екі есе қысқарту есебінен ірі жекеше инвестицияларды тартуға бағытталған жаңғыртуНҚА топтамасын қабылдауҮкімет, СЖРА, “Атамекен” ҰКП2024 жылғы ақпан
    10.2026 жылға қарай геологиялық-геофизикалық зерделенген алаңдарды казіргі 1,5 млн шаршы км-ден кемінде 2,2 млн шаршы км-ге жеткізуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет2024-2026 жж. шілде, желтоқсан
    11.2023 жылдың соңына дейін сирек және сирек кездесетін металдар саласын дамытудың кешенді пайымын әзірлеуҮкімет қаулысының жобасыҮкімет, СЖРА2023 жылғы желтоқсан
    12.Елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін нығайту бойынша:отандық қорғаныс кәсіпорындарын мемлекеттік қолдауды күшейту және оларды тиісті ведомстволардан тапсырыстармен қамтамасыз ету;заманауи технологиялардың трансферті және жергілікті өнім үлесі жоғары қару-жарақ пен әскери техника өндірістерінің циклдерін құру; жасап шығарылатын жоғары технологиялы қару-жарақ пен әскери техниканың түрлері мен номенклатурасын көбейту; қару-жарақ пен әскери техниканы жедел жөндеу үшін өндірістік қуаттарды арттыру арқылы шаралар қабылдауПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, ҰҚК, МКҚ2023 жылғы желтоқсан, 2024- 2026 жж. шілде, желтоқсан
    13.Отандык кәсіпорындарды тікелей қаржылық қолдау тетігі ретінде арнаулы Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қорын құруҮкімет қаулысыҮкімет2023 жылғы желтоқсан
    14.Қазақстан Республикасының агроөнер- кәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын жаңарту, онда:бастапқы өндірістен жоғары деңгейде кайта өңдеу өнімін шығаруға кезең- кезеңімен көшу және үш жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін ұлғайту жөніндегі міндеттер;қайта өңдеуді ынталандыру үшін салық саясатын қайта қарау;отандық агрофирмаларды ірілендіруге ынталандыру, сондай-ақ трансұлттық корпорацияларды өзара тиімді шарттарда белсенді түрде тарту;етті, сүтті және астықты терең кайта өңдеу бойынша басым және перспективалы бағыттарды айқындау, өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын дамыту; Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын және етті мал шаруашылығы кәсіпорындарын салуға және суару жөніндегі жобаларға тарата отырып, ірі сүт-тауарлы фермаларды салуды жалғастыру;отандық техника өндірушілердің және аграршылардың мүдделерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын жылына 8-10%-ға дейін жеткізу;қазақстандық тауарларды шетелдік нарықтарда ілгерілету үшін шаралар қабылдай отырып, экспорт географиясын жоспарлы түрде кеңейту;егістіктерді әртараптандыру, рентабельділігі жоғары дақылдардың алаңын ұлғайту, суды көп қажетсінетін және монодақылды егістіктерді қысқарту; фермерлерді отандық тұқымдармен қамтамасыз ету, жаңа өнімді сұрыптарды шығару және өсіру де көзделедіҮкімет қаулысыҮкімет2024 жылғы ақпан
    15.Азаматтардың әлеуметтік жағынан осал санаттарын тиімді атаулы колдауды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерінің бағасын реттеуден кезең-кезеңімен бас тартуНҚА топтамасын қабылдауҮкімет2024 жылғы тамыз
    16.“Ауыл аманаты” бағдарламасын одан әрі іске асыру аясында жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперациясын ынталандыруПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, “AMANAT” партиясы2024-2025 жж. маусым
    17.Аграрлық ғылымды дамыту бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде: танылған шетелдік аграрлық ғылым орталықтарымен толыққанды ғылыми- практикалық ынтымақтастықты жолға қою;жекеше ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдау және білім беру бағдарламаларын аграрлық сектордың қажеттіліктеріне бейімдеу;Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын вертикалды интеграцияланған агротехнологиялық хабқа айналдыруПрезидент Әкімшілігіне есепНҚА топтамасын қабылдауНҚА топтамасын қабылдауҮкімет2024 жылғы тамыз2024 жылғы мамыр2024 жылғы наурыз
    18.“Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” ұлттық компаниясы” АҚ-ның жекеше нарыққа ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сақтаудың және өткізудің толыққанды желісін құруда жәрдемдесу жөніндегі мандат, сондай- ақ бағаның өсуін ірку үшін интервенцияны жүзеге асыру да көзделетін жаңартылған стратегиясын іске асыруды қамтамасыз етуНҚА топтамасын қабылдауҮкімет2024 жылғы қаңтар
    19.Халық пен экономиканың ағымдағы қажеттіліктері және болашақтағы кажеттіліктерін болжау негізінде, Қазақстан Республикасының ұлттық инфрақұрылымдық жоспарын әзірлеу шеңберінде отын-энергетика кешенінде, көлік, су салаларында және басқа да инфрақұрылымдық салаларда желілік жобаларды айқындауҮкімет қаулысыҮкімет, СЖРА2023 жылғы желтоқсан
    20.Таяудағы бес жылда көлемі 14 гигаватт болатын жаңа энергетикалық қуаттарды, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерінің және гидроэлектрэнергиясының қуаттарын салуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ2023 жылғы желтоқсан, 2024- 2028 жж. маусым, желтоксан
    21.Энергиямен, жылумен және сумей жабдықтау жүйесінің жеке маңызды экономика саласы ретінде тиімді түрде жұмыс істеуі бойынша, оның ішінде: тарифтік саясатты қайта қарау және саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған тариф түзудің жаңа әдістерін енгізу;табиғи монополиялардың барлық субъектілері үшін 5-7 жыл мерзімге барабар нарықтық тарифтерді енгізу;монополистердің жауапкершілігін арттыру және цифрлық бақылау құралдарын енгізу, азаматтардың тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы жөніндегі ақпаратқа код жеткізуін кеңейту көзделетін жаңа тәсілдерді тұжырымдауПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет2024 жылғы наурыз
    22.Жаңа газ өңдеу зауыттарын салуды жандандыру, қолда бар қайта өңдеу қуаттарын айналымға толық тарту, сондай-ақ жаңа газ кен орындарын барлау мен игеруге инвестициялар тартуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ, “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ, “QazaqGaz” ҰК”АҚ2024- 2028 жж. наурыз, қыркүйек
    23.ЭЫДҰ-ның стандарттарын ескере отырып, қолданыстағы энергия тиімділігі саясатын түбегейлі түрде қайта қарау, оның ішінде энергия үнемдеу мәдениетін қалыптастыру, тұтас энергия тиімділігі мен ресурс үнемдеу бойынша нормативтік талаптарды кезең-кезеңімен енгізу, 2029 жылға қарай негізгі энергия тұтыну және энергия қажетсіну көрсеткіштерін кем дегенде 15%-ға төмендетуНҚА топтамасын қабылдауҮкімет2024 жылғы желтоқсан
    24.Бүкіл энергетика саласын баскару тәсілдерін жетілдіру, оған қоса: сутегі энергетикасын дамытуды;энергетикалык машина жасауда технологиялардың трансфертін және өндірістерді жергілікті жерге орналастыруды;теңестіруші қуаттарды, энергия жинақтау жүйесін құруды;парник газдарын шығару квоталарымен сауда жасау жүйесін дамытуды ынталандыруНҚА топтамасын қабылдауҮкімет, “Атамекен” ҰКП, АХҚО, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ2024 жылғы қыркүйек
    25.“Астана” халықаралық қаржы орталығының өңірде ESG қағидаттарының негізінде “жасыл” қаражатты тарту үшін өңірлік негізгі алаңға айналуыНҚА топтамасын қабылдауҮкімет, АХҚО, ҚНРДА, ҰБ2024 жылғы наурыз
    26.АЭС салудың орындылығы мәселесін жария тыңдаулар мен жан-жақты кеңінен талқылауды өткізіп, жалпыұлттық республикалық референдумға шығаруПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, ОСК, “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2024 жылғы наурыз
    27.Ойластырылған су саясатын жасау, ол: су ресурстары бойынша сапалы талдау мен болжау жүргізуге;суаратын суды субсидиялау тәсілдерін жетілдіру және нормативтен артық су тұтынғаны үшін көтеріңкі тарифті енгізу арқылы ағымдағы нақты жағдайларға жауап беретін барабар нарықтық тарифтерді қалыптастыруға;су үнемдейтін озық технологияларды енгізуді жылына 150 мың гектарға дейін жылдамдатуға;су саласына жекеше инвестициялардың көптеп келуін және фермерлердің су үнемдеуші технологияларды енгізуін ынталандыратын шараларды әзірлеуге де бағытталадыПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет2024 жылғы наурыз
    28.20 жаңа су қоймасын салу және кемінде жұмыс істеп тұрған 15 су қоймасын реконструкциялау, 2027 жылға қарай қосымша екі текше километрге жуық суды қамтамасыз ету үшін кемінде 3500 километр су арнасын жаңғырту және цифрлауПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2024- 2026 жж. маусым, желтоқсан
    29.Судың “қара нарығын” жою жөніндегі шараларды, оның ішінде су саласындағы бұзушылық үшін жауаптылықты заңнамалық деңгейде қатаңдату арқылы күшейтуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2024 жылғы тамыз
    30.Ұлттық гидрогеологиялық қызметті қайтадан құруПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет2023 жылғы желтоқсан
    31.Елдің су шаруашылығын басқару жүйесін реформалау, оған қоса бүкіл саланы материалдық және кадрлық жағынан күшейте отырып, саланың негізгі компанияларын (“Қазсушар”, “Нұра топтық су құбыры” және басқалар) “қайта жаңғырту”Президент Әкімшілігіне есепҮкімет2024 жылғы желтоқсан
    32.Жаңа өңірлік кооперация моделінің маңызды элементі ретінде су-энергетика ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесін көршілес мемлекеттермен жан-жақты пысықтауПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет2023 жылғы желтоқсан, 2024- 2026 жж. маусым, желтоқсан
    33.Мына ірі теміржол жобаларын іске асыруды аяқтау:“Достық - Мойынты”;“Бақты - Аякөз”;“Дарбаза - Мақтаарал”;Алматыны айналып өтетін темір жол желісіПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, “ҚТЖ” ҰК” АҚ2024 жылғы караша
    34.Транскаспий маршрутын дамыту бойынша әріптес елдермен - Қытаймен, Әзербайжанмен, Грузиямен, Түркиямен күш-жігерді біріктірухалықаралық келісімдер және құқықтық актілерҮкімет2024-2025 жж. қаңтар, шілде
    35.Мыналардың құрылысын аяқтау: Ақтаудағы контейнер хабы;“Бақты” өткеліндегі жаңа “құрғақ порт”Президент Әкімшілігіне есепҮкімет, “ҚТЖ” ҰК” АҚ2025 жылғы желтоқсан2026 жылғы желтоқсан
    36.Қара теңізде Орта дәліз бойындағы порттық қуаттарды кеңейтуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, “ҚТЖ” ҰК" АҚ2026 жылғы желтоқсан
    37.Құрық портын толыққанды логистикалық кластер ретінде қалыптастыруды да қамтитын теңіз инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуҮкімет қаулысыҮкімет, “ҚТЖ” ҰК” АҚ2024 жылғы сәуір
    38.“Солтүстік - Оңтүстік” теміржол маршрутының өткізу қабілетін, оның ішінде “Болашақ - Челябинск” теміржол желісін жаңғырту есебінен кезең-кезеңмен екі еселеуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ2024- 2027 жж.шілде, желтоқсан
    39.Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе әуежайларын жүктерді жинақтау және бөлу бойынша бәсекеге қабілетті және сапалы көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, логистикалық кызметтердің толық спектрін көрсететін мультимодальдық орталықтар ретінде дамытуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және Актобе облысының әкімдері2024 жылғы наурыз, қазан
    40.Теміржол көлігі саласында “ҚТЖ ҰК” АҚ-ның борыштық жүктемесін азайту бойынша жүргізіліп жаткан жұмысты ескеретін, көлік-логистика саласына жекеше инвестицияларды белсенді түрде тартуға ықпал ететін барабар реттеу саясатын қалыптастыруПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ2023 жылғы желтоқсан
    41.“Қазақстан Темір Жолы” ұлттық компаниясын толыққанды көлік-логистика компаниясына айналдыруды қысқа мерзімде аяқтауНҚА топтамасын қабылдауҮкімет, “ҚТЖ” ҰК” АҚ2023 жылғы желтоқсан
    42.Автомобиль жолдарын салу саласындағы жұмыстарды уақтылы және сапалы орындамау, заманауи тиімді технологияларды қолдану деңгейінің төмендігі, сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі, саладағы бәсекелестіктің төмен болуы сияқты және басқа да проблемаларды шешуге бағытталған жаңа нормативтік құжаттарды қабылдай отырып, бақылауды қатаңдату және жосықсыз компанияларды жауаптылыққа тарту, сондай-ақ нақты жүйелі шараларды іске асыруПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент калаларының және облыстардың әкімдері2024 жылғы қаңтар
    43.2029 жылға дейін 4 мың км-ден астам автомобиль жолдарына сапалы реконструкция жүргізуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2024-2028 жж. желтоқсан
    44.3 жыл ішінде көлік-логистика секторының ЖІӨ құрылымындағы үлесін кемінде 9%-ға жеткізуді қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, “ҚТЖ” ҰК” АҚ2025-2026 жж. тамыз
    45.2026 жылға карай ІТ-көрсетілетін қызметтерінің экспортын 1 млрд долларға дейін жеткізуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет2024- 2025 жж. шілде, желтоқсан
    46.Халықаралық ірі ІТ-компаниялармен бірлескен кәсіпорындарды ашуПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет2023 жылғы желтоқсан
    47.Жасанды интеллект саласындағы халықаралық жетекші компаниялармен ынтымақтастықты жандандыруПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, ҰҚК2024-2025 жж. тамыз
    48.Еліміздің кем дегенде 3 жоғары оқу орнының базасында жасанды интеллект саласында білікті кадрларды даярлау және зерттеулер жүргізуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет2024 жылғы қараша
    49.Ірі дата орталықтарын салуға инвестициялар тартуға бағытталған түзетулерді заңнамаға енгізу және осы салада қазақстандық инвесторлардың мүддесін ілгерілетуЗаңҮкімет2024 жылғы шілде
    50.Цифрландыруда басшылыққа алынатын қағидаттарды бекітетін біртұтас салалық құжатты сарапшылар қоғамдастығымен, Парламент депутаттарымен бірлесе отырып әзірлеуЗаң жобасыҮкімет2024 жылғы қыркүйек
    51.“Ғылым және технологиялық саясат туралы” Заңды әзірлеу аясында: шетелдік табысты тәжірибенің негізінде инновациялық инфрақұрылымдарды - бизнес-инкубаторларды, коммерцияландыру орталықтарын, технопарктер мен конструкторлық бюроларды құру жөніндегі жеке бастамаларды қолдаудын пәрменді шараларын айқындау;инновациялық жобаларды іске асыру үшін венчурлік қаржыландыруды дамыту жөніндегі нормаларды енгізуЗаң жобасыҮкімет2023 жылғы казан
    52.Өңірлердегі жоғары оқу орындарының базасында нақты сектормен тығыз үйлестіре отырып, барлық облыс орталықтарында біртұтас инновациялық экожүйе құруПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2024-2025 жж. шілде
    53.“Astana Hub” халықаралық технологиялық паркінің үлгісінде елдің барлық өңірлерінде технологиялық хабтар ашуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2024-2025 жж. шілде
    54.Әрбір облыс орталығында және ірі қалада креативті индустрия орталықтарын құруды, қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру мәселелерінде көмек көрсетуді де қамтитын, креативті индустрияны қолдау шараларының жеке топтамасын әзірлеуНҚА топтамасын қабылдауҮкімет, БКДА, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2024 жылғы ақпан
    55.Зияткерлік меншікті қорғау бойынша қосымша құқықтық құралдарды енгізуЗаң жобасыҮкімет, ҚМА, БП, ЖС2024 жылғы сәуір
    56.Заңнамаға шағын кәсіпкерлік субъектілерін ірілендіруге ынталандыратын өзгерістер енгізуНҚА топтамасын қабылдауҮкімет, БҚДА, “Атамекен” ҰКП2024 жылғы маусым
    57.Табысты жұмыс істейтін орта кәсіпорынның әрбірі бойынша өндірісті 2-3 есе кеңейтуге арналған нақты жоспар (арнаулы келісім) әзірлеуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, “Атамекен” ҰКП2024 жылғы қыркүйек
    58.“Бизнестің жол картасы” және “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламаларын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасына біріктіруҮкімет қаулысыҮкімет, ҮБ2023 жылғы желтоқсан
    59.Өндірістердің технологиялық күрделілігі деңгейі және бизнестің санаттары бойынша мемлекеттік қолдауды саралау тетіктерін тұжырымдауПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет2024 жылғы шілде
    60.Мемлекеттік қолдаудың операциялық тиімді болуы мақсатында “Бәйтерек” ҰБХ” АҚ-ның құрылымын өзгертуді және оны кең ауқымда цифрландыруды жүзеге асыруНҚА топтамасын қабылдауҮкімет. БҚДА, КНР ДА.ҰБ, “Бәйтерек" ҰБХ” АҚ, АХҚО, “Атамекен” ҰКП2024 жылғы маусым
    61.“KazakhExport” экспорттық сақтандыру компаниясының базасында экспортты ілгерілететін толыққанды институт құру, онда қажетті құралдарды шоғырландыруЗаң жобасыҮкімет, БҚДА, “Бәйтерек” ҰБХ” АҚ, “KazakhExport” ЭСК” АҚ2024 жылғы қаңтар
    62.Жұмыс бағытын аудандарда, монокалаларда және ауылдық ірі елді мекендерде тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағдарлай отырып, “Отбасы банк” АҚ-ның қызметін қайта жаңғыртуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, ҚНРДА, ҰБ, “Бәйтерек” ҰБХ” АҚ, “Отбасы банк” АҚ2024 жылғы маусым
    63.Негізгі нарықтарды демонополизациялау үшін шаралар қабылдауПрезидент ЖарлығыБКДА, Үкімет, СЖРА2024 жылғы наурыз
    64.Тауар биржаларының жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатында: импорт пен өнімсіз делдалдықтың пайдасына бәсекелестікті жоюды және сатып алу рәсімдерін айналып өту мүмкіндігін болдырмауға бағытталған реттеу талаптарын қатаңдату;отандық өндірушілердің озық сауда құралдарына толыққанды қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауНҚА топтамасын қабылдауҮкімет, БҚДА, АХҚО, ҰБ, БП2024 жылғы мамыр
    65.Өңірлік күшті тауар-шикізат биржасын құру мәселесін пысықтауПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, БҚДА, ҰБ, “Атамекен” ҰКП, АХҚО2024 жылғы қыркүйек
    66.Монополияға қарсы орган қабылдаған шешімдерді қолдан тежеуді болдырмау мақсатында монополияға қарсы органның әкімшілік актісіне (ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарлама, тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық, ақпарат пен құжаттарды сұрату, тергеп-тексеру шеңберіндегі өзге де әрекеттер) сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда, оның тоқтатыла тұруын болғызбауды көздейтін түзетулерді заңнамаға енгізуЗаң жобасыБКДА, Үкімет2024 жылғы қаңтар
    67.Қайтарылған активтерді мемлекет үшін ашық және тиімді шарттармен бәсекелес ортаға беруПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, БП2024-2025 жж. қаңтар, маусым
    68.Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ компанияларының барлық бейінді емес активтерін жекешелендіру және IPO/SPO өткізуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, АХҚО, ҚНРДА, ҰБ, “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ2024-2025 жж. желтоқсан
    69.Экономикалық құқық бұзушылықтарды қылмыстық санаттан одан әрі арылту және кәсіпкерлерді салық қылмыстары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту нормаларының шегін анықтайтын әділ механизм енгізуЗаң жобасыЗаңҚМА, Үкімет, ЖС, БП, ҰҚК, СЖІҚА2023 жылғы желтоқсан2024 жылғы шілде
    70.Құқық қорғау органдарының кәсіпкерлік субъектілерін негізсіз қудалау практикасын жоюПрезидент Әкімшілігіне есепБП, ЖС, ҰҚК, СЖІҚА, ҚМА, ІІМ2024 жылғы шілде
    71.Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту бойынша жаңа жүйелі шараларды тұжырымдауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҚНРДА, ҰБ, Үкімет2023 жылғы қараша
    72.“AMANAT” партиясымен бірлесіп, халықты “Қарызсыз қоғам” жобасымен қамту ауқымын кеңейтуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, ҚНРДА, “AMANAT” партиясы2023 жылғы желтоқсан
    73.Екінші деңгейдегі банктердің таза пайдасын (оның ішінде бұрын алған) мемлекет мүдделерін ескере отырып әділ түрде кайта белу механизмін әзірлеуПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет, ҚНРДА, ҰБ2023 жылғы қараша
    74.Банктерді корпоративтік кредиттеуге белсенді түрде қатысуға, оның ішінде фискалды және пруденциалды реттеу шаралары арқылы ынталандыру бойынша ұсыныстарды тұжырымдауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҚНРДА, Үкімет, ҰБ2023 жылғы қараша
    75.Банктердің стрестік активтерін экономикалык айналымға тарту бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде цифрлық платформа құруПрезидент Әкімшілігіне есепҚНРДА, Үкімет. ҰБ, АХҚО2024 жылғыақпан, қазан
    76.Басым жобаларды қаржыландыру кезінде даму институттарына кепілдіктер беру, сондай-ақ синдикатталған қаржыландыру мен қоса қаржыландыруды ұсыну мүмкіндігін кеңейту тетіктерін әзірлеуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, ҚНРДА, “Бәйтерек” ҰБХ” АҚ, “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ2024 жылғы маусым
    77.Банк саласындағы бәсекелестікті арттыру мақсатында елімізге шетелден сенімді 3 банкті тартуПрезидент Әкімшілігіне есепҚНРДА, ҰБ, Үкімет, АХҚО2024 жылғы қараша
    78.Кәсіпкерлерге жаңа кредиттерді берудің жыл сайынғы өсуін кемінде 20% деңгейінде қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне есепҚНРДА, ҰБ, Үкімет2024 жылғы шілде, 2025-2026 жж. қаңтар, шілде
    79.Стратегиялық жобаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаржыландыру жөнінде түсіп жатқан ұсыныстарға жан-жақты сараптама жасаудың жүйелі тетігін тұжырымдауПрезидент Әкімшілігіне есепҰБ, Үкімет, ЖАП2024 жылғы сәуір
    80.Еліміздің қор биржаларын бірыңғай басқаруға біріктіру тетіктерін тұжырымдауПрезидент Әкімшілігіне есепҰБ, ҚНРДА, АХҚО2024 жылғы наурыз
    81.Ұлттық төлем жүйесін толығымен ендіру процесін аяқтауПрезидент Әкімшілігіне есепҰБ2024 жылғы желтоксан
    82.Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексі аясында:блоктық бюджетті пилоттық режимде ендіру;аудандық деңгей бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыру көздерін бекіту және ретке келтіру төлем түрлері бойынша түсімдердің бір бөлігін өңірлерге беру туралы норманы қосылған құн салығын қоса алғанда, басқа да салықтарға қолдану арқылы өңірлердің дербестігі деңгейін арттыруНҚА топтамасын қабылдауҮкімет2024 жылғы желтоксан
    84.Жергілікті бюджетке жиналатын салықтардың бір бөлігі бойынша преференцияларды айқындау жөніндегі өкілеттіктерді өңірлерге беру мүмкіндігін қарастыруПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, СЖРА2024 жылғы шілде
    85.Қазақстан Республикасының Салық кодексіне және заңға тәуелді актілерге: өңдеуші өнеркәсіптің жаңа жобаларын іске асырудың алғашқы үш жылында шетелдік және отандық инвесторларды салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден босатуды;қосылған құн салығын қайтару рәсімін жеңілдетуді;салық жеңілдіктерін ретке келтіруді және олардың көлемін кем дегенде 20%-ға қысқартуды, оларды ұсынудың нақты қағидаларын айқындауды;фискалды органдар мен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшудің қамтамасыз етілуін;салық есептілігінің нысандарын 30%-ға қысқарта отырып, салықтық бақылауды толығымен цифрландыруды;салық және бюджетке төленетін өзге төлемдер түрлерінің жалпы санын кем дегенде 20%-ға азайтуды;прогрессивті салық салуды енгізудің жеделдетілуін көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуКодекс жобасыКодексҮкімет, ЖАП, “Атамекен” ҰКП2023 жылғы желтоқсан2024 жылғы қазан
    87.Балалық шақтың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету бойынша:жол инфрақұрылымының, ғимараттардың, балаларға арналған киімдердің, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелерін шешуге;білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметтерін институционалдық жағынан күшейтуге;зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыруға және пәрменді көмек бағдарламасын әзірлеуге бағытталған шараларды қабылдауПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет2024 жылғы. маусым
    88.Кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген зорлық-зомбылық нысаны үшін жазаны қатаңдатуЗаң жобасыҮкімет, ЖС, БП, ҰҚК, ҚР-дағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл2023 жылғы желтоқсан
    89.Байланыс операторларымен тиісті ресурстарға тарифтелмейтін қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы меморандумдар жасау арқылы оқушылар үшін Интернеттің жылдамдығын және цифрлық білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыруПрезидент Әкімшілігіне есеп, жасалған меморандумдарҮкімет2023-2025 жж. желтоқсан
    90.Мемлекеттен берілетін бастапқы білім беру капиталын, мемлекеттік сыйлықақыны, инвестициялық табысты жыл сайынғы төлеуді көздейтін, бес жастан асқан балаларды қамтитын “Келешек” атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуНҚА топтамасын қабылдауҮкімет2024 жылғы желтоқсан
    91.Экономиканың басымдықтарына, өңірлік және салалық ерекшеліктерге қарай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландырудың икемді тетіктерін қалыптастыру және әлеуетті жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынасты қамтамасыз етуПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, СЖРА, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, “Атамекен” ҰКП2024 жылғы желтоқсан
    92.Платформалық жұмыспен қамту мәселесін реттей отырып, цифрлық экономикаға жұмысқа тартылған азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудың пәрменді тетіктерін әзірлеуЗаңҮкімет, БКДА2024 жылғы қазан
    93.Жұмыс орнындағы кәсіптік тәуекелдердің алдын алуға және жоюға бағытталған Қауіпсіз еңбектің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын 2023 жылдың соңына дейін қабылдауҮкімет қаулысыҮкімет2023 жылғы желтоқсан
    94.Зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген, саланы дамытуға елеулі үлес қосқан жұмыскерлерге денсаулығына келтірілген зиян дәрежесі ескеріле отырып, 55 жастан бастап зейнет жасына толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем төлеуді енгізуЗаңҮкімет, ҚНРДА2023 жылғы желтоқсан
    95.2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге дейін көтеруЗаңҮкімет2023 жылғы желтоқсан
    96.Еңбек нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекітуҮкімет қаулысыҮкімет2023 жылғы қараша
    97.Қазақстан Республикасының Үкіметіне сөзбұйдаға, бюрократияға салмай және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісусіз экономиканы дербес басқарудың пәрменді тетіктерін бере отырып, экономикалық саясатты іске асыру үшін толық жауапкершілікті, ал министрлер мен барлық деңгейдегі әкімдерге нақты түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу үшін дербес жауапкершілікті бекіте отырып, салалық шешімдерді дайындау мен орындау жөніндегі өкілеттіктерді жүктеуНҚА топтамасын қабылдауҮкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері2023 жылғы желтоқсан
    98.Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің күш жігерін мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, құқықтық және кадр саясаты мәселелеріне жұмылдыра отырып, Мемлекет басшысы және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшылығы тапсырмаларының орындалуын мониторингтеу және бақылау тетігін қайта қарауПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарҮкімет Аппараты2023 жылғы қазан
    99.Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша жұмысты жалғастыруПрезидент Әкімшілігіне есепҮкімет, МҚІА, СЖРА2023 жылғы желтоқсан
    100.Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлауының ықшам және икемді жүйесін қалыптастыруҮкімет қаулысыҮкімет, СЖРА2023 жылғы желтоқсан
    101.Саяси партиялардың кадр әлеуетін де іске қосу арқылы саяси қызметшілердің кадр резервін құруПрезидент Әкімшілігіне ұсыныстарМҚІА, СЖРА, Үкімет2023 жылғы қараша
  •  
  •       Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
  •  
  • “КазМұнайГаз” ҰК” АҚ-“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы
    “ҚТЖ” ҰК” АҚ-“Қазақстан Темір Жолы” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы
    “QazaqGaz” ҰК” АҚ-“QazaqGaz” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы
    “Бәйтерек” ҰБХ” АҚ-“Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі” акционерлік қоғамы
    “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ-“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” акционерлік қоғамы
    “KazakhExport” ЭСК” АҚ-“KazakhExport” экспорттық сақтандыру компаниясы” акционерлік қоғамы
    “Отбасы банк” АҚ-“Отбасы банк” акционерлік қоғамы
    МҚІА-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
    БҚДА-Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
    СЖІҚА-Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
    ҚНРДА-Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
    СЖРА-Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
    ҚМА-Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
    ЖАП-Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы
    ЖС-Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
    БП-Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
    ҰҚК-Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
    ІІМ-Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
    АХҚО-"Астана" халықаралық қаржы орталығы
    ҰБ-Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
    "Атамекен" ҰКП-“Атамекен” Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы
    МКҚ-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі
    ОСК-Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
  •  
  •  
  • Қазақстан Республикасының
  • Президенті 
  • Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы