Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Нормалар (Нормативтер) / Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 22 қазандағы № 16-НҚ нормативтік қаулысы

  "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Жоғары аудиторлық палатаның Жоспарлау, сертификаттау және әдіснама департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулы көшірмесінің электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

 

ТөрағаӘ. Смайылов

 

 

 Нормативтік қаулысыменбекітілген

 

Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 46-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 29-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі – даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау).

      2. Қағидалар мемлекеттік органдар жетекшілік ететін саланы/аяны/өңірді дамыту, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану бойынша қабылдайтын шаралардың тиімділігін айқындау үшін әзірленген.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі – көзделген қаражатты пайдалану көлемі мен бюджеттік бағдарламаның қол жеткізілген түпкілікті нәтижелері арасындағы оңтайлы арақатынасқа қол жеткізу;

      2) нысаналы индикатор – мемлекеттік органның даму жоспарының немесе астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін көрсеткіш;

      3) нәтиже көрсеткіші – міндетті шешу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін санмен өлшенетін көрсеткіш;

      4) негізгі ұлттық индикатор – Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының даму басымдықтарының мақсаттарына қол жеткізуді сипаттайтын көрсеткіш;

      5) түпкілікті нәтиже – көзделген бюджет қаражаты шегінде мемлекеттік органның даму жоспарының, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың даму жоспарының және (немесе) бюджеттік бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді сапа тұрғысынан өлшейтін бюджеттік бағдарлама паспортының көрсеткіші;

      6) ведомстволық бағынысты ұйым – "Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      4. Даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау орталық мемлекеттік органдарға және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – бағаланатын мемлекеттік органдар) қатысты жүргізіледі.

      5. Даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау Заңның 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) жылына бір рет жүргізетін кейіннен бағалау шеңберінде жүргізіледі.

      6. Даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау:

      1) орталық мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу бойынша бағалауды;

      2) бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша бағалауды, оның ішінде даму жоспарларын әзірлемейтін орталық мемлекеттік органдарға қатысты жүргізілетін бағалауды қамтиды.

      7. Даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалауды Заңның 29-бабының 1-1-тармағына сәйкес Жоғары аудиторлық палата ведомстволық бағынысты ұйымды тарта отырып жүзеге асырады.

      8. Мемлекеттік органның даму жоспарының іске асырылуы туралы есептің, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарының іске асырылуы туралы есептің, бюджеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы есептің анықтығы мен толықтығы үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына сәйкес айқындалады.

2-тарау. Даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағалау жүргізу тәртібі

1-параграф. Даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағалау жүргізу кезеңдері

      9. Даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) бағаланатын мемлекеттік органдардан есептік ақпарат жинау;

      2) бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратында қамтылған деректерді қайта тексеру;

      3) даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау нәтижелері туралы қорытындылар қалыптастыру.

      Алынған бағалау нәтижесіне сәйкес мемлекеттік орган қызметінің тиімділік дәрежесі айқындалады.

      Мемлекеттік орган тиімділігінің жоғары дәрежесі 95-тен 100 балға дейінгі бағалау көрсеткішіне, орташа дәрежесі 90-нан 94,99 балға дейінгі көрсеткішке, төмен дәрежесі 70-тен 89,99 балға дейінгі көрсеткішке сәйкес келеді. Бағалау нәтижелері бойынша 70 балдан аз жинаған мемлекеттік органның қызметі тиімсіз деп танылады.

2-параграф. Даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалауға арналған ақпарат көздері

      10. Даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау бағаланатын мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында орналастырылған ақпарат, сондай-ақ осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес олар ұсынған есептік ақпарат, яғни:

      1) мемлекеттік органдардың, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарлары;

      2) ресми статистикалық ақпарат және әкімшілік деректер;

      3) халықаралық рейтингтер;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасы сақтала отырып, басқа да анық дереккөздер негізінде жүзеге асырылады.

      11. Бағаланатын мемлекеттік органдар Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салуы бойынша есепті (күнтізбелік) жылдың қорытындылары бойынша мынадай есептік ақпаратты цифрлық форматта ұсынады:

      1) мемлекеттік органдардың, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының іске асырылуы туралы есептер;

      2) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша даму жоспарын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуы туралы есептік ақпарат (Excel форматында);

      3) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша даму жоспарын әзірлемейтін орталық мемлекеттік органның нысаналы индикаторлармен өзара байланыстырылған бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуы туралы есептік ақпарат (Excel форматында);

      4) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға, бюджеттік субсидиялар мен бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бағаланатын бюджеттік даму бағдарламаларының (жергілікті атқарушы органдар) түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу туралы есептік ақпарат (Excel форматында);

      5) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті жыл үшін бағаланатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша есептік ақпарат (Excel форматында);

      6) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдалануға берілмеген жоспарлы объектілердің тізбесі (Excel форматында);

      7) Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органның даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу туралы есептік ақпарат;

      8) басқа анық дереккөздерден алынған өзге де ақпарат.

      12. Қажет болған жағдайда Жоғары аудиторлық палата Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкес бағаланатын мемлекеттік органдарға талап жібереді.

3-параграф. Бағаланатын мемлекеттік органдардың есептік ақпаратында қамтылған деректерді қайта тексеру

      13. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша ұсынылған ақпараттың анықтығын айқындау тұрғысынан қайта тексеру жүргізіледі.

      14. Бағаланатын мемлекеттік органдардың Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көзделген есептік ақпаратында қамтылған деректерді қайта тексеру әрбір мемлекеттік органға қатысты кемінде төрт жылда бір рет жүргізіледі. Бұл ретте бағаланатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жалпы санынан мемлекеттік органдардың кемінде 25 пайызының деректері жыл сайын қайта тексерілуге жатады. Алдыңғы бағалау циклында анық емес ақпарат беру фактілері анықталған мемлекеттік органдар қосымша қайта тексеруге жатады.

      15. Бағаланатын мемлекеттік органдар деректердің анықтығын қамтамасыз етеді және ресми статистикалық ақпаратпен, әкімшілік деректермен, халықаралық көрсеткіштермен, салалық орталық мемлекеттік органдардың есептік деректерімен, сондай-ақ растайтын құжаттармен (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер актілерімен, хаттамалармен, хаттармен) растайды.

      16. Бірнеше жыл бойы жинақталған деректер пайдаланыла отырып есептелген есептік ақпаратты қайта тексеру кезінде бағаланатын мемлекеттік органдар тиісті кезең үшін растайтын ақпаратты ұсынады.

4-параграф. Орталық мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу бойынша бағалау

      17. "Аi" "Даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу" өлшемшарты бойынша бағалау мына формула бойынша есептеледі:

     

      мұнда:

      Аі – "Аi" "Даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу" өлшемшарты бойынша бағалау;

      Ri – даму жоспарының мақсатына қол жеткізу коэффициенті;

      Di – даму жоспарының негізгі ұлттық индикаторларына қол жеткізу коэффициенті;

      Xi – даму жоспарының міндеттеріне қол жеткізу коэффициенті;

      n – нысаналы индикаторлар көзделген даму жоспары мақсаттарының саны;

      n1 – негізгі ұлттық индикаторлар көзделген даму жоспарының стратегиялық бағыттарының саны;

      n2 – нәтиже көрсеткіштері көзделген даму жоспары міндеттерінің саны.

      18. "Ri" даму жоспарының мақсатына қол жеткізу коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

     

      мұнда:

      Ri – даму жоспарының мақсатына қол жеткізу коэффициенті;

      hj – орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның даму жоспарының тиісті мақсатына қол жеткізу үшін көзделген әрбір нысаналы индикаторға қол жеткізу;

      m – орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның даму жоспарының тиісті мақсатына қол жеткізу үшін көзделген нысаналы индикаторлардың саны.

      Егер нысаналы индикатордың серпіні оң сипатта болса, нысаналы индикаторға қол жеткізу нақты орындалғанның жоспарлы мәнге қатынасы ретінде айқындалады:

      hj = факт/жоспар.

      Егер нысаналы индикатордың серпіні теріс сипатта болса, нысаналы индикаторға қол жеткізу төмендегідей айқындалады:

      hj = 2 – факт/жоспар.

      Серпіні теріс сипаттағы көрсеткіштің нақты мәні жоспарлы мәннен 2 есе немесе одан да көп асып түссе, онда осы нысаналы индикаторға қол жеткізу 0-ге теңестіріледі.

      Бұл ретте:

      егер hj ≥ 1, онда hj = 1,

      егер hj < 1, онда hj = фактінің жоспарлы мәнге қатынасы/жоспарлы мәннің нақты орындалғанға қатынасы;

      егер hj ˂ 0, онда hj = 0.

      Есептеуге алдын ала, жедел және/немесе қорытынды есептік деректер (12 ай үшін) қабылданады.

      Орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу коэффициентін есептеу кезінде нысаналы индикатордың 25% және одан артық асыра орындалу фактілерінің бар-жоғы, сондай-ақ өткен жылғы фактімен салыстырғанда факт бойынша оң серпіннің болмауы ескеріледі. Орталық мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 128 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, оларға мониторинг және түзету жүргізу әдістемесінің (бұдан әрі – Әдістеме) талаптарына сәйкес нысаналы индикаторды есептеудің бекітілген әдістемесінің бар-жоғы қосымша ескеріледі.

      Аталған фактілер болған кезде hj нысаналы индикаторына қол жеткізу нәтижесі тиісті түзету коэффициентіне көбейтіледі.

      Егер hj нысаналы индикаторының нақты мәні жоспарлы мәннен 25-99,99%-ға асып түссе, hj нысаналы индикаторына қол жеткізу нәтижесі 0,9 түзету коэффициентіне көбейтіледі. Hj нысаналы индикаторының нақты мәні жоспарлы мәннен 100%-ға асып түссе, hj нысаналы индикаторына қол жеткізу нәтижесі 0,8 түзету коэффициентіне көбейтіледі.

      Егер соңғы екі есепті кезең ішінде hj нысаналы индикаторының асыра орындалуы анықталса, hj нысаналы индикаторына қол жеткізу нәтижесі асыра орындаудың шамасына қарамастан, 0,5 түзету коэффициентіне көбейтіледі. Бұл ретте асыра орындағаны үшін коэффициенттер халықтың өлім-жітім деңгейін сипаттайтын және айқындайтын көрсеткіштердің асыра орындалуына қолданылмайды.

      Өткен жылмен салыстырғанда факт бойынша оң серпіннің болмағаны үшін hj нысаналы индикаторына қол жеткізу нәтижесі 0,9 коэффициентіне көбейтіледі. Алдыңғы есепті кезеңнің нақты мәнімен салыстырғанда hj нысаналы индикаторының нақты мәні теріс серпінге ие болған жағдайда hj нысаналы индикаторына қол жеткізу нәтижесі 0,5 түзету коэффициентіне көбейтіледі.

      Орталық мемлекеттік органдар үшін нысаналы индикатор бойынша есептеудің бекітілген әдістемесі болмаған жағдайда тиісті hj нысаналы индикаторына қол жеткізу нәтижесі 0 коэффициентіне көбейтіледі. Нысаналы индикаторды есептеудің бекітілген әдістемесінде осы әдістемені әзірлеу жөніндегі талаптарда көзделген есептеудің бір немесе одан да көп міндетті элементі болмаған жағдайда (өлшем бірлігі, ақпарат көзі және (немесе) есептеу формуласы) тиісті hj нысаналы индикаторына қол жеткізу нәтижесі 0,5 коэффициентіне көбейтіледі.

      Бағалау кезінде "Құпия" деген грифі бар мақсаттар мен нысаналы индикаторлар ескерілмейді.

      19. "Di" негізгі ұлттық индикаторларына қол жеткізу коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

     

      мұнда:

      Di – негізгі ұлттық индикаторларға қол жеткізу коэффициенті;

      hj – тиісті стратегиялық бағытқа қол жеткізу үшін көзделген әрбір негізгі ұлттық индикаторға қол жеткізу;

      f – тиісті стратегиялық бағытқа қол жеткізу үшін көзделген негізгі ұлттық индикаторлардың саны.

      Егер негізгі ұлттық индикатор серпінінің сипаты оң болса, негізгі ұлттық индикаторға қол жеткізу нақты орындалғанның жоспарлы мәнге қатынасы ретінде айқындалады:

      hj = факт/жоспар.

      Егер негізгі ұлттық индикатор серпінінің сипаты теріс болса, негізгі ұлттық индикаторға қол жеткізу төмендегідей айқындалады:

      hj = 2 – факт/жоспар.

      Серпіні теріс сипаттағы көрсеткіштің нақты мәні жоспарлы мәннен 2 есе немесе одан артық асып түссе, осы негізгі ұлттық индикаторға қол жеткізу 0-ге тең болады.

      Бұл ретте:

      егер hj ≥ 1, онда hj = 1,

      егер hj <1, онда hj = фактінің жоспарланған мәнге қатынасы/жоспарланған мәннің нақты орындалуға қатынасы;

      егер hj ˂ 0, онда hj = 0.

      Есептеуге алдын ала, жедел және/немесе 12 айдағы қорытынды есепті деректер қабылданады.

      Орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу коэффициентін есептеу кезінде негізгі ұлттық индикатордың 25% және одан артық асыра орындалу фактілерінің бар-жоғы, сондай-ақ өткен жылғы фактімен салыстырғанда факт бойынша оң серпіннің болмауы ескеріледі. Орталық мемлекеттік органдар үшін Әдістеме талаптарына сәйкес негізгі ұлттық индикаторды есептеудің бекітілген әдістемесінің бар-жоғы қосымша ескеріледі.

      Аталған фактілер болған кезде hj негізгі ұлттық индикаторына қол жеткізу нәтижесі тиісті түзету коэффициентіне көбейтіледі.

      Егер hj негізгі ұлттық индикаторының нақты мәні жоспарлы мәннен 25-99,99%-ға асып түссе, hj негізгі ұлттық индикаторына қол жеткізу нәтижесі 0,9 түзету коэффициентіне көбейтіледі. Hj негізгі ұлттық индикаторының нақты мәні жоспарлы мәннен 100%-ға асып түссе, hj негізгі ұлттық индикаторына қол жеткізу нәтижесі 0,8 түзету коэффициентіне көбейтіледі.

      Егер соңғы екі есепті кезең ішінде hj негізгі ұлттық индикаторының асыра орындалуы анықталса, hj негізгі ұлттық индикаторына қол жеткізу нәтижесі асыра орындаудың шамасына қарамастан, 0,5 түзету коэффициентіне көбейтіледі.

      Өткен жылғы фактімен салыстырғанда факт бойынша оң серпіннің болмағаны үшін hj негізгі ұлттық индикаторына қол жеткізу нәтижесі 0,9 коэффициентіне көбейтіледі. Алдыңғы есепті кезеңнің нақты мәнімен салыстырғанда hj негізгі ұлттық индикаторының нақты мәні теріс серпінге ие болған жағдайда hj негізгі ұлттық индикаторына қол жеткізу нәтижесі 0,5 түзету коэффициентіне көбейтіледі.

      Орталық мемлекеттік органдар үшін негізгі ұлттық индикатор бойынша есептеудің бекітілген әдістемесі болмаған жағдайда тиісті hj негізгі ұлттық индикаторына қол жеткізу нәтижесі 0 коэффициентіне көбейтіледі. Негізгі ұлттық индикаторды есептеудің бекітілген әдістемесінде осы әдістемені әзірлеу жөніндегі талаптарда көзделген есептеудің бір немесе одан да көп міндетті элементі болмаған жағдайда (өлшем бірлігі, ақпарат көзі және (немесе) есептеу формуласы) тиісті hj негізгі ұлттық индикаторына қол жеткізу нәтижесі 0,5 коэффициентіне көбейтіледі.

      Бағалау кезінде "Құпия" деген грифі бар негізгі ұлттық индикаторлар ескерілмейді.

      20. "Xi" даму жоспарының міндеттеріне қол жеткізу коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

     

      мұнда:

      Xi – даму жоспарының міндеттеріне қол жеткізу коэффициенті;

      hj – орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның даму жоспарының тиісті міндетін іске асыру үшін көзделген әрбір нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу;

      f – тиісті міндетті іске асыру үшін көзделген нәтиже көрсеткіштерінің саны.

      Егер нәтиже көрсеткішінің серпіні оң сипатта болса, нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу нақты орындалудың жоспарланған мәнге қатынасы ретінде анықталады:

      hj = факт/жоспар .

      Егер нәтиже көрсеткішінің серпіні теріс сипатта болса, нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу төмендегідей айқындалады:

      hj = 2 – факт/жоспар.

      Серпіні теріс сипаттағы нәтиже көрсеткішінің нақты мәні жоспарлы мәннен 2 есе немесе одан да көп асып түссе, осы нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу 0-ге тең болады.

      Бұл ретте:

      егер hj ≥ 1, онда hj = 1,

      егер hJ <1, онда hj = фактінің жоспарланған мәнге қатынасы/жоспарланған мәннің нақты орындалуға қатынасы;

      егер hj ˂ 0, онда hj = 0.

      Орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу коэффициентін есептеу кезінде нәтиже көрсеткішінің 25% және одан артық асыра орындалу фактілерінің бар-жоғы, сондай-ақ өткен жылғы фактімен салыстырғанда факт бойынша оң серпіннің болмауы ескеріледі. Орталық мемлекеттік органдар үшін Әдістеме талаптарына сәйкес негізгі нәтиже көрсеткішін есептеудің бекітілген әдістемесінің бар-жоғы қосымша ескеріледі.

      Аталған фактілер болған кезде hj нәтижесінің көрсеткішіне қол жеткізу нәтижесі тиісті түзету коэффициентіне көбейтіледі.

      Егер hj нәтиже көрсеткішінің нақты мәні жоспарлы мәннен 25-99,99%-ға асып түссе, hj нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу нәтижесі 0,9 түзету коэффициентіне көбейтіледі. Hj нәтиже көрсеткішінің нақты мәні жоспарлы мәннен 100%-ға асып түссе, hj нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу нәтижесі 0,8 түзету коэффициентіне көбейтіледі.

      Егер соңғы екі есепті кезең ішінде hj нәтиже көрсеткішінің асыра орындалуы анықталса, hj нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу нәтижесі асыра орындаудың шамасына қарамастан, 0,5 түзету коэффициентіне көбейтіледі. Бұл ретте асыра орындағаны үшін коэффициенттер халықтың өлім-жітім деңгейін сипаттайтын және айқындайтын көрсеткіштердің асыра орындалуына қолданылмайды.

      Өткен жылғы фактімен салыстырғанда факт бойынша оң серпіннің болмағаны үшін hj нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу нәтижесі 0,9 коэффициентіне көбейтіледі. Алдыңғы есепті кезеңнің нақты мәнімен салыстырғанда hj нәтиже көрсеткішінің нақты мәні теріс серпінге ие болған жағдайда hj нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу нәтижесі 0,5 түзету коэффициентіне көбейтіледі.

      Орталық мемлекеттік органдар үшін есептеудің бекітілген әдістемесі болмаған жағдайда тиісті hj нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу нәтижесі 0 коэффициентіне көбейтіледі. Нәтиже көрсеткішін есептеудің бекітілген әдістемесінде осы әдістемені әзірлеу жөніндегі талаптарда көзделген есептеудің бір немесе одан да көп міндетті элементтері болмаған жағдайда (өлшем бірлігі, ақпарат көзі және (немесе) есептеу формуласы) тиісті hj нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу нәтижесі 0,5 коэффициентіне көбейтіледі.

      Бағалау кезінде "Құпия" деген грифі бар міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштері ескерілмейді.

5-параграф. Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша бағалау, оның ішінде даму жоспарларын әзірлемейтін орталық мемлекеттік органдарға қатысты жүргізілетін бағалау

      21. "Bi" өлшемшарты бойынша бюджеттік бағдарламалардың белгіленген түпкілікті нәтижелерінің іске асырылу тиімділігі бағаланады.

      Әрбір бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу пайызының орташа арифметикалық мәнін бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатын игеру пайызына мына формула бойынша бөлу жолымен есептеледі:

      Bi = % ТН/% ҚИ*100,

      мұнда:

      Bi – бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі;

      ТН % – бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу пайызының орташа арифметикалық мәні;

      ҚИ % – бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет қаражатының игерілу пайызы.

      Бюджеттік бағдарламаның әрбір түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу мәні нақты мәннің жоспарлы мәнге қатынасы ретінде айқындалады.

      Егер бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу мәні 100%-дан асып түссе, есептеу үшін 100%-ға тең мән қабылданады.

      Қаражаты 90% немесе одан аз мөлшерде игерілген, ал нәтижелерге қол жеткізу пайызы бюджет қаражатын игеру пайызынан асып түсетін бюджеттік бағдарламалар бойынша кері формула қолданылады: игеру пайызы түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу пайызының орташа арифметикалық мәніне бөлінеді.

      Орталық мемлекеттік орган бойынша барлық бюджеттік бағдарлама (субвенцияларды қоспағанда) тиімділігінің орташа мәні атқарылу тиімділігінің мәндерін жинақтау және алынған соманы бюджеттік бағдарламалардың жалпы санына бөлу жолымен айқындалады.

      Жергілікті атқарушы орган бойынша бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға, бюджеттік субсидиялар мен бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігінің орташа мәні кезең-кезеңімен айқындалады:

      1) бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі бойынша бюджеттік бағдарламалар тиімділігінің орташа мәні әрбір бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігінің мәндерін жинақтау және алынған соманы бюджеттік бағдарламалардың жалпы санына бөлу жолымен айқындалады;

      2) бұдан әрі жергілікті атқарушы орган бойынша барлық әкімші бойынша бағаланатын бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігінің орташа мәні айқындалады.

6-параграф. Даму жоспарларын әзірлейтін орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың мақсаттарына қол жеткізуді, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуді жалпы бағалау

      22. Даму жоспарларын әзірлейтін орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламаларының көрсеткіштеріне қол жеткізуді жалпы бағалау мына формула бойынша айқындалады:

      R = (Ai + Bi)/2

      мұнда:

      R – бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалаудың қорытынды мәні;

      Ai – даму жоспарының мақсатына қол жеткізу коэффициенті;

      Bi – бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігі.

      23. Даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалаудың қорытынды мәні үтірден кейінгі екі белгіге дейін математикалық дөңгелектеу ескеріле отырып қалыптастырылады.

      24. Орталық мемлекеттік органның және жергілікті атқарушы органның даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламаларының көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау нәтижелері туралы қорытынды Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

      25. Даму жоспарын әзірлемейтін орталық мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларының түпкілікті көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау нәтижелері туралы қорытынды Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

      26. Даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау қорытындылары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 46-бабының 4-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға, жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ тексеру комиссияларына әрбір бағаланатын мемлекеттік орган бойынша даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі бағалау нәтижелері туралы қорытындылар нысанында жіберіледі.

      27. Ведомстволық бағынысты ұйым Жоғары аудиторлық палатаға даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі қорытындының жобасын және оған ақпаратты Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей ұсынады. Бұл ретте қорытындының жобасы есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірі бойынша статистикалық деректердің шығуын ескере отырып өзектілендіруге жатады.

      28. Мемлекеттік орган бағаланатын жылдың бірінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда осы мемлекеттік органды бағалау осы Қағидаларға сәйкес құқықтық мирасқор мемлекеттік органды бағалау шеңберінде жүзеге асырылады.

      29. Мемлекеттік орган бағаланатын жылдың екінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда оның қызметін бағалау жүзеге асырылмайды, ал осы мемлекеттік органның қызметін талдау нәтижелері құқықтық мирасқор мемлекеттік органға бағалау қорытындылары бойынша берілген ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу кезінде ескеріледі.

 

 Мемлекеттік органдардың дамужоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардыңпаспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттікоргандар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидаларына1-қосымша
 Нысан

 

Даму жоспарын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуы туралы ақпарат

 

Жүктеу

Мақсаттың, нысаналы индикаторлардың, бюджеттік бағдарламалардың, түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің атауыӨлшем бірлігіШығыстар, көрсеткіштерТүпкілікті нәтижелерге қол жеткізуШығыстарды, көрсеткіштерді түзету үлесіЕскертпе бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері

Бекітілген жоспар

Нақтыланған жоспар

Түзетілген жоспар

факт

%

Бекітілген/түзетілген жоспар

Факт

%

(5-баған/3-баған)*100

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.1-мақсат*Мың теңгеххххх     
Нысаналы индикатор** ххххх     
Бюджеттік бағдарламаМың теңгеххххх    х
Әлеуметтік-экономикалық әсер ххх  ххххх
Түпкілікті нәтиже көрсеткіші ххх  ххххх
n-мақсат           
…           
Басқа мақсаттарға және функцияларды орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламалар
Бюджеттік бағдарламаМың теңгеххххх    х
Түпкілікті нәтиже көрсеткіші ххх  ххххх

 

      Ескертпе:

      * Бұл жолда мақсат бойынша жоспарлы және нақты мәндер толтырылады

      ** Бұл жолда нысаналы индикатор бойынша жоспарлы және нақты мәндер толтырылады

      "Х" - толтыру қажет бағандарды білдіреді

 

 Мемлекеттік органдардың дамужоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардыңпаспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттікоргандар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидаларына2-қосымша
 Нысан

 

Даму жоспарын әзірлемейтін орталық мемлекеттік органның нысаналы индикаторлармен өзара байланыстырылған бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы ақпараты

 

Жүктеу

Мақсаттың, нысаналы индикаторлардың, бюджеттік бағдарламалардың, түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің атауыӨлшем бірлігіШығыстар, көрсеткіштерТүпкілікті нәтижелерге қол жеткізуШығыстарды, көрсеткіштерді түзету үлесіЕскертпе бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері
Бекітілген жоспарНақтыланған жоспарТүзетілген жоспарфакт%Бекітілген/түзетілген жоспарФакт%(5-баған/3-баған) *100 
123456789101112
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторлары* хххх      
Бюджеттік бағдарламаМың теңгеххххх    х
Әлеуметтік-экономикалық әсер ххх  ххххх
Түпкілікті нәтиже көрсеткіші ххх  ххххх
…           

 

      Ескертпе:

      *Бұл жолда нысаналы индикатор бойынша жоспарлы және нақты мәндер толтырылады

      "Х" - толтыру қажет бағандарды білдіреді

 

 Мемлекеттік органдардың дамужоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардыңпаспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттікоргандар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидаларына3-қосымша
 Нысан

 

      _____________ облысы бойынша бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға, бюджеттік субсидиялар мен бюджеттік кредиттер беруге бағытталған бағаланатын бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу туралы ақпарат

 

Жүктеу

ББӘ, ББ кодтарыМақсаттың, нысаналы индикаторлардың, бюджеттік бағдарламалардың, түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің атауыӨлшем бірлігіШығыстар, көрсеткіштерТүпкілікті нәтижелерге қол жеткізуШығыстарды, көрсеткіштерді түзету үлесіЕскертпе бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері
Бекітілген жоспарНақтыланған жоспарТүзетілген жоспарфакт%Бекітілген/түзетілген жоспарФакт%(5-баған/3-баған) *100 
 123456789101112
 Нысаналы индикатор*%ххххх     
 Бюджеттік бағдарламаМың теңгехххххх    
 Әлеуметтік-экономикалық әсер ххх  ххххх
 Түпкілікті нәтиже көрсеткіші ххх  ххххх
 Нысаналы индикатор* ххххх     х

 

      Ескертпе:

      "Х" - толтыру қажет бағандарды білдіреді

 

 Мемлекеттік органдардың дамужоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардыңпаспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттікоргандар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидаларына4-қосымша
 Нысан

 

      Есепті жыл үшін бағаланатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша

      ақпарат_________________________________________________________________

      (орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның атауы)

 

Жүктеу

р/н№Объектілердің атауыБекітілген құны (мың теңге)Түзетілген құны (мың теңге)Іске асыру кезеңі (іске асыру жылдары)Пайдалануға беру мерзіміОрындалған жұмыстар, объектілерді пайдалануға беру актілері
жоспарфакт
1.БИЖ атауы      
 БИЖ іске асыру нәтижесінің ББ және НК көрсеткіштеріне тигізетін ықпалы, сәйкестігі 
2.БИЖ атауы      
 БИЖ іске асыру нәтижесінің ББ және НК көрсеткіштеріне тигізетін ықпалы, сәйкестігі 
3.…      
   

 

 

 Мемлекеттік органдардың дамужоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардыңпаспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттікоргандар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидаларына5-қосымша
 Нысан

 

Пайдалануға берілмеген жоспарлы объектілердің тізбесі

      ____________________________________________________________________

      (орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның атауы)

 

Жүктеу

р/н№Объектілердің атауыБекітілген құны (мың теңге)Түзетілген құны (мың теңге)Іске асыру кезеңі (іске асыру жылдары)Пайдалануға беру мерзіміПайдалануға берілмеу себептері
Қаржыландырудың болмауыМемлекеттік сатып алудың жүзеге асырылмауыСот талқылауларыӨнім берушілердің шарт бойынша мерзімдерді сақтамауыЖСҚ түзетуге байланысты
           
           

 

 

 Мемлекеттік органдардың дамужоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардыңпаспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттікоргандар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидаларына6-қосымша
 Нысан

 

Мемлекеттік органның даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу туралы ақпарат __________________________________________________________________________ (орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның атауы)

      1) Көрсеткіштердің ауытқуы, өзгеруі және олардың туындау себептері бойынша ақпарат

 

Жүктеу

 БағытНҰИ, НИ, НК көрсеткіштері/атауыЖоспарлы мәнНақты мәнАуытқуСебептері/негіздемесі
 Көрсеткіштердің асыра орындалуы    Жоспарлы мәннің асыра орындалу себептері
 …     
 Жоспарлы мәндердің төмендеуі    Жоспарлы мәннің төмендеу себептері және мақсатқа қол жеткізуге тигізетін ықпалы
 …     
 Серпіннің нашарлауы    Алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда нақты мәннің нашарлау себептері
 …     
 Жоспарланған мәндерден ауытқу    Нақты мәннің жоспарланғаннан ауытқу себептері
 …     

 

      2) НҰИ, НИ көрсеткіштеріне, нәтиже көрсеткіштеріне енгізілген өзгерістер туралы ақпарат, олардың ұлғаю немесе азаю себептерін көрсету

 

Жүктеу

№Көрсеткіштің атауыӨлш.бірл.Өзгерістер енгізілгенге дейінгі жоспарлы мәнӨзгерістер енгізілгеннен кейінгі жоспарлы мәнӨзгеру (+/-)Жоспарлы мәннің өзгеру себептері
1НҰИ     
 …     
2НИ     
 …     
3Нәтиже көрсеткіші     
 …     

 

      3) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес декомпозицияның болмау себептері туралы ақпарат

 

Жүктеу

№Көрсеткіштің атауыМемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес декомпозицияДекомпозицияның болмау себептері
1   
2   
…   

 

      4) Көрсеткіштерге қол жеткізген не қол жеткізбеген кезде жетекшілік ететін салаға/аяға/өңірге әлеуметтік-экономикалық әсердің болмауы туралы ақпарат

 

Жүктеу

№Көрсеткіштің атауыӨлш.бірл.Жоспарлы мәнНақты мәнҚол жеткізу дәрежесі, %Әлеуметтік-экономикалық әсердің бар-жоғыӘлеуметтік-экономикалық әсердің болмау себептеріЖетекшілік ететін салаға/аяға/өңірге тигізген ықпалыСыртқы факторлар мен анықталған тәуекелдердің даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізуге тигізген ықпалы
1         
2         
…         

 

 

 Мемлекеттік органдардың дамужоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардыңпаспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттікоргандар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидаларына7-қосымша
 Нысан

 

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың даму жоспарларының мақсаттарына, сондай-ақ бағаланатын бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша бағалау нәтижелері туралы қорытынды _________________________________________________________________________ (орталық мемлекеттік органның атауы)

_______________________________________________ (есепті кезең)

 

Жүктеу

№Бағалау өлшемшарттары%Балдар
1Даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу  
2Бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігі  
3Қорытынды мән  
    
Мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін талдау:__________________________
Бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі:__________________________
 

 

 

 Мемлекеттік органдардың дамужоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардыңпаспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттікоргандар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидаларына8-қосымша
 Нысан

 

Даму жоспарларын әзірлемейтін орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша бағалау нәтижелері туралы қорытынды _________________________________________________________________

(орталық мемлекеттік органның атауы)

____________________________________________ (есепті кезең)

 

Жүктеу

№Бағалау өлшемшарттары%Балдар
1Бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу  
 Қорытынды мән  
Бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігін талдау:__________________________________

 

 

 Мемлекеттік органдардың дамужоспарларының және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі және бюджеттік бағдарламалардыңпаспорттарында көзделген түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі мемлекеттікоргандар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу қағидаларына9-қосымша
 Нысан

 

Даму жоспарларының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша бағалау нәтижелері туралы қорытындыға ақпарат

_____________________________________________________________________(орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның атауы)

      Есеп беру кезеңі: ______________________

      1. Даму жоспарының мақсаттарына, нысаналы индикаторларына және нәтиже

      көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін талдау

 

Жүктеу

Стратегиялық бағыттар1. 2.n.
Даму жоспарының мақсаттары1. 2.n.
АтауыӨлш.бірл.Есепті кезең
ЖоспарФактҚол жеткізу/орындау/игеру үлесі (4-баған/3-баған *100%)
12345
Негізгі ұлттық индикаторлар (НҰИ):1.2.n…    
Нысаналы индикаторлар (НИ):1.2.n…    
Нәтиже көрсеткіштері (бар болса)Саны   
Іс-шараларСаны   
ЖобаларСаны   
Қаражат көлемімлн теңге   
оның ішінде қаржыландыру көздері бойынша1. 2.n.млн теңге   

 

      Ақпаратты толтыруға ескертпе:

      1.1. Мемлекеттік органның даму жоспарына қол жеткізу жөніндегі талдамалық ақпараттың мазмұны:

      1) негізгі ұлттық индикаторлардың, нысаналы индикаторлар мен даму жоспарларының нәтиже көрсеткіштерінің нақты мәндерінің жоспарлы мәндерге қатысты асыра орындалу фактілері, даму жоспарлары көрсеткіштерінің жоспарлы мәндерінің нашарлау жағына қарай төмендеу фактілері және алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштердің нақты мәндері серпінінің нашарлау фактілері;

      2) НҰИ, НИ көрсеткіштеріне, нәтиже көрсеткіштеріне өзгерістердің енгізілуін талдау, олардың ұлғаю немесе азаю себептерін көрсету;

      3) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес декомпозицияның болмау себептерін талдау;

      4) жетекшілік ететін салада/аяда/өңірде көрсеткіштерге қол жеткізген не қол жеткізбеген кезде әлеуметтік-экономикалық әсердің болмауын талдау;

      5) даму жоспарлары көрсеткіштерінің және бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің нақты мәндерінің жоспарлы мәндерден ауытқу себептерін талдау;

      6) сыртқы факторлардың және анықталған тәуекелдердің даму жоспарларының мақсаттарына қол жеткізуге тигізетін ықпалы.

      2. Бюджеттік бағдарламалардың паспорттары бойынша нәтижелерге қол жеткізу тиімділігін талдау

 

Жүктеу

Бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері Өлш.бірл.Бекітілген жоспарНақтыланған жоспарТүзетілген жоспарФактҚол жеткізу/орындау/игеру үлесі (6-баған/5-баған *100%)Көрсеткіштерді түзету үлесі (4-баған/2-баған*100)
12345678
Бюджеттік бағдарламалар:саны      
ағымдағысаны      
дамусаны      
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің нысаналы индикаторлары:1.2.n…       
Түпкілікті нәтиже көрсеткіштерісаны      
БИЖ, оның ішінде:1.2.n…       
Әлеуметтік-экономикалық тиімділік көрсеткіштері:1.2.n…       
Бюджет шығыстарының көлемімлн теңге      
Кредиторлық берешекмлн теңгеЕсепті кезеңнің басында Есепті кезеңнің соңында
Дебиторлық берешекмлн теңгеЕсепті кезеңнің басында Есепті кезеңнің соңында

 

      Ақпаратты толтыруға ескертпе:

      2.1. Бюджеттік бағдарламалардың паспорты бойынша нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі талдамалық ақпараттың мазмұны:

      1) республикалық бюджетті түзету немесе нақтылау кезінде өзгерістердің енгізілуін талдау (ББ (БКБ) және БИЖ (ЖСҚ/құрылыс) бойынша сомалардың қысқару немесе ұлғаю себептерін жүйелеу): конкурстық рәсімдерді уақытылы жүргізбеу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша нормативтік құқықтық актілерді уақытылы қабылдамау, қаржыландырудың жылдық жоспарларын ай сайын дұрыс бөлмеу, бюджет қаражатының талап етілмеуі, құн көрсеткіштерінің жоғарылауы, тиісінше олардың түпкілікті нәтижелерінің төмендеуі);

      2) игерілмеу себептерін жүйелей отырып (игерілмеу сипаты бойынша) ББ (БКБ) бойынша, оның ішінде салалар (аялар) бағыттары бөлінісінде инвестициялық жобалар бойынша есепті кезеңнің қорытындылары бойынша бюджет қаражатының игерілуін талдау;

      3) бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген көрсеткіштерді талдау (көрсеткіштерді бекіту және қаржыландыру көлемі өзгермеген кезде көрсеткіштердің ұлғаю немесе кему жағына қарай өзгеру себептері), сондай-ақ бөлінген бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламада көзделмеген мақсаттарға пайдалануды және бюджет қаражаты толық игерілген кезде түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбеуді талдау;

      4) инвестициялық жобалар бөлінісінде әлеуметтік-экономикалық әсердің жоспарлануын, сондай-ақ есепті кезеңнің қорытындылары бойынша (аяқталған жобалар бойынша) оларға қол жеткізу және қол жеткізбеуді (аяқталмаған жобалар бойынша) талдау;

      5) жасалған шарттарға сәйкес жобаның жалпы құнын және инвестициялық жобалардың орындалған жұмыстарының көлемін салыстыра талдау, сондай-ақ БИЖ құнының қымбаттауын талдау.

      [MISSING IMAGE: , ] 

 

 

 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау