Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және жосықсыз қатысушылар тізілімі енгізу

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және жосықсыз қатысушылар тізілімі енгізу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және жосықсыз қатысушылар тізілімі енгізу               

              Сот талқылауы басталғанға дейін судья дауды мүмкіндігінше бір сот отырысы бары сында шешу үшін қажетті барлық әрекеттерді, өкімдерді жүргізеді. Алдын ала тыңдауда сот әкімшілік процеске қатысушылардың құрамы туралы мәселені шешеді.

              Сот талқылауы басталғанға дейін судья дауды мүмкіндігінше бір сот отырысы бары сында шешу үшін қажетті барлық әрекеттерді, өкімдерді жүргізеді. Алдын ала тыңдауда сот әкімшілік процеске қатысушылардың құрамы туралы мәселені шешеді.

              Өтінішхаты бойынша әкімшілік іске қатысуға тартылуы мүмкін.

Бұл ретте, сот ұйғарымы прокурордың өтінішхаты бойынша шағым жа сауға және қайта қарауға жатпайды.

Осы санаттағы істерді зерделеу кейбір жергілікті соттар «Электрондық қаржы орта лығы» АҚ («ЭҚО» АҚ) операторын мүдделі тұлға ретінде тартатынын көрсетті, ал жоғары да аталған заңнама нормаларымен көрсетілген тұлғаға әкімшілік актіні (бұйрықты) қабылдау және тізілімді қалыптастыру, конкурстар өт кізу және жеңімпазды анықтау бойынша қан дай да бір өкілеттіктер жүктелмеген.

 Тізілімді уәкілетті орган қалыптастырады (Заңның 12-бабының 1-тармағы).

Басқа соттар мемлекеттік сатып алу веб-порталында іркілістің болуы туралы, шартқа қол қою кезеңінде әлеуетті өнім бе рушінің веб-порталда әрекеттерді жасауы туралы мәселелерді анықтау үшін соттың белсенді рөлі шеңберінде «ЭҚО» АҚ-ға сұрау салуды жіберумен шектеледі (ӘРПК-нің 130-бабының 2-бөлігі).

Бұл ретте, осы тұлға мүдделі тұлға ретінде тартылмайды.

Соңғы ұстаным неғұрлым дұрыс болып та былады. ӘРПК-нің 3-бабы 7-бөлігінің 2) тармақ шасына сәйкес іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген істер әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.

«Самұрық Қазына Контракт» ЖШС-нің электрондық сатып алулардың ақпараттық жүйесінде Холдингті сенімсіз әлеуетті жет кізушілер тізбесіне енгізу туралы бұйрықта рына дау айтуға келсек, келесіні атап өткен жөн. «Квазимемлекеттік сектордың жекеле ген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қа зақстан Республикасының 2021 жылғы 8 маусымдағы Заңы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілгенге дейін мұндай даулар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпады.

Осыған байланысты жергілікті соттардың «Самұрық Қазына Контракт» ЖШС бұйрығы на дау айтуға байланысты құқықтық қатына стар жария-құқықтық сипатқа ие деген пікірі қате.

Сол кездегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, «Самұрық Қазына Контракт» ЖШС әкімшілік орган болып табылмайды, әкімшілік актіні қабылдау, жария-құқықтық қатынастар да әкімшілік әрекетті жасау жөнінде өкілеттік берілмеген.

 Демек, «Самұрық Қазына Контракт» ЖШС ның дау айтылған бұйрықтары әкімшілік актілер болып табылмайды, Холдинг субъ ектілері мен «Самұрық Қазына Контракт» ЖШС арасындағы өзара қарым-қатынастар жеке-құқықтық сипатқа ие.

Тұжырымдар мен ұсыныстар:

Талдау уәкілетті органның ЖҚТ-ға енгізу жөніндегі әрекеттеріне дау айту туралы дау ларды қарауда жалпы тәсілдер байқалғанын көрсетті.

а) сот талқылауы барысында сот әкімшілік қалау шектерінің артып кетпеуін және олар дың Қазақстан Республикасының заңнама сында белгіленген әкімшілік актіні қабылдау мақсаттарына сәйкестігін (мөлшерлестігін) тексеруге міндетті;

Қазақстан лік Республикасы Кәсіпкер кодексінің 13-бабына сәйкес құқық бұзушылықтардың алдын алудың және кәсіп керлік субъектісінің Қазақстан Республика сының заңдарында белгіленген талаптарды орындау уәждемесінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік мәжбүр леу шараларын қолдану алдында басымдығы бар.

Кәсіпкерлік субъектісі жасаған құқық бұзушылық үшін мемлекеттік мәжбүрлеу ша ралары оның сипатына және ауырлығына сәй кес болуға тиіс;

с) соттар осы санаттағы даулар бойынша «ЭҚО» АҚ-ны мүдделі тұлға ретінде қате тартқан.

              Әкімшілік істердің соттылығы

              ӘРПК-нің 102-бабының екінші бөлігі не сәйкес жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, осы Кодексте көзделген даулар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен соттар дың соттылығына жатады.

№ 4 ЖСНҚ-ның 2-тармағында МСА қо рытындыларына, әлеуетті өнім берушіні мем лекеттік сатып алуға ЖҚТ-ға енгізу туралы уәкілетті органның шешімдеріне, сондай-ақ, өткізілген МСА-ны тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органның шешімдеріне, қо рытындыларына, нұсқамаларына, хабарлама ларына дау айту талап қоюшының тұрғылықты (орналасқан) жері бойынша ӘРПК-нің 106-ба бының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылатыны түсіндірілген.

Егер талап қоюшы конкурс қорытындыла рын заңсыз деп тану туралы талаппен қатар МСА туралы жасалған шартты жарамсыз деп осы негізбен тануды талап етсе, онда мұндай талап қоюлар ӘРПК-нің 84-бабы үшінші бөлі гінің, 155-бабы үшінші бөлігінің, 156-бабы екінші бөлігінің талаптарын ескере отырып, МАӘС-те бірлесіп қарауға жатады.

Алайда, МСА туралы шарт тарды тану бөлігінде талап қою талаптарын қайтару фактілері орын алады, ал олар МСА қорытындыларына шағымдану туралы талап қою талаптарымен бірге қойылған.

              № 4 ЖСНҚ мұндай жағдайда қойылған та лаптың шартты жарамсыз деп тану бөлігінде талап қоюшыдан дауды сотқа дейін реттеудің шартта көзделген тәртібін сақтау талап етіл мейтінін де көздейді.

Тапсырыс берушінің, МСА-ны ұйымда стырушының, МСА-ны бірыңғай ұйымдасты рушының, комиссиялардың, сарапшының, МСА саласындағы бірыңғай оператордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне, сондай-ақ, уәкілетті орган мен МАжҚБ орган дарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешім деріне әлеуетті өнім берушінің талап қоюлары МАӘС-тің қарауына жатады.

Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлі гінің 1) және 3) тармақшаларын қолдануға байланысты МСА-ны ұйымдастырушылар дың, тапсырыс берушілердің талап қоюлары, сондай-ақ, МСА туралы шарттарды орындау дан туындайтын талап қоюлар МАЭС-тің қа рауына жатады.

Заңның 12-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес МСА-ға жосықсыз қа тысушы деп танылған әлеуетті өнім берушіні МСА-ға жосықсыз қатысушы деп тану туралы уәкілетті органның шешіміне дау айту туралы талап қоюлар МАӘС-тің қарауына жатады.             

Әкімшілік талап қоюларды қайтару  

Соттылыққа жатпайтыны бойынша қайтарулардың негізгі себебі дау айтылатын әкімшілік актінің электрондық нысанда шыға рылуы болып табылады және сондықтан та лап қоюшының орналасқан (тұратын) жері бойынша қаралуға тиіс.

Бұл қағида ӘРПК-іге енгізілді және сот практикасының бастапқы кезеңінде қайтарулар санының өсуіне әсер етті.

Талап қоюлардың көп санын орталық әкімшілік органдар елордада орналасқан дықтан, Астана қаласының бірінші сатыдағы соты қарады.

әкімшілік актінің электрондық нысанда шыға рылуы болып табылады және сондықтан та лап қоюшының орналасқан (тұратын) жері бойынша қаралуға тиіс.

Бұл қағида ӘРПК-іге енгізілді және сот практикасының бастапқы кезеңінде қайтарулар санының өсуіне әсер етті. Талап қоюлардың көп санын орталық әкімшілік органдар елордада орналасқан дықтан, Астана қаласының бірінші сатыдағы соты қарады.

  1. № 5 ЖСНҚ-ның 1-тармағының мағына сын негізге ала отырып, соттардың өнім бе рушіні таңдау және МСА туралы шарт жасасу процесінде туындайтын, қарау тәртібі ӘРПК нің нормаларымен реттелетін даулардың және мемлекеттік сатып алу туралы шарттан туын дайтын, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын даулардың аражігін ажыратқаны жөн.

Соттарға МСА туралы шарттан туындай тын, атап айтқанда,

а) тапсырыс берушінің шартты бұзу туралы хабарламаны жіберу ту ралы әрекеттерін;

б) жауапкердің шартты бұзу жөніндегі шараларды қабылдамау жөніндегі әрекетсіздігін тану және оны бұзуға міндеттеу;

в) шартты біржақты тәртіппен бұзу туралы ха барламаны;

г) осындай хабарламаны жіберу жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап қоюлар түсті.

Соттардың мұндай талап қоюларды қай таруы даулардың әкімшілік органдардың нормативтік құқықтық актілерде белгілен ген өкілеттіктеріне орай бір тараптың (өнім беруші) екінші тарапты (тапсырыс беруші) әкімшілік немесе өзге де билікпен бағынды руына немесе тәуелді болуына негізделмеуі нен туындаған.

Қаралып отырған жағдайда мәлімделген талаптар тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған шарттың талаптары бойынша дауды қамтиды, бұл олардың арасындағы жария-құқықтық қаты настарды жоққа шығарады.

Мұндай жағдайларда талап қоюлар ӘРПК нің іс жүргізу тәртібі АПК-іде көзделген істер әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайтыны көзделген 3-бабы жетінші бөлі гінің

2) тармақшасы бойынша заңды түрде қайтарылды.

  1. Талап қоюшылар жүргізілген ішкі мемле кеттік аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп пен аудиторлық қорытындыға дау айтқан және соттар мұндай талап қоюларды қайтару туралы қорытындыға негізді түрде келді.

Қысқа уақыт ішінде МАжҚБ туралы заң ның 19-бабына бірнеше мәрте енгізілген түзетулерге байланысты осы даулардың сот тылығы туралы сұрақтар туындағанын атап өткен жөн.

Атап айтқанда, осы бап 2021 жылғы 1-6 шілде аралығында, МАжҚБ органдары осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес басқа МАжҚБ органдары жүргізген мемле кеттік аудит нәтижелерін, егер оларды сот Қа зақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына сәйкес заңсыз деп танымаса, таниды деп көзделген.

2021 жылғы 6 шілдеден бастап, бұл норма дауларды азаматтық процестік юрисдикцияға ауыстыру арқылы өзгертілді, бұл, осы Талдау авторларының пікірінше, заңды логика тұрғы сынан негізді болып табылады, өйткені, ау диторлық қорытынды мен аудиторлық есеп бірінші жағдайда аудиторлардың тұжырымда ры мен ұсынымдарын, екіншісінде, аудит нәтижелерін қамтиды. Бұл ретте, осы құжаттарда әкімшілік актінің міндетті өлшемшарт тары жоқ.

Сонымен қатар, соттар МАжҚБ туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 1) тармақ шасына сәйкес қаржылық бақылаудың ден қою шараларының бірі, барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазым ды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдар дың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару болып табылатынына назар аударуы қажет. Бұдан басқа, осы Заңның 58-4-бабы ның 7-тармағы апелляциялық комиссияның шешімдеріне МАжҚБ саласындағы уәкілетті органның шағымдану құқығын көздейді.

Апелляциялық комиссияның мұндай нұсқа малары мен шешімдеріне дау айту, егер олар әкімшілік актінің, әрекеттің (әрекетсіздіктің) шешімдеріне МАжҚБ саласындағы уәкілетті органның шағымдану құқығын көздейді.

Апелляциялық комиссияның мұндай нұсқа малары мен шешімдеріне дау айту, егер олар әкімшілік актінің, әрекеттің (әрекетсіздіктің).             

Қысқартулар

           Әкімакт – әкімшілік акт

МСА – мемлекеттік сатып алулар;

ЖҚТ – мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі;

 МАӘС – мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;

ӘІСА – облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;

ҚР ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы;

МАЭС – мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот;

Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

Қазынашылық – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;

ІМАК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті;

ДВГА – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ішкі мемлекеттік аудит департаменті;

МАжҚБ – мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау;

КҚ – конкурстық құжаттама;

ЖСҚ – жобалау-сметалық құжаттама;

ҚР ҚН – Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары.

Нормативтік құқықтық база

           Қазақстан Республикасының Конституциясы;

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (АК);

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (АПК)

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПK);

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

Қазақстан Республикасының Салық кодексі;

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МСА туралы заң);

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (МАжҚБ туралы заң);

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

«Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 648 Қағидалар);

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары (№ 694 Қағидалар);

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидалары (№ 598 Қағидалар);

              Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидалары (№ 392 Қағи далар);

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 127 қаулысымен бекітіл ген Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібі (қолданылу мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін);

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысымен бекітілген Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (№ 1200 Қағидалар);

«Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Респу бликасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысы (№ 4 ЖСНҚ);

Қордың Директорлар кеңесі басқармасының 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 31/19 шешімімен бекітілген Қордың сатып алу қызметін басқару стандарты;

Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері.

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085. 

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы